Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 19:12, курсовая работа
Исламдық банк жүйесі жоқ елдерде тұратын мұсылмандар үшін Шариғат заңдарын сақтауда өлкен қиындықтар болады. Несие беруші банк пен несие алатын мұсылмандардың негізгі прициптері бір-біріне қайшы келетін. Бұны несие алу, банкте депозит ашу және ипотекалық қызметтерді пайдалану кезіндегі жағдайлардан білуге болады.
Зерттеу пәні: Ислам Даму Банкінің құрылымы мен сипаттамасы.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Ислам Даму банкінінң қазіргі таңдаңы құрылымы мен сипатын ашып көрсету.
Осы жобалық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Сауд Арабиясы, Ислам Министрлігі.
Қасиетті Құранда риба сөзі 8 рет келтірілген: 2:275 аятында үш рет, 2:276, 2:278, 3:130, 4:161, 30:39 аяттарында бір реттен.
«Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тиылса, өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар — тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» (275)
«Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» (276)
«Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды» (277)
«Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар)» (278)
«Егер оны істемесеңдер,
(өсім алғанды қоймасаңдар)
«Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар» (280)
(Ауд. Халифа Алтай)
Бұл аяттар өте маңызды
мәселелерді қамтиды.
Аль-Имран сүресінің төмендегі аяты рибаның зиянды жақтарын көрсетіп, оны үрлемелі шарға теңейді:
«Әй мүміндер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер, Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар» (130)
Бұл аят Ниса сүресіндегі мынадай аятпен нақтыланады:
«Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай-ақ олардан қарсы келгендер үшін күйзелтуші азап әзірледік» (161)
Аталған аяттардың соңғысы Рум сүресіндегі мына аят:
«Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де, Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер (39).
Бұл аяттың мағынасы — адамдардан риба алу арқылы байлығын арттыруды Алла қаламайды.
Саудадан: нақты ақшаға немесе несиеге сатудан келетін табыс тек бір рет түседі. Келіп түскеннен кейінгі оның мөлшері өзгермейді. Бұл —табыстың мөлшері бастапқы сатып алу бағасы мен тараптар келіскен сату бағасының айырмасына тең болады. Ал риба (мысалы, банктік пайыз) уақыт өткен сайын арта береді.
Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай
деген: «Айырбас тең мөлшерде болмаса
алтынды алтынға сатпаңдар және
бірінің мөлшерін екіншісінен артық
қылмаңдар. Айырбас тең мөлшерде
болмаса күмісті күміске
Рибаны жақтап, сауданы өсімқорлықпен теңестіретіндерге Құранда ешқандай қарсы дәлел келтірілмеген. Тек қана қысқаша нақтылау бар: «Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен» (2:275).
Көріп отырғандай, Құран рибаға
қатаң тыйым салады. Сүннет зат
және ақшаны алмастыруға
Пайызсыз, мүмкіндігінше тегін несие қашан болса да халыққа кедергі етпес еді. Әсіресе, қаржылық дағдарыста қоғамымызға кіріп, санамызға сінген ислам банкингі қаймана қазақтың несие туралы түсінігін өзгертті. Егер Алла тағалаға сеніп, халал тірлікке ақша сұрасаң, бере салатындай көрінген ақша көзін барлығы тағатсыз күтті. Халық ислам банкингінің жұмысын ертерек заң жүзінде бекітуді тіледі. Міне, ол күн де туды. Осыдан бір жыл бұрын еліміздегі алғашқы ислам банкі 250 млн. долларды бір жыл ішінде халықтың игілігі мен керегіне жаратамыз деген болатын.
Жеке тұлғалар қамтылмады
Халық исламдық қаржыландыру мешітке барып, бес уақыт намазын оқитын адамдарға арналған пайыздық үстемақысы жоқ несие деп ойлайды, - деген Al Hilal Bank қаржылық директоры Айдын Таиров мұның теріс түсінік екенін жеткізді. - Ислам банкі тегін жұмыс істей алмайды. Бірақ бүгінде бізге банкке келген адамдар оны түсіне бермейді. Олар сендер бізге тегін несие беруге тиіссіздер, ал біз оны қайтармасақ та болады. Ол ертең Алла тағаладан қайтады дейді...
Жалпы, ислам банкі Қазақстанға
алғашқы жылға 250 млн. доллар қаражат
құйған еді. Бұл - жеке адамдардан гөрі,
шаруашылықтар мен
Пайызбен емес, өсіммен беру
Қазақстанда халықтық несие
жақсы қабылданатынын кеш те болса
түсінген ислам банкі ендігі кезекте
өзгеше стратегиямен жұмыс істемекші.
- Келесі жылдан бастап, жекеменшік тұлғаларға
несие бере бастаймыз, - деп өз жоспарымен
бөлісті әзірге еліміздегі жалғыз ислам
банкі Al Hilal Bank Астана қаласындағы филиалының
директоры Шамиль Бибеков . - Ол үйге қатысты
ипотека ма, автонесие ме - осының барлығын
қарастыратын боламыз. Сонымен бірге шағын
және орта бизнеске де қаражат береміз.
Бірақ біз шариғатқа жатпайтын тірліктерге
несие бермейміз. Мысалы, олар қару-жарақ,
темекі, шарап өнеркәсіптеріне және ойын
бизнесіне берілмейді.
