Ақшаның, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 13:21, реферат

Краткое описание

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Ақшаның экономикалық мәні және маңызы.
1.1. Ақшаның пайда болу тарихы..............................................................................5
1.2. Ақша теориялары................................................................................................12
ІІ. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Ақшаның қызметтері..........................................................................................17
2.2. Қазіргі заманғы ақша түрлері............................................................................27
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары...........................................................................................................30
Қорытынды.................................................................................................................35
Қолданылған әдебиет................................................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша несие банктер.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Бағалар масштабының  рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын  белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген Ямайка валюта жүйесі алтынның ресми бағасын және Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің  ақша бірліктерінің алтындық  құрамын алып тастады. Қазіргі  таңда бағалар  масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр.

Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн  өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керсінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі  көлемі өлшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын ақшаның  міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішіндеқұн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, Америка Құрама Штатында - доллар, Еуропалық Одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның  сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен роль ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкмет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді.  Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер  құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

  1. Айналыс құралы қызметі.

Бұл қызметтің маңызын тауар  айналымының Т-А-Т классикалық  формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды  басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі  айналысиа жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты  айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

Несиелік ақшалар. Тікелей тауар  айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды  тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі  ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.

Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы  балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.

Тауарлық айналымның ары қарай  дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, құн  өлшемі қызметін толыққұнсыз ақшалар  орындады, ал айналыс өлшемі қызметін – олардың белгілері: қағаз және несиелік  ақшалар атқарды.

Құн өлшемі ретіндегі ақшагиперинфляция  кезеңінде айналыс құралы қызметін атқармайды. Қазақстанда 1994-1997 жылдары  тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды. Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.

Осылайша, айналыс құралы – тауарлар мен қызметтерді сатып алу  үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу  үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің айрықша белгілерінің бірі – бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу; оны қолма-қол ақшалар атқарады, өйткені бұл қызметте ақшалар тауарар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді, онда оны толыққұнды ақшалар емес, оның орынбасарлары – қағаз және несиелік ақшалар орындайды.

  1. Төлем құралы қызметі.

Тауар өндірісі және тауар айналымының  дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың  дамуы нәтижесінде ақшаның төлем  құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т1 айналымы барысында Т-А және А-Т1 деген екі  метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені (несиені) өткеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату-сатып алу актін анықтамайды, несиені жаба отырып, тек қана оны аяқтайды.

Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның  салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама-қарсы қозғалысы  орын алады, бұл қозғалыс барысында  уақыт уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды Карл Маркс былайша сиппаттайды: «Бір тауар иесі қолма-қол тауарды сатады, ал екінші ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы несие беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады». (Карл Маркс, Фридрих Энгельс, жинақтың 23-томы, 146 бет).

Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге  қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.

Ақшаның төлем құралы ретіндегі  қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеделдетіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көттеген тауар иелерін, сатушылар ме сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелерді (жеткізушінің шоты бойынша)бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (қарыз бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және тағы басқа) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.

Қазіргі кездегі қоғамда несиелік, электрондық ақшаның дамуы кезінде есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу қолданылады, яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақшаларды қолданады: еңбекақыны төлеу, сыйақы беру, жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және ипотекаға несие беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және тағы басқалары.

  1. Жинақтау және қорлану құралы қызметі.

Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т1 айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т1 бөлінуімен байланысқан. (К. Маркс, Ф.Энгельс, жинақ, 23-том, 146-бет).

Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және тағы басқа түрде сақтай алады. Бірақ ақша көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

Бірақ та жоғары инфляция кезінде  ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қолданудан және жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Республикалар дербестігін алған кезде толығымен жоғалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының елеусіз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақ құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс және міндетті түрде нақты болуға тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын, күміс, платина) атқарады, бірақ ол қағаз, несиелік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде өз қызметін жоғалтады.

Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.

2005 жылдың 1 қаңтарына қарай Халықаралық  резервтік қор 8 миллиард доллардан  асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 5,3 миллиард долларды құрады.

Айтынды айналымнан шығару нәтижесінде  оның жинақ және қазыналық құрал  ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын  әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі елдің  байлығын және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры – Америка Құрама Штатында 260 миллион тройск унциясы, (1 тройск унциясы - 31,1 грамм), Германияда - 120, Францияда - 102, Ресейде - 150 миллион тройск унциясы бар.

Ақшаны жинақтау және қазыналық  қызметінің объективті алғышарты бар  және ол ақша айналысы заңымен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау аясына және керісінше жылжиды. Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондықтан ҚР Ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни бұл ақшаны сақтандыру қорына, ұлттық қорға жіберді. Осылайша, ақша айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды.

  1. Әлемдік ақшалар.

Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектеледі.

Ақшаның барлық қасиеттерін өзіне  жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы өрнектеледі. Карл Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жаппай құралы, өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызды олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқса қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

Егер ел ішінде ақша мемлекет тарпынан заңдастырылған ұлттық ақша формасында әркет етсе, онда оның шекарасынан тыс жерде Карл Маркстің пікірінше «ақша өзінен ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы – бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».

Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

Информация о работе Ақшаның, несие, банктер