Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 11:55, курсовая работа

Краткое описание

«Қаржы» термині «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «finanish» сөзінен аударылған. 16-17 ғасырларда Германияда қаржы терминін «парақор», «зұлым», «зиян» деген теріс түсінік қалыптасқан. Бірақта 18-ғасырда Франция тілінде «мемлекеттік мүлік» жиынтығы ретінде түсінік қалыптасты. Қаржы мәні тауар-ақша қатынастары дамуымен байланысты. Қаржы ақша қатынастарының ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек белгілі бір ақшалай қатынастарын білдіреді. Сол себепті оның рөлі мен маңыздылығы экономикалық қатынастардағы ақшаның алатын орнына байланысты. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісін көрсетуші болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі, қаржының функциялары және рөлі

1.2. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1.3.Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары


2 бөлім. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
сипаттамасы

2.2. МКК «Батыс Орманының» қаржылық – экономикалық жағдайы


3 бөлім. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

3.1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының және
қаржы механизмінің мәні мен маңызы

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржылык механизми жане оны жетилдиру жолдары.doc

— 739.00 Кб (Скачать документ)

Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүргізгенде  оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан  және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің  асып түсуі);

мемлекетпен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын  оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

 объективті экономикалық  заңдардың іс-әрекетін есепке  алу;

 нақты тарихи жағдайларды  есепке алу;

өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Жеке қағидаттарға мыналарды  жатқызуға болады:

қоғамда қаржы жүйесінің  ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы

 кірістер мен шығындардың  тепе-теңдігі;

бюджеттегі кірістердің  шығыстардан асып түсетін қаржы  резервтерін жасау;

салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

негізгі қаржы ресурстарын  мемлекет қармағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында тиімді бөлу;

қаржы және несие-ақша саясатының тепе-теңдігі.

 

 

 

    1. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы

 

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешілігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белігілі бір түрлері, нысандары  мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері  - экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процестегі қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.

 «Механизм» термині  экономикалық ұғымда бір нәрсені  іс-қимылға келтіретін, белгілі бір  қызметке түрткі болатын құралды  білдіреді. Бұл мағынада термин  басқаруда қолданылады және оның  мәні экономикалық, соның ішінде  қаржы саясатының да міндеттерімен  анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.

Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру  және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықиаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.

Қаржы механизмі –  экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарынұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың  амалдарын қамтиды.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы  қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі  болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл  сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмін құырылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде  анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы  жүйесі, блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды (3.2 сызбаны қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 сызба. Қаржы механизмінің  жүйесі

 

Қ А Р Ж Ы   М  Е Х А Н И З М І  (Ж  Ү Й Е)

Қ О С А Л Қ  Ы  Ж Ү Й Е Л Е Р

ҚАРЖЫЛЫҚ

ЖОСПАРЛАУ

(БОЛЖАУ)

ҚАРЖЫ

ТҰТҚАЛАРЫ МЕН

ЫНТАЛАНДЫРМАЛАРЫ

ҰЙЫМДЫҚ

ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ

Б Л О К Т А  Р

 

Қаржы болжамдары, жоспарлары және

баланстары

 

 

 

 

 

 

Қаржы көрсеткіштері

Қаржы нормалары мен  нормативтері

(ағымдағы қаржыландыруда  қолданылатындары)

Қаржы ресурстарын бөлудің  нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салықтардың мөлшерлемелері, қорларға салықтардың мөлшерлемелері, қорларға аударылған аударымдардың нормалары)

Ұдайы өндірісті және ынталандыруды қаржымен қамтамасыздандыру  қорлары

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

Қаржы қатынастарын реттейтін, заңнамалық және нормтивтік актілер

Қаржылық бақылау


 

Қаржы механизмінің қосалқы  жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды  қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары  менынталандырмалары, ұйымдық құрылым  және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржы механизмінің блогі (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты әлементтердің жиынтығы.

Қаржы механизмінің әлементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын қамтиды. Сондықтар пәрменлі жақсы  жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал  жасау, оның тиімділігін арттыру  және экономиканы өсіру үшін оны  қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасауы тұрғысынан қарағанда оның функционалдық  буындары: ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, ынталандыру және т.б. бөлініп шығады. Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымени бірге слалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Қаржы механизмінің құрамды (құрылымдық және функционалдық) буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының (әрекеттілігінің) маңызы шарты болып табылады.

Қаржы механизмінің сфералары  мен буындары жеке элементтердің  күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен  ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі  салықтардың көп түрінен тұратын  жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдарың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарда резевтік қор жүйесі кең дамыған.

Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың  мақсаттары мен міндеттерін толық  жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылықсақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

Шаруашылық және қаржы  механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер – ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпымемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштасуы, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшінмемлекеттің, аймақтың, басқарудың салалық және ведомстволқоргандарының, шаруашылық құрылымдардың ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.

Экономика дамуының қазіргі  кезеңіндегі қаржы механизмінің міндеттері  өндірісті кеңінен  демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылықжүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықтың өсуімен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі өндірістің түпкі нәтижелеріне белсенді әсер етеді.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әрбір экономикалық категорияның өзіндік ерекшелігі болады. Қаржы  механизмі экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау  мақсатында қоғам қолданатын қаржы  қатынастарын қалыптастырып, пайдалану  әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысадарын және әдістерін , олардың саны жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығы. Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйенің талдауы ретінде қосалқы жүйесі, бөлігі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланып, қарастыруы керек. Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі бұл – оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар қаржымен жоспарлар, қаржы тұрақтылығы, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың  амалдарын қамтиды.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан пәрменді жақсы жолға  қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал жасау, оның тиімділігін арттыру және экономиканы өсіру үшін оны қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады

Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға  қойылған қаржы механизмінің көмегімен  өндіріске белсенді түрде ықпал  жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар. –А:Экономика.2001.
  2. Идрисова К.К. Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизнеса.-А:Қаржы- қаражат.2003.
  3. Ильясов К.К., Идрисова Э.К. Налоги развитых зарубежных государств.-А: Қаржы- Қаражат.1997.
  4. Камаева В.Д Экономика и бизнес. Учебник под ред.- Москва, издательство МГТУ им.
  5. Карагусова Г.Д. Налоги: сущность и практика использования. –А: Қаржы-қаражат.1994.
  6. Корпоративный подоходный налог. Алматы,2002.
  7. Курманова Ғ.Т., Өтешова Ж.С. Салық және салық салу пәні бойынша экономикалық мамандықтар үшін әдістемелік нұсқау. –Орал,2004.
  8. Мельник д.Ю. Налоговый менеджмент. –М:»Финансы и статистика»,2000.
  9. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана.-А:Қаржы қаражат,1995.
  10. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Фи<span

Информация о работе Қаржы саясаты мен қаржы механизмі