Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 20:35, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі аудитінің теориялық негіздерін қарастыру, нақты кәсіпорын мысалында аудитті жүргізу тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыру, нәтижесінде мәселелерді анықтап, белгілікті жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау шарт болып табылады:
Кәсіпорындағы аудит процедурасын зерделеу;
тәуекелдерді басқару жүйесінің беріктігі мен тиімділігіне баға беру;
бухгалтерлік есеп жүйесіндегі операциялардың көрсетілуінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес толықтығына, уақытылылығына және растығына, сондай-ақ қаржы есебінің сенімділігіне баға беру;
КІРІСПЕ
6
1
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Экономикалық субъектідегі аудиттің мәні, мақсаты және түрлері
8
1.2
Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі
12
1.3
Кәсіпорындағы ішкі аудитті жоспарлау мақсаттары мен талаптары
16
1.4
Аудиттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен даму тарихы
22
2
«РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
«Радуга» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы
26
2.2
Кәсіпорында ағымдағы активтердің есебі және олардың ішкі аудитін жүргізудің әдістемесі
35
2.3
Кәсіпорында аудит нәтижесі бойынша есеп беру
41
3
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Кәсіпорында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар
48
3.2
Аудит кезінде анықталған мәселелер мен олардың пайда болу себептерін жою жолдары
50
ҚОРЫТЫНДЫ
56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
58
Көрсеткіштің мәні салалар
мен өызмет түрлері бойынша ауытқуы
мүмкін, ал оның серпінді өсімі әдетте
жағымды тенденция ретінде
Шетелдердегі есептік-талдау тәжірибесінде көрсеткіштің ең төменгі мәні – 2 келтіріледі, бірақ та бұл жуық шама, нақты нормативті шама ретінде қабылданбайды.
Жедел (аралық) өтімділік коэффициенті мәні жағынан ағымды өтімділік коэффициентіне жақын, бірақ та ағымды активтердің тар шеңберінде есептеледі, есептен өндірістік қорлар алынып тасталады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметін тоқтатқан кезде қорлардың есептік құнының 40% немесе одан да төмен пайызын алады. Шетелдік тәжірибеде көрсеткіштің жуық шамасы – 1 беріледі, бірақ бұл шама шартты сипатқа ие.
Сондай-ақ, бұл коэффициент серпінін талдау кезінде оның өзгерісіне себеп болған факторларға назар аудару қажет. Жедел өтімділік коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
Кжө= (Аа – Қ) / ҚмП,
мұндағы, Аа – айналым активтері,
Қ – қорлар;
ҚмП – қысқа мерзімді пассивтер.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (төлем қабілеттілігінің) – кәсіпорын өтімділігінің қатаң критерийі болып табылады және қысқа мерзімді займдық міндеттемелердің қандай бөлігі қажетті жағдайда жедел өтелуі мүмкін болатынын көрсетеді.
Шетел тәжірибесінде ұсынылатын ең төменгі шекара 0,2-ге тең.
Абсолютті өтімділік коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
К аө = АҚ / ҚмП,
мұндағы, АҚ – ақшалай қаражаттар;
ҚмП – қысқа мерзімді пассивтер.
Кесте 2 – «Радуга» ЖШС өтімділігіне талдау
Көрсеткіш атауы |
Кепілдемеленген мән |
2011 ж. |
2012 ж |
Өзгеріс |
Ағымды өтімділік коэффициенті |
>2 |
3,37 |
2,3 |
-1,07 |
Жедел өтімділік коэффициенті |
>1 |
1,25 |
0,94 |
- 0,31 |
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
>0,2 |
1,2 |
0,75 |
-0,45 |
2 кестеден көрініп тұрғандай, қарастырылып отырған кезеңде кәсіпорынның ағымды өтімділігі 1,07 үлеске кеміген, бірақ та кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымды активтер есебінен жаба алады. Осыған қарамастан, бұл көрсеткіш ең төменгі шекке жақындап келе жатқанын көрсетеді.
Жедел немесе аралық өтімділік коэффициенті 2011 жылы 1,25-ті құраған, яғни осы жылы кәсіпорынның өтіміділік көрсеткіші оң болып қалыптасқан, бірақ та 2012 жылы өткен жылға қарағанда 0,31 пунктке төмендеп, кепілдемеленетін мәннен төмен болып қалыптасқан (0,94).
