Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:48, курсовая работа
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің дамуы, шығу тарихы.....................................6
1.2 Коммерциялық банктердің құрылымы.........................................................15
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.............................
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Астана қалалалық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық қызметіне сипаттама...............………………………………………….................................28
2.2 Астана қалалаық филиалы «Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................................35
2.3 Астана қалалық филиалы «Халық Банк» АҚ банктің қызметтерінің динамикалық көрсеткіштері................................................................................37
III. Коммерциялық банктердің нарықтағы рөлін арттыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ...........................................................41
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.
Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Алғашқы банктер XVIII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болды, XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемесінен құрылды: мемлекеттік банк (1860ж. құрылған), қоғамдық қалалық (252 банк) және жер белгілері; көп буынды жеке банктер: акциоенерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), екінші денгейлі банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729). Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауыпты операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917жылы қазаң төнкерісінен кейін банк ісін ұиымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке екінші денгейлі бактер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.
90-шы жылдың басында
банктердің саны 200-ден асты, әрине
бұл олардың экстенсивті
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тағы басқалары. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.
Кесте 1 ҚР-дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына
кезеңнің басына
Банк түрлері |
01. 01. 96. |
01. 01. 97. |
01. 01 98. |
01. 01. 99. |
01. 01. 20. |
01. 01. 01. |
01. 01. 02. |
01. 01. 03. |
01. 01. 04. |
01. 01. 05. |
Екінші деңгейлі Банктердің барлығы: соның ішінде: |
130 |
101 |
82 |
71 |
55 |
47 |
44 |
38 |
33 |
35 |
Мемлекеттік |
4 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Мем-аралық |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
Шетел капиталының қатысуымен |
8 |
9 |
22 |
23 |
22 |
16 |
16 |
17 |
16 |
17 |
Еншілес банктер |
5 |
5 |
7 |
11 |
12 |
12 |
11 |
11 |
14 |
16 |
Бас валюталық лицензия
оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін
қажетті саналатын банктер
Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің № 1 2002-2010 жж. Статистикалық бюллетенінен алынған.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Лицензия алу үшін мемелекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
Біріншіден, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;Екіншіден, жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа эканомиканың институционалдық, құқықтық және нормативтік негіздері қалыптасқан, ұлттық қаржылық институттар мен тұрақты екі деңгейлі банк жүйесі құрылған. Мемлекет басшымыздың айтуы бойынша біздің мемлекетіміздегі бизнесмендердің жинаған қаражаттарын басқа шетел банктерінде сақтауын доғарып, қаражаттарын біздің мемлекеттегі банктерге сақтап, өз эканомикамыздың қажеттіліктеріне жұмсау керек дейді.
Бұл мәселе бір жағынан, ТМД елдерінің арасында Қазақстан көлеңкелі эканомика деңгейі бойынша алдыңғы қатарда болып келеді, екінші жағынан, халықты өз мемлекетіміздегі банктік жүйеге сендіріп және сенімдерін ақтау. ТМД-ның соңғы мемлекетаралық статстикалық мәліметтері бойынша Қазақстанның көлеңкелі эканомикасының үлесі 30%-ке жетеді, Арменияда-29%, Ресейде-22%, Украйнада-20%, Белоруссияда-9%, Молдавияда-15%, Киргизияда-9,5%, Азербайджанда-20%, Грузияда-26%, Туркменияда-16%, Өзбекстанда-28%.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының банктік жүйеге сенімі артуда, мұндай өзгеріс банктік жүйеге ақшаның түсуіне әкеледі. Сондықтан да, қазіргі жағдайды 5-6 жыл бұрынғы бантердің жағдайымен салыстыруға болмайды. Қазақстандық банктер көп кезеңдерден өтіп, тек қана саны жағынан ғана емес, сапасы жағынан да көптеген өзгерістерін байқатты.
Қаржылық нарықта екінші деңгейлі банктерден басқа республиканың Ұлттық банкісі қызмет етеді. Ұлттық банк жыл сайын әрбір жеке екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағынан нашарлауын болдырмау үшін олардың қызметтерін терең тексеріп, талдау жасап отырады. Қаржылық-несиелік жүйенің қызметін жақсарту үшін Ұлттық банк көптеген шаралар қолданып, дұрыс оперативтік шешімдер қабылдайды. 2001-2008жылдарға арналған индикативтік жоспар бойынша инфляция 4-5%-тен аспауы керек, мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер-25%, бюджет тапшылығы 1,5%-тен аспауы керек, нақты еңбек ақы көлемі 25-30%болуы керек.
Банктік жүйенің даму жылдары кезінде мемлекеттік банктердің саны көбейе түсті. Қазіргі кезде Ұлттық банкпен басқа келесі мемлекеттік банктер қызмет етуде: Эксимбанк, Туранәлембанк, Құрылыс банкі, Халық банкі.
Екінші деңгейлі банктердің тиімді қызмет етуі тек қана оларға ғана байланысты емес, сонымен қатар олар қызмет ететін микро және макроэканомикалық салаға да баланысты.. Сондықтан да бұл жерде ұлттық эканомиканың мәселелері мен нарықтық эканомикаға көшу барысындағы мемлекеттің дағдарыстық жағдайда болуы да банктік жүйеге әсер етпеуі де мүмкін емес еді. Банктердегі төмен несие қабілеттілігінің негізгі мәселелері болып, нарықтық тәуекелдердің жоғарғы деңгейі мен төмен деңгейлі төлеу қабілеттілігі.
Қазіргі Қазақстандық нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысна сипаттама берейік.
Мемлекеттік банк-үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылқ қорының иеленушісі үкімет.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50%-нің астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк- халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі-Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банк лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқысы бар банк емес заңды тұлғалар.
Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады.
Қазақстан Республикасының
Конституциясына және заңдарына
сәйкес банк емес несие мекемелері
өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері
ретінде депозиттер қабылдауға құқы
жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында,
хабарландырулар мен
Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банкпен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің міндеттемелеріне жауапты емес.
Ұлттық Банк рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерінде банктерін аша алады, ал өздірінің өкілеттілігін ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен аша алады.
Банк филиалы-бұл бас банктің берген құқықтары негізінде банктік операцияларды жүзеге асратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілділігі-депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операция
ларды орындайтын және өз атынан банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк- жарғылық қордың 50%-нен астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1. жаңадан құрылған
банктің құрылтай құжаттары,
2. құрылтайшылар туралы мағлұматтар (Ұлттық Банктердің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;
3.егер құрылтайшылардың
біреуі немесе одан көбі Қазақс
Ұлттық Банк-банк ашуға рұқсат беру үшін қажетті басқа да қосымша құжаттарды сұрап алуы мүмкін.
Банк құрылтайшылар
шарты негізінде құрылып, өзінің
жарғысына сай қызмет атқарады. Банк
құру туралы құрылтайшылар шартында
шаруашылық серіктестіктері туралы
заңда қарастырылған
1.құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгендігі туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін-аты, азаматтығы, туған жері және жеке басын куәләндыратын құжаттағы белгілер;
2. акцияның мөлшері, санаты және көрсетілген құны туралы мәліметтер.