Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 11:55, курсовая работа

Краткое описание

«Қаржы» термині «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «finanish» сөзінен аударылған. 16-17 ғасырларда Германияда қаржы терминін «парақор», «зұлым», «зиян» деген теріс түсінік қалыптасқан. Бірақта 18-ғасырда Франция тілінде «мемлекеттік мүлік» жиынтығы ретінде түсінік қалыптасты. Қаржы мәні тауар-ақша қатынастары дамуымен байланысты. Қаржы ақша қатынастарының ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек белгілі бір ақшалай қатынастарын білдіреді. Сол себепті оның рөлі мен маңыздылығы экономикалық қатынастардағы ақшаның алатын орнына байланысты. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісін көрсетуші болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі, қаржының функциялары және рөлі

1.2. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1.3.Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары


2 бөлім. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
сипаттамасы

2.2. МКК «Батыс Орманының» қаржылық – экономикалық жағдайы


3 бөлім. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

3.1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының және
қаржы механизмінің мәні мен маңызы

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржылык механизми жане оны жетилдиру жолдары.doc

— 739.00 Кб (Скачать документ)

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

    1. ақшалай табыстар мен қорлардыжасау;
    2. ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
    3. бақылау функцясы.

Қаржы көмегімен  мемлекет өзінің иелігіне метериалдық  өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін  алады. Бұл процесс қаржының бірінші  функциясын - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі  практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары – орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.т. жасалады.

Бұлақша қорларын нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді.

Коммерциялық  есеп пен маркетинг операцияларын  жүзеге асыруға байланысты болатын  қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы  қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсаттыарналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.

Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, теңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде  қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:

Қаржылық шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбікке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;

Қаржылық-бюджеттік  бақылау. Ол кәсіпорындар табысының  бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарыбизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;

Кредиттік-банктік  бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды ненсиелендіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы кредит берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүргізіледі.

Қаржынң экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі  тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

кірістер мен  шығыстарды ұдайы салыстырып отыру  арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың  коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

қаржы ұлттық экономикада  меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

 

1.2. Қаржы  қатынастарының объектісі ретіндегі  қаржы ресурстары мен қорлары

 

 Қаржы ғылымы  қаржыны тек экономикалық категория,  яғни айрықшалықты өндірістік  қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.

Қаржы ресурстарының  қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары – қаржылық әдіспен  қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

  1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін айтады.
  2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындауүшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі.

Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50 % құрай  отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақшакөрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.

Қаржы ресурстардың құрамында олардың аса маңызды  екі бөлігін бөліп көрсетуге  болады:

  1. мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
  2. бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.

Қаржы ресурстарының  көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі: «с», «v», «m» болып табылады (1.4 сызбаны қараңыз).

 

 

 

1.4 сызба. Қаржы  ресурстары

 

Ж а л п  ы  қ о ғ а м д ы қ  ө н і м

С

v

m

Материалдық шығындар

Қажетті

өнім

Қосымша

өнім

ӨЗІҢДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)

Амортизациялық  аударымдар

Айналымдағы қаражаттар

Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер

Ұлттық табыс

Әлеуметтік  қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза табыс (пайда)

 

 

 

Халықтан алынатын салықтар

Қарыздар мен  лотереялар

Ерікті жарналар

Жанама салықтар

(ҚҚС, акциздер, басқалары)

Роялти, бонустар

Табиғи ресурстар  үшін төлемдер

Баждар, лицензиялар  үшін төленетін төлемдер

Тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер

Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

 

Меммлекеттік  мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Сыртқы көздерден  түсетін түсімдер

(қарыздар, трансферттер, гранттар)


 

 

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорының, бюджеттен тыс  қорлардың ресурстары жасалады. Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдардың қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаркуашылық органдардың басқа қорлары қалыптасады.

Егер орталықтандырылмаған қаржы ресурстары тікелей шаруашылық  жүргізуші субъектілердің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қамтамасыз етудің басты нысаны болса, орталықтандырылған қаржы ресурстары, атап айтқанда таза табысты салық және салыққа жатпайтын төлемдер мен аударымдар арқылы қайта бөлудің нәтижесі болып табылады. Тап таза табыстың, оның көрінісінің негізгі нысанындағы пайданың өсуі қаржы ресурстары өсуінің жоғарғы немесе төменгі қарқынын қамтамасыз етеді.

Перспективада ақша қорланымдары (табыс, ҚҚС, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін  түсімдер қаржы ресурстарының негізгі көздері болып қалады.

Жекешелендіруден, мемлекет меншігінсатудан түсетін  түсімдер сияқты уақытша көздер болып  табылатын қаржы ресурстары олардың  таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдері – роялти, бонустар болып келетін қаржы  ресурстары артады.

Еңбекке ақы  төлеудің, тұтыну қорларының одан әрі  өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерінің өсуіне жеткізеді.

Мемлекеттің қаржы  ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылысының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.

 

      1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

 

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі  дамуы және нақтылана  түсуі болып  табылады.

Біртұтас қаржы  жүйесі – өзінің мәні жағынан мынадай  түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір-бірімен  өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің  жиынтығ, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан  өтті. Қаржы қатынастарының пайда  болуы кезіндегі қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір  ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен  шектеледі. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі мынадай  үш бөлікті қамтиды:

  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
  2. ақша қорларының жиынтығы;
  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда  болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Информация о работе Қаржы саясаты мен қаржы механизмі