Кәсіпорынның сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 11:43, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы басқару ісі, мәселесі қазіргі таңда кәсіпорындардың тарапынан қолға алынып отырған оңтайлы әрекеттердің, пайдалы әдістің бір түрі болып саналады. Курстық жұмыста басқа елдердегі басқару ісі жүйесімен салыстырыла отырып, еліміздегі басқару ісі әрекеттерінің жан-жақты үрдістеріне тоқталдық.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың жалпы аппараты, яғни өзектілігі, мақсат –міндеті, құрылымы, әдіс-тәсілдері арқау болды. Негізгі бөлімде қарастырылған тақырыптар реті мыналар: Басқару жүйесі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі; Қаржылық және басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтар; Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорынның сипаттамасы.
1.1 «Компания «NEO Азия» кәсіпорынына сипаттамасы
1.2 Басқару бөлімінің ұйымдастыру мен құрылымы
2 Басқару есебін ұйымдастыру
2.1 Басқару есебінің түсінігі, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
2.2 Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
2.3 Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
3 Басқару есебін ұйымдастыру
3.1. Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
3.2. Басқару есебінің әдістері мен тәсілдері
3.3 Басқару есебінде шығындардың жіктелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

ПРАВИЛЬНО КУРСОВАЯ.doc

— 447.50 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық дербестік – кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.

Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.

Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болды.

Бухгалтерлік басқару есебі – шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.

Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп және басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы  және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.

Нарықтық экономика елдерінде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.

 

 

3.2 Басқару есебінің  әдістері мен тәсілдері

 

Басқару әдістері сан қилы болып келеді. Өндіріске босатылған материалдардың есептеу жолымен шығарылатын есептік бағалау әдісі — жуық есеп әдісі болып табылады. Бүгінде бүндай әдістің кең тараған үш түрі бар, олар әр қайсысы өз кезегінде оперативтік және жиынтыққа бөлінеді (орташа баға, ФИФО, ЛИФО)12.

Есептің оперативті әдісі кезінде барлық есептеулер кіріс пен шығыс операцияларын жасаудың нақты уақытывда жүргізіледі.

Орташа баға әдісі — материалды кіріске алғанда егер оның параметры бірдей болса, онда ол бір ғана инвентарлық карточкада есепке алынады. Партиялар бойынша есеп жүргізілмейді. Жаңадан келіп түскен материалдар бүрындары келіп түскендермен біріктіріліп ортақ бағасы алынады. Нәтижесіңде материалдарды өндіріске жібер-генде бір есептік бағада бір партия болады — материалдардың жалпы құнын жалпы мөлшеріне (санына) бөлумен анықгалады, бірақ сақгау орыны ескеріледі, есептік формулада болған әрбір өзгеріс міндетті түрде сақтау индексімен толықтырылады. Орташа есептік баға мына төмендегі формула бойынша есептелінеді.

К         - Б6х.-М6.к+Бк.6.-Мк6.

мбк+мк6

мұндағы:

Б^ — қорытынды есептік бағасы;

Б6к — бастапқы есептік кезеңіндегі материалдың бағасы;

М6к — бастапқы есептік кезеңіндегі материалдардын мөлшері (саны);

Бк6 — кезең бойында келіп түскен материалдың бағасы;

Мк6 — кезең бойында келіп түскен материалдардың мөлшері (саны).

Қоймадан өндіріске босатылған материалдар қорларға қарағанда ФИФО әдісі бойынша өте төмен бағамен бағаланады. Әдіс жоғары деңгейдегі табыс пен сатылған өнімнің өте төмен өзіндік құнының есебіне әкеледі. Ал, ЛИФО әдісі іс жүзінде инфляцияның шамадан тыс жоғары болған жағдайында өте қолайлы әдіс екендігін көрсетті, өйткені шығынға жазылған материалдардың ағымдағы құны нарықгық бағаға барынша жақыңдатылған — бірінші кезекте соңғы сатып алынған12ҒІҒО және ЫҒО (Ьазі іп - Ғігеі оиі) әдістерін пайдаланудың өте ескі тарихы бар. ЛИФО әдісі бастапкыда пішен есебі үшін пайдаланды. Өйткені, пішен маясынан тек маянын жоғаргы бетін алуға ғана болады, онда бірінші келіп тускен пішен ең соңғы кезекте пайдаланады. Керісінше, жүмыртқаны ФИФО әдісі бойынша есептейді, өйткені сатуға бірінші түскен жұмырткалар, сол заматта сатылуы керек. Карсы жағдайда олар бүзылады. Казіргі кезде осы әдістер ЖШС-нің есептік саясатыньщ бір бөлігі боп табылады. ЖШС кез келген әдісті таңдай алады, бірақ тек біреуін ғана және оны материалдар есебінен бастап багалы кдғаздар есебімен аяқгап, барлық есептік процедураларда колданылуы керек.

Бұл әдісте материалдық қалдықтардың құны төмендейді, нәтижесінде табыстың есептік деңгейі төмендетіледі. Халықаралық стандарттарында қорлар мен аяқталмаған өндіріс есебінің әдістері есепке алынған шығындар (1) мен есепті кезеңнің нақты шығындарының (2) арасында тұрақты түрде тиімсіз (қолайсыз) шығындардың болатындығын ескертеді. Инфляция жағдайында не ФИФО әдісін, не орташа өлшенген бағаларын қолдануды жақгайды.

Бірақта, біз өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, оны керісінше санаймыз, яғни инфляция деңгейі жоғары болған сайын, инфляцияның жағымсыз зардаптарын жұмсартуға мүмкіндік беретін ЛИФО әдісі басымды болатын сияқты. Процестік әдістер негізінде қазба байлықшығаратыр өнеркәсібінде (тас көмір, таукен, газ, мұнай және т.б.) және энергетика саласында өте жиі қолданады.

Шығындардың процестік колькуляциясы деп-өндірістің әрбір бөлімшелері өндірістік процестің жеке бөлігін орындайтын және өнімді дайындау барысында бір операциядан келесі өңдеу операциясына өтетін,ең сонында дайын өнім болып,кәсіпорын қоймасына өтетін технологиялық процестерді айтады.шығындар белгілі бір кезенде бұйымға қаттыссыз өндірістік бөлімшелер бойынша қортылады.

Бұл жағдайда өнім бірлігінің өзіндік есептеу кезінде кезендер бойынша жұмсалған өндіріс шығындарын өнімнің қандай көлеміне жатқызудың керектігін анықтау өте қиын. Әдетте есепті кезеңнің басында және аяғында аяқталмаған өндірістер болады, оларға да шығындар жұмсалады, бірақ олардың осы кезенде дайын болу – болмауы да мүмкін. Бұл мәселені шешуге өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі ғана жауап бере алады.

Өзіндік құнды калькуляциялық процестік әдісін өнімнін бір түрін сериялық жолымен өндіретін немесе үздіксіз өндірістік процесі бар ұйымдар қолданады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бөлімшелердің шеккен өндірістік  шығындарының жалпы сомасын осы уақыт аралығында өндірілген дайын өнім бірлігіне    бөлу арқылы анықталады  

Егер инфляция деңгейі болжанған сипатта болса, онда орташа бағалар әдісі жақсы нәтиже береді — қазіргі кездегі Қазақстанның тәжірибесінде осы әдістің кең тарағаны байқалады.

Процестік әдістің мынадай ерекшеліктері бар.

- жекелеген тапсырыстарға қарағанда бөлімшілер бойынша өндірістік шығындарды қуаттайды;

- тапырысты орындау үшін қажет болатын уақытты емес жылдық есептік кезеңнің бойында есептеп шығарылатын шығынды есептеуді көздейді.

  Әрбір бөлімшелер үшін жеке  аналитикалық аяқталмаған өндіріс  шоттарын ашады .

Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру  (немесе құру) отандық өндірістік есебіне, яғни «өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаумен өндіріске кеткен шығындар есебіне» ұғымдық жағынан  принципиалды жаңа талаптар қойылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарының есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялаумен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы бір-біріне ұқсас болып келеді. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де аласуы мүмкін.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау мен өндірістік шығындары есебінің әдістері деп өнімнің нақты өзіндік құнының, сондай-ақ өнім бірлігіне келетін    шығындарын,     анықтауын қамтамасыз   ететін, өндірістік шығындарын  көрсетуімен  құжаттау  тәсілдерін  жиынтығы   түсіндіріледі.

Экономикалық әдебиеттерде жиі калькуляциялауды өнімнің (жұмыс, қызмет) жекелеген түрлері бойынша есептейтін экономикалық жүйесі ретінде санайды.

Сондықтан, өнімнің түрлеріне және оны өңдеуге технолгиялық процестерінің типтеріне тәуелді болып келетін  калькуляцилаудың әртүрлі әдістерін қолданылады. 

Калькуляциялау мен шығындар есебінің әдісін ШС дербес тандайды, өйткені олар мынадай жеке факторларға,  атап айтсақ: қандай салаға жататындығына, көлемдеріне қолданылатын технологияларына, өнім ассортименттеріне, ШС индивидуалды ерекшеліктері тәуелді болып келеді. Сондықтан әдістерінің әр қайсысы не нақты, не орташа, не жоспарлы шығындарды, сондай-ақ олардың толық немесе ішінара есептері кезінде есептеу үшін қажет. Калькуляциялау әдісі калькуляциялаудың бір түрімен шектелмейді.

 

 

3.3 Басқару есебінде шығындардың  классификациясы (жіктелуі)

 

Бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

Демек, бідің пікірімізше, шығындардың жіктелімі басқару мәселелерінің шешу үшін құрал ретінде, яғни шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процесіне қатысды. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білуі керек. Релевантты шығындар деп тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін, болашақ шығындарды еептеуге болады.

Шығындарды жіктеудің мақсаты - жалпы массадан тек релевантгы шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты). Сондықтан, жіктеудің әдістері (немесе жіктеу багаттары) басшьшың алдыңда турған нақгы мәселелерден тәуелді болып кёледі. Басқарушы есебінің осындай негізгі мәселелеріне (немесе бағъптарына) мыналар жатады:

- бірінші бағыт - жай өндірістік есеп, ондағы негізгі міндеті: өнімді 
сатудан күтілетін табыс (қызметгерден, тасымалдаудан, сатудан) және 
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған 
шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік, мәліметтерді алу 
болып табылады;

- екінші бағыт - өзіндік күн туралы есеп берулер мен нақгы 
шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер кабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды (цехтардың, өндірістің; ШС) осы ақпараттармен қамтамасыз ету;

- үшінші бағыт — шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру.

Осы келтірілген мәселенің әрқайсысын шешуде шығындардың өзіңдік жіктелуі жасалады.

Кесте 1. Басқару есебінің мақсатына сай жасалған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар

 

Міндеттері'    

Шығындардың жіктелуі.

Өндірілген өнімнің өзіндік кұнын есептеу, корлардың құнын жене алынған табыстарды бағалау

Кіретін және шығатын; ткелей және жанама; негізгі және үстеме; өзіндік кұнға кіретін (өндірістік) және есепті ■ кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және бір жолғы                                            -

Шешім кабылдау және жоспарлау

Тұракты (шартгы-тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке ; Бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын;   қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған

Бақылау жөне реттеу

Реттелетін және реттелмейтін


Карастырылып отырған жіктемемен сәйкес есепті жүргізу — отандық өндірістік шығындар есебінде жаңа құбылыс. Нарықгық катынастарды жоспарлауда, нормалауда, болжауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның, ішінде өндірістік есепте) рөлі күшейіп отыр.

 Баптар (статьялар) бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрінісі бойынша бейнеленеді, бірақта осы мәліметтер бойынша ШС әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) турлерінін өтелуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыспен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды. Көп жағдайда осы мәселелерді шешу қолданылатын шығындар топтастырылумен анықталады. Басқару мақсаттарын қанаттавдыратан щығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды таддау және өндеу әдісі, өндірістік қызметінде басқарушы есепті үйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

Басқарушы есептің аясында шығындарды жіктеудің көптеген белгілері туралы қызу пікірталастың арқасында, шығындарды анықтаумен қатар, оның болашақтағы тенденцияларын да анықтайды.

Осыдан келіп, есеп тәжірибесінде ШС-нің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсілдерді дайындау және пайдлану мәселелері отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау деп, бұл «шығындар есебі» – белгілі бір уақытта кезеңде оларды сандық өлшеу арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп талдау бойынша ШС-гі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс-әрекеттердің жиынтығы». Мұндай көрініс ШС басқару қажет  толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы оның қызметін бағалауды қаматамасыз етеді.

Бірақ та, дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару еебінің бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміше, техникалық жағынан басқа  өндіріс  шығындарының есептік мәнін анықтау, өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға немесе өндіріс шығындары есебін трансформациялауға әдістің әр түрлі тәсілдерін қамтуы қажет. Сайып келгенде, шығындар есебінің мазмұнын анықтау, ШС-де оны ұйымдастыру моделдерінің нақты алғы шарттарын жасайды. Дәл, басқару процесіне кері ақапараттық ағын ретінде, есеп тек шындықты ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ ШС-тісінің болашақтағы экономикасын модельдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есеп жүйесі өзіндік құнды басқарудың жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

 

 

Информация о работе Кәсіпорынның сипаттамасы