Енді осы жерде ислам банкінің қалай жұмыс
істейтінін, яғни, несиені қалай беретінін
ашып айтып кеткен дұрыс болар. Ислам банкі
пайдасын басқаша алады. Қарапайым тілмен
түсіндіріп көрейін. Мысалы, сіз ислам
банкі арқылы пәтер алғыңыз келді дейік.
Көңіліңізден шыққан пәтерді таңдайсыз,
оның нақты құнын анықтап, ислам банкіне
барасыз. Егер сіз таңдаған пәтер 100 теңге
тұрса, оны ислам банкі сатып алып, сізге
ол пәтерді шамамен 120-130 теңгеге сатады.
Сіз ол ақшаны 20 жылда бөліп төлейсіз.
Шамиль Бибековтың айтуынша, сізден көретін
табыс өзге банктер көретін пайдадан әлдеқайда
төмен болады. Және ешқандай пайыздық
үстемақы жүрмейді. Осы секілді сіз сол
үйді немесе көлікті жалға да ала-аласыз.
Үкімет өзі мүдделі
Жалпы, исламдық банктік қызметте әлем бойынша басты екі орталық жұмыс істейтіндігі белгілі. Оның бірі - Бахрейн болса, екіншісі - Малайзияның Куала-Лумпуры. ТМД кеңістігі бойынша үшінші үлкен орталық Қазақстан болуы әбден мүмкін. Оған дәлел сырт көздің шынайы пікірі.
Қазақстан ТМД арасында
исламдық банктік қызмет
Расында, Қазақстан ислам банкінің үшінші басты орталығына айналатын секілді. Себебі заң саласы бойынша шешімін таппай жүрген мәселелерді мемлекет бір іздендіруге уәде берді.
Ислам қаржысы индустриялық
бағдарламаны қаржыландырудың маңызды
көзіне айналатынына үміттіміз, - деді Үкімет
басшысының орынбасары Әсет Исекешев.
- Біз 2 жылдан астам уақыттан бері бұл
бағытта мақсатты түрде жұмыс істеп келеміз.
Әрине, кейбір проблемалар бар. Алайда,
біз бұл мәселелерді тез арада шешуге
ниеттіміз. Осы орайда заңнамалық база
тұрғысында, сондай-ақ кедергілерді жою
бойынша жұмыстар биыл тиісті деңгейде
атқарылатын болады.
Әзірге жалғыз ислам банкі Астана мен
Алматы қалаларында ғана бар. Шымкент
қаласында жақын арада фиилалы өз жұмысын
бастайды. Дегенмен, егер жоғарыда айтып
өткен барлық жоспар іске асса, ислам банкингі
еліміздің бар өңірін қамтып, ауыл халқына
да қолжетімді болар күн алыс емес.
Информацияны болашақта
әлсіретуімен байланысты банктік жүйедегі
дағдарыстық құбылыстардың
Банктің дамуы мүмкіндіктері
оның құралдар мен табыстар көздерін
өсіру қабілеттілігімен анықталады.
Құралдар көздеріне, жеке және заңды
тұлғалардың салымдары, бюджеттік
инвестициялар, шетелдік инвестициялар
жатады. Құралдарды тару бойынша кәсіпкерлікті
ұйымдастыру шарттарын
Жеке тұлғалардың салымдарын тарту басқа банктермен салыстырғанда аса жоғары пайыз кезінде мүмкін болады.
Бюджеттік инвестициялардың тартымды бюджеттік қаржыландыру органы мен банктің несиелендіретін шаруашылық субъектілерінің арасындағы делдалдық қызметте нарықтық төменгі шекті тапқан кезде мүмкін болады. Делдалдық қызметтерден табыстарды көбейту олардың сапасы мен санын ұлғайтуға байланысты. Нақты түрде алғанда барлық банктер осыған талпынады. Бұл жерде іс банктің клиенттерімен жұмысын рационалдандырудың келесідей қағидаларына сәйкес процесті ұйымдастыруда:
Осылайша, банктің дамуы
оның корпоративті клиентура базасын
сақтау мен дамытуға тәуелді. Сондықтан
да банктің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың
негізгі стратегиясы –
Интернет-қызметтерді жасап-
Пластикалық карталарды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдай отырып, карточкалардың қызмет етуі процесінде экономикаға кері әсер ететін күрделі мәселелердің бар екенін ескеру қажет. Карточка бойынша айлық минималды міндетті төлемді және басқа да өлшемдерді анықтау ақша массасына бақылау жасауына мүмкіндік береді.
Сукук – ислами құнды қағаздардың бір түрі. Ислам дінінде пайыздық облигацияларға рұқсат етілмейді. Сондықтан сукук – шариғат әдебімен әзірленген құнды қағаз. Ол бойынша пайыз есептеуге, яки пайыз есебінен амал жүргізуге тыйым салынған. Құнды қағаздың осы түріне әлемде қызғушылық жоғары. Қазір Таяу шығыс елдірі, Малайзия, АҚШ, Еуропа елдері де осыған назар аударуда.
Ел үкіметі де бұған дейін бюджет профицитін жабу үшін әрі сырттан қосымша қаржы құралын тартудың жолы ретінде 500 млн. доллар көлемінде құнды қағаздар шығаратынын мәлімдеген. Қаржы министрлігі ислами құнды қағаздарды шығаруды ойластыруда.