Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 18:51, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Несиенің мәні мен пайда болуы және қажеттілігі 4
1.2 Несиенің формалары және түрлері 8
2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның тарихы мен қызметі 13
2.2 Альянс Банкінің ұсынатын несие түрлері 17
2.3 «Альянс Банкі» АҚ -ның қаржылық қызметіне және есептілігіне талдау 18
3 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
3.1 Банктің несиелік саясаты 25
3.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның марапаттары мен жетістіктері 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЛЬЯНС БАНК.doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

   

 Елдің экономикасын  дамытуда, ақша айналымының тиімділігін арттыруда несиенің маңызы аса зор. Несие экономикалық салалардың дамуына, ғылымитехникалық прогресс қарқының артуына, халықтың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайының жақсаруына, сыртқы сауданың дамуына қызмет етеді. Несиенің  көмегімен  материалдық - техникалық  базаны  жетілдіру , айналым  қорларын  толықтыру, өнімнің  сапасын  жақсарту  және  көлемін  ұлғайту жүзеге асырылып, өндірістің дамуы артады.

        Тауар  және төлем айналымының жылдамдығы  артып, тұтыным тауарларына деген  сұраныс қанағаттандырылады.

Айналымнан уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және дер кезінде айналымға салып, ұтымды пайдалану несие  арқылы жүзеге асады. Несиеге көптеген оқулықтарда « несие - процент түрінде үстеме ақы төлеп қайтару шартымен белгілі бір мерзімге ақшалай немесе тауар формасында берілетін қарыз » деген анықтама беріледі.

        Несиені  берумен, несиені алу және қайтарумен  байланысты несие беруші мен  несие алушы ара-сында қалыптасатын  экономикалық қатынастар - несиелік  қатынастар болып табылады. Несиелік қатынастар екі жақтың несиеге қатысты мүдделері сәйкес келіп өзара келісім-шарт жасағанда ғана заңды болып саналады.

        Несиенің  атқаратын қызметтері:

  • қайта бөлу қызметі
  • нақты ақшаларды несиелік ақшалармен алмастыру қызметі

болып табылады.

Несиенің қайта бөлу қызметі -  заңды  және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарының есебінен қосымша қаржы көздеріне уақытша  мұқтаж  екінші бір заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруынан көрінеді. Уақытша пайдалануға берілген несиелердің белгілі бір мерзімнен кейін өсімімен қайтарылуы олардың қайтадан бөлінуін қамтамасыз етеді. Несиенің бұл қызметі аймақаралық, салалық, салааралық, шаруашылықаралық деңгейде атқарылуы мүмкін.

Несиенің нақты ақшаларды несиелік ақшалармен алмастыру қызметі - оның негізінен нақты ақшасыз формада берілуімен байланысты дамиды. Заңды және жеке тұлғалардың банктерге уақытша сақтауға тапсырған ақшалай қаражаттары жазбаша түрде банктік шоттарда тіркеліп, несиелік ақшаларға айналады. Несиелік ақшаларды несие түрінде қолдану барысында чектер, вексельдер, несиелік карточкалар секілді несиелік ақшалар пайда болады.

«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 17 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.

Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.

«Альянс Банкі» АҚ мажорлық акционері болып Банкінің 67% жай және 67% артықшылықты акцияларына ие «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-әуқат қоры табылады. 33% жай және 33% артықшылықты акциялар миноритарлы акционерлерге тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.« Ақша, несие, банктер  »: оқу құралы/ Сейтқасымов Г.С. –  екінші басылым.- Алматы: « Экономика  », 2007- 432 бет.

  1. Бикеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі », оқулық./ - Астана: « Таным », 2003.- 272 бет.
  2. « Жас қазақ » ақпаратты – сараптамалық апталық газеті, № 17 (17) 26 – ақпан 2004 ж. 7 - бет, таратылымы - 10000 дана.

  4. Қазақстанның « Өмір »  атты қоғамдық журналы, № 4 (5), сәуір 2004 , 6 – бет, 2.1., таратылымы 12000 дана.

  5. «Банк ісі»   оқулық С.Б. Мақыш Алматы 2011ж. 150-154бб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк туралы жалпы мәліметтер

Электронды өтінімдер:

 

    "АЛЬЯНСДЕПОЗИТ" салымын ашу

 

    Төлем карточкасына  тапсырыс беру

 

    "АЛЬЯНСКРЕДИТ" кредитін алу

 

    Сейфтік ұяшықты  брондау

 

«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 17 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.

 

Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.

 

«Альянс Банкі» АҚ мажорлық акционері болып Банкінің 67% жай және 67% артықшылықты акцияларына ие «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-әуқат қоры табылады. 33% жай және 33% артықшылықты акциялар миноритарлы акционерлерге тиесілі.

