Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір азаматы материалдық, рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуы тиіс.

Содержание

Кіріспе
І.Еңбек нарығының экономикалық-теориялық негізі
1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі
1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс-тәжірибесінің ерекшеліктері
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік құқықтық реттеу
2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың үйлесуі
ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы мәселелеріне жетілдіру жолдары
3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі мемлекеттің саясаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбек нарыгы.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны:


 

Кіріспе                                                                                                                3             

І.Еңбек нарығының экономикалық-теориялық негізі     5

1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны 

1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі      7

1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс-тәжірибесінің ерекшеліктері   9

ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау         12

2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы

      мен дамуы

2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік

       құқықтық реттеу                 16

2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне

       сұраныстың үйлесуі               20

ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы

       мәселелеріне жетілдіру жолдары              23

3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі

3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі

мемлекеттің саясаты                                                                                    25

Қорытынды                 45

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        

Егеменді Қазақстанда  жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.

        Республикамызда барлық нарық  түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.  Қазақстанның әрбір азаматы материалдық,  рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуы тиіс.

         Еңбек нарығы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді  халыққа сұраным мен ұсынымды  қалыптастыратын сала. Мұндағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық-еңбекке жарамды жастағы адамдар. Бұған кіретіндер жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар.

         Курстық  жұмыстың тақырыбын ашуда жоспарлаған  сұрақтарды қарастыру негізінде  келесідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

- еңбек нарығының экономиалық  мазмұнын аша отырып,  құрылымын  анықтау;

-  еңбек нарығының дамуының  шетелдік іс-тәжірибесіне сүйену;

- еңбек нарығында жұмыс күші  ұсынысы мен сұранысының үйлесуіне талдау жасау;

-   еңбек нарығы қатынастарын реттейтін құқықтық заңнамаларды қарастыру;

- еңбек нарығының дамуындағы  мәселелер мен жетілдіру бағыттарын көрсету.

         Жұмыстың  бірінші бөлімінде, еңбек нарығының  экономикалық негізделуіне байланысты  бірінші сұрақтар қарастырылған, яғни еңбек нарығының мазмұны ашыла отырып, еңбек нарығының құрылымы мен қызметі анықталды. Сондай-ақ, шетелдік іс-тәжірибе ретінде дамыған мемлекеттердегі еңбек нарығының дамуы мен ерекшеліктері зерттелді.

         Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының бәсекелесті еңбек рыногы және оның «шығу-дауыс» механизмі арқылы үйлестіруіне талдау жасау. Ал еліміздегі еңбек нарығын реттеудегі  еңбек заңнамалары және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу бағыттарын осы бөлімінде сарапталынып отыр.                                                                                       

         Еңбек нарығының дамуындағы мәселелер  барысы мен еңбек нарығын жетілдірудегі  мемлекеттің саясаты курстық  жұмыстың үшінші бөлімінде қарастырылған,  яғни еңбек нарығындағы  жұмыссыздық, жұмыспен қамтуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Еңбек нарығының экономикалық - теориялық негізі

1.1 Еңбек нарығының  экономикалық мәні және мазмұны

  

         Еңбек нарығы – бұл еңбек  мөлшері және институттары, ұдайы  өндірісті қамтушы жұмысшы күші  жіне еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.

         Еңбек нарығы кез-келген, жағдай-шартта  қызмет етеді. Қарапайым шартты жетілген бәсеке.  Оның нарықтық сипаттамасы:

  • кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдамалы жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
  • жоғары дәрежелі мамандарылған қажетті жалданушылардың көптігі;
  • еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.        

         Еңбекке жинақталған сұраныс  жетілген бәсеке нарығында жеке  фирмалардың еңбегіне сұранысты  жинақтау жолымен анықталады.  Ал фирма қанша жұмысшы саның жалдау керектігі сұрағын шешеді, еңбекке сұраныс бағасын, яғни еңбек ақысын анықтайды.

         Еңбекке сұраныс бағасы шектік  еңбек  өнімділігінен тұрады,демек  өнімнің көбеюі қосымша еңбек  бірлігін жалдау нәтижесінде алады.  Қосымша жұмысшы жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді.  Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз.  Осы табыс шектік өнімнен түскен табыс деп аталады.  Шектік өнім, әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандығы өнім шығаруы көлемінін өзгеруін көрсетеді. Шектік өнімнен түскен табыс, төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшы жалдауға болады.  Сондықтан жетілгекн бәсекелестік нарығында еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады: жалақы және шектік өнім құны.

Еңбек нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық шарттарының негізінде тұрғызылған.  Қазіргі уақытқа сай негізгі екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу (мамандығына, саласына, кәсіпорындарға, территориясына қарай) және табысты, еңбекақы мөлшерінде еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылануы мен тиімділік адам ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы, мемлекеттің экономикалық өсуі мен әлеуметтік әдістілік бірлесе отырып, баршаға бірдей іс қамтамасыз етілуі керек. Бірақ, осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатыстыруымен реттелуі қажет.Еңбек нарығы, нарық жағыдайында ең алдымен жалдану арқылы жұмыс істеу, жұмыс берушілердің қызығушылықтарының, келісімінің механизімі болып табылады.  Сонымен қатар,  еңбек нарығында әлеуметтік қатынастарды басқарудың келісілген қажеттігі мемлекеттің қызығушылығынан пайда болады.

