Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 18:51, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Несиенің мәні мен пайда болуы және қажеттілігі 4
1.2 Несиенің формалары және түрлері 8
2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның тарихы мен қызметі 13
2.2 Альянс Банкінің ұсынатын несие түрлері 17
2.3 «Альянс Банкі» АҚ -ның қаржылық қызметіне және есептілігіне талдау 18
3 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
3.1 Банктің несиелік саясаты 25
3.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның марапаттары мен жетістіктері 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЛЬЯНС БАНК.doc

— 355.00 Кб (Скачать документ)

Салық салынғанға  дейінгі пайда / (залал) көлемі 2009 жылы -644022729 мың теңгені құрап отыр 2010 жылы 298904637 мың теңгені құрады, яғни 2010 жылы 2009 жылға қарағанда -345118092 мың теңгеге кемігенін байқаймыз.

  Таза пайда /(залал) 2009 жылы -645336499 мың теңге көлемінде болса 2010 жылы 298904637 мың теңге болған, бұл жерде 2010 жылы 2009 жылға қарағанда -346431862 мың теңгеге кемігенін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ  ЖӘНЕ «АЛЬЯНС БАНКІ» 

АҚ-НЫҢ МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

3.1 Банктің несиелік саясаты

 

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық  мақсаттарымен қаншалықты  сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан  соң, соның негізінде  банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік  беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтарды жасалады. Несиелік стандарттар  мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы  кезеңі аяқталуына  байланысты, бұл құжаттардың бірінші  редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға  берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және  ұсыныстарды  енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша  комитет  (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша  жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір  қарыз алушыға  келетін тәуекел лимиті  анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта  барлық несиелердің несиелік құжаттарда  көзделген мақсаттарға  сай берілуі де  қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселерді қамтиды.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі  жоғары операцияларды немесе жобаларды  қаржыландыру үшін тағайындайтын несиелер туралы айтылуға тиіс.

 Несиелік саясатпен  банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер  мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте  несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі  болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын  анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • Несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • Несиелік портфельді ұйымдастыру;
  • Несиелеуге бақылау жасау;
  • Құзыретті бөлу принциптері;
  • Несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • Несиелеудің жекелеген бағыттары  бойынша шектеулер;
  • Несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • Несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде  несиелік саясатты  іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір  формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат  түрінде  көрсетуге  болады:

    1. Несиелеу саясаты;
    2. Несиелеу стандарты;
    3. Несиелеу құсқаулықтары.

Сондай- ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта- «Несиелік саясат бойынша жетекшілік  ету» біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін  нақтылайтын несиелік  нұсқаулыөтар мен несиелеу стандарттары, несиелеудің  жалпы  бағыттары  мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты- бұл банкте  несиелік қызметті жүзеге асыратын  барлық қызметкерлердің  жетекшілікке  алатын құжаты.

Несиелеу стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • Қарыз алушының қаржылық  ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
  • Несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз  етлуіне  қойылатын талаптар;
  • Әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
  • Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
  • Құжаттардың  толтырылуына қойылатын талаптар;
  • Несиелеудің айрықша түрлері бойынша  ережелер.

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар  үлгілері жатуға тиіс. Ондай  құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.

Жалпы, несиелік саясатта  қарыз алушы  туралы  қадетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан  бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер  бойынша  мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • Банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде  болу;
  • Несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің  қызметкерлері үшін анықтама материал және  нұсқаулық  ретінде  бөлу;
  • Несиелік  бөлімдердің  жетекшілері үшін  несиелік  нұсқаулықтардың  талаптарының орындалуына  бақылау  жасау  құралы;
  • Несиелік талдау және аудит  бөлімі жұмыскерлерінің  тексеруді  жүзеге асыруына  негіз болатын  талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік  саясатын  іске асыру процесінде  проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа  ерекше  көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

Несиелеу объектісі- бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп  түсінуге  болады.

Несиелеу объектісі  материалды  құндылықтар, өндіріс  және айналыс шығындары түрінде, сол  сияқты, егер несие  материалдық  жағына қамтамасыз  етілмеген жағдайда, банк алдындағы  шаруашылық  ұйымның міндеттемесі ретінде  де болады.

Несиелік механизм- нарықтық қатынастарға сай  экономиканың тиімді  дамуын қамтамасыз   ететін  несие  түрлерінен, несиелеу  принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және  несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

Несиенің түрі- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы  және  ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.

 

    1.   «Альянс Банкі» АҚ-ның марапаттары мен жетістіктері

 

Халықаралық    марапаттар

Euromoney қаржы журналы

 

2008 жыл

  • «Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы Қазақстанның жетекші банкі»
  • «Қазақстанның бөлшек банкингі саласындағы ең сенімді серіктес»

2007 жыл

  • «Қазақстандағы ең үздік бөлшек банк»

2006 жыл

  • «Еуропаның дамушы елдеріндегі корпоративтік басқару саласындағы Қазақстанның жетекші банкі»

2005 жыл

  • «Қазақстанда корпоративтік басқару саласындағы жетекші банк»
  • «Қазақстандағы ең үздік бөлшек банк»

 

The Banker қаржы журналы

 

2008 жыл

  • Top 1000 Banks

2007 жыл

  • Top 200 Asian Banks тізімінде 105 орында

2005 жыл

  • «2002 бастап 2003 дейін ТМД елдерінде және Орталық Азиядағы ең қарқынды дамушы банк»

 

 

«Интерфакс Бизнес Сервис» және IR magazine Russia&CIS журналы

 

2008 жыл

  • Ресейдің және ТМД IR-кейстері арасында «Альянс Банкі» АҚ IR-бөлімі 3 орында

 

Жергілікті мағынадағы сыйақылар

 

2010 жыл

  • «БАҚ арналған ең үздік іс-шаралар» номинациясындағы "Интерфакс-Қазақстан Ньюсмейкері" 2010" сыйлығының лауреаты.

2010 жыл

  • "Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін" номинациясындағы "Алтын жүрек" жыл сайынғы ұлттық қоғамдық сыйлығының номинанты

2007 жыл

  • Exclusive журналының версиясы бойынша 2006 жылы Қазақстанның 50 үздік компаниялары тізімінде 4 орын («Рейтинг репутаций» мақаласы, № 1 (58), 2007 ж. қаңтар) 

2006 жыл

  • «Жыл таңдауы» фестивалі: «Қазақстандағы 2006 жылғы № 1 шұғыл кредит»
  • «Қазақстандағы 2006 жылғы № 1 тұтынушылық кредиттеу»
  • «Қазақстан брендтерінің бірінші листингі» нәтижелері бойынша жылдың ең қымбат бренді

 

 

Директорлар кеңесі

  • Кәрібжанов Айдан Табониязұлы  
    Директорлар кеңесінің төрағасы
  • Хуберт Пандза  
    Тәуелсіз директор
  • Қабашев Мақсат Рақымжанұлы  
    Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Қайырова Камилла Кенжеболатқызы  
    Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы   
    Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Грассе Томас  
    Тәуелсіз директор

Басқарма

  • Қабашев Мақсат Рақымжанұлы   
    Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Бишіғаев Асқар Дәрушұлы  
    Басқарма Төрағасының орынбасары
  • Нұрымбетова Шолпан Мұқашқызы   
    Басқарма Төрағасының орынбасары
  • Белозерцева Татьяна Ивановна  
    Басқарма Төрағасының орынбасары

 

Менеджмент

  • Жанәбілов Мият Саттарұлы

 

          Вице-президент

  • Затаев Жайдаржан Төреханұлы

 

          Басқарушы директор

  • Марал Азизқызы Амрина

 

          Басқарушы директор

  • Ескендір Едігеұлы Майлыбаев

 

          Қаржы Директоры (CFO)

  • Кайржан Махмедұлы Мимикенов

 

          Басқарма Төрағасының орынбасары

 

 «Альянс Банкі»  АҚ   акционерлері

2010 жылдың 1-сәуірдегі  «Альянс Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы санының бес пайыздық және одан артық үлеске ие тұлғалар:

Аты

Жай акцияларының саны, дана

Дауыс беруші акциялардың үлесі, %

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ

9 136 563

67


 

 

Аты

Жай акцияларының саны, дана

Дауыс беруші акциялардыңүлесі, %

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ

1 754 964

67

Информация о работе Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері