Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – фискалдық саясаттың ролі мен мәнін, нарықтық-экономикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жоспарланған:
- фискалдық саясаттың әлеуметтік - экономикалық мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасында фискалдық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
- фискалдық саясатты жетілдіру жолдарын көрсету.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Фискалдық саясаттың әлеуметтік– экономикалық мәні
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні......................................................5
1.2 Фискалдық саясаттың халықаралық тәжірибесі.........................................8

2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері......................................................................................................13
2.2 Мемлекеттік бюджеттің толықтырылуындағы фискалдық саясаттың ролі.......................................................................................................................17

3. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы фискалдық саясатты жүргізу бағыттары және оның даму болашағы.............................................................................................................23

Қорытынды.........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавой.doc

— 535.00 Кб (Скачать документ)

        Мемлекет халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі бір әлеуметтік саясат жүргізеді. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы, біз жоғарыда айтьш өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалары арқасында тұрмыс деңгейі нашарларға — мемлекетгік көмек көрсету, жұмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу - еліміздің занды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.

Азаматтардың конституциялық құқығына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қакмтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамның жоғалтуына байланысты балалардың тууы мен тәрбиеленуіне, жұмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке құқықтары бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарықтық механизмнің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді әсіресе дәрігерлік және жалпыға білім беруді үйлестіру, халық табысының дифференциациясымен және деңгейімен теңестірілуі қажет.

 

 

1.2 Фискалдық  саясаттың халықаралық тәжірибесі

 

       

Қазіргі таңда Қазақстанның  экономикасындағы  басты мәселелердің бірі  фискалды  саясатты  жетілдіру  және  оны тиімді  пайдалану  болып отыр. Осыған байланысты  экономикасы  дамыған  елдердегі фискалды саясатты  қалыптастыру  төңірегіндегі  теориялық және  тәжірибелік  тәжірибелерін  зерттеу маңызды  мәнге ие болып отыр. Кез келген елде  экономикалық  ойдың тұтас  саласы бар – ол басқа  елдердің  тәжірибесін өз  елін  өркендету  мақсатында  пайдалануды  зерттейтін шет елдердің экономикасы.

      30 жылдарға дейін Батыс елдерінде фискалды  саясат ұлттық  экономикаға әсер ету құралы ретінде қолданылмады. 1929-1933 жж аралығындағы дағдарысқа дейін фискалды  саясаттың мәні  бюджеттің балансын  қалыптастыру  мақсатында кірістер мен шығыстарды  салыстыруға әкеліп  тірелді. 1932 жылы бюджеттің  маңызды  жетіспеушілігін жабу  мақсатында АҚШ-та  салықтарды көтеру  акциясы  жүргізілді, ал ол өз  кезегінде  дағдарысты тереңдете  түсті. Бұл жағдай туралы Э.Хансен: «Фискалды саясат  пайдалы деп саналғанымен, қарапайым іске келіп тірелді – үкіметтік күрделі салымдарды  жақсы уақыттан  нашар уақытқа ауыстырды»  деп жазды.

       АҚШ-тағы  30-шы  жылдардағы  дағдарыс пен  фискалды  саясат  мемлекеттегі  экономиканың  жағдайына  әсер  етуші  күшті  факторға  айналды. Оның  шаруашылық  саясатында федералды бюджет қаржылық  тұрақтылық құралы  және экономикалық өсуді ынталандырушы  құрал ретінде  жоғарғы белсенділікпен  толықтырылды.Инфляциялық тенденцияны  ырықтау қажет  болған кезде  салықтарды көтеру мен  мемлекеттік шығындарды  қысқартудағы  жалпы  әдістемесі  бір қалыпты жағдайға  айналды және керісінше, құлдыраумен  күресу үшін  салықтарды төмендету мен  шығындарды  көтеру  жүзеге  асырылды./15/

       Ұлттық  экономиканың  өсуі мен  әлемдік шаруашылық  байланысының  күрделенуі  осы қарапайым  схемамен  белгіленген  тәсілдерді  жетілдіру  мен күрделендіруге  әкелді. Бірақ қазіргі таңда  нарықтық  белсенділіктің дамуының  жеңісін  тек қана  үкіметтік  қаржыға ғана емес, сонымен қатар  фискалды  шаралармен  жеке  сектор  шығындарына  да әсер  ететін  координацияланған  және өлшенген несие – ақша  тетіктерінің  үйлесімділігі  әкеледі.

       Сонымен нарықтық  экономиканы  реттеудің  ақыры  нәтижелігін  көтеру үшін  фискалды және  несие – ақша  саясатының  үйлесімділігін  пайдалану, атап айтқанда: нарықта мемлекеттік сатып алуды өтімділікті ұлғайту бойынша Орталық несие   мекемесінің шараларымен келісу, ал ақшаның номиналды санын – салық салудың өсуімен немесе  мемлекеттік шығындарды қысқартумен  келісу  арқылы  жүргізу қажет. Аралас  саясатты  пайдалану  қажеттілігі бірнеше  альтернативті  мақсаттарға  бірден жету қажет болған жағдайда да пайда болады. Тұрақтандырушы  саясат бір немесе  бірнеше комплементарлы  мақсатқа жетуге  бағытталғанда, фискалды  және  монетарлы  саясаттар  бір бағытта  болуы мүмкін – екеуі де экспансиондық, немесе  рестриктивті – осыған байланысты  олардың үйлесімді  әрекеттерінің  тиімділігі  арта  түседі. Бірақ бір уақытта екі  мақсатқа  жету қажет  болған жағдайда  - бір саясаттың рестриктивті  нұсқасын, екінші  саясаттың экспансиондық  нұсқасымен  үйлестіру  қажет  болады.

       Енді фискалды  саясат пен  монетарлы  саясатты  осы  байланысын  тәжірибеде  пайдалану мен  қарастырудың мысалын сипаттап көрейік. /16/

        Монетарлық талдау  монетарлық  саясаттың  шығару  мен  бағаға  әсер ететін  тікелей түрін қамтамасыз етеді. Бірақ монетаристе  фискалды  саясатты  тұтасымен  басқаруға  мүмкінді бар ма  деген  сұрақ туындайды?. Ол мүмкіншілік  бар, өйткені  фискалды саясат  пайыс  ставкасына  әсер ете алады және ол  өте маңызды. Бұл жағдай  қалай жүзеге асады.

      Тауар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар  өскен кезде нақты өнім шығару  мен бағада  қандай өзгерістер болады?. Біз нақты жалпы ішкі өнім мен баға  деңгейінің және номиналды  жалпы ішкі  өнімнің  өсетінін білеміз.

   Монетарлы саясат пайыздық ставкаға  әсер ететін  жалғыз саясат емес, фискалды  саясат та  пайыздық ставкаға әсер етеді. Атап айтқанда: мемлекеттік  шығындардағы  өзгерістер немесе салық  ставкасын  төмендету  пайыз  ставкасын  жоғары көтереді, осы уақытта  рестриктивті  фискалды  саясат пайыздық  ставканы төменге жылжытады.

      Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділік  мәселесі  американдық үкіметтің  алдында  ұзақ  уақыт бойы  тұр және  осы сұрақты  шешудегі  фискалды  саясат  құралдарының  ролі зор.

      Үкіметтің  басты  мақсаты  бюджетті  ұзақ уақыт  бойы теңдестіру  болған  жағдайда үкімет  фискалды  саясатты  пайдаланды деп  есептеп көрейік. Егер де  жеке шығындар  қайсібір себептер салдарынан  төмендесе, мультипликатор  жалпы ішкі  өнім  қисығын төменге жылжытады. Өйткені фирмалар  мен үй  шаруашылығынан  түсетін салықтық  түсімдер  жалпы ішкі өнімнің төмендеуі салдарынан  төмендейді, бюджеттік теңгерімділік жоғалады  және  нәтижесінде жетіспеушілік  пайда  болады. Қажетті  тепе – теңдікті  қайтару үшін үкімет  жүргізетін саясатына  байланысты  мемлекеттік  шығындарды  төмендетуі  немесе  салықтарды  көбейтуі қажет.

      Сондықтан да тиімді фискалды саясат монетарлы саясат  құралдарының  жұмысына  да тәуелді  болады, қайсібір құралдың  мақсаты мен  жұмысына байланысты  әрбір саясат әртүрлі қызмет етеді, яғни теңестірілген  бюджет бір  монетарлық саясатқа, жетіспеушілік пен  артық көлем  келесісіне  тән болуы мүмкін. Бұл тұжырымды сипаттап  көрейік. Мысалы, Конгресс  пен президент теңестірілген бюджет жағдайында  жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс  қисықтары   толық жұмыспен  қамту деңгейінде қиылысады деп есептейді делік. Бұл жағдайда  теңестірілген бюджет  тиімді  фискалды саясаттың  нәтижесі  болып табылады.

     Сонымен қатар  ФРЖ (федералды резерв  жүйесі) мемлекеттік бюджеттің  жетіспеушілігін  жаба отырып ақша  нарығындағы  интервенция  арқылы  фискалды  саясатпен  тікелей немесе жанама түрде байланыста болады. Бюджеттік қарызды жабу  үшін ақша базасы ФРЖ  арқылы екі  жолмен жүзеге асуы мүмкін.

     Рестриктивті  фискалды  саясатты  жүргізу  (салықтарды ұлғайту)  өндірісті  интенсификациялау мен  жеке  инвестициялардың  өсуіне  деген  ынтаны  төмендетеді.

     Қорыта  келгенде  монетарлы  және фискалды  саясаттардың  біріккен жұмысы  маңызды  экономикалық  көрсеткіштерге  әкелді: бюджеттік  шығындарды  федералды  деңгейде  шектеу  ұлттық  жинақты ұстап  тұруға  және Федералды Резерв  жүйесінде  басқаша  жағдайда  мүмкін  болмаған  төменгі  пайыз  ставкасын  сақтауға  мүмкіндік берді. 

     Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде  АҚШ пен ФРЖ жүргізген монетарлы және фискалды саясаттардың  қосындысы  экономикалық дамуға  негіз болады және  дамушы елдердің  экономикасына мысал бола алады. Тәжірибелік  мысалдар  негізінде  несие ақша  және  фискалды  саясаттардың  үйлесімді  әрекеттері  арқылы  экономикалық  жүйеге  бөлшекті және тұтас  бақылау жасауға  болатындығы  анықталды және сонымен қатар  ресурстарды  тиімді  пайдалануға, кәсіпкерлікке  көлемді  инвестицияларды  жасауға, еңбек өнімділігінің  икемді өсуіне, жұмысшылардың  жалаұысына  қолайлы әсер  етеді./16/

      Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік аяға жұмсалған қаржы дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көбісінде инвестицияны әлеуметгік аяға, соның ішінде адамзат капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-заттай элементгеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытта, әлеуметгік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы болып табылатын - адамзат капиталының өсуі ескерілуі қажет.

      Нарық жүйесi дамыған елдерде бұл механизмдi қолдану тәжiрибесiн зерттей отырып, мынадай бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға болады:

Монетарлы саясаттың  әскерiн “сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң  басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк  инвестициялаудың қысқару иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi) мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).

      Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп, артық сұранымның пайда болуына әкеледi.

     Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты) мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн. Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994 жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi.

      Батыстың дамыған елдерінің заң шығаруын оқып білгенде, ондағы қолданылатын салықтар мемлекеттік саясаттың маңызды рычагі ретінде нарықтық жағдайда экономиканың дамуына бағыттауға рұқсат береді. Басқа әдістермен қатар салықтық жүйе мемлекет пен экономиканың дамуына әсері үшін қолданылады.

      Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, бұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясаттың негізгі бағыттары

 

2.1 Қазақстан Республикасының  фискалдық саясатының ерекшеліктері

 

      

Салықтардың  ең  маңызды  қызметі  барлық  мемлекеттерге   тән  фискалды  қызметі  болып табылады. Фискалды  қызметтің  көмегімен  мемлекеттік  ақша  қорлары  құрылады және  мемлекеттің  қызмет етуі  үшін қажетті  материалдық жағдайлар  жасалады.  Онсыз  өмір сүре  алмайтын  мемлекетке  ақшалай  қаражаттың  нақты сомасын  жұмылдыру  секілді  салықтың  дәл  осы  фискалды  қызметі  арқылы салықтар  өзінің қоғамдық  міндетін жүзеге асыра алады.

      Президентіміздің халыққа жолдаған “Қазақстан -2030” Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік сектордың бірінші кезектегі міндеті экономиканы тұрақтандыру болып табылады. Мұндай тұрақтылық ішінара фискальдық саясат құралдарымен жүзеге асырылады.

     Фискалдық саясаттың көмегімен мемлекет экономиканың бірқалыпты өсуіне, бағаның тұрақтануына және халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтуға қол жеткізе отырып, экономикада инфляцияның алдын алуға шаралар қолданады.

          Фискалдық саясат саласында экономиканың теңгерімді және сапалы өсу мақсаттарына қол жеткізу үшін:

  - елді дамытуға тапсырылған көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджет шығыстары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың қаражатын және бюджет тапшылығы және т.б.);

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы фискалдық саясатты жетілдіру жолдары