Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір азаматы материалдық, рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуы тиіс.

Содержание

Кіріспе
І.Еңбек нарығының экономикалық-теориялық негізі
1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі
1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс-тәжірибесінің ерекшеліктері
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік құқықтық реттеу
2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың үйлесуі
ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы мәселелеріне жетілдіру жолдары
3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі мемлекеттің саясаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбек нарыгы.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

психологиялық бейімдеуді қамтиды.

Қоныс аударумен байланысты субсидиялар көшу және алғашқы бейімделу шығындары өтемінен тұрады. Субсидияның мөлшерін былайша саралау жоспарланады: 

отбасылар бір ауданның шегінде қоныс аударған жағдайда – отбасы басшысына – 10 АЕК және отбасы мүшелеріне – 5 АЕК, 

отбасылар облыс шегінде  қоныс аударған жағдайда – отбасы            басшысына – 25 АЕК және отбасы мүшелеріне – 15 АЕК.

Бағдарламаның осы бағытына қатысу және мемлекеттік қолдау көрсету  шарттарын Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітетін болады. 

Келген жерінің жергілікті атқарушы органдары аумақты дамыту бағдарламасына және елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемасы) сәйкес:

жалға берілетін тұрғын үйді салатын орынды айқындайды;  

қолданыстағы заңнамаға  сәйкес бекітілген үлгілік жобалар бойынша (аумақтардың сейсмикалық жағдайын ескере отырып) жалға берілетін тұрғын үйді, оның ішінде отбасылық жатақханаларды және әлеуметтік инфрақұрылымды салуды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды  жалға берілетін тұрғын үймен  дайын тұрғын үйді сатып алу, «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді жалға беру, отбасылық  үлгідегі жатақханадан орын беру және құрылысы бұрын басталған объектілерді салып бітіру немесе бос тұрған объектілерді жөндеу және абаттандыру есебінен де қамтамасыз ете алады.

Жалға берілетін үлгілік  тұрғын үйді салуды және (немесе) сатып  алуды  2011 жылы қаржыландыру  бюджеттік кредиттер есебінен, келесі жылдары республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте жергілікті бюджеттердің қоса қаржыландыру үлесі  10 %-дан,  Астана қаласы үшін 3 % -дан кем болмауға тиіс.             

  Бағдарламаға қатысушының таңдауы бойынша жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз берілетін болады. 

Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін  Бағдарламаға қатысушының бірге тұратын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз күйінде сақталған жағдайда,  тұрғын үйді жалдаушының жалға алу төлемін төлеу мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады.   

Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу жалға алу мерзімі  кезеңінде тұрғын үй құны төлемін  толық ескере отырып, 15 жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрғын үйді тұрудың бесінші жылынан бастап мерзімінен бұрын сатып алуға болады.

Жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидасын Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітетін болады. 

Республикалық маңызы бар  қалаларда және астанада жалға берілетін  тұрғын үй беруді қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделген.

Жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына байланысты,  бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне 18 шаршы метрден не отбасына 100 шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.

Тұрғын үйдің 1 шаршы  метрінің құны 70 мың теңгеден (сейсмикалығы жоғары аудандар үшін түзету коэффициентін  ескермегенде) аспауға тиіс.

Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгідегі жатақхананы қоспағанда, жалға берілетін тұрғын үй берілмейді.     

Іске асыру тетігі:

1. Егер адам экономикалық  әлеуеті төмен елді мекенде  тұратын болса немесе  Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол Қағидада белгіленген құжаттар тізбесін қоса  отырып,  жергілікті жұмыспен қамту органына қоныс аударуға өтініш бере алады. 

2. Жергілікті жұмыспен  қамту органы құжаттардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігін қарайды, өтініш берушілермен қоныс аударудың ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды. 

3. Өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізуді ұсынады  не  одан бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына  жібереді.

4. Қоныс аудару бір  облыс шегінде бір ауданнан  басқа ауданға жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия әлеуетті қатысушылардың тізімін келісу және Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды. 

Тиісті комиссия азаматтарды  Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар қатарына енгізу жөнінде шешім қабылдайды және  ақпаратты жергілікті жұмыспен қамту органдарына жолдайды.

5. Бағдарламаның үшінші  бағытына қатысушылар тізіміне  енгізілген адамдар мен жергілікті  жұмыспен қамту органы арасында (шыққан және келген жерінің)  әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтуға тиіс. 

6. Жергілікті атқарушы  органдар (келген жерінің) өңірдің  даму бағдарламасы мен аумақты дамытудың бас жоспарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді салатын орынды белгілейді және қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыларға белгіленген субсидияларды төлейді.

7. Жергілікті атқарушы  органдар жалға берілетін үлгілік  тұрғын үйді салуды және (немесе) сатып алуды, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауды, дамытуды, абаттандыруды және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады.

8. Құрылыс саласында  уәкілетті орган сейсмологиялық аймақтарды және сейсмологиялық сипатын ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көп пәтерлі) үлгілік жобасын әзірлейді. 

9. Бағдарламаның барлық  бағыттарының қатысушылары тиісті  біліктілігі болған жағдайда, жалға  берілетін тұрғын үйді салу, құрылысы  аяқталмаған объектілерді салып бітіру барысында құрылатын жұмыс орындарына  орналасуға басым құқыққа ие болады.

10. Бағдарламаға қатысушылар  қоныс аударғаннан және жайласқаннан  кейін Бағдарламаның бірінші  немесе екінші бағытына қатыса  алады.  

11. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын жергілікті жұмыспен қамту органы бақылайды.

        

                  

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

         Курстық жұмысты қортындылай  келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар  жасауға болады. Жалпы курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және бірнеше қосымшаларды қамтып отыр. Курстық жұмыстың жазылуы барысында белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялары, сондай-ақ газет-журналдар беттерінен алынған мақалалар,маңызды деректер, стстистикалық мәліметтер кең ауқымда пайдаланылды.

          Курстық жұмыстың жазылуы барысында  кездескен маңызды мәліметерге  пайдаланған әдебиеттер негізінде  бірнеше сілтемелер жасалынып  отыр.

          Курстық жұмыста қарастырылған сұрақтардың негізінде келесідей қысқаша тұжырымдамалар жасауға болады.

1. Еңбек – адам тіршілігі мен дамуының негізі болып табылады.Нарық жағыдайында адам – еңбек субъектісі, өзінің еңбек потенциалын екі әдіс арқылы жүзеге асырады, біріншісі-дербес қызметі негізінде, яғни өз тауарын нарықта сататын өндіруші ретінде, екіншісі – тауар өндірушіге-жұмыс берушіге, яғни меншік субъектісіне өз қызметін ұсынатын жалданушы қызметкер ретінде.

2. Еңбек нарығы- жұмыс күші жұмыс істейтін нарық. Онда жұмысшылар өзінің жұмыс күшін ақыға ұсынады, ал жұмыс берушілер оған сұраныс пен төлемақы ұсынады.

3. Кез келген басқа нарықтар сияқты еңбек нарығындағы сұраныс,  сұраныс және жалақы түріндегі баға болады, жалақы жұмыспен қамтылу  мен жұмыссыздық арасындағы қатынаспен  айқындалады.

4. Еңбек нарығындаңы басты мәселені сипаттаушы құбылыс – жұмыссыздық. Жұмыссыздық-еңбекке  жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс пайдалы еңбек қызметімен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік құбылыс.

5. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту - қызметтің барлық түрлеріне халықтың қатысуына байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы; жұмыс орындарымен қамтамасыз етілу және шаруашылық қызметке қатысу жөніндегі адамдар арасындағы қатынастар жүйесі.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Абденов С. Развитие трудовых отношений через призму трудового кодекса// Труд в Казахстане. – 2007.-№1-2.7б.
  2. Акімбекова Ш. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері// Жаршы.-2005.-№5
  3. Байболов А. Халықты жұмыспен қамту// Саясат.-2005.-№4.-77б.
  4. Жұмаханов Б. Еңбек ресурсы – әлеуметтік-экономикалық категория// Жаршы.-2005.-№6
  5. Құрманбаев С., Тойкин С. Еңбек нарығының экономикасы – Семей «Университет», 2003 – 100б.
  6. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2010 жылдарға арналған даму стратегиясы// Заң. – 2006.-14б.
  7. Масхутов Б. Трудовой кодекс РК; проблемы регулирования трудовых отношений// Труды в Казахстане.-2007.-№7.-11б.
  8. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар/ ред. Р.Бланпейн.-Алматы «Дәнекер», 2000. – 560б.
  9. . «Егемен Қазақстан» газеті, 2010 жылғы қаңтардың 30-ы
  10. Осипова В. Экономикалық теория. –Алматы «Экономика», 2005.-480б.
  11. О состоянии рынка труда в Республике Казахстан в 2002-2006 годах// Труд в Кахахстане. -2007.-№8.-30б.
  12. Тойкин С. Проблемы рынка труда// Қаржы – Қаражат. 2005.-№6. 
  13. Әкімбекқызы Қ. Жұмыс көп жұмыссыздар қайда жүр // Заң газеті.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1


 

Украина мен Ресейдің қазіргі еңбек қорының құрылымы

 

Еңбек ресурстарының  құрылымы

Украина

Ресей Федерациясы

Жалпы саны (млн адам)

Олардың пайыздық үлесі

Жалпы саны (млн адам)

Олардың пайыздық үлесі

Барлық еңбек ресурстары

10,8

72,6

109,1

75,3

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық

7,6

51,1

82,0

56,5

Шаруашылық салаларында  жұмыспен қамтылғандар

6,9

46,4

76,0

52,8

Жалпы елдегі жұмыссыздар  саны

0,7

4,7

5,4

3,7

Экономикалық тұрғыдан белсенді емес (енжар) халық

3,2

21,5

27,1

18,8


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шығу» үйлестіруінің механизмі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дауыс» үйлестіруінің  институционалдық механизмі

Қосымша 3



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тепе-теңсіздік еңбек  рыногы


Информация о работе Еңбек нарығы