Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37

III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын (кітапша) береді. Кітапша белгілі  бір мерзімге және талаппен алуға  да беріледі. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды роль атқарады. Жинаққа толық сома немесе бөлек-бөлек сома салынады, кейін жинақтың толық сомасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек сомасы алынуы мүмкін. Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырысы бойынша банк оның жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және тағы басқа қызметтерге төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арнап салынады.

Сонымен депозиттер-Екінші денгейлі банктер ресурстарының маңызды көзі. Банктегі оның құрылымы ақша нарығындағы конъюнктураға қарай әрдайым өзгеріп тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда бірсыпыра материалдық және ақша нарығында тап болады. Одан басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда банкке емес клиентке байланысты. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығындағы мүмкіндігін пайдаланады.  Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несие тарту тікелей сөйлесу арқылы, ия болмаса қаржы делдалдары арқлы жүзеге асырылады. Егер банктер өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен рәсімделеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.

Екінші деңгейлі банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған  несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк Екінші деңгейлі банктерге несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование) ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.

Екінші денгейлі банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі-кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен (дилерлермен) жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мөлшері депозиттік сертификаттан әлдеқайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы.

Соңғы жылдары Екінші денгейлі банктердің пассив операцияларының  бірі еуровалюталық несие кең  өрістеуде. Еуровалюталық несие-ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар есептеледі.

Ал енді, екінші денгейлі банктердің актив операциялары Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.

Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:

  1. несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;
  2. инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
  3. кассалық және есептесу операциялары- банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
  4. басқа операциялар.

Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қзметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

Екінші денгейлі банктердің клиенттеріне беретін қарызын  біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:

  • борышқордың типіне байланысты-кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
  • пайдаланатын мерзіміне байланысты- қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
  • қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
  • борышқордың қай салаға тиістілігне қарай - өнеркәсіпке, саудаға,
  • ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
  • қамтамасыз етілуі бойынша- кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
  • қамтамасыз етілмеген (бланктік);
  • өтеу тәсіліне қарай-бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін қарыз.

Несиені банктер несиелеудің  мына негізгі принциптері (қағидалары) сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

Көптеген мемлекеттерде  қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда, Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік  шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шот пен ағымдағы (есептесу) шотттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық) клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.

Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлибритания, Канада) банктері несиені  шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт – клиентке чек бойынша  банктің қысқа мерзімді несие  беру немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артқ болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафтың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы – контокерентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.

Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие  линиясының мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент арасында келісім бектіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие линиясы бір жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Әйтпесе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталуы мерзіміне дейін оны жою құқы банкте болады. Несие линиясы банк жоғары сенім көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады. Келісім бектілгенде клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде орнын толтыратын (компенсационный) аз қалдық сақтау жағдайы көрсетілген құжат қоса тіркеледі.

Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі-несиелік шот арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сомасы несиелік шоттың дебетінен клиенттің ағымдағы (есептесу) шотының кредитіне аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін. Ағылшын және Швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының (синдикат) көлемді сома беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда қатысушы-банктің біреуі басқарушы мен төлеушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол синдикаттық несиеден екі және одан да көп несие беруді ұйымдастырушы және басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі сомаға (30 млн. АҚШ дол. жоғары) беріледі. Мұндай қарз несие көлемін ұлғайтып банктің несиелік қаупін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің, басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері көрсетіледі.

Банктердің  несие беру операциялары тобына факторинг  және лизинг операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінда контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзіміде қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар, банк клиентін капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өіне алады.

Қарыз беру мәселесін шешуде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау қаупін банк (фактор) өзіне алатындақтан ол жеткізушіге шоттың жалпы сомасының 80-90%-ын бірден өзі төлеп, ал қалғанын дебитор қарыздың барлық сомасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Екінші денгейлі банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңітуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және клиенттермен байланысын ұлғайтуға қол жеткізеді.

Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындарың ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктердің және негізгі капиталдң басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен қатар, банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг объектісін қалған құн бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігенен туындайтын шығын қаупін төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді қосуға құқ бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома жабдқ алуға жұмсалуы мүмкін.

Екінші деңгейлі банктердің келесі маңызды операциясы бағалы қағаздармен жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алу (инвестиция), жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды (үлесті қағаздарды-негізінен акцияларды) ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру, клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату (бағалы қағаздардың екінші айналымына қызмет ету), бағалы қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай бағалы қағаздар жай және артқшылықты акциялар, облигациялар, мемлекеттік қарыз міндеттемелері, вексельдер және тағы сол сияқты қағаздар болуы мүмкін. Мысалы, банктің векельдермен жүргізілетін актив операциялары: есептеу (дисконттық) және қайта есептеу операциялары, несие беру, акцепт бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік кепілдік беру және тағы сол сияқты операциялар. Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты дивидент және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың табыстылығы оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі қысқа болса, онық нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы өзгереді. Сондықтан Екінші денгейлі банктер үшін қсқа мерзімді бағалы қағаздарға ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға ақша салудан гөрі тиімділеу.

Сонымен, екінші деңгейлі банктердің активінің бұрыннан қалыптасып, және кәзірге кезде өрістеп келе жатқан негізіг бағыты несие беру (несие-есептеу) операциясы және бағалы қағаздармен оперция (қор биржасындағы). Бұл операциялар банк балансының 80%-ын құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ дердалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, әсіресе, актив және пассив операциялары бірбіріне тәуелді, себебі екінші деңгейлі банктер негізінен өзгенің капиталымен (тартылған) қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.

Екінші деңгейлі бактердің актив және пассив операцияларының  арасындағы байланыс өте күрделі  болып табылады. Егерде ресурстар құны өссе, онда банктік маржа қысқарып, табыс азаяды нәтижесінде банк өзінің жұмысын жақсарту үшін капиталдық салым салудың тиімді салаларын іздестіреді. Аса маманданған емес банктер жоғары пайызбен максималды тәуекелді несиелерді ұсынуды қолайлы көріп тұрады, бірақта осындай шешімнің қабылдануы банктің төлемқабілеттілігіне кедергі әкеледі. Сондықтан банктік қызметтердің координациясы қажет. Сонымен бірге келесі негізгі қағидаларды ескеру керек:

    • барлық ресурстардың бір түріне ғана бағыттамау;
    • орта және ұзақ мерзімді несиелерді шектеу;
    • күнделік төлемдер үшін банкті белгілі бір ақша қаражаттарының
    • мөлшері қалып отыратындықтан салымдар үшін қысқа мерзімді салымдардың көп бөлігін пайдалану.

  Қорыта келе, пассивтің нәтижесі банк ресурстарының нәтижесі, ал актив нәтижесі осы ресурстарды пайдалану бағыттарының нәтижесі: қандай мақсатқа, қаншалықты көлемде, қандай мерзімге және ол кімге беріледі? Сонымен, банктің акти және пассив операцияларын терең талдау үшін мен келесідей статистикалық көрсеткіштер арқылы жанама түрде топтық салыстыру әдісін қолдандым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ

 

2.1Астана қаласының «Халық Банк» АҚ филиалының қаржылық қызметіне сипаттама.

 

Астана қаласындағы филалы  « Халық Банкі» АҚ келесілерге мүше болып табылады:

Жинақтық Банктер Ассоциациясының мүшесі;

Қазақстан Республикасының  Банктер ассоциациясының мүшесі;

Жинақтық Банктердің Әлемдік институтының мүшесі;

S.W.I.F.T халықаралық төлемдер  жүйесінің мүшесі;

Астана қаласының  ААҚ «Халық Банк» филиалы тұрғындарға қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:

    • Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер: 
    • Ұлттық және шетел валютасында банктік шоттар ашу;
    • Клиенттердің банктік шоттары бойынша қызмет көрсету;
    • Депозиттер қабылдау;
    • Ақша аударымдары;
    • Несиелендіру;
    • Пластикалық карточкалар шығару;
    • Бағалы қағаздармен операциялар;
    • Валюта шығаруға анықтама беру;
    • Коммуналдық төлемдер қабылдау.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері: оның қызметтері мен операциялары