«АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................................3
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері............................................................................................................................4
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде..........................................................................................4 1.2 Банктік депозиттердің классификациясы............................................................6
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері................................................................................................9
2 «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты.....................................................14
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау.......................................................14
2.2 АТФ Банк қызметінің депозиттік операцияларын талдау................................18
2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын талдау........................................................21
3 Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары.....................................................23
3.1 «АТФ Банк» ААҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары.......................................................................................................................23
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры ..................................................................24
Қорытынды..................................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

«АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты 33 бет.doc

— 278.50 Кб (Скачать документ)

Қордың активі 2003 жылы 1 мамырда 3050,8 млн. тенге. Мемлекеттің  банк қоры портфелі 2872,3 млн. тенге құрап, оның ішінде

  • қысқа мерзімді мемлекеттік банк қоры (1 жылға дейін) -457,7 млн. тенге.
  • ұзақ мерзімді мемлекеттік банк қоры (1 жылдан жоғары)- 2420,6 млн. тенге.

Банк қатысушыларының  қосқан жалпы жарнасы 1.05.02 жыл 10554,1 млн. тенге құрайды және әр тоқсан сайын  жеке тұлғалар салымдарының депозиттер жалпы сомасынан 0,25% жарна мөлшерінде енгізіп отырады.

 Қордың нормативті  және құқықтық құжаттары үнемі  жетілдіріліп отырады.  Теңгедегі,  АҚШ долларындағы және евродағы  мерзімді  салым кепілдірілу үшін, ең алдымен салымшы сол салымның  кепілденгенін қарастыратын ерекше  банк салымдарының келісім шартын салымдарды кепілдендендіру жүйесіне қатысушы банкпен жасау керек.

  Мұнда кепілдендірілмейтіндер:

    • ұсынушыға арналған мерзімдік салым;
    • жеке тұлғалардың банкке сенімгерлік басқаруға берген ақшалары;
    • заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның салымдары (егер осы салым сол қызметіне байланысты ашылса);
    • үшінші бір тұлғаның немесе сол банктің алдында міндеттемесі бойынша жеке тұлғалардың  кепіл -салымы;
    • сол банкктің акционерлері (дауыс беруге құқылы 5 % астам акцияға ие болса) мен жұмыстарды басқарушылардың салымдары.

  Ең алдымен халықтың  мерзімді салымдары кепілдендіріледі. Қордың басқармасының шешімімен  салымдарды кепілдендіру жүйесіне  басқа да, қалған банктер қосылуы мүмкін.

   Банктің салымшысы, яғни салымы кепілдендірілген банктің салымшысы банкті жабу туралы сот шешемі қабылданғаннан кейін 3-ай мерзім ішінде (Қор белгілі себептерге байланысты сол уақытты өзгерте алады) Қордың агенті-банкіге салымы бойынша төлем төлеуі туралы жазбаша өтініші болуы керек.

  Сол өтінішке банк  салымдарының келісім-шартын жеке  немесе салым құжаттары мен   олардың лотариалды құжаттандырылған  көшірмесі қоса берілуі керек.  Егер салымшының депозитке деген  құқығы расталса, онда  Қор бойынша агент-банк арқылы сол бойынша 15 жұмыс күні ішінде оған төлемін төлеп береді. Сонымен, төлем  келесі түрде төленіп беріледі. Егер жеке тұлғаларнының салым сомасы:

  - 200 мың теңгеден  аз болса-салым сомасы толықтай  қайтарылады (төленіп беріледі);

- 200 мың теңгеден -400 мың  тенгеге  дейін болса-қор 200 мың тенгетөлейді және 200 мың тенге-ден  асатын сомадан 80 %;

  - 400 мың теңгеден -600 болса-360 мың теңге және 400 мың  теігеден асатын сомадан 60 % қайтарылады; 

   - 600 мың тенгеден 800 мың тенге дейін болса, онда Қор 480 мың тенге және 800 мың теңгеден асатын сомадан  40 %-ін төлейді;

  - 800  мың теңге  1 млн теңгеге дейінс-560 мың теңге  және 800 мың теңгедеп асатын сомасының  20%-ін қайтарады;

  - 1млн теңгеден  көп болса , онда қор 600 мың теңге және млн теңгеден асатын соманың 10 %-ін , бірақ толықтай 2 млн теңгеден көп емес төлейді.

    Салымның қалған  сомасы мен соған сыйақысы (пайызы) банктің тоқтату комиммиссымен  төленеді, яғни сол салымдардың  салған ретіне сәйкес, белгіленген  заңдарымен төленеді. Үшіншіден халықтың талаптарын қанағттандырғаннан кейін тоқтатылған банк еңбеккелісіміне сәйкес қызмет атқарушы тұлғалардың еңбек келісіміне сәйкес қызмет атқарушы тұлғалардың еңбек ақысы бойынша айырысу мен өмірі мен денсаулығына залал келтіргені үшін және авторлық келісімі бойынша сыйақы төлеу үшін  жауапкершілікке тартады.

Қор салмышыға салымның қандай валютада болсын қайтарымды теңге  түрінде төлейді. Шетел валютасындағы  салым көлемі банк-қатысушылардың жабылуы  туралы сот шешімі қабылданған күнгі ресми бағам бойынша анықталады.

Жалпы нарықтың өзгермелілігіне  және экономиканың өміршеңдігіне байланысты заңдық құжаттарға өмір талабына сай  өзгертулер мен толықтырулыр енгізіліп  отырады. Басында айтқаны қордың нормативті және құқықтық құжаттары  үнемі жетілдірілуде.

2009 жылы сақтандыру обьектілерін кеңейту қарастырылды, яғни талап етуге дейінгі салымдар(депозиттер) сақтандыру обьектісі болды.

Банк-қатысушылардың міндеттері мен талаптары кеңейтілген.

Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша төлеу сеткасы қарастырылған . Мұнда 400 мың теңгеде дейін мерізімді салымдар толығымен және сыйақымен қор арқылы қайтарылды.  360 мың тенге болмасындағы доллар мен евродағы салымның 90 пайыз бірақ сыйақысы қайтарылады.

Кемшілігі: банктер жүргізетін активті операциялар көлемінің өсуі, бәсекелес тікке қарсы тұра білуінің ұлғасы банк қызметтеріне өзіндік құнның  азаюы, яғни бұлар банктің клиенттеріне тиімді.

  Қазақстанда кепілдендіру жүйесі орнығу кезеңінде өтуде, осыған байланысты бұл кезеңде сақтандыру объектісі болып тек қана жеке тұлғалардың теңге, АҚШ доллары және евродағы мерзімдік салымдары табылады. Осылайша бірінші кезекте ұсақ салымшылардың мүдделері ескерілген, өйткені халықтың басым бөлігі банктік қызмет туралы аз хабарды иеленетін салымшылар категориясына жатады. Кепілдендіру қорының салымды өтеудің ең жоғары сомасы 1млн. теңгені құрайды, өтеу сомасы ережелерге сәйкес есептелінеді. Салымдарды кепілдендіру бойынша  барлық шығындарды банктер дербес түрде сыйақы мөлшерлемесін азайту арқылы емес, оларды банктің жалпы шығындарына жатқызу арқылы қорға календарлық және басқа да жарналарды аудару жолымен жүзеге асырады. Сонымен қатар календарлық жарналар мөлшерлемесі банктердің депозиттер бойынша орнататын мөлшерлемелерге емес, қатысушы-банктің қаржылық жағдайына тәуелді. Өз кезегінде депозиттер бойынша сыйақыны төлеу қорға салынған жарна көлеміне тәуелді емес және банктің депозиттік саясатына сәйкес реттеледі. Егер сақтандырылған салым бойынша сыйақы негізгі салымның өсуіне ағытталған болса, онда осы сыйақыны қор өтейді.

Осылайша Қазақстанның банк жүйесінде жаңа құрылым ретінде  кепілдендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты қатысушы-банктерде халық  салымдардың сақтығын нақты кепілдендіру құқығын алды. Осымен Қазақстанның қаржылық жүйесінің банктік қызметтің  халықаралық стандарттарына қол жеткізудің жаңа қадамы байланысты.

2007 жылдың 9 ай ішінде жүйеге қатысушы-банктерде жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары 62,5%-ға өсті. Бұл Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі қызметінің тиімділігін растайтын, халықтың отандық банк жүйесіне сенімді қайтаорнату бойынша жұмыстардың бірінші нәтижелері болды. Дағдарыс шарттарында банктік жүйенің тұрақтылығы банктердің депозиттік базасын сақтауға мүмкіндік берді. Сыртқы займдардың қымбаттауы және жеке тұлғалар салымдарын сақтандыру жүйесін құруға байланысты Ұлттық Банктің жұмыстары шарттарында банктердің халықтан, кәсіпорындардан ақша қаражаттарын тарту бойынша белсеңді жұмыстары нәтижесінде халықтың банктік жүйеге деген сенімі артты

2007 жылдың наурыз айында банктік құпия туралы заңның қабылдануы жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша ақпараттарды алу процедурасын қатайтуға мүмкіндік берді.

2007 жылдың ақпан айында жұмысын бастаған депозиттерді коллективті кепілдендіру жүйесі 2008 жылы жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдарын да сақтандыратын болады. Осымен бірге депозиторлар шеңбері кеңейеді

Салымдарды сақтандыру жүйесі кемеліне жетпеген, бірақ жүйе жұмысын бастады және бұл маңызды, өйткені салымшылар банктерге баруда. Жүйе жұмыс істейді, бірақ моральдік  тәүекелдер оны   өйткені салымшылар «сенімділік компаниялары», «қаржылық құрылымдар», «пирамидалардан» көрген зардаптары нәтижесінде күйзелгеннен шыға алмай отыр. Банктердің депозиттік базаны кеңейту бойынша  белсеңді жұмысы банктерге сенімділіктің артуын болжауға мүмкіндік береді. Айрықша маңызды болып Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) Ережелерінің қабылдану факті табылады.

Осы ережелерге сәйкес қор  жоғарыда көрсетіліп кеткен тәртіпте ақша қаражаттарын өтейді, ал қалған сомасы банктің меншікті капитал сомасынан өтеледі [14]

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Банктер үшін депозиттік базаны нығайту өте қажетті. Жалпы  салымдар көлемінің ұлғаюы мен заңды  және жеке тұлғалар салымшылардың  ауқымының кеңейуі арқылы депозиттік операцияларды ұйымдастыру мен салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін жақсартуға болады. Бұған талап етуге дейінгі заңды және жеке тұлғалардың депозиттік шоттарын ұлғайту арқылы, клиенттердің талабын толық қанағаттандыратындай қызметті жақсарту және банкке қаражаттарды салуға ынта тудыру арқылы жетуге болады.

Депозит негізінен банкке белгілі уақытқа сақтауға, қолдануға  берілген ақша қаражат. Банк депозиттік опреацияларды атқара отырып, өзінің экономикадағы ролін, қызметін және табысын жақсарта алады. Сондықтан банктер депозиттік операцияларды жүргізуде әртүлі әдістер мен жаңа операйиялар енгізе отырып, ақшаны салымға тартуда келесі салым түрлерін ұсынады; талап етуге дейінгі, мерізімдік және жинақтық депозиттер. Осыларды жетілдіре отырып өз көздеген мақсаттарына жетуге тырысады.

Жұмысты жазу барысында  елдегі депозиттік нарықтың ағымдағы жағдайы талданған, сонымен қатар  салымдық операциялар аймағында  банктік жүйенің нақты субъектісінің  қызметі зерттеленді.

Курстық жұмыста жүргізілген  зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның депозиттік нарығында азаматтардың уақытша бос ақша қаражаттарын салымдарға тартумен байланысты жағдайдың тұрақталуы байқалуда.

Бірінші тарауда коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасу үрдісіне көңіл бөлінген, депозиттік саясаттың қалыптасуы, оның кезеңдері зерттелген, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозиттік саясаттың рөлі анықталған.

Ал, екінші тарауда депозиттердің  коммерциялық банктерде алатын орнына, Қазақстандағы депозиттік нарыққа толығымен сипаттама беріліп талдау жасалынды. Соған байланысты осы тарауда қарастырылғандай, депозиттік нарықтың соңғы жылдары бір табан алға басып дамығанын  көреміз. Бұл дегеніміз ең алдымен еліміздің салауатты саясатынан ел экономикасының жақсарғаны, яғни халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және банктің тұрақтылығы, оған деген халықтың сенімінің ұлғаюы.

Соңғы екі-үш жылда банктердегі  салым үлесінің ұлғаюы заңдық құқықтың жетілдірілуінен де болды. Ең бірінші  азаматтардың ақшасын заңдастыруда, ел экономикасына елеулі ақша құйылса, екіншіден халықтың банкке деген сенімін тудыратын «Жеке тұлғалардың салымын коллективті сақтандыру» заңының өмірге келуі коммерциялық банктерге салым салуға ынта тудырды. Солардың нәтижесінде депозиттер нарығында даму үрдісі байқалды. Соның дәлелі ретінде 2007 жылы резидентердің депозиттері 290.6 млрд. теңге болса, 2008 жылы 437.9 млрд. теңгеге жетті. Ал 2009 жылы 603.2 млрд теңге болды.

2009 жылы депозиттердің орташа үлес салмағының көлемі әрбір адамға 84 АҚШ долларынан 112 АҚШ долларына өсті. Бұл дегеніміз ТМД елдерінде Ресейден кейін екінші көрсеткіш.

Қазақстанның депозит  нарығын талдай отырып, банктік секторда жинақттардың 2008-2010 жж. өсу беталысын байқауға болады. Әсіресе мерзімдік депозиттер талап еткенге дейінгі депозиттерге қарағанда өсуде.

Сондай-ақ осы жұмыстың үшінші тарауында банк салымдарының және депозиттік операцияларының маңыздылығы  мен банк алдындағы клиенттердің қаражатын салымға тартуды жақсартудың  жолдары қарастырылды.

Депозиттік операциялар қызмет көрсетуде клиенттерді қанағаттандыру мақсатында үнемі озық әдістер мен байланыс және электрондық есеп-айырысу телекоммуникациялар жүйесін қолдану тиімді екенін көрсетеді.

Жұмыста қазіргі уақытта  коммерциялық банк алдында тұрған мәселелер қатары көрсетілген. Олардың ішінде банктің ресурстық базасының қалыптасу мәселесі және коммерциялық банктегі азаматтар салымдарының жеткіліксіз қорғалу мәселесі.

Депозиттік саясаттың  теориялық негіздерін зерттеу және салымдарға қаражатты тарту аясында қалыптасқан жағдайға баға беру АТФБанкінің депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кепілдемелер қатарын жасауға мүмкіндік берді.

Банктің ресурстық әлуетін  кеңейту және депозиттік базаны күшейту  үшін келесілер ұсынылады:

  1. Халықтың әртүрлі табыс деңгейіне бағдарлана отырып салымдардың бар тізбесін кеңейту.
  2. Жинақ сертификаттарын шығаруды игеру.
  3. Халықтың мерзімдік салымдарын болжамбаған кері алудың жағымсыз әсерін азайту бойынша шараларды қабалдау.
  4. Инфляциялық жоғалтуларды өтеу мақсатында орналастырылған салымдар бойынша сәйкес табысты алдын-ала төлеу.
  5. Клиенттер үшін жаңа ісмет – телемаркетинг қызметін енгізу.
  6. Банк қызметін активтендіру.

Курстық жұмысты жазу барысында қойылған мақсатқа қол  жеткізілді және мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер шешілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметтері туралы» заңы. 31 тамыз 1995 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» заңы. 29 маусым 1998 жыл.
  4. 1995 жылдың 31 тамызынан № 2444 өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлген “Қазақстан Республикасындағы банктер және олардың қызметi туралы” заңдық күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы.
  5. Толық экономикалық, қаржылық-несиелік, банктік, салықтық-кедендік, сақтандыру, биржалық және кәсіпкерлік терминологиялардың орысша-қазақша сөздігі/ Сүлеймен Рыхымжанұлы Тоқсанбай. – Алматы: Сөздiк-словарь, 1999.-816 б.
  6. VISA, Eurocard/ МasterCard халықаралық пластикалық карталарды беру тәртібі жөніндегі «АТФБанк»ААҚ нұсқаулығы. 9 шілде 1999жыл.
  7. Абдильманова Ш.Р. Банковский маркетинг на рынке услуг населению. Алматы: Казахская Государственная Академия Управления. 2000 год. – 387с.
  8. Алпамысов А.А. Управление депозитными ресурсами в Республике Казахстан. Автореферат. Алматы, 1998год. – 23с.
  9. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: проблемалары мен болашағы. Автореферат. Алматы, 2004 жыл-24 бет.
  10. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. – Алматы: Ќаржы – ќаражат; Раритет, 2000 год. – 456 с.
  11. Сейткасимов Ғ.С. Ақша Несие Банктер.Оқулық. – Алматы: экономика, 2001жыл. – 466 бет.
  12. Сейткасимов Г.С. Бнаковское дело. – Алматы: Ќаржы-ќаражат, 1998 год. – 576 с.
  13. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки: Учебник. – Алматы: экономика, 1999 год.- 423с.
  14. Сейткасимов А.Г. Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998 год. – 1

Информация о работе «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты