Экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 20:35, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі аудитінің теориялық негіздерін қарастыру, нақты кәсіпорын мысалында аудитті жүргізу тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыру, нәтижесінде мәселелерді анықтап, белгілікті жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау шарт болып табылады:
Кәсіпорындағы аудит процедурасын зерделеу;
тәуекелдерді басқару жүйесінің беріктігі мен тиімділігіне баға беру;
бухгалтерлік есеп жүйесіндегі операциялардың көрсетілуінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес толықтығына, уақытылылығына және растығына, сондай-ақ қаржы есебінің сенімділігіне баға беру;

Содержание

КІРІСПЕ
6

1
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1
Экономикалық субъектідегі аудиттің мәні, мақсаты және түрлері
8
1.2
Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі
12
1.3
Кәсіпорындағы ішкі аудитті жоспарлау мақсаттары мен талаптары
16
1.4
Аудиттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен даму тарихы
22

2
«РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1
«Радуга» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы
26
2.2
Кәсіпорында ағымдағы активтердің есебі және олардың ішкі аудитін жүргізудің әдістемесі
35
2.3
Кәсіпорында аудит нәтижесі бойынша есеп беру
41

3
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1
Кәсіпорында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар
48
3.2
Аудит кезінде анықталған мәселелер мен олардың пайда болу себептерін жою жолдары
50


ҚОРЫТЫНДЫ
56


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
58

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом Word (4).docx

— 187.25 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

          КІРІСПЕ

6

   

1

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ  ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1

Экономикалық субъектідегі аудиттің мәні, мақсаты және түрлері

8

1.2

Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі

12

1.3

Кәсіпорындағы ішкі аудитті  жоспарлау мақсаттары мен талаптары

16

1.4

Аудиттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен даму тарихы

22

     

2

«РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1

«Радуга» ЖШС-нің  қысқаша даму тарихы мен  негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы

26

2.2

Кәсіпорында  ағымдағы активтердің  есебі  және олардың  ішкі аудитін  жүргізудің әдістемесі

35

2.3

Кәсіпорында аудит нәтижесі бойынша есеп беру

41

     

3

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДЕГІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1

Кәсіпорында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар

48

3.2

Аудит кезінде анықталған мәселелер мен олардың пайда  болу себептерін жою жолдары 

50

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

56

     
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

58

     
 

ҚОСЫМШАЛАР

60


 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта есеп, талдау және аудит облысында мамандарды дайындау аудиттің халықаралық стандарттарының  теориялық және тәжірибелік негіздерінен терең білімді қажет етеді. Отандық  аудит жүйесін аудиттің халықаралық  стандарттарына сәйкес реформалау және аудиттің халықаралық тәжірибесін  отандық тәжірибеге сәйкестендіру  халықаралық аудит ережелері  мен әдістемесін бағдарлануды білдіреді.

Нарықтық қатынастар элементі ретіндегі аудит барлық әлемде танылады. Қаржылық есептіліктің шынайылығын  қалайтын заңды және жеке тұлғалар аудиторлық қызметтерді қолданушылары  болып табылады, себебі оның мазмұны  кәсіпкерлік тәуекелді төмендету  мақсатында экономикалық мағынаға ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі аудитінің  теориялық негіздерін қарастыру, нақты  кәсіпорын мысалында аудитті  жүргізу тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыру, нәтижесінде мәселелерді  анықтап, белгілікті жетілдіру шараларын  ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау шарт болып табылады:

  • Кәсіпорындағы аудит процедурасын зерделеу;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің беріктігі мен тиімділігіне баға беру;
  • бухгалтерлік есеп жүйесіндегі операциялардың көрсетілуінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес толықтығына, уақытылылығына және растығына, сондай-ақ қаржы есебінің сенімділігіне баға беру;

Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін  ұсынатын үдеріс.

 Зерттеу пәні –бухгалтерлік есепте аудит қызметін ұйымдастыру.

Аудиттің мақсаты –  тексерілуші бухгалтерлік қаржылық есептке қатысты аудитордың белгілікті бір көзқарасын қалыптастыру болып  табылады. Аудитор жалпы алғанда  делдалдық қызметті атқарады: қаржылық ақпараттың шынайылығын анықтайды, жеткізуші мен ақпаратты қолданушылар мүдделерінің қарама-қайшылықтарының  алдын алады.

Дипломдық жұмыстың объектісі  ретінде «Радуга» ЖШС-ң қаржылық-экономикалық қызметі алынды. Ресми атауы –  «Радуга» ЖШС-ің Семей қаласындағы  филиалы. 28.06.08 г. № 658 «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес «Радуга» ЖШС тіркелді

 «Радуга» ЖШС қызметінің  басты мақсаты серіктестік құрылтайшысы  мүддесіне таза табыс алу болып  табылады.

«Радуга» ЖШС-нің негізгі  қызмет түрлері:

  • Өнім мен тауарларды әзірлеу және өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді жүзеге асыру

Өзімнің дипломдық жұмысымды  мен «Радуга» ЖШС-нің барлық өнімдері, оның бағасы, өнімнің өзіндік құны мен рентабельділігіне сүйене отырып жаздым.

Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың  монографиялық және периодикалық әдебиетімен  қатар бухгалтерлік есепке қатысты  қабылданған қазақстандық заңдар мен  заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Аудиттің мәні, мақсаты және түрлері

 

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің  негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер  мен оқиғалар туралы объективті деректердің  бағалауын, оның деңгейінің белгілі  бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың  нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит  – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай  қаржылық бақылау[1].

Мұндай кәсіби бақылау  аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1. Кәсіпкерліктің дамуы  мен капитал өсуінің әсері.

2. Өзін — өзі реттеуге  ұмтылатын ұйымдар санының арта  түсуі.

3.Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4.Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5.Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.Пайдаланушылар қабылдайтын  шешімнің салдары өздері үшін  өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан  да аудитор арқылы алатын ақпараттың  толық болуы мен анықтығы оларға  ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің  және басқа да шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру  қызметі жүзеге асырылмаған деп  айтуға болмайды. Алайда операциялық  мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен  аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары  мен түрлерін кемітпей, керісінше  толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық  талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы  есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан  бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың  және есептік, бақылаушы талдаманы  тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні  клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас  деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі[2].

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу  үшін белгілі бір салалар мен  компаниялар іс — әрекетінің жағдайы  туралы шындыққа жанасымды ақпарат  алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар  мен шаруашылық жүргізуші субъектілер  іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 1310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер  пайда болады[3].

Тұтастай алғанда аудитті  және талдауды уақытылы жүзеге асыру  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық  — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті  ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға  ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда  бизнестің жағдайы мен дамуына  субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін  нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің  құрамадас бөлігі ретінде қарастыру  қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы  мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп  көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу[4].

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін  зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен  байланысты шаруашылық операциялары  мен үдерістірінің аудитін жүргізу  үшін алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін  бақылаудың, талдаудың және есептеудің  озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық  талдау мен аудиттің озық түрлерін  қолданатын салаларды ұлғайту  әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды  жақсарту бойынша халықаралық  озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін  жүргізудің техникасы мен технологиясын,  ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді  алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және  экономикалық- математикалық әдістерді  қолдану, шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметін басқару  жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара  тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде  болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын  жетілдіру бойынша ұсыныстарды  жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

Нарықтық экономикада  жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар  әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді [6].

Информация о работе Экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті