Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 13:48, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – фискалдық саясаттың ролі мен мәнін, нарықтық-экономикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жоспарланған:
- фискалдық саясаттың әлеуметтік - экономикалық мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасында фискалдық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
- фискалдық саясатты жетілдіру жолдарын көрсету.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.
Кіріспе...................................................................................................................3
1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік– экономикалық мәні
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні......................................................5
1.2 Фискалдық саясаттың халықаралық тәжірибесі.........................................8
2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері......................................................................................................13
2.2 Мемлекеттік бюджеттің толықтырылуындағы фискалдық саясаттың ролі.......................................................................................................................17
3. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы фискалдық саясатты жүргізу бағыттары және оның даму болашағы.............................................................................................................23
Қорытынды.........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................
- бұдан әрі салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;
-негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының нақты басымдықтарын белгілеу;
- орта мерзімді кезеңге
арналған даму басымдықтарымен
өзара байланысты мемлекеттік
органдарда стратегиялық
Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары - жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
Диаграммадан көрініп тұрғанындай, Қазақстан Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай – ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері және т.б. құрайды. (1-қосымшаны қара)./19/
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін оның жақын мерзімде жалпы экономикаға қаржылық дағдарыс салдарының әсерін азайту мәселелерін шешуге және қарызды өтеуге арналған шығындардың өсуіне байланысты бюджеттің жүктемесін қоспайтын бюджет тапшылығының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес тапшылықтың серпіні 2007 жылы тапшылық серпіні 215,3 млрд теңгені құраса, ЖІӨ 1,7%-ті құрады, 2008 жылы (333,2 млрд теңге, 2,1%), 2009 жылы (492,7 млрд теңге, 3,1%), 2010 жылы (747,6 млрд. теңге, 4,6%), 2011 жылы (734 млрд теңге, 3,8%), 2012 жылы (735,8 млрд теңге, 3,5 %).
1-сурет. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес тапшылықтың серпіні.
Үкімет жүзеге асырып жатқан антициклдік фискальдық саясат, ол циклдік тербелістерді жұмсартуға, әсіресе терең циклдік ауытқулар мен жаппай жұмыссыздықтың алдын алып, экономиканың үзіліссіз модернизациялануы мен дамуына жағдай жасайтын орта және ұзақ мерзімді реттеулер үшін қолайлы жағдайлар туғызатын мемлекеттік реттеудің формасы болып табылады.
2008 жылы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ҚР-ның 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамына өзгерістер мақұлданған.
Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында бюджет шығыстарының экономиканың өсуі бойынша нысаналы қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салалар дамуының болжамды көрсеткіштерімен тығыз байланысы қамтамасыз етіледі. /5/
Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының (бұдан әрі - Жолдау) шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін жаңа Салық кодексі қабылданды, ол экономиканың жаңғыруы мен әртараптануына, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін болады.
Жаңа Салық кодексі:
- тікелей әсер ететін
заң қағидаттарын іске асыруды;
- экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы жүктемені азайтуды;
- экономиканы жаңғырту
мен әртараптандыруға ықпал
- салықтық әкімшілендіруді
жетілдіру және салық
Мына нормалар Салық кодексінің негізгі аса маңызды және тұғырнамалық сәттері нормалары болып табылады:
- корпорациялық табыс
салығының ставкаларын кезең-
- инвестициялық салық
преференциялары тек
Атап айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне
левередждің (жеткілікті капиталдандыру
ережесі) шекті коэффициентін қаржы ұйымдары
үшін
7-ден 9-ға, өзге де заңды тұлғалар үшін
4-тен 6-ға ұлғайту есебінен сыйақы шегерімінің
мөлшері ұлғайтылды.
Шағын кредиттік ұйымдарға салық кезеңі ішінде берілген кредиттер сомасының 15 %-ынан аспайтын күмәнді шағын кредиттерге қарсы резервтер жасау бойынша шығыстар сомасын шегеру құқығы берілді.
Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ға дейінгі ставкалары бар кемімелі шәкілден 11 %-дық ставкасымен жайпақ шәкілге өту жүзеге асырылуда. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 пайыз деңгейінде сақталынды.
Сондай-ақ, Салық кодексінде мүлік салығын реформалау көзделген, мысалы, мүлік салығына салық салу объектілері барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін қысқартылды, құны 120 млн. теңгеден жоғары қымбат бағалы мүлкіне ставкалары 0,5-тен 1 %-ға дейін арттырылды, сондай-ақ көлік құралдарының салығын есептеу барысында автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алып тасталды.
2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды. 2009 – 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің болжамы (2-қосымшаны қара) /5/
2010-2012 жылдарға арналған
мемлекеттік бюджеттің кіріс
1-кесте ЖІӨ-ге Мемлекеттік бюджет кірістері, ЖІӨ-ге %-бен
Көрсеткіштер атауы |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
Кірістер |
14,2 |
15,2 |
15,0 |
Салықтық түсімдер |
13,6 |
14,6 |
14,4 |
Салықтық емес түсімдер |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
2009-2013 жылдарға арналған
Ұлттық қорға бағытталатын
2009 жылы Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7,1%, 2010 жылы – ЖІӨ-ге 7,1 %, 2011 жылы - 6,7%, 2012 жылы – 6,1%, 2013 жылы – 5,6% деңгейінде болжамдалады. (3-қосымшаны қара) /20/
Бюджет саясаты және шоғырландырылған бюджет шығыстарының болжамы Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты макроэкономикалық тұрақсыздық, күш пен ресурстарды жұмылдыру, барынша тиімділікті іздеу жағдайында Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға, яғни елдің дамуының стратегиялық бағамын бақылай отырып ортамерзімді кезеңде мақсатқа жетудің барынша төмен шығынды жолдарына бағытталған.
Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың барынша басым бағыттарын іске асырылуға, бюджет шығыстарының, олардың әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлауының сапасын жақсарту есебінен түпкілікті нәтижелерге бағытталуымен тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Заң жобасында республикалық бюджет
шығыстарының жалпы көлемі 2010 жылы 3 трлн
910 млрд 595 млн 218 мың теңге сомасында қарастырылып
отыр. Ал 2011 жылдан бастап бұл көрсеткіш
4 трлн. теңгенің үстіне шығады. Яғни, 2011
жылғы бюджет шығыстары 4 трлн 212 млрд 979
млн 548 мың теңге сомасында, 2012 жылы 4 трлн
444 млрд 949 млн 953 мың теңге сомасында жоспарланып
отыр.
2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бюджет
шығыстарының өсуі 499 млрд 553 млн 659 мың
теңгені құрайды.
2-кесте 2010 – 2010 жылдардағы Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі
Шығыстардың жалпы көлемі | |
2010 |
3 трлн 910 млрд 595 млн 218 мың |
2011 |
4 трлн 212 млрд 979 млн 548 мың |
2012 |
4 трлн 444 млрд 949 млн 953 мың |
Ескерту: BNews.kz. сайты материалы негізінде автор құрастырған
Бұл негізінен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларға жұмсалатын қаржы көлемін құрайды. Сол секілді шығыстың ұлғаюы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған, Елбасының Қазақстан халқына жолдауларында айтылған іс-шараларды іске асырумен байланысты болып отыр./18/
2.2 Мемлекеттік бюджеттің толтықтыруындағы фискалдық саясаттың ролі
Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын анықтайтын құжат – орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды.
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет саясатының заман талабына бара – барлығының тікелей тәуелділігімен негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің қолында шоғырландырылатын және оны мемлекет әлеуметтік-экономикалық, қорғаныс және өзге функцияларын орындау үшін пайдаланатын ақша қорларының жиынтығы, мемлекеттік қаржылардың құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы:
-республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкалық, селолық, ауылдық бюджеттер.
Мемлекеттік бюджеттің құрылымы:
шығыстар бөлігі:
- әлеуметтік қолдау;
- ұлттық қауіпсіздік шығындары;
- субсидиялар;
- мемлекеттік қарыздарды басқару бойынша шығындар
кіріс бөлігі:
- акциздер;
- азаматтар мен корпорацияға салынатын салықтар;
- басқа да алымдар мен мемлекеттік займдар
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
«2010 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде айқындалған.
Кірістерді есептегенде мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2010 жылғы 1 сәуірден 25 %-ке, 2011 жылы 1 шілдеден 30 %-ке арттыру және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды 2010 жылы 5 %-ке дейін арттыру нәтижесінде әлеуметтік салық және 2010 – 2012 жылдар ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты жеке табыс салығы түсімдерінің төмендеуі ескерілді./12/
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстанның экономикасы орнықты өсуін көрсетті және шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етті. Атап айтқанда осы елімізге бүгінгі таңда әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жұмсартқан резервтерді жинақтауға мүмкіндік берді.
Егер шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы айтар болсақ, онда жергілікті бюджет рөлінің біршама күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды ) және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды ) атап өту қажет.
1-диаграмма. Шоғырландырылған бюджет құрылымы
Ескерту: Әдебиеттегі теорияны негізге ала отырып автор құрастырған /12/
Алайда, бюджетке шығыс жүктемелерді азайту жөніндегі шараларды қабылдамай жинақталған активтерді одан әрі пайдалану жүзеге асырылмайтын болады. 2009 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінің өзінде бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әкімшілік шығыстары, сондай-ақ оларды материалдық техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу бойынша шығыстар қысқартылған тиісті шаралар басталған болатын.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары