Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – фискалдық саясаттың ролі мен мәнін, нарықтық-экономикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жоспарланған:
- фискалдық саясаттың әлеуметтік - экономикалық мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасында фискалдық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
- фискалдық саясатты жетілдіру жолдарын көрсету.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік– экономикалық мәні
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні......................................................5
1.2 Фискалдық саясаттың халықаралық тәжірибесі.........................................8

2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері......................................................................................................13
2.2 Мемлекеттік бюджеттің толықтырылуындағы фискалдық саясаттың ролі.......................................................................................................................17

3. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы фискалдық саясатты жүргізу бағыттары және оның даму болашағы.............................................................................................................23

Қорытынды.........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавой.doc

— 535.00 Кб (Скачать документ)

Фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының маңызды құрамдаушысы бола отырып, жоспарланған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген меженi, төлем балансының орнықтылығын, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң соңғы тұтынуының өсуiн және капиталдың жинақталуын қолдауға ықпал етуi тиiс. Қаржыландыру саласындағы реформалардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын және тұрғындардың мұқтаж дәрежесінің максималдығын қамтамасыз ететін айқын, тиімді және қалыпты бюджетке жету болып табылады.

Бюджеттік жүйені жетілдіру  бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс  – үлкен роль атқарды. Бюджет мақсатты құжат ретінде қаралатын болды, ол тек ағымдағы жылды ғана емес, орта мерзімді келешектерді, оның болашақ  нәтижелері мен тиімділігін бағалау және болжаумен экономикалық-әлеуметтік міндеттерді орындауға бағытталады.

Орта мерзімді фискалдық  саясат алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету керек, ол алдын ала жоспарлауға, бюджеттік үрдістің айқындығы мен тиімділігін арттыруға, бюджеттік үрдістің сабақтастығын және фискалдық тәртіптің артуын қамтамасыз ету  мүмкіндігін туғызады.

      Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын қаржыландыру әдістерінің және қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды.

Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым  міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру қажет.

Фискалдық саясаттың мәніне былайынан сипттама беруге болады: Фискалдық дамудың мәні экономиканың тұрақты дамуын  және инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жиынтық сұранысты салықтармен, трансферттермен және үкіметтің сатып алуын айла-шарғылап басқаруынан тұрады.

Сонымен, қорыта келе, алдағы кезеңдерде мемлекеттің фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру қажет. Фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру мақсатында Кедендік бақылау агенттігін комитет ретінде қайта құрып, Қаржы министрлігінің құзырына беру керек. Ал, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің заңнамалық міндеттері Қаржы министрлігіне, бақылау қызметі жаңа құрылған Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетіне өтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қаржы министрлігінің басты міндеті өз құзыретіне сәйкес, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің түсімдерін, әдістемелік басшылығын ұйымдастыру болады. Осыған байланысты министрліктің орталық аппаратын қысқартып, оған жалпы әдістемелік және талдамалық жұмыс жүктеген жөн болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасы  Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы  Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі  Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы  № 677 қаулысымен бекітілген Орта  мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесі

3. Қ.Қ.Ілиясова, С.Құлпыбаев «Қаржы» жоғары оқу  орындарына  арналған оқулық,  Алматы  2005

4. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2007 – 2009 жылдарға  арналған бағдарламасы

5. ҚР Салық кодексі//Алматы, 2008

6. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы

7. Мауленова С.С., Бекмолдин  С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономиялық  теория», Алматы – 2004 ж.

8. Шеденов Ө. Жалпы экономикалық теория//Алматы-2003

9. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері//Алматы, 2005

10. Бердалиев К.Б « Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

      Алматы 2001.

11. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2006.

12. Г.Ш.Дәулетиярова, Д.М.Нұрқалиева, Қ.Т.Ахметжанова «Қазақстан   Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлаудың  жаңа  жүйесіндегі  бюджеттің орны» Астана - 2010

13. Алейбеков    М.    О.    «Салықтық    реформалауда    бастылар    туралы»,    АльПари,    Алматы,    2000.

14. Арыстанбеков    К.    «Экономикалық    реформаның    стратегиясы    және    тактикасы»    Саясат;    Алматы,    2000

15. «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналы, №2 (24) 2009

16. «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналы, №1 (23) 2009

17.Аль-фари. Журнал. 2003. №1.

18. BNews.kz. 

19. 2012 жылғы алдын ала деректер. Статистикалық жинақ. Астана: ҚР статистика агенттігі, 2012

20. 2005-2010 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтауды реформалау және дамытудың   мемлекеттік бағдарламасы.

21. Қазақстан   Республикасының   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауы. 2010 жыл 6 наурыз „Дағдарыстан  жаңару  мен дамуға“

// www.akorda.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары