Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығыда дамуда. Еңбек дегеніміз-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір азаматы материалдық, рухани және басқа да қиындықтарды жеңу жолында өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуы тиіс.

Содержание

Кіріспе
І.Еңбек нарығының экономикалық-теориялық негізі
1.1.Еңбек нарығының экономикалық мәні және мазмұны
1.2.Еңбек нарығының құрылымы және қызметі
1.3.Еңбек нарығының шетелдік іс-тәжірибесінің ерекшеліктері
ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуына талдау
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мемлекеттік құқықтық реттеу
2.3. Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың үйлесуі
ІІІ.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының дамуындағы мәселелеріне жетілдіру жолдары
3.1.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі
3.2.Еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселелерді шешудегі мемлекеттің саясаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбек нарыгы.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

         Нарық қатынастары дамыған көп   елдерде  еңбек нарығы  әр  түрлі топтағы адамдарды, әсіресе,  жастарды жұмыспен  қамтамассыз  етудің, жеке шараларын жүзеге  асырады.Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен  жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік  мамандыққа  дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойынына алады.

         АҚШ конгресінің экономикалық  статистикалық  комиссиясының  жүргізген зерттеулерінің мәліметі бойынша, қазір шет елдерде  жұмыссыздықтың 70-ке  жуық нысандары және олардың болуының  ерекше себептері де бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың  нысандары 2 үлкен негізгі топқа бөледі:

1.жиынтық  сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең    алдымен, циклдық  жұмыссыздықты жатқызады;

2.жиынтық сұранымның  өзгеруіне байланыссыз болатын   жұмыссыздықты жатқызады.

Дамыған  шет елдерде  жұмыссыздық  зардабын бәсендететін  факторлардың бірі – ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады,ол  материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция  жағыдайында жұмыспен  қамтуды тұрақты  түрде өсіру,  негізінен өндірістік емес  салалардың дамуы  арқылы  жүзеге  асырылады. Оның  ұлғаюы,  тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне  деген шығынның  тез  өсуімен  және  халық  шаруашылығының   орташа көрсеткішіне  қарағандағы жоғарғы еңбек  ауқымдылығымен  сипатталады.  Мысалы,  2010 жылдары  жұмыспен  қамтуды көбейтуде,  өндірістік емес  саласы АҚШ пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.

         Дүние жүзінің әрбір мемлекетінде еңбекке  қабілетті адамдардың заңменен  белгіленген. Мәселен, Ресейде  әйелдер – 16-55,  ал ерлер – 16- 60 жас аралығында,  ал Қазақстанда  әйелдер  - 16-58,  ерлер -16-63 жасқа сәйкес келеді.  АҚШ –та әйелдер мен ерлер үшін бірдей 16-65 жас аралығы еңбекке қабілетті болып  табылады.  Кейбір елдерде еңбекке қабілеттілік 15 жастан  басталады. Ал оның жоғарғы шегі көбінесе халықтың орта жасының  ұзақтығына тәуелді.

         Сол сияқты мемлекеттердің егде  адамдарды зейнетақы мен қамтамасыз  етуді қаржылық мүмкіндігіне  байланысты болады. БҰҰ енгізген «экономикалық белсенді халық» санатына  жалпы өндірістік  және  өндірістік емес  саладағы еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар  жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді.

          Экономикалық белсенді халық  арасында жұмыссыздық деңгейі Украинада-8,8%; Ресейде-7,6%; АҚШ-та -6,7%; Батыс Еуропа елдерінде 5%-дан (Швейцария) 18%-ға (Финляндия) дейін көтерілген. Ал кейбір дамушы елдерде бұдан да жоғары дәрежедегі жұмыссыздық көрсеткіштері әдеттегі жәйт. Оны толығырақ Кестеден көреміз. (Қосымша №1)

           Қазіргі таңда халықтың еңбекке қабілетті бөлігі мен осы жасқа дейінгілер және одан жасы асқандар арасындағы салмақ үлесі тең емес. Мұндай арақатынас демографиялық жүктеме деп аталады. Орта есеппен дүние жүзіндегі еңбекке қабілетті 100 адам өз еңбекақысымен 70 бала мен зейнеткерді асырайды. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш тепе-тең болса, яғни 100-ге 100-ді құраса, ал Жапонияда 100-ге 40-тан келеді.

           АҚШ пен Канадада жұмыс орындарының  қысқартылуын реттейтін арнайы  ережелерінің көптеген  түрлері  бар және көп жағыдайларда  олар екі объектіге бағытталған: 

1) жұмыс орындарының үнемі қысқартылуына жол бермеу  немесе азайту;

2) жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге кездесетін  қиындықтарды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау.

            Соңғы жылдары дамыған нарықтық  экономикасы  бар елдер   және  көптеген дамушы елдер  көбейіп келе жатқан жұмыссыздықпен  жұмысқа қабілетті адамдардың, әсіресе  әйелдердің тез өсіп келе  жатқан  санына  қарағандка қажетті жұмыс орындарының екі есе азайуы мәселелеріне  шалдықты. Адамның жұмыстан кететін  орта  жасыда өсті.

 

 

ІІ.Қазақстан Республикасының еңбек  нарығының дамуына талдау

2.1 Қазақстан  Республикасының еңбек нарығының  қалыптасуы мен дамуы

 

         Осы уақытқа дейін  біздің  елімізде  еңбек нарығы болмады.  Мамандары қайта дайындаудың  тым  қарапайым  жүйесінін  болуы  - тұрғындарды толық,  бірақ  тиімсіз түрде жұмыс пен қамтуға жағыдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол берді,ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш  күштерінің дамуын  тежеді.  Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі  жағыдайында мемлекет, жұмыспен қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес  орталықтандырылған  жоспар бойынша,  өндіріс  салалары  мен аймақтарына бөлу  арқылы  шешіп отырады.  Жаңа жұмыс орындарын жасау,  еңбек етуге  қабілетті  әр  тұрғындардың  санынан  асып кетіп  отырады,  ал  ол өз  кезегінде  жұмыс  күшіне  деген  сұраным  еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет  жұмыскерлердің белсенділігі мен  қозғалысына  қатаң бақылау  жасап отырды, оларды өздерінің  жұмыс  күшін қолдануға тек қана  мемлекет  белгілеген  еңбек  нысандарының  шеңберінде  ғана  рұқсат  етілді.

         Қазақстан  Республикасы  нарықтық,  экономикаға  көшу  кезінде,  бұрынғы  экономикаға тән емес  көптеген  қиыншылықтар  мен өзгерістерге  тап  болды. Мемлекетте жаппай  дағдарыс көрініс алды, жоспарлы  экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске, өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын  ала бастады,  өнеркәсіптер  мен  кәсіпорындар тұрып,  теңге тұрақсыздандырып,  инфляция өсіп,  жұмыссыздар  саны кәсіби,  халық өз  уақытында  төлемдер  мен зейнетақысын ала алмайтын халге  түсті. Ел экономикасы құлдырау  шегіне жетті. Осыдан  экономиканың  негізгі құраушы  бөлшегі,  мемлекеттің негізгі мақсаты- адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен  қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы  болып табылады.

          Кәсіпорындардың  жекешеленуі, тәуелсізденуі  және  өз бетінше  кеңеюі кезінде  көптеген  экономикалық  мәселерге  ерекше көңіл бөлу керек болды,  соның ішінде еңбек нарығына деген сұрақтар көбеймесе,азаймады.

          Қазақстанда  өтпелі кезең экономикасындағы  еңбек нарығының  ерекшеліктері. Қазақстан экономикасының нарыққа көшуінің әлсіз басқарылуы барлық әлеуметтік-эконмикалық және ең алдымен жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты процестеге теріс ықпалын тигізді. Әсіресе осы ықпалды еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы реформалардың нәтижелелерінен көруге болады: соңғы жылдары жұмыссыздықтың деңгейі және  еңбек қоры едәуір өсті.

