Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 22:17, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты қызметіне және қойылған мақсатына жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі қаржылық ресурс пен капиталды басқара білуі керек.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
5
1.1
Корпорация қызметін қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы
5
1.2
Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау
9
2
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
14
2.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
14
2.2
Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
19
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
22
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің ерекшелігі
22

ҚОРЫТЫНДЫ
26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28

Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс Кор каржы.docx

— 73.49 Кб (Скачать документ)

Симуляциондық талдаудың  бөліктері өзара байланысты болғандықтан осы мәселе ерекше назар аудартады. Сондықтан симуляциондық талдауда бір обьектінің өзін мерзім шегінде  түрлі сипатта қарастырады. Ортақ  интерфейс арқылы бірдей етіп енгізе отырып, барлық тараптарға бөледі. Симуляциондық  талдау процестер, технологиялық процестерді  басқару, жоспарлау мен графикті құруға мүмкіндік береді.

Симуляциондық талдаудың  өзіндік әдістері бар:

  1. сезімділікке зерттеу;
  2. есептік және салыстырмалы зерттеуді жүргізу;
  3. технологиялық кестені біріктіру және конвергенциялау;
  4. оңтайландыру;
  5. потенциалды қуатын таңдау;
  6. қаржылық талдау.

Бұл талдауды көбіне мұнай  салаларында қолданады, скважина және өзге құралдар қуатын ескере отырып, онлайнды түрде оның есебін шығарады.

Бұл талдаудың мүмкіндіктері:

  1. инвестициялық талдау секілді талдауларда салыстырмалы есептік талдау жүргізуге көмектеседі;
  2. біріктіру шарты негізінде есепке талдау жүргізу.

Бұл талдау бойынша биржада  симуляциондық талдауды пайдалана  отырып, бағалы қағаздардың бағамдарын табуға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі нарықтық жағдайларда  кәсіпорынның тіршілігін қамтамасыз ету  үшін басқару персоналы өз кәсіпорнының және өзге бәсекелес кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын бағалай және қаржылық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды  жасай білуі керек. Сондықтан  қаржылық маман қаржылық талдауды нақты  және тиімді жасай білуі үшін қаржылық талдаудың теориялық және тәжірибелік  аспектілерін терең білуі керек. Тек сонда ғана кәсіпорынның тиімді және рентабельді іскерлігі қамтамасыз етіледі.

1. Теориялық жағдайларды зерттеу келесіні көрсетті: талдау - бұл кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың оның қызмет ету саласына байланысты кең әдістемелік қоры бар.

Курстық жұмыстың зерттелген обьектісі – «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамы. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құрылған сәттен бастап оң өндірістік – қаржылық нәтижелерге қол жеткізе алды. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - на халықаралық рейтинг агенттіктерінің «Standard & Poor`s», «Fitch Ratings», «Moody`s» жетекші үштігінен жоғары рейтингілер алуға талапкер болып отыр. Осыны ескере отырып, кәсіпорында қаржылық жағдайды талдауда ауқымды ерекшеліктері бар екенін көруге болады.

2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: ағымдағы активтердің ұзақ мерзімді активтерден жоғары болуы оның қарызды өтеуге арналған қаражат көлемінің жоғары екенін сипаттайды. Дегенмен ағымдағы активтің көп болуына көп көлемде тауарлы – материалдық қорлардың сатып алынуымен және дебиторлық борыштың көп берілуі теріс әсер етеді, бірақ дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентінің қалыпты деңгейде болуы және 2010 жылы күмәнді қарыздар бойынша резервтің 558439 теңгеге азаюы кәсіпорынның нарықта ірі бедел екенін сипаттайды. Сондықтан кәсіпорынның өтімділігін орташа деп бағалаймыз.

  Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 49 тиынға дейін көбейген. Сонымен кәсіпорынның кредиторлық борышы дебиторлық борышынан 2009 және 2010 жылдары 1,4 есеге көп болған. Бұл «ауру» баланстың көрінісін бейнелейді.

Дегенмен кәсіпорында  ақша қаражаттар көлемі жеткілікті деңгейде, ол 2010 жылы 32376840 теңгеге көбейген. Негізінен ақша қаражаттарының 9037689 теңгеге көбейіп шығуы инвестициялық қызметтен болған, бұл өндірістік мақсатта жүзеге асты.

Жыл бойы кәсіпорынның іскерлігі  тауарлық – материалдық қордың көбеюіне бағытталған. Сондықтан түгендеу жүргізу  арқылы кәсіпорын алынған тауарлық – материалдық қорлардың сапасын  анықтауы керек. Бұл ақша қаражаттарының нормадан тыс көзделмеген жағдайларға  кетуінен сақтайды. Кәсіпорын басшылығына болшақта өндірістік қорларды көбейтпей, бос ақша қаражаттарын кредиторлық борышты жабуға жұмсағаны жөн, себебі 2010 жылы оның мерзімі 74,77 пунктке көбейген.

3. Кәсіпорынның қаржылық табыстылығы: кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылығы 7,986 пайызға азайған, оған екі фактор – таза табыс пен жалпы активтер (1,285) көлемде әсер етті. Сонымен қатар жалпы активтер табыстылығын өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті 1,134 пунктке азайтқан, жалпы активтердің айналымдылық коэффициенті 0,15 пунктке азайтқан. Мұны ағымдағы активтердің айналым ұзақтығының 48,45 күнге артуы дәлелдейді, бұл қосымша 33698194,3 теңге қаражатты талап етеді.

4.   Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі: кәсіпорынның іскерлік белсендігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарында меншікті айналым коэффициенті 0,145 пунктке өскен, бұл кәсіпорынның акционерлердің салымдарын тиімді пайдаланатынын көрсетеді. Кәсіпорынның инвестициялау капиталы 44 пунктке, істегі капитал көлемі 0,585 пунктке, және ұзақ мерзімде пайдалану капиталы 0,015 пунктке өскен. Сонымен акцияға келетін табыс келесідей бағытталады: 2010 жылы жалпы табыс 30805530 теңге болса, айналымда 47045 акция бар, сонда бір акцияға 654 теңге келеді.

Жалпы кәсіпорынның іскерлік белсенділік индексі 0,94 пунктке  өскен, бұл кәсіпорынның Лондондық  биржаға шығуымен сипатталады.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ секілді  кәсіпорындарға инвестицияны өндіріске  салғандары жөн, бұл тенденция кәсіпорында  есепті жылы байқалады. Бұл өз кезегінде  еңбек өнімділігін көбейтеді; шикізаттар, материал және құралдарға қызмет көрсету  мен өндіріс ақауларына шығындарын азайтып, өнім сапсы мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатып, өзіндік  құнын азайтуға мүмкіндік туғызады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

      1. Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2008 жылы
      2. «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңы (өзгертілген, толықтырылған), 24 маусым 2002 ж.
      3. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ жарғысы, А., 2009 жылы
      4. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ есептік саясаты, 2010 жылы
      5. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 2010 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі
      6. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бюджеттендіру саясаты, 2011 жылы
      7. Дүйсенбаев К. Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», А.: Экономика. 2009 ж.
      8. Никифорова Н. А. «Анализ финансовой отчетности» практикум, М.: «Дело и сервис». 2004г. – 144с.
      9. Абдыманапова А. А. Совершенствование бухгалтерского учета в Казахстане на основе международных стандартов, «Статистика, учет и аудит», №1 2010г.
      10. Бекежанова Ж. Д. «Жаңа белес биігі – «ҚазМұнайГаз» БӨ» журналы, 18 наурыз 2009 жылы
      11. Дюсембаева З. Анализ отдельных показателей финансово – хозяйственной деятельности предприятия, «АУП», №3 2004г.
      12. “Student accountant” журналы, «Ratios» мақаласы, ақпан 2007 ж. – 48б.

 



Информация о работе Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы