Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 11:55, курсовая работа

Краткое описание

«Қаржы» термині «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «finanish» сөзінен аударылған. 16-17 ғасырларда Германияда қаржы терминін «парақор», «зұлым», «зиян» деген теріс түсінік қалыптасқан. Бірақта 18-ғасырда Франция тілінде «мемлекеттік мүлік» жиынтығы ретінде түсінік қалыптасты. Қаржы мәні тауар-ақша қатынастары дамуымен байланысты. Қаржы ақша қатынастарының ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек белгілі бір ақшалай қатынастарын білдіреді. Сол себепті оның рөлі мен маңыздылығы экономикалық қатынастардағы ақшаның алатын орнына байланысты. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісін көрсетуші болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі, қаржының функциялары және рөлі

1.2. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1.3.Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары


2 бөлім. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. МКК «Батыс Орманының» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
сипаттамасы

2.2. МКК «Батыс Орманының» қаржылық – экономикалық жағдайы


3 бөлім. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі

3.1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының және
қаржы механизмінің мәні мен маңызы

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каржылык механизми жане оны жетилдиру жолдары.doc

— 739.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары

 

1.1. Қаржы ұғымы,  оның мәні мен қажеттігі, қаржының  функциялары және рөлі

 

1.2. Қаржы қатынастарының  объектісі ретіндегі қаржы ресурстары  мен қорлары

 

1.3.Қаржы жүйесі  және оны ұйымдастырудың қағидаттары

 

 

2 бөлім. МКК «Батыс  Орманының» ұйымдық-экономикалық  сипаттамасы және қаржылық жағдайы

 

2.1. МКК «Батыс Орманының»  ұйымдық-экономикалық сипаттамасы

        сипаттамасы

 

2.2.  МКК «Батыс Орманының»  қаржылық – экономикалық жағдайы

 

 

3 бөлім. Қаржы саясаты  мен қаржы механизмі

 

3.1. Әлеуметтік-экономикалық  процестердегі қаржы саясатының  және 

        қаржы механизмінің мәні мен  маңызы

 
    1.  Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        «Қаржы» термині «қолма-қол ақша»,  «табыс» ұғымын білдіретін орта  ғасырдағы латын тілінің «finanish»  сөзінен аударылған. 16-17 ғасырларда  Германияда қаржы терминін «парақор»,  «зұлым», «зиян» деген теріс  түсінік қалыптасқан. Бірақта 18-ғасырда Франция тілінде «мемлекеттік мүлік» жиынтығы ретінде түсінік қалыптасты. Қаржы мәні тауар-ақша қатынастары дамуымен байланысты. Қаржы ақша қатынастарының ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек белгілі бір ақшалай қатынастарын білдіреді. Сол себепті оның рөлі мен маңыздылығы экономикалық қатынастардағы ақшаның алатын орнына байланысты. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісін көрсетуші болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының барлық сферасын қамтымайды. Ақша қатынастары  ішінен тек олар арқылы мемлекеттің және аумақ бөлімшелерінің, сонымен қатар, шаруашылық субъектілерінің ақша қорларына байланысты қатынастарының мазмұны болып табылады. Осыған байланысты, жалпы қаржы дегеніміз бұл – қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу поцесінде пайда болатын айырықша экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұның қорытындысында ұдайы өндіріс қатысушыларының қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, қайта бөлінеді. Қаржының қажеттілігі тауар-ақша қатынастарының болуынан қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның қызметіне  байланысты болады. Сонымен қатар, осы  қызмет арқылы қаржының мәнін толық  алып қарастыруға болады. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы  мен қажеттілігін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар қызмет түрлерін де зерттеуді талап етеді.

        Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.

Меншік нысандарына  қарай шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері  болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың  қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер, банк кредиттері, бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар, мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады;  кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім.  Қаржының мәні, функциялары мен  рөлі 

 

1.1. Қаржы  ұғымы, оның мәні мен қажеттігі,  қаржының функциялары және рөлі

 

 

  Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.

«Қаржы» ұғымы  мемлекетпен бірге бір уақытта  қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің  дамуы мен оның ресурстарға деген  қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Экономикалық  өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар  қарадаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.

Қоғамдық қатынастардың  иерархиясында ақша қатынастары  экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді (1.1 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, ияғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.

 

    1. сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі

 


Ж а л п  ы  қ о ғ а м д ы қ  қ а т ы н а с т а  р

Ө н д і  р і с т і к  қ а т  ы н а с т а р

 

А қ ш а  қ а т ы н а с т а  р ы

 

Қ а р ж  ы  қ а т ы н а с т  а р ы

 

Салық         Бюджет      Мемлекет-             Ішкі ша-      Үй шаруа-         Сыртқы

                                                              тік несие            руашылық      шылығы           экономи-

                                                                                                                              калық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұдайы өндіріс  процесі үздіксіз жалғасып жататын  өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларының  өзара байланысты және өзара тәуелді  үйлесуі түрінде жүзеге асып жатады. Ондағы өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн тауар нысанымен айырбасталатын, яни сатып алу-сату актілері жасалатын айырбаста да қаржыға орын жоқ. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – с, v  және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалған өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады.Сөйтіп өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «с»,  «v» және «m-ге» сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады.

Ақырында, ұдайы  өндірістік процестің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім қайта жаңғыртылып, үш дербес қорда іске асады: орынды толтыру қоры, тұтыну қоры және қорлану қоры (1.2 сызбаны қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 сызба. Қоғамдық  өнімнің құнын бөлу және қайта  бөлу


 

 

 

Б ө л у

Ш ы ғ ы  н д а р

m

c

v

Материалдық шығындар

Еңбекке ақы  төлеу

Қосымша өнім

Ұлттық табыс


   


Қ а й т  а  б ө л у 

 

Орынды толтыру  қоры

 

Тұтыну қоры

 

Қорлану қоры


 

 

Нәтижесінде өнімнің  бір бөлігі жаңа ауыспалы айналымға  түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.

Қаржының қажеттігі  объективті мән-жайдан –тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен  туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып оыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 сызба. Қаржы  қажеттігінің факторлары

 

Қаржының қажеттігі

 

 

Ө

 

Н

 

Д

 

І

 

Р

 

І

 

С

 

 

Қоғамдық дамуының қажеттігі

 

 

Р

 

Е

 

Т

 

Т

 

Е

 

У

Тауар-ақша қатынастарының болуы

 

Мемлекеттің жұмыс  істеуі

 

 

Материалдық

Басқару

 

 

Өндіріс

Халықты әлеуметтік қорғау

 

 

Тауарлар 

Қорғаныс

 

 

Қызмет көрсету

Құқықтық тәртіпті қорғау

 

 

Материалдық емес

Ізгіліктік  функциялар

 

Сфера

   

 

 

Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер


 

 

  Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қазіргі уақытта  қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып  отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы  қаржы құралдарын қоғамдық жалпы  өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған  кезде көрінеді. Бұл функцияны  қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта  бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде  жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттық нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражатарына деген әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.

Қаржы көмегімен  ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:

Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

Кредиттік-банкңтік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын  жұмылдыруды және қайтарымдық негізде  кредиттер беруді білдіреді.

Информация о работе Қаржы саясаты мен қаржы механизмі