          Республикамыздағы  2009 жылдардың басындағы жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейі орнына бүгінгі таңда көп салалы нарық  шаруашылығының дамуы,  экономикада жаңа  секторлар мен буындардың қалыптасуымен байланысты  еңбек коньюнктурасындағы елеулі ауытқулар келді. Осы кезеңге еңбек және кәсіптік коньюнктурасының жаппай жұмыспен қамтылуды қолдау кезінде жинақталған еңбек қорының белгілі  бөліктерін әшкерелеген айқын байқалатын  парамерлі республикалық еңбек рыногының пайда болуы да жатады.

          Қазіргі  нақты жағыдай еңбек нарығының   барлық элементтерінің қайта  жаңартудың қажеттілігін көрсетіп отыр, 2000-жылдың бірінші шілдесінен бастап, Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Нарыққа бейімделу ең алдымен еңбекпен қамтуды реттеу механизімдерінің ұйымдастыру құрылымдарының жетілдіруді қажет етеді. Сол себеппен 2000 жылы Қазақстанда еңбекпен қамту  қызметі құрылды  және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді қаржыландыру механизімі белгіленді. Жұмыссыздық бойынша  жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіптік  даярлау және жаңа жұмыс орындарын ашу  бағдарламаларын  қаржыландыру үшін бюджеттен тыс «Жұмыспен қамту қоры» құрылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру қызметкерлердің жұмыстан  босауына әкеп  соқты (негізінен – кәсіби даярлығы төмендер есебінен), кейінен жекшеленген кәсіпорындарда өндіріс құрылымын өзгерту және жаңа функцияларының  буындары пайда болуына байланысты жұмысшыларға деген сұраныс артты. Осы кезде шағын және орта бизнес саласында оң өзгерістер  пайда болды,  ірі банк және салааралық құрылым,  холдингілік компаниялар ашу басталды.  Бұл кадірлерге деген сұранысты арттырды. Жұмысшыларды қысқарту тенденциясының тұрақты басымдылық алуы жұмыспен қамтылу  деңгейінің төменденуіне әкеп соқты. Жұмыссыз қалу айқындаушы факторға айналды. Бұл мемлекеттік емес сектордың жұмыспен қамту сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуда елеулі  өзгерістерге себепкер болды.

        Қазақстандағы  жұмыссдар арасында әйелдер басым  (70%). Бұның себебі кәсіпорындардың штаттық қысқаруына және меншіктің нысаны өзгеруіне байланысты   жұмыстан  босаған қызметкерлер арасында әйелдер саны көп болуында. 1/3 жуығы білікті мамандар: қол еңбегімен айналыспайтын жұмысшылардың, мамандар мен басшы қызметкерлердің жұмыссыздардың 25,10 және 1% құрайды. Жұмыссыздардың 1/3 жуығының он жылдан асатын еңбек тәжірибесі бар.

          Жұмысынан айырылған азаматтарының  жартысынан көбі қалада тұрады. Жұмыссыздық тұрақты сипат алды. Еңбек биржалары жұмыс іздегендердің  бәрін жұмыспен қамтамассыз ете алмайды. Басқа факторлар да республикалық жұмыспен қамту жүйесін қайта құруға өз ықпалын тигізуде. Еңбек етуге қабілетті тұрғындар санының өсу қарқынды едәуір бәсеңдетті. Ал, егде тартқан тұрғындар саны өсе түсті, бұл мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік баптарына түсетін салмақты ауырлатты. Жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуы және әрекет етуі еңбек ресурстарының  территорияларына байланысты. Республика аймақтарының экономикалық бағытты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруға белгілі ықпалын тигізді. Сол себеппен жұмыс күшінің сұраныс пен ұсынымның арақатынасы және экономикалық аймақтар бойынша әртүрлі. Ірі индустриялық аймақ болып саналатын Орталық және Солтүстік Қазақстанда жұмыс күшіне деген сұраныс ұсыныстан 1,8-2 есе артады. Республикамыздың оңтүстік обылысында – Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда – жұмыс орындарының саны мен ұсыныс арасындығы айырмашылық едәуір, әрі бос жұмыс орынына 3-тен 10-ға  дейін жұмыссыздан келеді. Жұмыссыздықтың ең жоғарғы деңгейі Семей обылысында 2005 жылы тіркелген болатын – 6,7%; ең төмен деңгейі – Алматы қаласында – 0,5%.

        Республика тұрғындарын жұмыспен  қамтылуындағы қайшылықтардың себебі  экономиканың жетілмегендігінде. Экономиканыңң минералдық шикізаттық бағыты түпкі өнім өндіретін салалардың, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның көп уақыт бойы артта қалуына әкеп соқты, бұл жұмыс күшін ұдайы өндірудің жағыдайын төмендетті. Қазақстанда еңбек саласында нарықтық қатынастарды енгізу 2000 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбек ету туралы» Заңнан қабылдаудан басталды, онда жұмыссыздық, еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, т.б ұғымдар бірінші рет көрсетілді. 2007 жылы Еңбек заңының орнына ҚР Еңбек кодекісі қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығын мемлекеттік құқықтық реттеу

      

Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынасындаіы ең қиын бөлім. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен кәсіподақ. Еңбек нарығын  нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері  мемлекет пен кәсіподақ. Әсіресе Еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда белсенділігі өте   жоғары. Бұл  түсінікті, себебі  жұмысшы күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттінің негізгі міндеті. Мемлекет нарықтық, қатынастарға, егер онда қоғамда  әділетсіздік  орын алып, соңында үлкен қиыншылықтарға әкелген жағдайда, еңбек нарығы дұрыс орындалмай жатқан кезде араласып отырады. Мемлекет тарапынан ойланған, келісілген, тексерілген шаралалармен жасалады. Еңбек нарығын реттеудің мақсаты функциясы, жұмысшысы күшіне деген сұранымды күшейтуге ат салысу мен жұмысшы күшінің тиімді ұсыныстарын мақұлдап отыру болып табылады. Сұранымды қалыптастыру саясаты келесі шараларды қамтиды: жұмыс орынын кәсіпкерлікті дамыту негізінде сақтау мен қалыптастыру, арқылы қоғамдық жұмыс  ұйымын сақтау, еңбек потенциалын қолданудың  шектеулі ғана мүкіндігі бар жұмысшылар тобына жұмыс орынын құру. Ал, ұсыныс саясатына келесілер жатады: жұмышыларды оқыту мен қайта оқыту жұмыспен қамтуды дамыту, жұмыс күнінің ұзақтығын реттеу,  миграциялық процестерді реттеу. Осы екі саясатты іске асыру мемлекеттік, аймақтық,  кәсіпорын деңгейінде экономикалық механизмдерді қажет етеді.

         Сонымен қатар еңбек нарығын  реттеу формасы болып тек Қазақстан  Республикасындағы күшінде бар  жалпы еңбек заңнамасы ғана  емес, қайта еңбек келісімдер  институты болуы тиісті. Қазақстанда  әлеуметтік еңбек қатынастары сферасы аса бір реттелінбеген, дау-дамайлы істердің бірі болып саналады. Республика  әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметік еңбек қатынастарын 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеңес Үкіметі кезіндегі еңбек заңымен реттелініп келді.

         Ал, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының                   «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» жаңа Заңы, сондай – ақ Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» және басқа Заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың ҚР-ның еңбек  еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын  еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың жұмыспен қамтылуы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

         Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканың мемлекеттік емес секторларында еңбек қорғаудағы, шеккен зияндары қайтарудағы, мертігу немесе кәсіптік  сырқатқа ұшырағандағы көптеген жұмыскерлер құқығының бұзылулары әдетке айналып барады.

           Осы мәселе туралы, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орындағы негізгі жалақысының елу пайыздан кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумнан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынысымен азайту үшін, имиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орынын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді.

           Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу  үш бағытта жүзеге асады:

1.Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы қайтадан дайындау;

2.Икемді еңбек нарығына, білімге ынталандыру, әртүрлі әлеуметтік топтарын толық есептеу (әйелдер, зейнеткерлер, жастар). Еңбек қатынастарын құқықпен қамту;

3.Жұмыссыздықтан зардап  шеккен адамдарды әлеуметтік  қорғау. Қазақстан Республикасының еңбек нарығы қатынастарын реттейтін негізгі заңнама еңбек заңнамасы, яғни ҚР Еңбек Кодекісі болып табылдады.

         Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделеді және  осы кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Информация о работе Еңбек нарығы