Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 22:17, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты қызметіне және қойылған мақсатына жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі қаржылық ресурс пен капиталды басқара білуі керек.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
5
1.1
Корпорация қызметін қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы
5
1.2
Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау
9
2
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
14
2.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
14
2.2
Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
19
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
22
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің ерекшелігі
22

ҚОРЫТЫНДЫ
26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28

Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс Кор каржы.docx

— 73.49 Кб (Скачать документ)

«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯ»АҚ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ» пәні бойынша

 

ТАҚЫРЫП: КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Орындаған: ФКС-23 тобының студенті  Оспанов Қ.С

                                           Ғылыми жетекші: 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2013

 

 

МАЗМҰНЫ

 
 

КІРІСПЕ

3

1

КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

5

1.1

Корпорация қызметін  қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы

5

1.2

Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау

9

2

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ   

14

2.1

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

14

2.2

Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау

19

3

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

22

3.1

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің   ерекшелігі 

22

 

ҚОРЫТЫНДЫ

26

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

28

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі нарықтық жағдайларда кәсіпорынның тіршілігін қамтамасыз ету үшін басқару персоналына өз кәсіпорнының және өзге бәсекелес кәсіпорындардың да қаржылық  жағдайын бағалай білуі керек.

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды  сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты  қызметіне және қойылған мақсатына  жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен  қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі  қаржылық ресурс пен капиталды басқара  білуі керек.

Қаржылық басқарудың құрамдас бөлігі болып шаруашылық өмірдің  болашақ факторының ықтималды бағалануына  және бухгалтерлік есеп мәліметтеріне  негізделген қаржылық талдау болып  табылады.

Бухгалтерлік есеп пен  басқарудың байланысы айқын. Басқару  – шешім қабылдау үрдісі. Басқару  – болашақтағы жағдайды көре білу, болжау, ал ол үшін сенімді және нақты  ақпарат керек. Сондықтан басқару  шешімдерін қабылдау үшін қажет талдау есептеулерінің ақпараттық негізі қаржылық есептілік болып табылады. Қаржылық сипаттағы шешімдер ақпараттық базаның  обьективті және сенімді болуына  нақты байланысты болады.

Қаржылық талдауды тиімді және дұрыс орындау келесіге бағытталады:

1) бәсекелес ортада кәсіпорынның  тұрақты орналасуы;

2) банкроттылық пен қаржылық  сәтсіздіктерден қашық болу;

3) бәсекелестердің арасында  жетекшілік;

4) кәсіпорынның тиімді  экономикалық өсімі;

5) өндіріс пен өткізу  көлемінің өсімі; 

6) пайданы максималдау;

7) шығындарды минималдау;

8) фирманың рентабельді  жұмысын қамтамасыз ету.

Қазіргі күні қаржылық мәліметтерге, кәсіпорын басшылығының қабылдаған шешімдерінің талдануына, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды жасауға  жауапты қаржылық мамандар болып  табылады. Сондықтан қаржылық маман  қаржылық талдауды нақты және тиімді жасай білуі үшін қаржылық талдаудың  теориялық және тәжірибелік аспектілерін терең білуі керек. Тек сонда ғана кәсіпорынның тиімді және рентабельді іскерлігі қамтамасыз етіледі

   Бұл курстық жұмыстың зерттеу обьектісі – «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамы.  Бұл қоғам 2004 жылдан бастап мұнай нарығында қызмет етіп келеді және қазіргі таңда ол мемлекет үшін маңыздылығы жоғары кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Кәсіпорынның ірілігі  мен оның қаржылық жағдайына әсер етуші факторлардың ауқымды болуы  да «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ курстық жұмыстың обьектісі ретінде таңдалуына ықпал жасады.

Курстық жұмыстың мақсаты – зерттелетін обьектінің ішкі және сыртқы жағдайларын нақты бейнелейтін көрсеткіштерді анықтау: оның төлем қабілеттігін, өтімділігін, табыстылығын, даму жағдайын сипаттау және оның нәтижелері бойынша негізделген шешімдер жасау.

Курстық жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылады:

  1. баланстың өтімділігін талдау;
  2. кәсіпорынның мүлкін талдау;
  3. кәсіпорынның қаржыландыру көздерін талдау: қарыздық және меншіктік;
  4. қаржылық тұрақтылығын бағалау;
  5. кәсіпорынның табыстылығын талдау;
  6. кәсіпорынның іскерлік белсендігін талдау;
  7. кәсіпорынның табыс пен шығын құрамдарын анықтау;
  8. кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шараларды маман ретінде анықтау.

Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ: ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1  Корпорация  қызметін  қаржыландыру көздерінің негізгі сипаттамасы

 

Қаржы ресурстарынсыз бизнес жасау мүмкін емес, бірақ қазір  елімізде қаржы ресурстарын тарту  үлкен қиындықтар туғызып отыр. Корпорацияның  қаржы менеджментінің басты мәселесі – қаржы ресурстарын тиімді түрде  жұмылдыра білу. Қолайлы қаржыландыру тізбесін таңдау қандай қиын екендігін  суреттеп беру үшін ең кең тараған  қаржыландыру көздерінің артықшылығы  мен кемшілігінің салыстырмалы талдау кестесін келтіріп көрейік (1-кесте).

 

1-кесте                                Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көздері

Артықшылығы

Кемшіліктері

1

2

3

  1. Несилерді тарту:

а) теңгелік банк несиелері

Акционерлік капитал көп  адамның қарамағында болмайды. Пайыздар өзіндік құнға жатқызылады, яғни салықтан қорғайды. Несиені алу мен  өтеудің қолайлылығы.

Несиелік пайыздардың  жоғары болуы. Қысқа мерзімді, әдетте қалпына келетін несиелік түрде  беріледі. Кепілдік талап етіледі. Өзге қаржыландыру түрлерін пайдалануға  кедергі болуы немесе оның құнын  жоғарылатып жіберілуі мүмкін.

ә) валюталық несиелер

Акционерлік капиталдың құнсыздануы  болмайды. Пайыздар құнға жатқызылады, яғни салықтан қорғайды. Несиені алу  мен өтеудің қолайлылығы.

Валюталық тәуекел деңгейі  өсіп кетпеуі үшін одан табыс алынуы керек. Кепілдік талап етілуі. Өзге қаржыландыру түрін пайдалануға  кедергі болуы немесе оның құнын  жоғарылатып жіберуі мүмкін.

  1. Меншікті капитал мен  (таза пайда мен амортизация)

Акционерлік капитал көп  адамның қарамағында болмайды.

Меншік иелерімен арада  дау-жанжал тууы мүмкін.

  1. Лизинг

Акционерлік көп адамның  қарамағында болмайды. Мүлік құнын  кейінге шегертіп төлеу. Лизингтік  төлемдер өнімнің өзіндік құнына қосылады. Лизингтік құрал-жабдық келісімшартқа  кепілдік болады. Лизингтік төлемдердің  пайыздық мөлшерлемелері несиеліктен  төмен болады. Лизингтік төлемдердің  өтелмеуі банкротқа ұшыратпайды. Лизинг тұтынушы–кіші кәсіпорындардың  лизинг келісімшарты бойынша төлемдері  ҚҚС-тен босатылған. Құрал-жабдықтың  құны өтелгенге дейін оның сапасын  тексеріп білу мүмкіндігі бар.

Лизинг тұтынушының құрал-жабдық амортизациясы өнімнің өзіндік  құнына қосылмайды. Өтімді емес жабдыққа қосымша жабдықтау қажет. Лизинг келісімшартында шектеулер көп (есепшоттағы  қаржыны келісімсіз төлеуге пайдалану  және т.б.).

  1. Акцияларды жеке адамдар арасында тарату.

Қарыз көлемі өзгермейді. Акциялар бойынша дивиденттер төлеу міндетті емес және банкротқа ұшырау қаупі  жоқ. Әрі қарай қосымша қаржыландыру көздерін тарту мүмкіндігі бар (компанияның  директорлар кеңесіне қатысу құқығы. Бірнеше жылдан соң компаниядан  шығу тізбесі және т.б.)

Акционерлік капитал көп  адамның қарамағында болады. Акцияны  қосымша шығару көп жағдайда шектеулермен байланысты.

  1. Акцияларды көпшілік арасында тарату

Акциялар бойынша дивидендтер  төлеу міндетті емес және банкротқа  ұшырау қаупі жоқ. Акциялар өтімділігі артады. Кәсіпорынның беделі, рейтинг  көтеріледі. Айтарлықтай инвестиция тартуды жеңілдетеді.

Акционерлік капитал көп  адамның қарамағында болады. Акцияларды қосымша шығару жоғары трансакциялық  шығындарды қажет етеді. Ықтималды  инвестерге қаржылық ақпарат беру жайлы  талаптар жоғары болады. Азаматтар  мен ықтималды инвесторлар көпшілік арасында акция таратуға сақтықпен  қарауы. Акцияларды табысты тарату үшін акционерлік капитал көпшіліктің  қолында болуы керек.

  1. Облигациялар шығару

Акционерлік капитал көп  адамның қарамағында болмайды. Ұсақ инвесторлардың ақша капиталын тарту  мүмкіндігі болады. Қосымша қаржыландыруға әрі қарай кедергі болуы мүмкін. Қамтамасыз етілмеген облигациялар шығару үшін жыл жұмыс атқаруы  керек.

Қайталама нарықтың өтімділігінің  жоқтығы. Нарықтық пайыз мөлшерлемесі тым жоғары. Корпоративтік облигациялардың  пайызына пайда салығы мөлшерінде салық  салынады.

  1. Вексельдер шығару

Акционерлік капитал көп  қолда болмайды. Пайыздар салық салынатын  пайдадан төленеді. Шығару рәсімдерінің қарапайымдылығы. Есеп айырысу және несиеге кепілдік ретінде пайдалану  мүмкіндігі бар.

Қысқа мерзімді қаржыландыру түрінде пайдаланады. Айтарлықтай  үлкен сомалар тартудың шектелу  болуы. Өтімділігі жоғары емес.

  1. Стратегиялық инвестициялар

Стратегиялық инвестор қаржы  қаражаттарымен қоса техникалық, басқарушылық көмек көрсетеді. Ауқымды инвестициялар  тарту едәуір жеңіл болады.

Шектеулі шарттар (компанияның  директорлар кеңесінен орын алу, көп акцияны немесе көп уақытқа  бақылау пакетін беру)


 

Несиелік қарыз. Бізге белгілі қаржы ресурстарын тарту түрлері ішінде несиелік қарыз ерекше орын алады. Егер кәсіпорынның баектермен қарым-қатынасы нашар болған жағдайда, онда кәсіпорын қарызға қаржыландырудың өзге балама жолдарыніздеуге мәжбүр болады. Балама ретінде, несиелік қарыз көмегімен қаржыландыруды пайдалануға болады, оның негізгі түрлері келесілер:

  • Вексельдік айналымды белсендіру;
  • Алдын ала қаржыландыру немесе алдын ала төлемдердің қарқындап дамуы;
  • Банктің қатысуынсыз, ашық есепшотты пайдалану есебінен қаржыландыру;
  • Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалану;
  • Нормативтік мәндерден жоғары болатын тұрақты пассивтер қатарын кеңейту.

Кәсіпорынның қызмет ауқымы өскен сайын, пассивтер арта береді және осының есебінен активтері қаржыландырылады. Қаржы ресурстарын тартудың осы  тәсілінің тартымдылығы – кәсіпорын  төлем аудару мен несиелік қарызды  белгілеу жөнінде белгілі бір  дәрежеде тәуелсіз шешім қабылдай алады.

Есептелген төлемдер –  бұл әлі өтелмеген қысқа мерзімді несиелік қарыз, есептелген төлем, алайда әлі төленбеген еңбекақы, салықтар, пайыздар мен дивидендтер қарыздары. Қызмет ауқымы  кеңейген сайын, мысалы, сатылым көлемі артуымен бірге, еңбек  шығыны да қоса өседі, сонымен есептелген салық сомасы да арта береді. Есептелген төлем дегеніміз – тегін қаржыландыру көзі болғандықтан, қаржыландырудың  бұл тәсілінің тартымдылығы арта түседі. Сонымен, есептелген төлем –  пайызсыз қаржыландыру көзі.

Коммерциялық несие. Қаржыландырудың тағы бір түрі – коммерциялық несие, яғни кәсіпорынның материалдық жабдықтаушылары қарызы. Ол да қысқа мерзімді несиелік қарыз болып табылады. Қаржыландырудың бұл түрі бизнестің барлық саласында дерлік қолданылады және көптеген кәсіпорындар үшін қысқа мерзімді қаржыландырудың басты көзі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде сатып алушылардың көпшілігі тауардың жеткізілу мезетінде оның құнын төлей ұсынылады. Кідірту кезінде тауарды сатушы сатып алушыға несие береді.

Коммерциялық несие берудің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ашық есепшоттар, вексельдер және банктік акцепттер. Сатып алушыға қайталанып отыратын сатылымдар ішкі нарықта әрдайым ашық есепшот бойынша жүзеге асырылады және ол келісімшартқа негізделеді. Тауар жеткізуші тауарды сатып алушыға жөнелтерде жүкқағазына тауар түрін, бағасын, жалпы жеткізу құнын және сату шарттарын көрсетеді. Шын мәнінде, сатып алушы қарызға алынған куәландыратын қандай да бір жазбаша міндеттеме толтырмайды. Сатушы несиені сатып алушының несиеқабілеттілігі жайлы ақпаратқа сүйене отырып береді.

 Егер тапсырыс ауқымды  болса және дереу төлегені  үшін үлкен жеңілдіктер қарастырылмаған  жағдайда сатушы сатып алушыға  қарапайым вексель толтыруды  ұсынуы мүмкін. Сатушы үшін толтырған  вексель сатып алушының қарызы  бар екенін растайтын құжат  болып табылады. Вексель белгілі  бір мерзімге дейін төленуі  тиіс. Бұл әдіс сатушы қарыздың  ресми түрде рәсімделеуін қалаған  жағдайында қолданылады. Қаржыландырудың  бұл түрінің екі артықшылығы  бар: біріншіден, «талап етілгенде»  және «талапкерге» төлейтін міндеттеме  болғандқтан, вексель ұстаушы  оны сатуға  немесе қарызды  төлеуге құқығы бар; екіншіден,  вексель толтырылғаннан кейін  таластың тууына жол бермейді.

Егер сатып алушының төлемқабілеттілігінің  күмәні болса, сатушы одан банктің аударымдық шұғыл вексель акцептеуін талап  етуіне болады. Мұндай банктік акцептер акцептелген тауарлық вексельдермен  салыстырғанда үлкен үлесі мен  жоғары қорғалған деңгейіне ие.

Қазіргі кезде бірқатар ірі  компаниялар вексельдік бағдарламаны ағымдық қаржыландыру, кассалық есеп алшақтығын жабу және материалдық қамтушылармен  есеп айырысу мәселелерін шешуге табысты түрде пайдалануда. Компания вексельдері, сондай-ақ, кредиторлар  және контрагенттермен есеп айырысуға  да пайдаланылады. Қатаң реттеу болмағандықтан, шұғыл қаржыландыруды іске асыруға  мүмкіндік береді және қор нарығына қатысушылардың көбірек қатарына жол  ашады. Сонымен қатар, вексельдерді пайдалана отырып кәіпорын өзіне  қолайлы имидж бен несиелік тарихын  қалыптастырады, мұның өзі өзге қаржыландыру көздерін тартуға септігін тигізеді. Осы қаржыландыру түрінің негізгі  әлеуетті тұтынушылары іс-әрекеті циклді түрде жүретін ірі өндірушілер  мен экспорттаушылар болып табылады.

Өзін-өзі қаржыландыру. Меншікті қаржыландыру көздері ішінде бөлінбеген табыс пен амортизация маңызды  орынға ие. Олар бірлесіп өзін-өзі қаржыландыру іргетасын құрайды. Әдетте кәсіпорын  бүкіл табысын тұтынуға бөле бермейді. Инвестициялау қажеттіліктеріне сақталатын бөлінбеген табыс меншікті капиталдың басты өсу түрі болып табылады. Қаржыландырудың бұл көзі ең алдымен  құрал-жабдық пен тауарлық материалдық  қорлар сатып алуға жұмсалады  және түскен табыстың белгілі бір  бөлігін кәсіпорын инвестиция түрінде  пайдаланғанын көрсетеді. Акционерлерге  төленетін табыстың бір пайызы қайта  қаржыландырылатын табыс мөлшерін кеміте түсетіндіктен, дивидендтер  төлеу жөніндегі шешім қаржыландыру туралы шешімге байланысты болатыны сөзсіз. Бөлінбеген меншікті табысты  пайдаланғанның орнына жаңадан шығарылған акциялар көмегімен капитал тарту  трансакциялық шығындар мөлшеріне  сәйкес қымбатқа түседі.

Информация о работе Корпорацияның қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамасы