Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 20:35, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі аудитінің теориялық негіздерін қарастыру, нақты кәсіпорын мысалында аудитті жүргізу тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыру, нәтижесінде мәселелерді анықтап, белгілікті жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау шарт болып табылады:
Кәсіпорындағы аудит процедурасын зерделеу;
тәуекелдерді басқару жүйесінің беріктігі мен тиімділігіне баға беру;
бухгалтерлік есеп жүйесіндегі операциялардың көрсетілуінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес толықтығына, уақытылылығына және растығына, сондай-ақ қаржы есебінің сенімділігіне баға беру;
КІРІСПЕ
6
1
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
Экономикалық субъектідегі аудиттің мәні, мақсаты және түрлері
8
1.2
Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі
12
1.3
Кәсіпорындағы ішкі аудитті жоспарлау мақсаттары мен талаптары
16
1.4
Аудиттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен даму тарихы
22
2
«РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
«Радуга» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы
26
2.2
Кәсіпорында ағымдағы активтердің есебі және олардың ішкі аудитін жүргізудің әдістемесі
35
2.3
Кәсіпорында аудит нәтижесі бойынша есеп беру
41
3
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Кәсіпорында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар
48
3.2
Аудит кезінде анықталған мәселелер мен олардың пайда болу себептерін жою жолдары
50
ҚОРЫТЫНДЫ
56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
58
1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;
2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім - шарт жасасып:
а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;
в) аудитор тобының
штаты анықталып, еңбекақы
төлем сомасы
анықталады.
Бұл келісім - шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім - шартта көрсетілген еңбек ақы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне қажет мәлімет жинауда кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының тәуелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске асады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамының комитетіне ақпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.
2 «РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 «Радуга» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы
Ресми атауы – «Радуга»
ЖШС-ің Семей қаласындағы филиалы.
28.06.08 г. № 658 «Жауапкершілігі шектеулі
және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер
туралы» ҚР Заңына сәйкес «Радуга»
ЖШС тіркелді. 2010 жылы 17 шілдесінде
Қазақстан Республикасы Әділет Минситрлігі
Шығыс-Қазақстан облысының
Серіктестіктің құрылтайшылары болып табылатын тұлға:
Дементьев Дмитрий Сергеевич - 100%;
«Радуга» ЖШС Жарғылық капиталы 130000,0 мың теңге.
ЖШС орны мен құқықтық адресі – Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қаласы, Мелькомбинат көшесі 1 үй.
«Радуга» ЖШС қызметінің
басты мақсаты серіктестік
«Радуга» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері:
Серіктестік заңды тұлға болып табылады және өз қызметін «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырады.
«Радуга» ЖШС «Халық банк» АҚ-да шоты бар, СТН 182700219539, ҚР бюджеті мен бюджеттік емес қорларына салықтөлеуші ретінде есепке алынған, және Семей қаласының Салық Комитетінде есепте тұр.
Меншік нысаны жеке болып табылады. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – Құрылтайшы.
Директор атқарушы орган болып табылады және Құрылтайшының алдында есеп береді, әрі құрылтайшы шешімдері мен тапысрмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Директор құрылтайшының ерекше құзыреті қатарына жатпайтын барлық сұрақтар бойынша құзыретті болып келеді, соның ішінде:
- серіктестік қызметіне
жалпы жетекшілікті жүзеге
- құрылтайшы шешімдерін
даярлау мен орындауды жүзеге
асырады, шешімдердің
- сенім хатсыз негізде серіктестіктің атынан қызмет етеді және оның ресми өкілі болып табылады;
- банктерде есептік және басқа да шоттарды ашады;
- қызметкерлерге қатысты оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру және олардың жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтар шығарады, еңбек ақы жүйесін анықтайды, лауазымдық окладтар мен жеке қосымша төлемдер жүйесін анықтауды, сыйақы сұрақтарын шешеді, марапаттау және тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
- мемлекеттік органдар, соттар, басқа да ұйымдармен арақатынастарды кәсіпорынның мүддесін білдіреді;
- Құрылтайшының ерекше құзыретіне жатпайтын басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Радуга» ЖШС басты міндеті кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату. «Радуга» ЖШС негізгі экономикалық қызметкерлеріне талдау жүргізелік, 2012 жыл көрсеткіштерін 2011 жыл көрсеткіштерімен салыстырайық (Кесте 1).
Кесте 1 - «Радуга» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
2010 ж |
2011 ж. |
2012 ж. |
Ауытқуы | |
Абсолют. (+,-) |
Қатысты % | ||||
Өткізілген тауардың өзіндік құны, мың теңге |
167084 |
348568 |
500549 |
151981 |
143,6 |
Өткізілген тауар көлемі, мың теңге |
178698 |
369745 |
504193 |
134448 |
136,3 |
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам |
30 |
57 |
97 |
40 |
170 |
Жалақы қоры, мың теңге |
7500 |
13400 |
25630 |
1223 |
91,3 |
Орташа жалақы, теңге |
59860 |
89670 |
107990 |
18320 |
120,9 |
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге |
5270 |
6060 |
8840 |
2780 |
145 |
Қор қайтарымдылық, теңге |
127,3 |
245,1 |
1762 |
1516,9 |
618,9 |
Қор сыйымдылығы, теңге |
1,02 |
1,01 |
1,01 |
- | |
Дебиторлық борыш, мың теңге |
7245 |
23464 |
69093 |
45629 |
294,5 |
Кредиторлық борыш, мың теңге |
15062 |
33866 |
40947 |
7081 |
120,0 |
Жалпы табыс, мың теңге |
16140 |
11770 |
36440 |
2767 |
209,6 |
Таза табыс, мың теңге |
26000 |
24650 |
32000 |
7350 |
129,8 |
Рентабельділік, % |
0,04 |
0,99 |
1,3 |
0,96 |
- |
1 кесте мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы кәсіпорынның өткізілген тауарларының өзіндік құны 500549 мың теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 151981 мың теңгеге немесе 143,6% жоғарылағанын көрсетеді, мұның себебі өткізу шығындары жоғарылаған. Өткізілген тауар көлемі 2011 жылы 369745 мың теңгені құраса, 2012 жылы 504193 мың теңгені құрады, бұл 136,3% жоғары.
«Радуга» ЖШС қызметкерлірінің орташа тізімдік саны да жылдан жылға өсуде, 2010 жылы қызметкерлер саны 30 адамды құраса, 2012 жылы олардың орташа тізімдік саны 97 адамға жеткенін байқауға болады. Бұл кәсіпорын өз қызметін кеңейтуін көрсетеді. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 170% өскен. Бұл кәсіпорынның жалақы қорының жоғарылауының себебі болып табылады. Жалақы қоры 2010 жылы 7500000 теңгені құраса, 2011 жылы 13400000 теңгені құраған, ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ұйымның жалақы қоры 91,3%-ға өсіп, 25630000 теңгені құраған. Кәсіпорын жалақы қорының жоғарылауының тағы да бір себебі қызметкерлердің еңбек ақысының жоғарылауы.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны да жылдан жылға өсуі байқалады. 2010 жылы негізгі қорлардың орташа жылдық құны 5270 мың теңгені құраса, 2011 жылы 6060 мың теңгені құраған, ал 2012 жылы 8840 мың теңге болып қалыптасқан, ал бұл 2011 жылға қарағанда 145%-ға жоғары. Кәсіпорынның негізгі қорының төмен болуы, оның өзінің меншіктің ғимараттарының болмауы, кеңселері мен қоймаларының жалға алынуымен байланысты, негізгі қорларының қатарына тек автокөліктерді жатқызуға болады.
Қор қайтарымдылық көрсеткіші негізгі қорға салынған әрбір теңгеден қанша тауар алынғанын көрсетеді, 2012 жылы 1516,9 теңгеге өскен немесе 618,9%. Қор сыйымдылық көрсеткіші тауарды өткізуге кеткен шығындардың тауардың өзіндік құныны қаншалықты жабатынын көрсетеді. 2011 және 2012 жылдары өзгеріссіз қалғанын байқауға болады.
Сонымен қатар кәсіпорынның дебиторлық борышы да жоғарылаған, дебиторлық борыш 2010 жылы 7245 мың теңгені құраса, 2011 жылы 23464 мың теңгені, ал 2012 жылы 69093 мың теңгені құраған. Мұндай дебиторлық борыштың жоғарылау себебінің бірі, кәсіпорын көбіне сатып алушылармен консигнациялық шарт негізінде қызмет етеді, нәтижесінде сатып алушылар тауар үшін төленуге тиісті қаражатты мерзімі бойынша кешіктіріп өтейді. Жалпы алғанда 2012 жылы дебиторлық борыш 2011 жылмен салыстырғанда 2,9 есе ұлғайған.
Сонымен бірге, кәсіпорынның қызметінде соңғы үш жыл ішінде кредиторлық борышының жоғарылауы да байқалады, себебі жеткізуші кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісім шартқа отырған, бұл шартқа сәйкес, тауардың құнын тауар алынғаннан кейін бір ай мерзімге кешіктіріп төлеуге құқысы бар. 2010 жылы 15062 мың теңге, 2011 жылы кредиторлық борыштың 33866 мың теңге, 2012 жылы 40947 мың теңге құрағанын кестеден байқауға болады.
Кәсіпорынның таза табысы 2010 жылы 26000000 теңгені, 2011 жылы 24650000 теңгені, 2012 жылы 32000000 теңгені құраған, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда таза табыс 7350000 теңгеге немесе 129,8 пайызға ұлғайғанын көреміз. Бұл кәсіпорын қызметінің оң бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның басым жақтарын атап көрсетуге болады:
- Капиталдың үлкен көлемін
жинақтау мүмкіндігінің бар
- өз қызметін жүзеге
асыру мүмкіндіктерінің кең
Кәсіпорынның бухгалтерлік
балансы төменгі кестеде
Ұйымның капиталы мен резервтері және те ұзақ мерзімді міндеттемелер өзгеріссіз қалған. Қысқа мерзімді міндеттемелер 137,1%-ға жоғарылаған. Бұл өсімнің себебі кредиторлық борыш пен басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер ұлғайған. Кәсіпорын балансына тігінен талдау жүргізу қажет (Қосымша В).
Қосымшадан көрініп тұрғандай, 2011 жылы айналымнан тыс активтер кәсіпорын балансының 71,5%-ын құраса, 2012 жылы 62,4%-ын құрап, 8,5%-ға кеміген. Оның толық сомасын негізгі қаражаттар құрайды. Айналым активтер 2012 жылы кәсіпорын балансының 37,6%-ына тең болып қалыптасып, 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда (28,8%) 8,8%-ға ұлғайған. Айналым активтерінің негізгі бөлігі Қорлардан тұрады. Қордың көлемі де 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғарылаған.
Кәсіпорынның капиталы мен резервтері 2011 жылы 74,66%-ды құраған, ал 2012 жылы 79,49%-ға тең болып қалыптасқан, ал бұл 4,83%-ға жоғары.
Зерттеліп отырған кезеңде кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері жоқ. Қысқа мерзімді міндеттемелер 2011 жылы 643120 теңгені құрап, кәсіпорын балансының 9,8 пайызына тең болған, 2012 жылы бұл міндеттемелер 1524939 теңгене тең болған, ал бұл 20,5%-ды құраған, яғни кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері 10,7%-ға ұлғайған. Қысқа мерзімді міндеттемелердің едәуір үлесін басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер құрайды, олардың кәсіпорын балансындағы үлес салмағы 2011 жылы 9,3%-ды құраса, 2012 жылы 19,96%-ды құрап, 10,66%-ға өскен. Кредиторлық борыш өзгеріссіз қалып, шамаман 0,5%-ды құрайды.
Кәсіпорынның өтімділігіне талдау жүргізуді жөн санадық.
Өтімділік (Өтемпаздық) – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Кәсіпорынның өтімділігін талдау – кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін талдау болып табылады.
Өтімділік коэффициенті –
кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді
қаржылық міндеттемелерін уақытылы
орындай алу мүмкіндігінің
Кәсіпорынның ағымды, жедел және абсолютті өтімділігін талдау қажет.
Ағымды өтімділік коэффициенті
– активтердің өтімділігіне жалпы
баға береді, кәсіпорынның ағымды міндеттемелердің
бір теңгесіне ағымды активтерінің
қанша теңгесі келетінін
Бұл көрсеткіш келесі формула арқылы есептеледі:
Каө= Аа / ҚмҚМ,
Мұндағы, Аа – баланс құрылымын бағалау кезінде есепке алынатын, айналым активтері;
ҚмҚМ – қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелер (төртінші бөлімнің қорытындысы).
Бұл көрсеткішті есептеудің логикасы келесіде, кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін көбіне ағымды активтер есебінен жабады, егер ағымды активтер сомасы ағымды міндеттемелер сомасынан артық болса, кәсіпорын қызметінің оң бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді.
Информация о работе Экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті