Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 16:48, курсовая работа
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Кіріспе .............................................................................................................................3
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері............................................................................................................................4
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде..........................................................................................4 1.2 Банктік депозиттердің классификациясы............................................................6
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері................................................................................................9
2 «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік саясаты.....................................................14
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау.......................................................14
2.2 АТФ Банк қызметінің депозиттік операцияларын талдау................................18
2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын талдау........................................................21
3 Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары.....................................................23
3.1 «АТФ Банк» ААҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары.......................................................................................................................23
3.2 Халық салымдарын сақтандыру қоры ..................................................................24
Қорытынды..................................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................31
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ..............................
1 Коммерциялық банкте депозиттік
саясат қалыптасуының теориялық негіздері.....................
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі
ретінде.......................
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасуының негіздері.....................
2 «АТФБАНК» ААҚ-ның депозиттік
саясаты.......................
2.1 АТФ Банкінің депозиттік саясатын талдау........................
2.2 АТФ Банк қызметінің депозиттік операцияларын
талдау........................
2.3 Қазақстанның депозиттік нарығын
талдау........................
3 Депозиттік саясатты жетілдірудің
жолдары.......................
3.1 «АТФ Банк» ААҚ-ның депозиттік саясатын
жетілдіру құралдары.....................
3.2 Халық салымдарын сақтандыру
қоры .........................
Қорытынды.....................
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік
саясаттың қалыптасу
Осы курстық жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
Зерттеу объектісі. «АТФ Банк» ААҚ-ның қызметі.
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының негіздері
құрудағы негізгі көзі ретінде
Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Казахстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың– салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды .
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл слымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Каценеленбаум З.С. банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: «Депозиттер салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде… бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатынпайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды». [1]
Сонымен, депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді, банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма – банк атқарған бос ақша қаражатты тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі-бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл – салымға ақша қаражатарын тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер немесе несие-қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті депозит) операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.
Депозиттік операциялардың
негізінде коммерциялық
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы
Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысыны бойынша , салымшылар категориясы бойынша , мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
Талап еткенге дейінгі депозиттер- белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез клген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбйді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берулуі мүмкін.
Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады. [2]
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокоррентік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.