Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Екінші денгейлі банктің несиелік операцияларын  әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша-қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша-қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілмеген; банктің роліне байланысты (несие беруші және қарыз алушы) активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік клиентті және басқа банкті несиелеу; пассивті-Орталық банктен және басқа  Екінші денгейлі банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты-негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушыылқ мақсаттарға арналған қарыздар.

Несиелік операциялар  басқа да белгілері бойынша жіктеле  алады: қарыз алушының түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушының түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және тағы басқаларға.

Несиенің пайдалану  сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық, қолма-қол және қолма-қолсыз деп бөлуге болады. Мұндай жіктелу негізінде формалды белгілер жатқанын атап кету керек.

Екінші денгейлі банктердің келесі қызметі-қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Қолма-қолсыз есеп айырысу-есеп айырысу формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айрысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді.

Қазақстан Республикасында  есеп айырысу жүйесінің негізгі  ұйымдастырушысы Ұлттық Банк болып  табылады.

Ол мынандай қызметтерді орындайды:

  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізеді;
  • барлық екінші деңгейлі банктер үшін біртұтас әдістемелік негізде біріңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;
  • есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және унификациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы бір тұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа несиелік аударымдар (жироесеп айырысулар). Чектер бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу-тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады. Банкаралық есеп айырысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі приципі-бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:а) Екінші деңгейлі банктер арасында тікелей есеп айырысуды, б) Ұлттық Банктің ЕКО-да ашылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы банкаралық есеп айырысуы.

Екінші деңгейлі банк өздерінің ведомствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері анықтауға құқылы, қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге асыруды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесіг қайта ұйымдастыру  негізгі екі бағыт бойынша  жүргізіледі: біріншіден, жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу. екіншіден, банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының (операциялардың) негізгі үш тобын айтуға болады: чек және вексель арқылы инкассалық операция, аккредитивтер арқылы есеп айырысу және аударым операциялары.

Екінші деңгейлі банктердің төртінші дәстүрлі - базалық қызметі- инвестициялық қызмет. Жалпы инвестиция дегеніміз-халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шет елде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары-жеке және заңды тұлғалар, мемелекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Бұл екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіне қатысты. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп банктердің салыстырмал ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығ бар.

Қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағыны қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде-несие берушіден, яғни банктен болады. Тағы бір айырмашылығы-несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушының арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты- қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар-арнайы түрде рәсімделген қаржылы құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және екінші деңгейлі болады (вексельдер, чектер).

Екінші деңгейлі банктердің басқа да қаржылық қызметтері бар:

Лизингтік операциялар-ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады. Лизингтің бірнеше  түрлері қарастырылады:

а) оперативті немесе жедел  лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі және оның обьектісі болып  төзу қарқыны өте жоғары машиналар  мен құрал-жабдықтар табылады;

б) қаржылық лизинг анағұрлым  ұзақ мерзімге беріледі. Ол құрал-жабдықтардың және машиналардың амортизациялық тозу мерзіиіиен сәйкес келеді;

в) қалдық құн бойынша  лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды  жалға беру. Бұл жағдайда лизинг обьектісі бастапқы емес қалдық құны бойынша бағаланады.

Факторингтік  операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқығын басқаға беру. Оның мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұл келісім-шартпен жүзеге асады. Онда сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Трастылық операциялар – Екінші денгейлі банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. Екінші денгейлі банктер трастылық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады.

Кеңес беру қызметі -  Екінші денгейлі банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін жүргізеді.

Ақпараттық қызмет көрсету – қазіргі кездегі телекомуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде Екінші денгейлі және Екінші денгейлі емес ақпараттарды да иеленеді. Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасап, клиенттер оған қол жеткізу үшін ақы төлейді.

Банктердің экономикадағы рөлін  олардың атқаратын операциялары анықтайды. Екінші денгейлі банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту), актив (қаражаттарды орналастыру), комиссиялық-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Екінші деңгейлі банктердің пассив операциялары - өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және өзге де қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларға қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

    • салым қабылдау (депозиттер);
    • клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспонден-банктерге) ашу және оларды жүргізу;
    • өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттар);
    • банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
    • ресурстарынан;
    • репо операциялар;
    • еуровалюталық несие алу.

Банктік капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акцилнерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі.

Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық  банк төменгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің Екінші денгейлі банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивиденттері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Онң мөлшері жарғ қорына байланысты процентпен белгіленеді.

Бөлінбеген  пайда шоты деген-ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі Екінші денгейлі банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.

Екінші деңгейлі банктердің өзгешелігі-олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90% - ға жуығы тартылған қаражат. Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады. Ол нормативтер 1:10 қатынасынан 1:100 қатынасына дейін ауытқиды. Мысалы, Швейцарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына тең.

Екінші денгейлі банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді. Басқарылатын ресурстар банкке тартлған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.

Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құрылады.

Салым (депозит)-ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар  деп аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.

Салымдар әр түрлі  белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды  тұлғалардың депозиттері болып  бөлінеді. Банктен алу мерзіміне  қарай мерзімді және талап бойынша  алынатын депозиттер болып та бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.

Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда басқа банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әркез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәскелестік жағдайында Екінші денгейлі банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп, сондай-ақ олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады (атаулы ақша құжаты).

Мерзімді салымдар-ол салыну мерзімі және проценттік өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байлалысты анықталады. Егер мерзімді салым иесі салымның келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым бойынша төленетін процент мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықтан банктер салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік алады.

Мерзімдік салымның бір түрі-депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне өтеу мерзімі және төленетін проценттік мөлшер көрсетілген ерекше атаулы куәлік (сертификат) беріледі. Депозиттік сертификат – ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті түрде сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы көрсетіледі. Мысалы, АҚШ банктерінің іс-тәжірибесінде депоөиттік сертификат кемі 100 мың долларға, ал Ұлыбританияда 50 мыңнан 250 мың фунт стерлигке дейін шығарылады. Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы және атаусыз (яғни иесі ұсынушы) болуы мүмкін. Депозиттік сертификат бойынша салымды алу құқы басқа жаққа «беру жазуы» көрсетіліп берілуі мүмкін. Бұл куәлікті шартта көрсетілгендей мерзімге немесе талап бойынша берілетін етіп банктер шығарады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары