Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 16:48, курсовая работа
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Кіріспе .............................................................................................................................3
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері............................................................................................................................4
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде..........................................................................................4 1.2 Банктік депозиттердің классификациясы............................................................6
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері................................................................................................9
2 «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты.....................................................14
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау.......................................................14
2.2 АТФ Банк қызметінің депозиттік операцияларын талдау................................18
2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын талдау........................................................21
3 Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары.....................................................23
3.1 «АТФ Банк» ААҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары.......................................................................................................................23
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры ..................................................................24
Қорытынды..................................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................31
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынтыландыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Депозиттік немесе жинақ
сертификаты – бұл банк-
Жоғарыда қарастырылған депозиттер банктік ресурстардың басты көзі болып табылады. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы ақша нарығы конъюктурасына және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік реттеуге тәуелді өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды жүргізе, банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша шығындар көлемін, мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып салымдарды тарту және олардың құрылымын оңтайлатуға күш салады.
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері
Депозиттік нарықтың даму мәселелерін анықтау мақсатында SWOT-талдау жүзеге асырылды. SWOT-талдау - бұл депозиттік операцияларды жүргізуде әлсіз және күшті жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау.
Коммерциялық банктерде ішкі және сыртқы орта бар, онда өзгерістер болады. Ішкі орта (немесе микродеңгей) өзіне қаржылық менеджмент, кадр менеджменті және банктік маркетингті қосады. Сыртқы орта (немесе макродеңгей) тікелей әсер ету және жанама әсер етудің сыртқы орталарынан тұрады. Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына салымшылар: жеке және заңды тұлғалар, бәсекелестер кіреді. Жанама әсер етудің сыртқы ортасы келесі факторлардан тұрады: экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық.
Депозиттік саясаттың жалпы принциптеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің макроэкономикалық деңгейде жүргізетін мемлекеттік ақша-несиелік саясаты үшін де, және әрбір нақты коммерциялық банк деңгейінде жүргізілетін саясат үшін бірыңғай принциптер жатады. Оларға ғылыми негізділікке, оңтайлылыққа және тиімділікке кешендік тәсілдеме принциптерін, сонымен қатар банктің депозиттік саясаттың барлық элементтерінің бірлігін жатқызуға болады. Кешендік тәсілдеме банктің депозиттік саясатының теориялық негіздері мен басым бағыттарын әзірлеуде, сондай-ақ банк дамуының кезеңі үшін ең тиімді және оңтайлы тәсілдер мен оны жүзеге асырудың әдістерін анықтауда көрінеді.
2
-сурет - Коммерциялық банктің депозиттік саясатының субъектілері мен объектілерінің құрамы
Депозиттік саясаттың айрықшалықты принциптеріне банк шығындарының оңтайлы деңгейін, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін, сенімділігін қамтамасыз етудің принциптері жатады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттады кейін оларды орналастыру мақсатында шоғырландыра отырып, банк өзінің қызметін жүзеге асыратын нарық реалийін ескереді.[3]
Анықталған принциптерді ұстану банкке депозиттік үрдісті ұйымдастыруда стртегиялық және тактикалық бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
3-сурет - Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру принциптері.
Депозиттік саясаттың қалыптасуы келесі үш кезеңде жүзеге асырылуы тиіс:
4-сурет - Депозиттік саясат қалыптасуының кезеңдері
Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің қажеттіліктерін зерттейді, яғни депозиттердің қандай түрлері аса тартымды, қандай пайыздық мөлшерлемелерді депозиттің қай түріне орнату керек. Бұның барлығын жүзеге асырғанда операцияларды жүргізү бойынша банк мүмкіндіктерін ескеру керек. Бұл кезеңде сондай-ақ банк нарықты талдау мен зерттеуді жүзеге асырады, оған нарықтың қоршаған ортасын және бұл нарықта банктің орны рөлін талдау жүзеге асырылады. Яғни банктің географиялық орнын, клиенттерге жақындығын, филиалдық желістің жеткіліктігін, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің болуын зерттеу және оларды депозиттік саясатты жасаудың бастапқы кезеңінде ескеру қажет.
Депозиттік саясатқалыптасуындағы кезеңдер негізінде коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы ұсынылады.
Ұсынылатын стратегия
4.1-кесте - Депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы (А банкінің мысалында)
А Банкі |
1. Депозиттік ісметтер нарығында А банкінің рөлі. |
2. Депозиттерді тарту бойынша А банкінің негізгі мақсаттары. |
3. А банкіндегі негізгі мәселелер. |
4. Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын тәуеклдердің талдау. |
5. Банкке әлуетті және жеңа клиенттерді тарту мүмкіндіктерін талдау. |
6. А банкінің депозиттік портфелінің қалыптасуы. |
7. Қаржылық нәтижелерді талдау. |
Басты әрі маңызды мәселе болып Банк ісметтері нарығында Банк рөлін анықтау болып табылады. Банк жуйесінде Банк қандай орынды алатынды анықтауға байланысты оған әрі қарай қойылған тапсырмалардың орындалуы тәуелді. Бұл кезеңде бәрінен бұрын банк қарекет концепциясын жасап, өзін көрсету керек. Бәсекелестер, салымшылар және банктің қызметкерлері бұл үрдістің тікелей қатысушылары болып табылады. Яғни олардың көзқарастарын және ойлаған келешектегі мақсаттарды анықтау үшін басшылыққа алу керек.
Банктің негізгі мақсаттары болып:
Банктерде депозиттік операциялар жұмысы бойынша кездесетін мәселелер.
Ішкі мәселелерге:
Сыртқы мәселелерге:
Банкке депозиттік операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттер тобы бойынша тәуеклдерді бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану қажет, әдістер белгілі бір кезең ішінде рестурстардың жалпы сомасының ауытқуын аңғаруға мүмкіндік береді.
Банк жеке және заңды тұлғалар депозиттері нарығында қандай позицияларды алатынын талдауы қажет. Азаматтардың салымдары өзінің экономикалық табиғаты жағынан және банктің өзі мен тұтастай несиелік жүйені несиелік ресурстар қамтамасыз етуде рөлі бойынша біртекті емес. Мысалы: талап етілмелі салым ақша базасында және қолма-қолсыз төлемдік айналым шоттарында дамыса, оларды жинақ салымдарынан ерекшелеу қажет, олардың бас функциясы болып ақшалай жинақтарды ұйымдастыру болып табылады. Соңғысы өз кезегінде екі негізгі нысанда: жинақ ақша салымы және жинақ ақша сертификаты нысанында шығады.
Банк үшін құралдарды
тартудың негізгі көзі болып клиенттер
депозиты табылады, олар барлық міндеттемелер
сомасының үлкен бөлігін
Қаржылық көрсеткіштердің есеп-қисапы негізінде мамандармен жасалады.
Осылайша, депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясын таңдау және жүзеге асыру әр банктің айрықша құзыреті болып табылады. Бұл стратегияның әрбір адымы өзінің ерекшеліктерін иемденеді, бұларды банк нарыққа шығарарда талдауы қажет [4,5,6]
2 «АТФ Банк» АҚ-ның депозиттік саясаты
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау
АТФ Банктің депозиттік саясат облысында маңызды бағыт болып халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын депозитке тарту табылады. Банк 6,9 айға қысқа мерзімдік депозиттерді тартуға тырысады, өйткені бұл мерзімдер клиентураны несиелендіру бойынша мерзімдермен жақсы байланыстырылады. осындай депозиттердің басымдылығының басқа факторы мынада: банктік операциялар табыстылығына қатысты қысқа мерзімдік болжауларды жасау оңай және cәйкесінше қаржылық нарық конъюктурасына тез бейімделу жеңілге түседі. Депозиттік қызмет көрсету жүйесінде салымдардың қосалқы жүйесі өте икемді және кез келген салымдарға келтірілуге қабілетті. Банк депозиттердің жаңа түрлерін жасау жұмысын жүргізуде.
АТФ Банк депозиттердің бірнеше түрлерін ұсынады. Олардың көмегімен ақшаның сақталуымен қатар көбеюі қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні АТФБанк салымдардың келесідей түрлерін қабылдайды: «АТФ КЛАССИК», «АТФ КОМФОРТ», «АТФ ПЕРСПЕКТИВА», «АТФ КАПИТАЛ», «АТФ МОМЕНТ» ЖӘНЕ «АТФ ПРЕСТИЖ». Депозиттердің барлығын не ұлттық, не шетел валютасында, резиденттерге және резидент еместерге (шетел азаматтарына) ашуға болады. Айтылған депозиттер түрлерінің барлығы өздерінің ерекшнліктерін иеленеді.
«АТФ Классик» айдан 2 жылға дейін, «АТФ Момент» 3 айдан 9 айға дейін, депозиттің бұл түрі салым бойынша табысты алдын-ала алуға мүмкіндік береді, «АТФ КОМФОРТ» 3 айдан 12 айға дейін, қосымша салымдарды қабылдау және 50%-ға дейінгі көлемде шоттан ақшаны шешу мүмкіндіктерін береді, «АТФ Перспектива» 5 жылдан кем емес мерзімге салынады, алғашқы салым мөлшері 50 мыңнан кем емес сомада, қосымша салымдары қарастырылған белгілі бір үшінші тұлға атына ашылатын банктік шот, «АТФ Капитал» 3 айдан 5 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі депозиттің барлық мерзімі ішінде өзгермейді, «АТФ Престиж» 12,5 айдан 36 айға дейін, депозит бойынша пайыз депозиттің барлық мерзімі ішінде тұрақты.[7,8]