Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 22:17, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты қызметіне және қойылған мақсатына жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі қаржылық ресурс пен капиталды басқара білуі керек.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
5
1.1
Корпорация қызметін қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы
5
1.2
Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау
9
2
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
14
2.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
14
2.2
Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
19
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
22
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің ерекшелігі
22

ҚОРЫТЫНДЫ
26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28

Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс Кор каржы.docx

— 73.49 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы  құнындағы негізгі құралдардың  нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі ерекше назар аударады. Өйткені  бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік  қызметінің көлемін анықтаудағы  басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын  мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі  құралдардың нақты құнының коэффициентінің  мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы  тиіс.

Біздің мысалымыз бойынша  баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2009 жылы – 74,24 пайызды, ал 2010жылы 66,1 пайызды құрайды, яғни бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.. Әрі қарай келесі кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау керек (2-кест).

 

Кесте-2   Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

2009 жылы

2010 жылы

өсуі (+), кемуі (-), %

Сомасы, тг

Үлес салмағы, пайыз

Сомасы, тг

Үлес салмағы, пайыз

1

2

3

4

5

6

7

1

Ағымдағы активтер:

62838956

100,0

119316504

100,0

89,9

1.1

Тауарлы-материалдық активтер

21890977

34,8

26697779

22,4

22,0

1.2

Төленген аванс

1542556

2,5

3043905

2,6

97,3

      1.3

Дебиторлық берешек

17216868

 

 

27,4

24790025

 

20,8

 

44,0

 

 

1.4

Бюджетпен есеп айырысу

 

6186241

 

9,8

 

16966674

 

14,2

 

174,3

1.5

Басқада ағымдағы активтер

523258

0,8

596542

0,5

14,0

1.6

Ақша

15479056

24,6

47221579

39,6

205,1


 

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын  активтерінің жалпы алғанда жағымды  динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зертеу келесідей  қорытындыларды жасауға мүмкіндік  береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 73284 теңгеге  немесе 2 есеге  көбейген. Ағымдағы активтердің  ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым  қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 1,6 есеге көбейген немесе 39,6 пайызды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы  төлеуге дайын қаражаттардың  үлесін көрсетеді. [8]

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын  ең бір маңызды көрсеткіштердің  бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша  инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды. Батыс  тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9- ға тең болуы керек, ал оның 0,75- тен төмендеуімен қауіпті. Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіш 2009 жылы – 0,865, ал 2010 жылы 0,832 болған.

Меншікті капиталды талдамастан  бұрын оның құрамын қарастырсақ: жарғылық капитал – 11765732, ал қарапайым  акция – 10589158,8, артықшылығы бар  акция – 1176573,2. Меншікті капиталды  зерттегенде өзіндік айналым  қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік  сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін  және осы қаражаттарды неғұрлым азды – көпті еркін жұмсауға мүмкіндік  беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін  анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші  бөлімінің жалпы сомасын алып тастау керек.

2009 жылы меншікті айналым айналым қаражаттарының көлемі 8024402 тг (224981223 -216956821) құрады, 2010 жылы – (8241044) мың тг (260002241- 268243285), яғни 16265446 теңгеге, немесе (102%) - ға азайған.

Бұл көрсеткіш абсолютті  болып табылады, оның динамикадағы өсуі – оң, ал төмендеуі – теріс  бағыты ретінде қарастырылады. Талдау кезінде меншікті айналым капиталының  абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы  үлес салмағын да анықтау керек. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау коэффициенті деп аталады. Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін  көрсетеді және келесі формуламен анықталады:  

                                                    Кж= Мак/ Мк  

Қаржылық көзқараспен  айтсақ, оның өсуі және жоғары деңгейі  кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп  бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым  қаражаттарына салынған. Оптималды  мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті 0,5 үлкен немесе тең деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Ал кәсіпорында 2009 жылы - 0,03, 2010 жылы (0,03) болған. [9]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;
  4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Кәсіпорынның төлем қабілеттігі  оның қаржылық тұрақтылығының маңызды  белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ  бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек. Қарыздарды өтеу үшін құралдардың  айналымы кезінде ақшаға айналуы  керек дебиторлық борыштар потенциалды  құрал болып табылады. Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге  кәсіпорында бар тауарлы –  материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады. Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық  түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері  қысқа мерзімді міндеттемелерінің  сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс  құралдарын тек негізгі құралдары  құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті. [10]

Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық ағымдағы активтердің жедел  және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік  береді және дебиторлармен өз уақытында  есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен  бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын  кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Өтімділіктің әр түрлі  көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде  кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан – жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері  үшін абсолютті өтімділік коэффициенті қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін  банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне  көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып  алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті бойынша бағалайды. Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффицентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту  керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын  өнімнің шектен тыс қорлары барлығына  байланысты болады. Бұл шығындардың  негізделмеуі ақырында ақша қаражатының  жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы  өтеу коэффициентінің жоғары болуына  қарамастан, оны құраушының, әсіресе  баланстың үшінші тобына кіретін  баптары бойынша, жағдайын және динамикасын  айқындау керек. Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдықтан аталған  көрсеткіштерінің нашарлауы дәлелдейді. Бірақ алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек (3-кесте).

 

Кесте-3  "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

өзгеріс

1

2

3

4

5

1

Ағымдағы актив

62838956

11916504

-50922452

1.1

Ақша қаражаттары

15479056

47221579

31742523

1.2

Дебиторлық борыш

17216868

24790025

7573157

1.3

ТМҚ және өзге де

30143032

47304900,00

17161868

2

Қысқа мерзімді міндеттемелер

36559344

63736789

27177445

2.1

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

10160262

17823971

7663709

2.2

Кредиторлық борыштар

13796125

16293965

2497840

2.3

Басқа да

12602957

29618853

17015896

3

Өтімділік көрсеткіштері

     

3.1

Абсолюттік өтімділік көрсеткіштері

0,42

0,74

0,32

3.2

Аралық өтімділік көрсеткіштері

0,89

1,13

0,24

3.3

Ағымдағы өтімділік көрсеткіштері

1,72

1,87

0,15


 

Осы кестенің мәліметтері 2010 жылы өтімділік 2009 жылға қарағанда біршама өскендігін көрсетеді. Осылай абсолютті өтімділік коэффициенті 0,32 пунктке, аралық – 0,24 пунктке және ағымдағы – 0,15 пунктке өскен. Егер бірінші көрсеткіш 2009 жылы ең төменгі шамаға тең болса, ал екінші ең төменгі талап етілген шектеуден асса, онда жыл аяғында бұл көрсеткіштің деңгейі біршама өседі. Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффиценті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге сәл жетпейді, бірақ 2009 жылға қарағанда 0,15 пунктке өскен.

 

    1. Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау

 

Табыстылық көрсеткіштерін талдаудың міндеттері:

    1. табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын  

талдау;

    1. таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
    2. табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
    3. табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
    4. табыстың өсу резервтерін анықтау;
    5. кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
    6. табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

  1. жалпы активтер және олардың жекелеген элементтері;
  2. өнімдер;
  3. ақша қаражаттарының таза ағымы негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай – ақ шаруашылық қызметі  мен оның нәтижесін бақылау мен  бағалауда маңызды роль атқарады. Барлық активтердің тиімділік деңгейі  мына формула бойынша есептеледі:

Да = таза табыс / барлық активтер  

Талданып отырған кәсіпорын  мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті 4- кестеде көрсетілген.

 

Кесте-4                      Авансталған капиталдың табыстылық деңгейі

Көрсеткіштер

2009 жылы

2010 жылы

Ауытқулар (+, -)

1

Таза табыс, теңге

25937694

30949351

5011657

2

Жалпы активтер, теңге

279795777

387559789

107764012

3

Жалпы активтердің табыстылығы, %

9,270

7,986

-1,285

         

Информация о работе Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы