Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Банктің жарғысында шаруашылық серіктестері туралы заңда  қарастырылған мәліметтерден басқа  міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

1. банктің толық және  қысқартылған фирмалық атауы;

2.банктің ұйымдастыру-құқықтық  формасы мен меншік формасы  туралы белгілер;

3.банктің қорларын  құру және пайдалану қағидалары;

4.банктердің басқару  мекемелерінің қаулы қабылдау  тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтарының тізімі.

Біріккен, шетел  және еншілес банкті ашу үшін рұқсатты жоғарыда келтірілген құжаттармен  қоса құрылтайшылары заңды тұлға  табылатын болса, келесі құжаттар тапсырылуы керек:

1.Заңды статусты куәләндыратын құжат және алғашқы екі жылда бекітілген бухгалтерлік баланс;

2. Республика территориясында  шетел банкі немесе еншілес  банкіні құру туралы шешімі, шетел  құрылтайшыларының сәйкес орнымен  беріледі;

Қазақстан территориясында  біріккен банкке шетел құрылтайшыларының келуі туралы бақылау мекемесінің жазбаша куәлігі немесе орындаушы қызметтің заң бойынша құрылтайшының орналасу орны туралы құжат керек емес туралы өтініш.

Егерде, құрылтайшы заңды тұлға болатын болса, онда қосымша осы тұлғаның төлем қабілеттілігі туралы құжат керек болады. Шетел банктердің минималды жарғылық қоры Республиканың Ұлттық банкісімен орнатылады.

Банкті ашу туралы шешімді беру банк өтімділігі ретінде  жүзеге асады. Банкті ашуға рұқсат беру жағдайында Ұлттық банк банкке шешім  қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Банкті ашуға рұқсат банктің оперативтік басқарылуы Ұлттық Банкпен белгіленген администраторларға беріледі.

Елдегі банктік жүйеде іске асырылып жатқан интеграциялық  процесстері баға бермес бұрын, ең алдымен  банктік жүйенің қалыптасу кезеңдеріне кішігірім шолу жасап өтейік, себебі дүниежүзілік нарыққа ену нарық көлемін, құрылымын, оның сандық және сапалық даму жағын салыстырумен сипатталынады.

Банк қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан Республикасының жасалған халықаралық келісім шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің жарғылықтары және құқықтық актілері негізінде орындалуға берілетін Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық актілерімен іске асырылады. Банктер ұсынушыға акцияларды шығару құқысыз жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады.

Мемлекеттік банктер  сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын  үлгісінде құрылуы мүмкін.

Банктің ашық акционерлік  қоғам болып қайта құрылуына  банктік операцияларды жүргізуге  Ұлттық Банкінің лицензиясын алу сәтінен бастап бір күнтізбелік жыл аралығында үздіксіз шығынсыз қызмет етуі және осы жыл ішінде Ұлттық Банкінің белгілеген міндеттері мен құқықтарын сақтау жағдайында рұқсат етіледі.

Банктің акционерлері, оның құрылтайшылары болып табылатындар банк ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қосымша ерекшеліктерге иеленбейді және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер атқармайды.

Банктің ашылуына рұқсат немесе рұқсат етілмеу банктік құқықтар негізінде іске асырылады.Банк ашуға рұқсат Ұлттық банкінің Банкке банктік операцияларды жүргізуге лицензия берілгенге дейін заң қүшіне иеленеді. Банк ашуға берілген рұқсат Ұлттық Банкімен қайтарылып алынуы тиіс. Сонымен қатар, банк берілген Банк ашуға оұқсатты өз еркімен қайтарып беруі және заңда қарастырылған тәртіп бойынша қайта тіркеуі мүмкін. Банк Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар үшін азаматтың зандылығымен, банктік заңдылықтардың қалыптастырылған ерекшеліктері есебімен белгіленген тәртіп бойынша құрылады.

Банкті құру туралы құрылтайшылық келісім шарт қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, келесілер көрсетілуі керек:

Бірінші, әрқайсысының толық атауы және мекен жайын көрсете отырып, құрылтайшалар туралы мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін мемлекттік тіркеу туралы, ал жеке тұлғалар үшін аты-жөні, азаматтығы, мекен жайы, жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтерді көрсету қажет;

Екінші, акциялардың  саны, категориялары және номиналды  құны журналы мәліметтер.

Банк жарғысы қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, міндетті түрде келесілер көрсетілуі қажет:

1.банктің толық және  қысқартылған атауы;

2.банк қорының түрлері  және қолданылу тәртібі туралы  мәліметтер;

3. банк басқармасының  шешім қабылдау тәртібі, сонымен  қатар сұрақтар тізімі.

Банк атауы жарғыда көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс. Банк атауына міндетті түрде “банк” сөзі қосылуы тиіс. Бірде-бір банк құжаттарда немесе жарнамада жарғыда көрсетілген атаудан басқасын қолдануына болмайды. Ұлттық банктен басқа кез-келген банкіге “ұлттық”, “орталық” атауларын толық және қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады. Мемлекеттіктерден басқа кез-келген банктерге “мемлекттік” сөзін толық немесе қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады.

Банкінің жарғылық капиталы (мемлекеттік банктен басқа) құрылтайшылар салымы немесе акцияларды сату жолымен қалыптастырылады. Банк акционерлері және құрылтайшылары акцияларды сатып алу кезінде ақшамен есеп айырысуы тиіс.

Банктік жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншікті капитал  шегінде ақша енгізілуіне рұқсат етімді, бұл сома есебінен акцияларға орналастырылған активтер және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталға үлесі есепке алынбайды. Банк акцияларының алғашқы сатылуы олардың номиналды құнынан төмен емес және барлық құрылтайшылар үшін бірдей бағамен сатылуы тиіс. Құрылтайшы құжаттарында жарияланған қайта құрылған банктің жарғылық капиталы оның акционерлерімен тіркеу уақытына елу процент мөлшерінде, ал бір күнтізбелік жыл өткен соң толығымен төленіп бітуі тиіс. Банк өз акционерлерінен банкіні бақылау құқығын иеленуші акцияларды сатып алуға құқығы жоқ.

Банктің меншікті капиталы- міндеттемелер сомасы алынып банк активтерінің құны, мұнда активтер құны банк активтерінің алғашқы құнынан берілген карыздар бойынша қажетті резервтер сомасын алып тастау жолымен есептелінеді.

Банктің құрылтайшылары және акционерлері ретінде заңды  және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының Резиденттері және резидент еместері бола алады. Мемлекет құрылтайшылар және акционер болуы тек қана Үкімет тұлға ретінде ғана іске асырылады. Жарғылық капиталдың елу процент мөлшері мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар банк құрылтайшысы немесе акционер бола алмайды. Банктің құрылуы және қызмет етуі кезінде бір де бір тұлға, сонымен қатар оның құрылтайшылары дауыс құқығы бар акциялардың жиырма бес процентіне тікелей немесе жанам иелене алмайды.

01.01.05 жылы Қазақстанда  35 банк жұмыс істейді Сонымен  бірге 12 банк халықаралық стандарттарғакөшу  бағдарламасын орындағанорындаған  деп танылады, 4 банк бірінші топқа, 14 банк-екінші топқа жатқызылады.1 2008 жылы жиынтық меншік капитал 3.3%-ға 274.5 млрд. теңгеге дейін, банктердің жиынтық активтері-6.2%-дан 2.26 трлн. теңгеге дейін, жиынтық міндетемелер-6.6%-ға дейін өсті және 2.1трлн. теңге болды.

 

 

1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

 

Банктік қызмет-бұл табыс табу және нарықта өндіру мақсатынан маркетинг-ізденістер негізінде құрылған  мамандандырылған интеллектуалдық өнім. Банктік қызметтер- жеке персонификациялы күрделі формалары бар қызмет. Жалпы банктік қызметтердің келесі ерекшеліктері бар: қателеспеушілік, сақтықсыздық, жинау қабілетсіздігі және қызметтердің тұрақты сапасының кепілдігі.

Сондықтан, банктік қызметтер сферасы қызмет көрсетудің жоғары тәуекелді сферасы болып табылады. Банктік қызметтердің ерекшелігі және тәуекелділікті куәландыратын фактор болып, олардың халықаралық маштабта тарихи құрылған патенттік қорғаныссыздық саналады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Банктік қызметтік тағы да бір ерекшелігі-есептеу обьектілерінің көпшіге емес, сонымен қатар, есептеу  мәселелерін қиындата түсіретінін, оларды өлшеудің бірліктердің көптігінде.  

Екінші денгейлі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Банктің клиентпен орнататын  қатынастарынан анықтау үшін «банктік өнім», «банктік қызмет көрсету», «банктік операция» деген түсініктерге анықтама беру керек. Банктік қызмет көрсету-клиент қажеттілігін қамтамасыз ету түрі, банктің клиентке қызмет көрсету нәтижесі. Банктік өнім-құжаттар түрінде банктің клиенттерге қызмет көрсету. Банктік операция-мақсаты, уақыты және орны бойынша банк қызметшілерінің жиынтық іс-әрекеттері. Осы түсініктердің айналысын төмендегі сызба арқылы сипаттауға болады.

Қазіргі кезде негізгі  дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша  салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп  бөлігін осы операциялар бойынша  пайыздық айырадан алады. Бірақ, осы  екі қызмет төңірегінде банктік  өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Екінші деңгейлі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Қазіргі кезде  әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Банктің қызмет көрсетулері.  Сурет 1.

 

 

 


  


 


 


 

 

 

 

          


   


 


«Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға  сәйкес банктер мынадай операцияларды  орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер береді инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың
  • инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
  • клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);екінші денгейлі мәмілелерді қаржыландыру, сондай – ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
  • (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету.

Ұлттық Банкінің арнайы лицензиялары бар болса, бантер басқа  да банктік қызметтерді жүзеге асырады. Соның ішінде шетел валюталарымен  операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтер көрсету ( инкасация ).

Осы операцияларды  топтай отырып, олармен атқарылатын  негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  1. уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  2. экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  3. қолма-қолсыс есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  4. инвестициялық қызмет;
  5. клиенттерге басқа да қаржылық қызметтер көрсету.

Уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау-екінші деңгейлі банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капитал банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі-біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын депозит түрінде жинақтайды. Осы жағдайда оларды тиімді басқарады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарзды қарыз алушыға үсынады.     Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Осылайша екінші деңгейлі банктердің дәстүрлі-базалық қызметтерінің бірі-жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.

Екінші денгейлі банктердің екінші дәстүрлі - базалық қызметі экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады. Несиелік операциялар-несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк қарыз алушы ретінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше, несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары