Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 11:55, курсовая работа

Краткое описание

«Қаржы» термині «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «finanish» сөзінен аударылған. 16-17 ғасырларда Германияда қаржы терминін «парақор», «зұлым», «зиян» деген теріс түсінік қалыптасқан. Бірақта 18-ғасырда Франция тілінде «мемлекеттік мүлік» жиынтығы ретінде түсінік қалыптасты. Қаржы мәні тауар-ақша қатынастары дамуымен байланысты. Қаржы ақша қатынастарының ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек белгілі бір ақшалай қатынастарын білдіреді. Сол себепті оның рөлі мен маңыздылығы экономикалық қатынастардағы ақшаның алатын орнына байланысты. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісін көрсетуші болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі, қаржының функциялары және рөлі

1.2. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1.3.Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары


2 бөлім. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
сипаттамасы

2.2. МКК «Батыс Орманының» қаржылық – экономикалық жағдайы


3 бөлім. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

3.1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының және
қаржы механизмінің мәні мен маңызы

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржылык механизми жане оны жетилдиру жолдары.doc

— 739.00 Кб (Скачать документ)


Қаржы саясаты

ҚОҒАМДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЦИЯ





Қаржы механизмі



 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАР

 



ҰДАЙЫ ӨНДІРІС

 

 

Экономикалық категориялар

Экономикалық заңдар

                                      Өндірістік                     Өндіргіш

                                     қатынастар                       күштер  

 

Б  А  З  И  С

 

 

 

Қаржы саясаты өзіне  бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден  саясатын қамтиды. өз кезегінде мемлекеттің  қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтаса керек.

Қаржыны басқарудың бүкіл  жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына  негізделеді. Қаржы саясатын жасауға  биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпыэкономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Экономикалық заңдармен  анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар – бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайды және абстрактті, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) жәнет.т. жатады.

Қаржы саясаты нақты  шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Көбірек жалпы экономикалық категория ретіндегі қаржы абстракцияның (салықтардың, бюджеттің және т.т.) аз дәрежесі бар жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен салық саясатын, бюджет саясатын және оларға сай механизмдерді – салық, бюджет, қаржы жоспарлары, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық механизмдерді бөлуге болады.

Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты  қаржы стратегиясы мен қаржы  тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсілдеменің болмауы елдің үнемі нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, мемлекеттің жиынтық қаржы балансының тепе-теңсіздігінің өсуінен дер кезінде тиісті қорытынды жасауға және экономикадағы қажетті құрылымдық өзгерістерді уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгінгі дағдарыстық жағдайға сырғып түсуінен қорғап қалуға мүмкіндік бермеді. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасады. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Қаржы тактикасы қаржы  байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

Қаржы саясатының стратегиясы  мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді  шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын  анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге – қоғамдық –экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизімі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

Сөйтіп, қоғамдық формацияның  экономикалық заңдарымен, белгілі бір  өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын  өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық саясатпен  реттелініп отырғандатұйық, айналмалы заңдылық байқалынып отырады: шаруашылық механизм,өз кезегінде, ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін тиісті сандық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық диалектикалық бұралым түрінде (ұдайы өндірістің қалыпты жағдайында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді.

Сондықтан ұлғаймалы  ұдайы өндірістің қалыпты ағыны  экономикалық саясат пен механизмнің  құрамды бөлігі ретіндегі қаржы  саясаты мен қаржы механизміне  байланысты. Дұрыс тұжырымдалған  қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың жәнет.т. өндірістік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштеленеді), жағымсыз құбылыстарқорданылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай ситуацияның объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.

Экономикалық дамуға, әлеуметтік прогреске қаржы саясатының белсенді ықпал жасау мүмкіндіктері оны терең ғылыми негіздеуді талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалыдербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Шаруашылық құрылыстың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, экономикаға негізі қаланған мүмкіндіктерді іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.

Мемлекеттің даму тарихында  қаржыны, қаржы саясатын және оны жүзеге асыру механизмін пайдалана отырып, қоғамның міндеттерін шешудегі қарама-қарсы тәсілдемелердің мысалдары бар. Мәселен, ұзақ жылдар бойы КСРО-да қаржының, тиісінше қаржы саясатының рөлі жете бағаланбады. Осыған байланысты белгілі бір кезеңде экономикалық жүйені тұрақтандыру мен дамытуда қаржы реттеушілерінің белсенді рөлі толықтай жоғалды. Қаржыны бір орталықтан басқару шектен тыс тәптіштемеленеді (регламенттеледі) және көбінесе еркін шешімдерге негізделеді.

Қазіргі уақытта қаржы  саясатының еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежеп отырған кемшіліктері өте-мөте айқын көріне басталды. Оларға мыналар жатады: қаржы саясатының догматикалық (үзілді-кесілді, шығармашылық емес) сипаты, оның мемлекетіміздің дамуының өзгеріп отырған жағдайына тез құлақ асуға, толғағы жеткен міндеттерді шешу үшін керекті әдістерді табуға қабілетсіздігі, стратегиялық концептуалды талдамалардың жоқтығы; болмашы пайдаға бағытталған жарым-жартылай, жеткіліксіз негізделген тактикалық шараларды жүргізу; қаржы саясатының ұлттық шаруашылықтағы істің нақтылы жағдайынан қол үзуі; қаржы шаруашылығын дұрыс жүргізудің маңызды талабының – қаржыға қарай өмір сүру талабының бұзылуы; азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудың қаржы базасын анықтаудағы әлі күнге дейін орын алып келе жатқан қалдықты тәсілдеме.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың нысаны бола отырып, оған тән өзгеше тәсілдермен және әдістермен мақсатқа жетуге және экономикалық саясат қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.

Жаңа қаржы стратегиясы меншіктің әр түрлі нысандарын, нарықтық қарым-қатынастардың дамуын, тауар нарығының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалуы тиіс. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар: салық салу, қаржы ресурстарын шебер пайдалану, қаржыландыру, қаржы нарығы және басқалары. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай шаралардың икемділігі мен тиімділігін дәлелдеп отыр.

Батыстың теориялық тұжырымдамалары мен практикасында мемлекеттік салық-бюджет саясаты мен оны экономикалық процестерде іске асыру механизмінің кешенді ұғымын білдіретін «фискалдық саясат» термині пайдаланылады. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, «қоғамдық тауарларды» өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.

Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстслықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасауретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз (дискредициялық емес) фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштың» («кіріктірме тұрақтылық») іс-әрекетін қажет етеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың  іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткенқажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені  ол шаралардың ауқымды кешенін, оны  дәйекті жүзеге асыру стадияларын  қамтиды, олар:

  1. экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
  2. экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
  3. белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Қазіргі кезеңде қаржы  саясатының көмегімен шешілетін  басты міндеттердің қатарына мыналарды  жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір  нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарының  қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды  белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың  белгіленген бағыттарын орындау  үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы  саясаты мен қаржы жүйесінің  қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмрдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінентуындайды.

Информация о работе Қаржы саясаты мен қаржы механизмі