         Еңбек нарығының құрылымы –  маманданған және әлеуметтік  топтардың қатынасы арқылы сипатталып,  осы арқылы сұраныс пен ұсыныс талданады. Еңбек нарығы-шаруашылық механизімінің топтарына қажетті халық шаруашылығының тасқындарын тиімді тарату мен қайта тарату құралдарының бірі.   Еңбек нарығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағыдайына тиімді әсерінен басқа, кері әсерін де тигізеді. Маманданған және аймақтық – географиялық ықшамдалуды, жұмысшылардың көзқарасын қорғауды күшейту, еңбек туралы заңдылықтарды сақтай отырып, жұмыссыздық пен іс жүзінде күресу шаралары еңбек нарығының мобельділігін үлкейтеді және көптеген әмбебап факторлар да әсерін тигізеді.

         Еңбек нарығы – бұл экономиканың  ерекше артықшылығы  бар элемент. Ол -  жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы қатынас,  еңбекақысы   мен қызметкері емес, бұл – қоғамымыздағы әлеуметтік- экономикалық құбылыстың  көрсеткіші.

 

1.2 Еңбек нарығының құрылымы және қызметі

 

        Еңбек ресурстарына халықтың  жұмыс істеуге қабілетті бөлігін жатқызамыз. Ал оның  мөлшерін халықтың жастық құрылымы анықтайды. Жалпы еңбекке тартылған адамдарды үш топқа бөлеміз: еңбек жасына дейінгілер,  еңбекке қабілетті жастағылар және  ол жастан асқандар.  Оның ішінде еңбек жасындағы,  бірақ жұмыс істемей зейнетақы алатын адамдар мен 1-2 топтағы мүгедектерден басқа еңбекке қабілетті халық негізгі еңбек ресурсын құрайды. Ал жұмыс істейтін зейнеткерлер мен 14-16 жас аралығындағы жас өспірімдер қосымша еңбек ресурстарына жатады. Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формысының ерекшелігі мыналардан тұрады:

1.Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу объектісі болып шықпайды.

2.Жалдау формасындағы сату.

3.Шамалы жинақтылық (аймақтық , өндірістік және т.б).

4.Тұтас еңбектің бөлігі тұрақты өнімді таппайды.

Қорытындысында тұрақты  құбылыс – жұмыссыздық туады. Жұмыссыздықта  еңбек нарығының  бір құрылымы болып табылады.

          Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жұмыс күшінің қызметтері анықталып, жұмыс күшіне деген сұранымның сандық және сапалық параметрлері өзгереді. Еңбек нарығындағы өзгерістер – бұл алдымен жұмыспен және еңбекақы төлеу жүйелеріне өзгерістер енгізу, екінші сөзбен айтсақ, нарық жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымнын тепе-теңдігінің сақталуын қадағалаумен бірге, осы жүйелерді мемлекет тарапынан бақылап отыруы деген сөз. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы зандарға сәйкес жасалған жеке еңбек шарттарымен, ұжымдық шарттармен реттеліп отырады.         

          Жеке еңбек шарты қызметкер  мен  жұмыс берушінің арасындағы  жазбаша нысанда жасалатын екі  жақты келісім. Осы бойынша  қызметкер жұмыс беруінің актісін  атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік  немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндетті,  ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптарының келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақыттылы да толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағыдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Осылайша жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек қатынасы қалыптасады. Бұл ретте ең алдымен атқарылған жұмыстың сапасы керек. Білімді де білікті мамандар қажет.

         Жұмыс пен толық қамтылу – жұмыс іздегендер мен жұмыс істегісі келгендердің барлығы жұмыспен қамтамассыз етілгенін білдіреді және жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынымның арасындағы теңдікті сипаттайды.

          Еңбек ресурстары деп – ел халқының дені сау,  ойлау қабілеті және халық шаруашылығында еңбек етуі үшін қажет білім бар бөлігін айтуға болады. Сонымен қатар  мұндай түсініктеме шартты екенің де ескеру керек.  Еңбек ресурстары – халықтың өзі, яғни еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар жиынтығы емес, ол адамдардың еңбек етуге деген жиынтық қабілеті. Олай болса, жұмыс пен қамтылуды осы қабілетті жүзеге асыруды нысаны деп анықтауға болады. «Адам ресурсы» - анағұрлым ауқымды ұғым, жұмыс пен қамтылу нысандары кеңейді, ол меншік нысандары әртүрлі кәсіпорындарда , өзін жұмыспен қамтуды,  жеке  және шаруашылық еңбекті,  жеке қожалықтағы жұмысты, үй шаруашылығы және бала тәрбиесімен айналысуды, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаруды, арнаулы орта және жоғарғы оқу орыындарындағы күндізгі оқуды қамтиды.

          Жұмыссыздық мәселелерін шешуде  еңбек биржалары айтарлықтай  орын алады. Еңбек биржасы –  бұл  еңбекті жалдау барысында  жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің  арасында делдалдық келісім жасалатын,  тұрақты жұмыс жасайтын мекеме.

1.3 Еңбек нарығының шетелдік іс – тәжірибесінің ерекшеліктері

 

         Американдықтар еңбек ететін  өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысына ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.

         Батыс Еуропада бұл  көрсеткіш Жапонияға  қарағанда  жоғары, бірақ  АҚШ – тағыдан төмен бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы, Финляндия өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен  бірі – мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады. Жұмыссыдықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін  азайту үшін  соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің бірнеше түрлерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизімі, оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің,  экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге, мемлекет, қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты, әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет. Жұмыссыздықа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ-та – 26-34 апта бойына жалақының 50%, кейбір штаттарда 47аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80%-ын; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 пайызын, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына  28,5  фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем  ақша беріледі.

Информация о работе Еңбек нарығы