 

«Альянс Банкі» АҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:

 

    Қазақстан Республикасының  жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;

    Қазақстандық  ипотекалық кредиттерге кепілдік  беру қорына;

    Қазақстандық  қор биржасына (KASE);

    Қазақстан қаржыгерлерінің  қауымдастығына;

    S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың  халықаралық банкаралық жүйесі;

    Қазақстан сауда-өнеркәсіп  палатасы;

    VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің  негізгі мүшесі.

 

«Альянс Банкі» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген.  

 

«Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 53 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 111 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 943 банкомат, оның ішінде қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша «Альянс Банкі» АҚ тарихындағы басты оқиғалар

Электронды өтінімдер:

 

    "АЛЬЯНСДЕПОЗИТ" салымын ашу

 

    Төлем карточкасына  тапсырыс беру

 

    "АЛЬЯНСКРЕДИТ" кредитін алу

 

    Сейфтік ұяшықты  брондау

 

Альянс Банкі өз тарихын Павлодар қаласында (Павлодар облысы) Қазақстанның алғашқы аймақтық банкілерінің бірі «ИртышБизнесБанк» ААҚ құрылған 1993 жылдан бастады.

 

1999 жылғы 13 шілде «ИртышБизнесБанк»  ААҚ «Семипалатинский городской  банк» ААҚ бірігеді. Жаңа  «ИртышБизнесБанк»  ААҚ  Алматы, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей және Өскемен қ.қ. филиалдарымен  қатар Павлодар қ. бас офиске орналасады. Бірігу 1993 жылдан бастап осы құрылымдармен жинақталған банк қызметінің тәжірибесін интегралдады, сондай-ақ оларды Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысына бағытталған аймақаралық банкіге ауыстырды.  

2001—2002 жылдар

 

2001 ж. жазында «Иртышбизнесбанк»  ААҚ акционерлерінің ауысуы болды. Жаңа иегерлер - құрамында  «Алматы  Құс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Корпорация Байт» ЖШС және  т.б. қазақстандық компаниялардың  консорциумы «Иртышбизнесбанк»  ААҚ басқаруға аса ірі қазақстандық банкілердің бір қатар жетекші мамандарын тартты.

 

2002 жыл – қайта тіркелу (13 наурыз) «ИртышБизнесБанк» ААҚ-нан  «Альянс Банкі» ААҚ-на. (наурыз - сәуір) Бас офистің Павлодар қ. Алматы  қ. көшуі. Банкінің Петропавл қ. (Солтүстік Қазақстан облысы) филиалы ашылды, жарғылық капитал 2,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, Банк тарихында алғаш рет ресей банкілерінің тобынан $6 млн. синдикатталған қарыз тартылды және сондай-ақ 3 млрд. теңге сомаға бағынышты облигацияларды шығару жүзеге асырылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банкі» Қазақстан Республикасының аса ірі он банкілерінің қатарына енеді және активтердің өсу динамикасы бойынша алдыңғы қатарда - 168%.

2003 жыл

 

2003 ж. 2- қыркүйек Moody’s Investors Service жетекші рейтингтік агенттігі Альянс Банкіне «тұрақты» деген болжаммен алғашқы E+/Ba3/NP кредиттік рейтинг ұсынды.

 

2003 ж. 19 желтоқсан Альянс  Банкі батыс банктерінің синдикатынан 10 млн. АҚШ доллары сомасына синдикатталған  қарыз тартты.

2004 жыл

 

2004 ж. Альянс Банкі банкілік  ақпарат жүйесін автоматтандыру және оны сертификаттау бөлігінде бухгалтерлік есепке алудың халықаралық стандарттарына көшеді.

 

Альянс Банкі Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қазақстандық қор жүйесінің алғашқы қатысушысы болды. (ИККҚЖ).

2005 жыл

 

2005 ж. қаңтарда Банк өз қызмет нәтижелері бойынша 2002-2003 ж.ж. «The Banker» халықаралық қаржы баспасының нұсқасы бойынша ТМД-да және Орталық Еуропада ең қарқынды дамушы банк деп танылды.

 

2005 ж. сәуірде Альянс Банкі  «Euromoney» халықаралық беделді журналының сыйлығына ие болды. Ол 2 номинация бойынша: Қазақстанда тұрғындарға қызмет көрсету бойынша ең үздік банк және корпоративтік басқару бойынша жетекші банк ретінде белгіленді.

2006 жыл

 

2006 жылдың шілдесінде  Банк Қазақстанда активтер және  меншік капиталы мөлшері бойынша (2006 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша) төртінші болды. Активтер 521 969 млн. теңгені, меншік капиталы - 37 155 млн. теңгені құрады. Таза пайда 2005 ж. ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары 2 104 млн. теңгені құрады. «Казпочта» АҚ-мен бірлесіп зейнеткерлерді кредиттеу жөніндегі жоба шығарылды.

 

Альянс Банкі Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеу жөніндегі абсолютті жетекші болды. 2006 ж. 1 қыркүйектің жағдайы бойынша кредиттік қоржын мөлшері жылдың басынан бастап 3,8 есеге ұлғайып, 208,4 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығындағы Банк үлесі 18,2% құрады. Қаңтардан бастап тамыз бойынша берілген Қазақстандағы 30%  аса кредит Альянс Банкінде рәсімделген.

2007 жыл

 

2007 ж. мамырында Альянс  Банкі Еуропалық қайта жаңғырту  және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес процесін дербес басқару мүмкіндігін алды.

 

Осы кезге дейін пайдаланылған «Казкоммерцбанк» АҚ байланыс арналарына тоқтамастан, халықаралық VISA International төлем жүйесімен тікелей қосылуды белгіледі. Осы қадам Банкінің төлем карталары үшін транзакциялық операциялар бойынша тарифтердің кешенді төмендеуін хабарлауға мүмкіндік туғызды.

 

Альянс Банкі Лондон қор биржасына (GDR) ғаламдық депозиттік қолхат түрінде 17,4% жай акционерлік капиталды орналастырды. Ұсыныстың жалпы құны 704 млн. АҚШ долларын құрады.

2008 жыл

 

2008 ж. Альянс Банкі тұтынушылық  кредиттеу моделін түзетті және дербес тұтынушылық кредиттен жақсы кредиттік тарихы бар клиенттерге жаңартпалы кредит карталарын беруге көшті.

 

Альянс Банкі меншік процессинг орталығын жетілдіруді ойдағыдай аяқтады. Альянс Банкінің төлем карталарының қызметі «Компас плюс» ресей компаниясынан толығымен қазіргі күнгі жоғары технологиялық бағдарламалық-аппараттық TranzWare плтформасына аударылды. Бұл қадам ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге, сондай-ақ Банкінің барлық карточкалық жүйелерінің және эквайрингтік құрылғылардың тұрақтылықтан бас тартуын арттыруға мүмкіндік берді.

2009 жыл

 

Ақпанда Альянс Банкінің басты акционері – «Сеймар Альянс» Қаржы корпорациясы Банк акцияларының бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» қорына сату туралы келіссөздер жүргізуді бастады.

 

Наурызда экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Альянс Банкі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша шағын және орта бизнесті, үлестік құрылысты және жоғары білім беруді қолдауға бағытталған қаражатты игеру жөніндегі операторлардың бірі болды. Жиынтығында осы бағдарламалар бойынша Банк жыл ішінде шамамен 50 млрд. теңге мемлекеттік қаражатты игерді.

 

Сәуірде Альянс Банкі әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған өтімділік проблемасына байланысты борышты қайта құрылымдау ұсынысымен кредиторларға жүгінді.

 

Желтоқсанда Банкінің жалпы жиналысында кредиторлардың көпшілік дауысы (95,1%) Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады. Өзгелердің қатарында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен және халықаралық қаржы институттарының тобымен Банкінің акционерлік капиталына енуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

31 желтоқсанда, келісімдер  шеңберінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ Банкінің 100% жай және артықшылықты  акцияларын сатып алды. Банкінің  берешекті қайта құрылымдау және  капиталды ұлғайту жөніндегі рәсімі басталды. Дамудың жаңа стратегиясы айқындалды.

2010 жыл

 

10 ақпан Альянс Банкі  меншік қаражаты есебінен шағын  және орта бизнеске (ШОБ) кредит  беруді қайта бастау жөнінде  хабарлады. 

 

30 наурыз Альянс Банкі  берешекті қайта құрылымдаудың  аяқталғандығы туралы хабарлады.

 

Берешекті қайта құрылымдау Жоспары бойынша барлық шараларды орындау нәтижесінде Альянс Банкі капиталды 547,9 млрд. теңгеге ұлғайтты, ал оның меншік капиталы едәуір 50 млрд. теңгені құрады.

 

Қайта құрылымдау нәтижесінде борыш мөлшері 4,5 млрд. АҚШ долларынан (есептелінген пайыздарды қоса) 1 млрд. 80 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды, оның ішінде: 850 млн. доллар – еуробондтар бойынша ескі борыш, 85 млн. – нақты сауда қаржыландыру, 145 млн. – бағынышты 20 жылдық облигациялар.

 

Барлық шаралардың аяқталуымен «Альянс Банкі» АҚ акциялары төмендегідей бөлінді:

 

    Жай : 67% - «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ», 33% - кредиторлар

    Артықшылықты: 67% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», 33% - кредиторлар.

Информация о работе Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері