Ақшаның, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 13:21, реферат

Краткое описание

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Ақшаның экономикалық мәні және маңызы.
1.1. Ақшаның пайда болу тарихы..............................................................................5
1.2. Ақша теориялары................................................................................................12
ІІ. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Ақшаның қызметтері..........................................................................................17
2.2. Қазіргі заманғы ақша түрлері............................................................................27
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары...........................................................................................................30
Қорытынды.................................................................................................................35
Қолданылған әдебиет................................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша несие банктер.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі таңда айналымда алтын монетаның жоқ болуына байланысты, несиелік ақшалар (банкноттар) алтынға айырбасталмайды, әлемдік ақша ретінде алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылады. Бірақ та ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап төлем құралы ретінде еркін айырбасталатын валюта тарапынан ығыстырыла бастады, яғни шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан қабылданады. Мұндай валюталарға американдық доллар, евро және фунт стерлинг жатады. Америка Құрама Штаты доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында (тауар айналымының 70 пайызға жуығы) кең қолданылатын төлем құралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызға жуығы евро, басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұндай, металл долларға экспортқа шығарылады.

Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқанда Халықаралық валюталық  қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР), Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты, Варшава келісімі елдері арасында ауыстырылған рубль қолданылады, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

Жаппай сатып алушылық құралы ретінде  толыққұнды әлемдік ақшалар (алтын) елдер арасында өзара қарым-қатынастар және есеп айырысулардың қалыпты  режимі бұзылған кезде немесе жоқ  болған жағдайда әрекет етеді (астық  шықпауы, берекессіздік апаттар және тағы басқалары). Мысалы, ХХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанда астық өнімдері шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.

Ақшаны қоғамдық байлықтың абстракциялық  заттанған формасында пайдалану  мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.

Егер елдің төлем балансы  активті болса, яғни экспорт импорттан  үлкен болса, онда еркін айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруға бағытталады, егер төлем балансы теріс болса, онда керсінше, резервтердегі айырма жабылады.

Біз қарастырған ақша қызметтері бір-бірімен  өзара байланысқан, бір-бірін толықтырады  және жаппай балама ретінде ақшаның біртұтас мәнісі айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. Логикалық және тарихи тұрғыда әрбір келесі қызмет алдыңғылардың танымал дамуын алдын ала көрметеді. Ақша қызметінің өзара байланысының негізі болып құн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Бұл өте орынды, өйткені ақшаның бұл қызметі болмаған жағдайда барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толық құнды атқара алмайды.

 

2.2. Ақшаның түрлері

 

Ақша айналымы жүйесінің негізгі  екі түрі бар: 1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады. 2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.

Тарихи металл ақша айналымның биметаллизм  және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI-XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен ара салмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты.  Сөйтіп, биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептеленетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталды. Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі алтын монеталы стандарт. Ол бірінші-дүниежүзілік сқғысқа дейін қолднылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуы мен сипатталады. Екіншісі- алтын кесегі стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшклігі құн өлшеменің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандарттың бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі- алтын девиздер стандарты, ол 20- жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.

XX ғасырдың 30- жылдардан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымда айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.

Ұлттық валютаның бағамын қазақстандықтардың салыстырмалы бәсеке қабілеттілігіне  теріс ықпал етпейтін шекте ұстап  тұру үшін Ұлттық Банк валютаны ішкі валюта нарығында сатып алуды жүзеге асырады. Бұл халықаралық резервтің  өзінің негізгі көзі болды және ұлттық қор қаражатының одан әрі жинақтауына жағдай жасады.

Америка Құрама Штатының ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ долары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады.

Ұлыбритания ақша бірлігі – фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен ХІІ ғасырданбастап айналымға енген. 1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан – 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған.

Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған  елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. Еуропалық Одақтың еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма-қол ақшасыз айналымның есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма-қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.

Ресейдің ақша жүйесі 1995 жылдың 12 сәуірінде  қабылданған «РФ Орталық банкі туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең.

Сонымен, экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын-қағаз және несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге  ие болса да, олар көп жағынан бір-біріне ұқсас. Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы  ақша жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары.

 

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХV – XVII ғасырларда қалыптаса бастады.

Ақша жүйесі өз эвалюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне  тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырадды. Әрбір мемлекеттің  өз ақша жүйесі бар. Ол мынандай элементтерді қамтиды:

1. Ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі. Олар:

- ақша жүйесін орталықтандырылған басқару принципі;

- тиісті болжауларды жасау негізінде  ақша айналымын жоспарлау принципі;

- ақша айналымының тұрақтылығы және икемілік принципі;

- ақша эмиссиясының несиелік  сипатының принципі;

- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;

- Орталық банк тәуелсіздігінің  принципі.

2. Ақша бірліктерінің атауы.

Ақша бірлігі – барлық тауар  бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері.

Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан  Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.

Теңге мен алтын немесе басқа  да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.

3. Ақша белгілерінің түрлері,  оларды шығарудың тәртібі және  қамтамасыз ету сипаты.

Барлық төлем түрлеріне олардың  көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар –  ақшаның түрлеріне жатады.

4. Ақша айналымын ақша-несие  тұрғысынан реттеудің тетігі.

Ақша-несие айналымының тетігі – ақша-несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

5.Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік  валютаға айырбастаудың тәртібі.

Валюталық бағамы – бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.

 Ақшаны реттеу саясатының жолдары:

  • инфляцияны тежеу;
  • экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау;
  • инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономиканың өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін ұстау;
  • қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Шешу жолдары:

Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігіне іс-шараларды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс-шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Бұдан басқа Ұлттық Банк инфляцияның  таргеттеу қағидаларына көшу, нарықтық шамадан тыс өтімділігін реттеу, валюталық режимді одан ырықтандыру  жөніндегі шаралар кешенін іске асыратын болады.

Экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау үшін мұнай мен газ өндірудің ұтымды кестесін құра отырып, мұнай-газ секторы дамуының елдің экономикалық дамуына ықпалын бағалау жүргізілетін болады. Номиналдық Жалпы ішкі  өнімнің өсу қарқынымен теңдестірілген мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқанын қамтамасыз ететін фискалдық саясат және бюджеттің мұнайдан төмендету жағдайын жүргізітін болды.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық  қордың жаңа схема бойынша  жұмыс істеуге көшуі жүзеге  асырылады, бұл Ұлттық қордың экономиканың теңгерімді дамуын және экономиканың «қызып кету»қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін макроэкономикалық реттеуіш ретіндегі рөлін күшейтеді.

Инфляцияның өсуінің теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді  ынталандыру үшін Ұлттық Банк теңгенің нақты айырбас бағамының икемділігін қамтамасыз етеді, бұл бойынша бағдарды белгілеместен теңгенің қалқымалы айырбастау бағамы саясатын жүргізуді болжайды. Қажет болған жағдайда инфляциялық күтуге таралуға қабілетті валюталық бағамның қысқа уақыттық және алыпсатарлық ауытқушылықтарын әлсірету мақсатында валюталық интервенция жүргізілетін болады.

Ақша құралдарының көмегімен мемлекетті реттеудің маңызы - бұл бос ақшалардың сандық өзгеруі немесе «несие бағасының» өзгеруі пайыздық, яғни қарыз капиталының сұранымын анықтау болып табылады.

Басқа сөзбен айтқанда, экономиканың мемлекеттік реттеудің ақша-несиелік құралдардың көмегімен саудалық капиталмен ұсынылған бағасы (пайыз  ставкасы) мен санына әсер ету.

Өйткені, мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаттарымен сәйкес келетін, халық шаруашылығындағы несиелерді қолдану механизмі мен сұранымына ықпал ету.

Қазақстан Республикасында ақша эмиссиясы 3 функциясына ие:

1. экономиканың айналым әдістерімен, төлеммен, жинақпен, әлемдік ақшамен қамтамасыздандырылуы – бұл функцияның негізгісі болып табылады. Халық шаруашылығына қажетті ақша санын, ақша айналымы мен тауарлар және қызметтердің белгілі кезеңі арқылы барлық өндірістік құндылықтарының сомасын есептеп шығаруға болады;

Информация о работе Ақшаның, несие, банктер