Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 22:17, курсовая работа
Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты қызметіне және қойылған мақсатына жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі қаржылық ресурс пен капиталды басқара білуі керек.
КІРІСПЕ
3
1
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
5
1.1
Корпорация қызметін қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы
5
1.2
Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау
9
2
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
14
2.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
14
2.2
Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
19
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
22
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің ерекшелігі
22
ҚОРЫТЫНДЫ
26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28
Қосымша
Өзін-өзі қаржыландырудың тағы бір ірі көзі – амортизациялық аударымдар. Қазіргі таңда негізгі капиталға салынған жалпы инвестициядағы амортизациялық аударымдар үлесі Жапонияда – 50%, Германияда – 64%, АҚШ-та – 70%. Бұл елдерде амортизация әдістері мен нормативтері салықтар қаржы аударымдары мен компания табысымен, инвестициялық несие жеңілдіктерімен, инновациялық жұмыс шығындарымен бірыңғай жүйеге ұштастырылған.
Амортизациялық қордың барлығы бірдей инвестициялық мақсатқа жұмсала бермейді. Мысалы, бірқатар сарапшылардың бағалауынша, қайта жаңғыртуға амортизациялық төлемдердің бір бөлігі ғана пайдаланылады: 35-40% (жекелеген салаларда – 10% аспайды), ал көптеген (табыстылығы төмен, тиімсіз) кәсіпорындарда іс жүзінде олар өз мақсатында жұмсалмайды. Айналмалы капиталдың орта есеппен 51,2% инфляцияға ұшырап құнсыздануына байланысты, амортизациялық төлемдерді кәсіпорындар ағымдық міндеттемелерді орындауға арналған айналмалы құралдар орнын толтыруға пайдаланады.
Қазіргі уақытта өзін-өзі қаржыландырудың маңызды көзі – тұрақты пассивтер жиынтығы. Тұрақты пассивтер – кәсіпорынның салық органдары алдындағы, қызметкерлердің еңбекақысы бойынша қарызы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыру түрлері мен көздерінің келтірілген түрлері оларды тек сапалық жағынан ғана сипаттайды, бірақ тартылған қаржы ресурстарының сандық көрсеткіштерінің де маңызы кем емес.[1]
1.2 Кәсіпорын табысы
мен шығысы құрамы мен
Табыстар дегеніміз – есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту [2].
Табысқа дайын өнімді (тауар,
жұмыс пен қызмет) өткізуден түскен
табыс пен компанияның
1) дайын өнімді (тауар, жұмыс пен қызмет) өткізуден түсетін табыс
2) өзге табыстар
Дайын өнімді өткізуден түскен табысқа жатады:
Өзге табыстарға табыстың келесі түрлері жатады: оң бағамдық/ сомалық айырма; коммерциялық концессия бойынша келісімді қоса (егер бұл табыстар негізгі қызметтен түсетін табысқа жатпаса), активті уақытша пайдаланғаны үшін түскен түсімдер; зерттеулерге патенттен пайда болған құқық төлемдерімен байланысты түсімдер; ақшалай қаражаттардан бөлек негізгі құралдар мен өзге де активтерді сатудан түскен түсімдер; келісім шарттарын бұзғаны үшін штрафтар, айыппұлдар; заңнамамен бекітілген іздену мерзімі біткен кредиторлық пен депоненттік борыштар сомасы; түгендеу нәтижесінде пайда болған материалдық құндылықтардың артықшылығы; цессия келісімі бойынша пайда; теріс гудвилл; көмірсутектерді өңдеу, тасымалдау, өндіру мен құру үрдісімен байланысты емес еншілес компанияның өзге де табыстары; компания залалдарын қалпына келтіруден түскен түсімдер; өзге де аналогиялық табыстар.
Қаржылық табыстарға келесі табыстар жатады:
қатар ағымдық шотта сақталған банктің ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін алынған сыйақылар;
Үлестік қатысудан табысқа жатады:
Табыстар қатарына компания капиталын көбейтпейтін келесі заңды және жеке тұлғалардан түскен табыстар жатпайды:
Табысты активтің көбеюімен немесе міндеттеменің азаюымен байланысты сенімді өлшенген болашақ экономикалық пайда болғанда, таниды.
Дайын өнімді өткізуден табысты келесі шарттардың барлығы қанағаттандырылған кезде танылады:
1) компания
сатып алушыға тауар
2) меншік құқығымен байланысқан
және сатылған тауарларды
3) табыс сомасы сенімді бағалағанда;
4) келісіммен байланысты
экономикалық пайданың
5) келісіммен байланысты
болған немесе күтілген
Атқарылған қызмет жұмыстың нәтижесі сенімді бағаланады, егер келесі шарттарды орындалса:
1) табыс сомасы сенімді бағаланса;
2) келісіммен байланысты
экономикалық пайдалардың
Өзге табыстар танылады:
Өткізуден түскен табыс алынған немесе күтілген қалпына келтірудің әділдік құнымен бағалануы керек. [3]
Шығын дегеніміз – есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын азайту түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің арасында бөлуге байланысты емес өз капиталын азайтуға әкеп соғатын міндеттемелерді көбейту.
Шығыстарға жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу шығыстары, қаржылық және компанияның күнделікті іскерлігімен байланысты өзге де шығыстар мен өткізуден табысты алуға керек шығыстар кіреді.[4]
Кәсіпорынның өндірістік ерекшелігіне байланысты шығындар келесідей түрлерге бөлінеді:
Зерттеліп отырған кәсіпорын ішкі функциясына байланысты шығындар талдауын ұсынады:
Жалпы және әкімшілік шығыстар:
әкімшілік пен басқару
Өткізу шығыстары: өткізу
үрдісімен байланысты жұмыскерлердің
жалақысы; заңнамамен көзделген төлемдер;
әлеуметтік төлемдер; жұмыскерлердің
жалақысынан аударымдар; сыйақылар;
іс – сапар шығыстары; тауарлық –
материалдық құндылықтарды
Өзге шығыстар: теріс бағамдық айырма; алдыңғы бөлімдерде есепке алынбаған әлеуметтік саланың обьектілерін сақтау шығыстары; негізгі құрал мен материалдық емес активтердің істен шығуымен байланысты шығыстары; қаржылық инвестиицияның істен шығуымен байланысты шығыстар; қаржылық инвестиция құнының өзгеруінен болған шығыстар; мұнай үрдістерімен байланысты емес өзге де шығыстар.
Қаржылық шығыстар: банктік овердрафт пен қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақылар; тауарлық қарыздар бойынша сыйақылар; қаржылық инвестицияның құнсыздануынан залал; облигация, вексель мен қарыздармен байланысты сыйақылар мен жеңілдіктер амортизациясы; қарызды алуды ұйымдастырумен байланысты қосымша шығындардың амортизациясы; қаржылық жалдауға қатысты пайыздық құрамдастар; хеджирлеу операциялары бойынша шығыстар; қаржылық инвестиция құнының өзгеруінен залал; дисконттау бойынша пайыздар (сыйақылар); бағамдық айырмалар; өзге де қаржылық шығыстар.
Корпоративті табыс салығы бойынша шығыстар:
Шығыстар бухгалтерлік есепте келесі шарттар орындалғанда танылады:
2.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Зерттелетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қолданатын негізгі ақпарат көзі қаржылық есептілік екенін түсіндік, сондықтан да талдау бөлімі қаржылық есептіліктен бастау алады (қосымша A).
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады (қосымша Б).
Активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 10776401 теңгеге немесе 38,52 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. [5]
Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың біршама жоғарылағанын көруге болады. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2009 жылы 55 пунктке аз болса (77,5- 22,5), 2010 жылы ол бұл көрсеткішті 16,6 пунктке аcып түсті (55 – (69,2 – 30,8)) және 30,8 пайызды құрайды. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 4 есеге артық (89,88:23,64) болып отыр. [6]
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді. Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі 2009 жылы 0,225 (279795777:62838956), ал 2010 жылы 0,308 (119316504: 387559789) құрады. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек. Ендеше зерттеліп отырған кәсіпорында 2010 жылы активтер айналымы қарыздар айналымынан 1,9 – ге көп. [7]