Абсолютті өтімділік коэффициенті кепілдемеленген міннен жоғары қалыптасқан, яғни 2011 жылы кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді займдық міндеттемелерін толығымен, 2012 жылы 75%-ын қажет болған жағдайда тез арада жаба алатынын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жасайық. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде келесі коэффициенттер анықталады:
Меншікті капиталдық шоғырлану коэффициенті капитал құрылымындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Келесі формуламен есептеледі:
Кмкш = ПК / КҚ,
мұндағы, ПК – пассив көлемі,
КҚ – капитал құрылымы.
Кмкш нормативті шамасы >0,5. Коэффициент мәні жоғары болған сайын, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жоғары екені көрінеді.
Займдық капитал шоғырлануының коэффициенті қаржыландыру көздеріндегі зайымдық капиталдың үлесін көрсетеді, бұл көрсеткіштің жоғарылауы кәсіпорын жобасының займдық капиталға тәуелділігінің өсуін көрсетеді. Келесі формуламен есептеледі:
Кзкш= ЗК / БВ,
мұндағы, ЗК – жобаны жүзеге асыруға жіберілетін займдық капитал,
БВ – кәсіпорын қаржылық ресурстарының жалпы көлемі (баланс валютасы).
Қаржылық тәуелділік коэффициенті сыртқы займдарға тәуелділікті сипаттайды. Займдық қаражаттар үлесінің жоғары болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін төмендетеді. Келесі формуламен есептеледі:
Кқт= БВ / МК,
мұндағы, БВ – кәсіпорын қаржылық ресурстарының жалпы көлемі (баланс валютасы);
МК – меншікті капитал.
Кесте 3 – «Радуга» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау
Көрсеткіш атауы |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өзгеріс |
Меншікті капитал |
0,11 |
1,25 |
1,14 |
Займдық капитал шоғырлануының коэффициенті |
0,89 |
-0,25 |
-1,14 |
Қаржылық тәуелділік коэффициенті |
0,61 |
0,27 |
-0,34 |
Кесте 3 көрініп тұрғандай, меншікті капитал шоғырлануының коэффициенті 2011 жылы 0,11, 2012 жылы 1,25-ті құраған, яғни кәсіпорынның меншікті капиталының үлесі жоғарылағаны көрініп тұр, ал займдық капитал үлесі зерттеліп отырған кезеңде төмендегені байқалады. Яғни займдық капитал шоғырлану көрсеткішінің төмендеуі кәсіпорын жобасының займдық капиталға тәуелсіз екенін көрсетеді. «Радуга» ЖШС –нің сыртқы займдарға қаржылық тәуелділігі 2012 жылы 27% құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға кемігенін көрсетеді.
Келесіде кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне талдау жүргізу қажет. Кең мағынада іскерлік белсенділік фирманың өнім, еңбек, капитал нарықтарында жылжуына бағытталған барлық күш-салымдардың спектрін көрсетеді. Қаржылық-экономикалық қызметті талдау контекстінде бұл термин кәсіпорынның ағымды өндірістік және коммерциялық қызметі ретінде түсініледі.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның дамуы, қойылған мақсаттарға қол жеткізуі, экономикалық әлеуетті тиімді пайдалану, өткізу нарықтарын кеңейтуіндегі серпінділікте көрініс табады.
Айналым көрсеткіштері компанияның қаржылық жағдайын бағалауда үлкен маңызға ие, себебі қаражат айналымдарының жылдамдығы фирманың төлемқабілеттілігіне тікелей ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, қаражаттар айналымының жылдамдығы жоғарылағаны, басқа да тең шарттар орындалған жағдайда, фирманың өндірістік-техникалық әлеуетінің өскенін айқындайды.
Тәжірибеде іскерлік белсенділіктің келесі көрсеткіштері жиі қолданылады.
Активтер айналымының коэффициенті (трансформация коэффициенті). Осы коэффициенттің көмегімен тарту көздеріне қарамастан қолда бар барлық ресурстарды фирманың тиімді қолдануы бағаланады. Бұл коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
Каа = Т / А,
мұндағы, Т – өнімді өткізуден түскен табыс,
А – кәсіпорын активтерінің орташа жылдық құны.
Трансформация коэффициенті
есептік кезеңде өндіріс пен
айналымның толық циклі неше рет
жүзеге асатынын көрсетеді, нәтижесінде
пайда қалыптасады, немесе активтердің
әрбір ақшалай бірлігі
Дебиторлық борыш айналымының коэффициенті.
Бұл коэффициент есептік кезең ішінде дебиторлық борыш қанша рет ақша қаражаттарына айналатынын көрсетеді, басқаша айқанда қанша рет өтелетінін көрсетеді. Келесі формуламен есептеледі:
Кдб= Т /ТДБ,
Мұндағы,
Т – өнімді өткізуден түскен табыс;
ТДБ – таза дебиторлық борыш.
Кредиторлық борыштың айналым
коэффициенті. Бұл коэффициент алдыңғы
коэффициентті толықтырады. Оны
есептеу үшін өткізілген өнімнің
өзіндік құнын кредиторлық
Кдб= ӨҚ /КБ,
мұндағы, ӨҚ - үшін өткізілген өнімнің өзіндік құны
КБ – кәсіпорынның орташа жылдық кредиторлық борышы.
Коэффициент кәсіпорын өзінің қарыздарын өтеу үшін неше айналым жасау қажеттігін көрсетеді.
Қорлардың айналым коэффициенті. Қорларды тиімді басқаруды сипаттау үшін қорлардың айналым коэффициенті және айналым ұзақтығы көрсеткіші қолданылады.
Бұл коэффициентті есептеу үшін өткізілген өнімнің өзіндік құнын кәсіпорын қорларының орташа жылдық құнына бөлу қажет:
Кдб= ӨҚ /Қ,
мұндағы, ӨҚ - үшін өткізілген өнімнің өзіндік құны
Қ – кәсіпорын қорларының орташа жылдық құны.
Коэффициент қорлар жыл ішінде неше рет айналым жасайтынын көрсетеді.
Кесте 4 – «Радуга» ЖШС іскерлік белсенділігінің талдауы
Көрсеткіш атау |
2007 ж. |
2008 ж. |
Өзгеріс |
Активтер айналымының коэффициенті |
4,43 |
5,96 |
1,53 |
Дебиторлық борыштың айналым коэффициенті |
970,26 |
1011,19 |
40,93 |
Кредиторлық борыштың айналым коэффициенті |
17,48 |
22,40 |
4,92 |
Қорлардың айналым коэффициенті |
25,23 |
34,19 |
8,96 |
Кесте 4 көрініп тұрғандай, активтердің айналымы 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,53 айналымға жоғарылап, 5,96-ны құрады, басқаша айтқанда активке салынған әрбір тенге 1,53 тенгеге жоғары табыс әкелді.
Дебиторлық және кредиторлық борыштардың коэффициенттері де жоғарылаған. Қор айналымы 2012 жылы 34,19-ды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 8,96-ға жоғары болып қалыптасты, бұл қорлардың тиімді қолданылуын көрсетеді. Ары қарай кәсіпорын қызметінің рентабельділігіне талдау жүргіземіз. Меншікті қапитал рентабельділігі жоба иесінің инвестицияланған капиталының қаншалықты тиімді пайдаланылатыны көрсетіледі.
Кесте 5 – «Радуга» ЖШС рентабельділігіне талдау
Көрсеткіш атауы |
2011 ж |
2012 ж |
өзгеріс |
Активтердің рентабельділігі |
0,24 |
0,37 |
0,13 |
Меншікті капитал |
0,32 |
0,38 |
0,06 |
Сату рентабельділігі |
0,05 |
0,19 |
0,14 |
Сонымен, «Радуга» ЖШС активтерінің рентабельділігі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 13%-ға жоғарылаған, меншікті капитал рентабельділігі өткен жылға қарағанда ағымды жылда 6%-ға, сату рентабельділігі 14%-ға ұлғайған. Жалпы алғанда кәсіпорын қызметінің оң байғытта дамып, пайдалылығы өскені туралы қорытынды жасауға болады. Аудитті жоспарлау кезінде қызмет элементтерінің бірі болып аудитрлық тәуекел табылады. аудиторлық тәуекелді анықтау қажет, аудиторлық тәуекел дегеніміз бұл қаржылық (бухгалтерлік) есептілікте маңызды қателіктер болған жағдайда аудитордың қате аудиторлық пікір білдіру тәуекелі. Аудиторлық тәуекелді анықтау үшін маңызды тәуекелді бақылау құралдарының тәуекелі мен қате таппай тәуекеліне көбейту қажет. Жіберілетін аудиторлық тәуекел сонымен 4,5% тең (0,7 x 0,5 x 0,1).
2.2 Кәсіпорында ағымдағы активтердің есебі және олардың ішкі аудитін жүргізудің әдістемесі
«Радуга» ЖШС-де ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеру көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта ресімдеумен, шоттарда жанылыс жазулар жөніндегі талаптілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады
Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты – олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
Информация о работе Экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті