«АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................................3
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері............................................................................................................................4
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде..........................................................................................4 1.2 Банктік депозиттердің классификациясы............................................................6
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері................................................................................................9
2 «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты.....................................................14
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау.......................................................14
2.2 АТФ Банк қызметінің депозиттік операцияларын талдау................................18
2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын талдау........................................................21
3 Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары.....................................................23
3.1 «АТФ Банк» ААҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары.......................................................................................................................23
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры ..................................................................24
Қорытынды..................................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

«АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты 33 бет.doc

— 278.50 Кб (Скачать документ)

Банк «АТФ Лизинг»  деп аталатын лизингтік компанияның  құрылтайшысы болып табылады.

АТФБанктің филиалдық  желісі өте кең, 2003 жылдың маусым айында банк 14 филиалды иеленді. Онда жұмыскерлердің барлық саны 1437 адам.

Филиалдық желісті қозғай отырып, Астана қаласында АТФБанкі өз филиалын 1998 жылдың маусым айында ашып, қызметін бастады. Филиал бас банктің  сенімхаты негізінде жеке және заңды  тұлғаларға қызмет көрсетеді. Филиалдың  ұйымдық құрылғысы коммерциялық банктің филиалын басқарудың жалпы жұрт қабылдаған сызбанұсқасына сәйкес келеді

Ұсынылған сызбанұсқаға қарап Астана қаласындағы АТФБанк  филиалының бөлімдеріне сипаттама  беруге болады.

Несиелік бөлім –  қаржылық несиені беру, несиелік желі ашу, несиелік шот ашу, қарызгердің несиеқабілеттілігін талдау, несиелік істердің қалыптасуы мен оларды жүргізу, берілген несие бойынша пайыздардың төленуін бақылау, сонымен қатар кепілге берілген мүліктің жағдайын бақылау мен банкаралық несиелендіру жұмыстарын жүзеге асырумен айналысады.

Валюталық бөлім –  валюталарды сатып алу-сату есебін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәсіпорындардың экспорттық импорттық  операциялары бойынша валюталық  құндылықтарды тасымалдаумен, валютаны сатып алуды бақылаумен және банкте валюталық құндылықтарды сақтаумен айналысады.

Бөлшектік бизнес бөлімі – заңды және жеке тұлғалардан  әртүрлі мерзімге және әртүрлі валютада салымдарды қабылдайды, салымдар бойынша  пайыздарды есептейді, құндылықтарды  уақытша сақтау үшін сейфтік ұяшықтарды ұсынады, сонымен қатар халықаралық Western Union аударымдар жүйесі арқылы әлемнің 190 еліне 15 минут ішінде ақша аударымдарын, Contact жүйесі арқылы әлемнің 70 елдерін қамтитын ақша аударымын жүзеге асырады. Сонымен қатар АТФБанк Қазақстан бойынша өзінің аударымдар жүйесі арқылы шотты ашу арқылы және шоттың ашылуынсыз аударымдарды жүзеге асырады.[12]

Операциялық бөлім –  клиенттерге шоттарды ашады және оларды жүргізеді, заңды тұлғаларға кассалық-есеп айырысу қызметін көрсетеді, және солардың тапсырыстары бойынша  қолма-қол және қолма-қолсыз есепайырысулар жүргізеді.

Касса – қолма-қол  ақшаларды инкассациялау, сақтау, қабылдау мен беруді жүзеге асырады.

Пластикалық карта секторы  – пластикалық карталарды ресімдейді, клиенттерге олардың берілуін жүзеге асырады, клиенттердің шоттарын жүргізеді, шоттарды бақылайды, банкоматтарға қызмет етеді, әлемнің кез келген нүктесіне аз уақыт ішінде экспресс-аударымдарды жүзеге асырады.

Бухгалтерлік  есеп бөлімі – бас кітаптің шоттар жоспарын, балансты жүргізеді, банк басшыларына қаржылық және экономикалық ақпаратты ұсынады.

Әкімшілік-шаруашылық бөлім -  бухгалтерлік есеп деректері  негізінде ағымдық және соңғы  есеп-қисабтарды жасайды, салықтарды төлейді, шаруашылық құралдардың есебін жүргізеді, негізгі қорлардың ішкі бухгалтериясын жүргізеді, сонымен қатар мүлікті есепке алу мен қайта бағалауды жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын талдау

 

Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктері – жалпы қаржы  жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып  отырған алдыңғы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің қызметіндегі депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік пассивтік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған болса, несиелік активтік операциялар осы тартылған қаражаттарды орналастыруға бағытталған. Бұл жағдайда салым иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит пен несиелік қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Мұнда айта кететін бір ерекшелік – депозиттік қатынастардың субъектілері де бола алады. Сондықтан банктің бұл екі операциясы да – жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операциялар.  

7-сурет - Коммерциялық банктердің несиелері мен депозиттерінің құрылымы

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделі де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін әр уақытта өзіне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлардың әсері депозит нарығының дамуына да әсер етеді. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзінің жеке заңдылықтары мен ерекшеліктеріне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған және  статистикалық мәліметтер   негізінде депозит нарығына мінездеме бере отырып, оны салыстырмалы талдау негізінде көрсетуге болады. Депозиттерге әрбір кезең мәліметтері бойынша салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ , банк жүйесіндегі депозиттердің 2007 жылдың қаңтарынан бастап 2010 жылдың тамызына дейін қарқынды өсетіндігін байқауға болады. Бұл өнім 2006 жылдың қаңтарында 73464 млн. Теңгеден 2010 жылдың тамызында 497904 млн. Теңгеге дейін өсіп, 7 есеге жуық көлемді құрады.

  

Кезеңдер

            Кезең соңындағы депозиттер (млн.теңге) 

 

Барлығы

Валюта түрлері          бойынша

Субъектілері бойынша

Өтімділік дәрежесі бойынша

Ұлттық валюта

Шетел валютасы

Банктік емес заң-ды тұлғалар

Жеке тұлға-лар

Талап ет-кенге де-йінгі  депозит-тер

Мерзімді депо-зиттер

Қаңтар 2005

73514

54226

19288

45648

27866

51426

22088

Тамыз 2005

83457

55585

27872

51905

31552

50510

32947

Қаңтар2006

73464

44497

28967

44511

28953

42566

30898

Тамыз 2006

120681

63424

57257

80781

39900

70780

49901

Қаңтар 2007

168156

83764

84392

113301

54855

91543

76613

Тамыз 2007

284750

117947

130804

175661

73090

122632

126219

Қаңтар 2008

284533

134744

149788

192826

91706

119499

165034

Тамыз 2008

391463

161581

229882

226772

164691

152985

238478

Қаңтар 2009

420725

150284

270440

233255

187470

126125

294599

Тамыз 2009

497904

206371

291533

275647

222257

144451

353453

Қаңтар 2010

581933

235466

346467

327809

254123

175752

406180

Тамыз 2010

703135

326834

340301

403950

299184

234214

468921


           Ұлттық банктің мәліметтері негізінде  әзірленген

8-кесте - Коммерциялық банктердің депозиттері және оның құрылымы

 


2006 жылдың қаңтарынан, 2006 жылдың тамызына дейін барлық  депозиттер сомасы 73464 млн. Теңгеден 120681 млн. Теңгеге дейін өсті. Бұл  47000 млн. теңгені құрады. Міне осы  кезден бастап Қазақстан Республикасының  Банк жүйесіндегі жеке және  заңды тұлғалардан депозиттік салымдары үздіксіз өсу үстінде.

2007 жылдың қаңтарынан  бастап 2008 жылдың қаңтарына дейінгі  аралықта депозит сомасы 168 156 млн. Теңгеден 284 533 млн. Теңгеге дейін өсіп, жалпы өсім 116 000 млн. теңгені құрады. Бұл өсімдегі ерекше жағдайды 2007 жылдың тамыз айымен салыстырғанда көруге болады. Онда қаңтардағы 168 156 млн. теңге тамыз айында 248 750 млн. теңгеге жетті. Осы аралықтардағы депозиттердің өсімі 80 000 млн. теңгеге жетті.

3   Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары

 

3.1  «АТФБанк»  ААҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру

құралдары

 

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер алдында пайда болатын  мәселелердің бірі – ресурстық базаның  қалыптасуы болып табылады.

Ресурстық база микроэкономикалық  фактор ретінде коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлемқабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Коммерциялық банк қызметінің масштабтары мен табыстың мөлшері банк әртүрлі ресурстар нарығында, әсіресе депозиттік нарықтарда алатын ресурстар көлеміне қатал тәуелді. Осыдан банктер арасында ресурстарды тартуда бәсекелі күрес пайда болады.

АТФБанктің ресурстық  әлуетін кеңейту мақсатында өзінің депозиттік саясатын жандандыру қажет. Осыған байланысты банк жұмысының басым  бағыттарының бірі болып клиенттерге  қолайлы салымдар тізімін кеңейтуге  және клиенттер қолайлығы үшін ісметтердің жаңа түрлерін енгізуге бағытталған сауатты депозиттік саясат жүргізу жолымен депозиттік портфельді біртіндеп ұлғайту табылады.

АТФБанктің депозиттік саясаты азаматтардың барлық әлеуметтік және жастық топтардың – жұмыскерлер  мен зейнеткерлердің, жастар мен орта жылдағы адамдардың қажеттіліктерін ескеруі қажет, сонымен қатар табысы аз отбасылары мен орта және жоғары табыс алатын адамдарға бағытталуы қажет.

АТФБанктің депозиттік базасын кеңейтуге бағытталған  шаралар кешеніне қаржылық және маркетингтік құралдардың қатары кіреді: 11-суретте көрсетілген.

Банк әрбір клиентпен  ұзақ мерзімдік серіктестік қатынастарды орнатуға ұмтылуы қажет. Осы мақсатта банк клиенттер қажеттіліктерінің  дамуын, банктік бизнестің жаңа бағыттарының пайда болуын болжау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, банктік өнім мен ісметтердің толық спектрін дайындап ұсыну қажет.

Осылайша АТФБанк баланың  оқуына және сыйлық алуға ақша қаражаттарды жинақтау үшін «Біздің сыйлық» деп  аталатын салымның жаңа түрін ұсына  алады. Салым кәмелетке толмаған кез келген салымшы тұлға атына салына алады. Депозит екі жылдық уақытқа және қайта салу мүмкіндігімен ашылады.

АТФБанктің депозиттік базасын кеңейту мақсатында біздің ойымызша,  жинақ сертификаты  сияқты қаражаттарды тарту құралына көңіл аудару қажет, бұл әлуетті клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де тиімді болады. Қарапайым депозиттік келісімдермен жасалған мерзімдік салымдар алдында сертификаттар елеулі артықшылықтарды иеленеді. Жинақ сертификаттарын шығару банк үшін бірнеше тиімді жақтарды иеленеді. Біріншіден, сертификаттарды шығарған кезде ақша қаражаттар шаруашылық субъектілерді несиелеуге бағытталатын міндетті резервтер қорына аударылмайды. Екіншіден, сертификаттардың таратылуы мен айналысында мүмкін қаржылық делдалдардың үлкен саны арқасында әлуетті инвесторлар шеңбері кеңейеді. Осыдан басқа, жинақ сертификатының иесі үшін елеулі тиімді жақтары бар. Мысалы, сертификаттар иесі салық салынған кезде табыстың аз үлесін жоғалтады, өйткені сертификаттар бойынша табысқа салық салу бағалы қағаздар бойынша табысқа салық салуға ұқсас. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың қайталама нарығында сертификат мерзімінен бұрын өзге тұлғаға сатыла алады, сақталған мерзім үшін табыстың бөлігі алынады және мұнда банк ресурсының көлемі өзгермейді, ал салым иесі мерзімінен бұрын мерзімдік салымды кері алатын болса, онда клиент үшін табыстың бөлігі жойылады, ал банк үшін ресурстар бөлігінің жойылуын білдіреді. [13]

Осы сұрақ шегінде  келесі фактті белгілеу қажет: банктің  ресурстық базасын нығайту мақсатында халықтың мерзімдік салымдарын болжамбаған кері алуы банктің қаржылық жағдайына кері әсер етуді азайту бойынша шараларды қабылдауға қажеттілік пайда болады. Қарастырылып отырған несиелік ұйым үшін депозиттерді мерзімінен бұрын кері алудан қорғау келесі көзқарас тұрғысынан тиімді болады, егер осы жаңа енгізілім кезінде банк экономика үшін өте қажетті орта және ұзақ мерзімдік несиелеуді кеңейту үшін халық депозиттерін толық өлшемде пайдалана алса. Ал халықтың салымды мерзімінен бұрын кері алудың мүмкінсіздігін өтеу  үшін банк клиенттерге шектеулі мерзімі бар кері алынатын салым бойынша неғұрлым жоғары пайыз ұсынуы қажет.

Жоғарыда айтылғандармен қатар АТФБанк депозиттерді тиімді басқаруды жүргізу үшін заңды  және жеке тұлғалардың мерзімдік  салымдарын сақтау кезеңінің оңтайлы көлемін анықтау қажет. Банк депозиттерінің мерзімдері несиелердің айналымдылық мерзімдерімен байланысты болуы керек.

Телефон арқылы клиенттік  сервис қызметі аса егжей-тегжейлі ақпарат 

Осылайша АТФБанк депозиттік саясатты дайындаған кезде оны оңтайландыратын белгілі бір критерийлерді басшылыққа алуы қажет, олардың ішінде мыналарды белгілеуге болады:

    • банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін депозиттік, несиелік және банктің басқа да операциялардың өзара байланысы;
    • тәуекелді азайту мақсатында банк ресурстарын әртараптандыру;
    • клиенттер бойынша депозиттік портфелді саралау;
    • әртүрлі клиенттер топтарына сараланған тәсілдеме;
    • банк өнімдері мен ісметтердің бәсекеге жарамдылығы.

АТФБанкінің депозиттік саясатының жетілдіруге және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуде оның ролін көтеруге ұсынылатын жолдардың кейбіреулері осындай.

 

3.2 Халық салымдарын  сақтандыру қоры 

 

Ұлттық Банк басқа  банктермен бірге салымшылар ақшасының  сақтығын жетілдіру (күшейту) үшін Қазақстан  Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құрды.  

Бұл жүйе 1999 жылы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының №399 қаулысына  сәйкес жеке тұлғалардың депозиттерін (салымдарын) төлеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Осы қаулы 2000 жылдың 16 ақпанынан  күшіне еніп өз қызметін атқара бастады. Мұнда ең алдымен теңгелік және долларлық  мерзімдік салымдарға сақтандыру жасалса, 2002 жылдың 13 сәуірінен бастап халық пен кәсіпорындардың теңгедегі ағымдық салымдарын сақтандыруды бастады.

Қордың негізігі мақсаты  банктің клиенттерінің мүддесін қорғау, банк-қатысушының қызметін тоқтату кезінде салымшылардың  салымын қайтаруын кепілдейді.

Салымдарды кепілдіру жүйесі келесі негізде қызмет атқарады:

Ұлттық Банкпен  жарғылық капиталы 1 млрд. тенге құрайтын "Қазақстанның Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдіру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік  қоғамын құрады. Бұл қор банктерден жарна алып (тартылған салымдардан  төлем аудару), сол арқылы жүйеге қатысушы - банктер мәжбүрсіз таратылған жағдайда халықтың салымдарының бөлігін қайтарып беру.

 Қор өз ақшаларын   халықтың салымдары бойынша қайтару  үшін қорларының сақтығын қамтамасыз  ету мақсатында өз ақшаларын  тек қана мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық Банктің  депозитіне салады.

Информация о работе «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты