Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Банктік шот-банк және тұтынушы арасында депозит және келесілер мен байланысты операцияларды орындауды келісім-шарт енгізінде бейнелеу тәсілі:

а) тұтынушыларға тмесілі  ақшаларды банктің қолдануы және барлығын қамтамасыз ету;

б) тұтынушы пайдасына  ақшаларды алу;

в) тұтынушының көрсеткен  талабы бойынша аударымдар жасау.

Төлемдер мен  аударымдар: Төлем-қолма-қол немесе ақша аударымы жолын пайдалану, ақша төлемі жөніндегі бұйрық, ақшалық міндеттемеден тұратын төлемдік құжатты беру болып табылады Мерзімді белгіленген мерзімге тартылған қаражаттарды кесте 1. көруге болады.

Ақша аударымы- төлемді  немесе басқа мақсаттарды іске асыруымен  байланысты ақша аударымы жөнінде жөнелтушілердің  қабылдаушы банкінің нұсқауларын орындау.

Ақша төлемдері  және аударымдары іске асыру әдістері:

Қолма-қол ақшаны аудару;

Төлемдік тапсырытсы көрсету

Банктік шотты тікелей  дебеттеу;

Төлемдік карточкаларды  пайдалану;

Төлем талап тапсырысты көрсету;

Инкассалық нұсқауларды көрсету;

Қазақстан Республикасының  заңдық актілерімен қабылданған  басқа жағдайлар.Келесі қызметтің  түрі депозитерді қабылдау.

Депозиттер-белгілі бір ереже бойынша халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың ақшалай қаражаттары.

Талап ету депозиттері-клиент тарапынан хабар етусіз талап ету қаражаттары. Оларға қаражаттарды мақсатты пайдаланумен байланысты ағымдағы, есептік және басқа да шоттағы қаражаттар жатады.

Мерзімді депозиттер- банктің белгілеген уақытында ғана алынатын депозиттер.

Сонымен банктің өзіне  тартқан депозиттері бойынша сандық көрсеткіштерді төмендегі екінші кесте арқылы көре аласыздар.

Кесте 2 Астана қаласының филалы ААҚ «Халық Банкі» халықтан салымдарды тарту түрлері

Салымдар түрлері

01.01.2008

жыл

01.01.06

жыл

01.01.2010

жыл

Талап ету депозиті

209600

456400

471400

Мерзімді

58087

78988

106503

Валюталық

132095

160578

179012

Барлығы

399782

695966

756915


* Астана қаласының ААҚ «Халық Банк» филалының бук.балансы 2008-2010ж.

Кесте 2. бойынша талдау беретін болсақ, барлық депозиттер арасында ең үлкен үлес салмағы 2009 жылдың аяғына барлық депозиттер қалдығынан талап ету депозиті-58,4% және валюталық-26,3% құрайды, яғни 2009 жылы депозитердің көбеюі байқалады.

Банк келесі қызмет банктің ұсынатын несиелері.

Несиелер: Несиелер-қайтарылу  мерзімі жағдайында қарыз алушыға берілетін ақшалай немесе тауарлық формадағы қарыз, қарыз алушының қолданған қарыздары үшін пайыздық төлем.

Несие-бұл қайтару негізінде несие беруші мен несие алушыға ақшалай немесе тауар түрінде берілетін несие: көбінесе несие үшін процент төлеу түрінде, несиенің сан алуандығы, ережесі, ұсыну мерзімі, проценттерді төлеу бойынша ажыратылады.

Несиелік келісім-шартта несиелік қарым-қатынастардың субъектілері- несие беруші және қарыз алушы.Несие берушілер ретінде белгілі бір мерзімге меншікті бос ақша қаражаттарын несиеге беретін тұлғалар болып табылады. Қарыз алушы-белгілі бір мерзімде қайтаруға қаржыны пайдалану үшін қажет ететін несиелік қатынастардың бір жағы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастар субъектісі-бұл жерде міндетті түрде екі тұлға несие беруші және қарыз алушы.

Бұл көбінесе тартылған  қаражаттар негізінде жұмыс істеумен байланысты, яғни шаруашылық органдар, халық және мемлекетке қатысы бойынша  банктегі шоттарда жатқан қаражаттар иесі ретінде қарыз алушы саналады. Қажет ететін тұлғалардың пайдасына өзіндегі ресурстарды бөле отырып, банктер несие беруші ретінде болып отырады.

Халық банкте пайдалану  мерзімі бойынша несиенің келеаі түрлерін ұсынады: қысқа мерзімді-негізінен  бір жылға дейінгі мерзімге және кәсіп орынның айналым капиталын қалыптастыру мақсатында беріледі, орташа мерзімді, бес жылға дейінгі мерзімге, ұзақ мерзімді-бес жылдан артық мерзімге берілген және инвестициялық капитал ретінде қолданылады.

Қамтамасыз  ету бойынша несиелер: кепілдірілген сәйкес, қамтамасыз етуге, кепілдікке беріледі, бланктік (сенімділік) несие кепілдікпен қамтама сыз етілген, теке қана қарыз алушыға жеке сенім негізінде берілетін несие, несиелік карточкалар бойынша қарыздар, депозит кепілдігіне қарыз.

Мақсаты бойынша  несиелер: банктермен ақшалай формада ұсыныла ды, коммерциялық заңды және жеке тұлғаларға тауарлы түрде қарыз міндеттемелері бойынша беріледі, халықаралық-сатып алушылардың сатушы лардан тауарларды алу үшін формасы түрінде беріледі.

Клиенттерге ұсынылған  несиелердің көлемі мен үлесін келесі үшінші кесте арқылы көре аласыздар.

Кесте 3.

* Астана қаласының ААҚ «Халық Банкінің филалының» несиелендіруі.

Несие түрлері

2008

жыл

Үлесі,%

2009

жыл

Үлесі,

%

2010

жыл

Үлесі,%

 

Өнеркәсіп

2860

24,6

32675

32,3

-

-

Сауда

5108

44,0

35397

35,0

-

-

Микронесие

-

-

6271

6,2

1000

9,1

Ауыл шаруашылығы

-

-

2024

2,0

-

-

Халық

3640

31,4

19640

19,4

-

-

Мемлекетік өндіріс

   

5207

5,1

10015

90,9

Барлығы

11608

100,0

101214

100,0

11015

100,0


 

* * Астана қаласының ААҚ «Халық Банктің» бук.балансы 2008-2010ж

Сонымен кесте 3. бойынша 2008 және 2009 жылдарды салыстырғанда, ең үлкен үлес салмағы өндіріске берілген несиелер, сәйкесінше 6,25% және 36,8% өнеркәсіпке берілген барлық несиелер қарыз портфелінің жалпы көлемінен 57,5% құрайды. Ал 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда барлық түрлеріне сұраныс болмаған, бірақта несиенің көлемі сәйкесінше төмен

Банкте қазіргі кезде  қарқынды даму қызметінің түрі клиенттерге  пластикалық карточкалар ұсыну. Пластикалық карточкалар шығару: ААҚ “Халық Банк” заңды және жеке тұлғалармен жеке кәсіпкерлер үшін еңбекақыны алудың жеке және ыңғайлы әдісін ұсынады, яғни пластикалық карточкалар пайдалану.   Кәсіпорындар мен ұйымдар үшін банк ALTYN-VISA және EVROPAY /MASTERCARD жүйелерінің халықаралық пластикалық карточкаларын ұсынады.

Қазіргі уақытта Халық банктің пластикалық карточкаларымен 1500-ден астам ұйымдар еңбек ақыларын алуда. Банк үшін негізгі құралдарды тартудың басты қайнар көзі болып, клиенттердің депозиттері саналады, олар барлық міндеттемелердің сомасына 90% таяу немесе 67% құрайды, яғни Қазақстандағы жеке тұлғалардың барлық депозиттердің 2/3 бөлігі Халық Банкте сақталуда, яғни бұл Халық Банктердің сенімділікпен қамтамасыз етуін және халық жағынан Халық Банкке деген сенімділік деңгейін көрсетеді.

Сонымен, ААҚ“Халық банкінің филалының” қызмет көрсетуіне баға беретін болсақ, келесі  төртінші кестені қолданамыз.

Кесте 4.

* Астана қаласының ААҚ “Халық Банк филалының “қызмет көрсетуінің негізгі көрсеткіштері.

Қызметтер түрлері

2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

 

Жоспар

Нақты

Жоспар 

Нақты

Жоспар

Нақты

Салымдарды тарту

400000

399782

650000

695966

750000

756915

Несие беру

---------

11608

---------

101214

---------

11015

Бағалы қағаз

дардармен операциялар

200

201

300

298

400

431

Валюта айырбастау

500000

431528

530000

512365

570000

585213

Басқа да операциялар

400

439

500

581

600

672


* Астана қаласының ААҚ «Халық Банкінің филалы» бук.балансы 2008-2010ж

Кесте 4. бойынша 2009 жылдың басына салымдар қалдығы 695996 мың тенгені құрды, 2008 жылдың басындағы қалдықпен салыстырғанда 172% құрды. Салымдар көлемінің ұлғаюы, Халық Банктің жеке тұлғалардың жеке топтарына бағытталған депозиттердің жаңа түрлерін ұсынумен байланысты.

Жоғарыда келтірілген  мәліметер бойынша аймақтық деңгейде клиенттерге көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемі бойынша келесі белгілі банктер арасындағы бәсекелестікті келесі сурет арқылы көруге болады. Талдау үшін клиентерге депозит беру қызметін алайық. Ол үшін депозиттер көлемі бойынша бірнеше банктерді аламыз, ол банктердің атаулары екінші суретте көрсетілген.

Халықтан депозиттерді тарту (мың тенге) 2004жылы.

Сурет 2.

Сонымен қатар, тұрғындарға  көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға  кеткен жалпы шығындар сомасын да анықтаған жөн. Өнімнің өзіндік  құнының жүйелік төмендеуі депозитердің көзі болып табылады. Жалпы банктегі депозиттік операциялар бойынша өзіндік құнды есептеуді қарастырайық. Өзіндік құнды есептей отырып, келесіні айтуға болады.2002 жылы бір операцияның өзіндік құны 12 теңгеге тең болды, 2003 жылы - 9теңгеге, 2004 жылы-6теңгеге. Сәйкесінше шартты операциялар 11тенге, 8теңге және 6тенге. Көрсеткіштердің төмендеуі шығындар сомасы мен орындалған операциялардың көлеміне байланысты. Шығындардың өзі барлық шығындар баптарын үнемдеумен байланысты. Операциялар саны 2002 жылы көбейді, себебі мемлекеттің барлық зейнетақылық төлемдерін, бюджеттік ұйымдардың еңбек ақысын төлеуді Халық Банк атқарады.

Жүргізілетін  операциялардың тенгесіне шығындардың  өзгеруіне мүмкін әсер ететін факторларға  келесілер жатады:

1. жүргізілетін операциялар  көлемінің өзгеруі;

2. операциялар көлемінің өзгеруі;

3. ауыспалы шығындар  деңгейінің өзгеруі;

4. тұрақты шығындар  сомасының өзгеруі;

5. пайдаланылған ресурстар  көлемінің өзгеруі;

6. бағаның орта деңгейінің  өзгеруі;

Жалпы банк қызметінің қаржылық нәтижесін талдау ең алдымен түскен табыс сомасы және өтімділік сомасы және өтімділік деңгейімен сипатталады.

Табыс-бұл түсімдер мен  өткізілген өнімнің толық өзіндік  құн арасындағы айырма (бюджеттік  және бюджеттік емес қорларға түсімдер, салымдар мен міндетті төлегеннен кейін  қалған түсім). 

2011 жылы Астана қаласының филалы «Халық Банкте» АҚ бюджеттің келесі көрсеткіштері ұсынылған.

кіріс бөлімі бойынша: 58743 мың тенге

мың тенге. шығыс бөлімі бойынша: 144816 мың тенге

қаржылық нәтиже (алынған  табыс): 88473 мың тенге.

2011 жыл бойынша бюджет көрсеткіштерінің фактикалық орындалуы:

кіріс бөлімі: 62348 мың  тенге.

шығыс бөлімі: 22369

Осы берілгендер бойынша  келесі бесінші кестені ұсынып отырмын.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары