Кәсіпорынның сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 11:43, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы басқару ісі, мәселесі қазіргі таңда кәсіпорындардың тарапынан қолға алынып отырған оңтайлы әрекеттердің, пайдалы әдістің бір түрі болып саналады. Курстық жұмыста басқа елдердегі басқару ісі жүйесімен салыстырыла отырып, еліміздегі басқару ісі әрекеттерінің жан-жақты үрдістеріне тоқталдық.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың жалпы аппараты, яғни өзектілігі, мақсат –міндеті, құрылымы, әдіс-тәсілдері арқау болды. Негізгі бөлімде қарастырылған тақырыптар реті мыналар: Басқару жүйесі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі; Қаржылық және басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтар; Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорынның сипаттамасы.
1.1 «Компания «NEO Азия» кәсіпорынына сипаттамасы
1.2 Басқару бөлімінің ұйымдастыру мен құрылымы
2 Басқару есебін ұйымдастыру
2.1 Басқару есебінің түсінігі, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
2.2 Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
2.3 Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
3 Басқару есебін ұйымдастыру
3.1. Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
3.2. Басқару есебінің әдістері мен тәсілдері
3.3 Басқару есебінде шығындардың жіктелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

ПРАВИЛЬНО КУРСОВАЯ.doc

— 447.50 Кб (Скачать документ)

Сәйкесінше, толық ауқымды басқарушы есепке көшу тек шаруашылық субъектінің барлық деңгейіндегі есеппен қатар, эккаунтинг жүйесі шеңберіндегі функционалдық жәе құрылымдық жекелеген бөлімшелірдің деңгейіндегі есепті де қарастырады.

Қаржы мен басқарушы есептері бухгалтерлік еептің өзара тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептің екі түрін біріктіретін маңызды ероекшілігі болып, олардың ақпараттарды негізінген шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына қарамастан, оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ сипаты болады, ең бастысы басқарушы және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті бақару процесінде біртұтас объектәілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни материалдық және еңбек ресурстарды алға шығады.

Басқарушы және қаржы есептерінің өзара байланысының әдістемелік негізі.

 

Өзара әрекеттесу критериясы

Басқарушы (өндірістік) есеп

Қаржы есебі

  1. Ақпараттар

 

 

  1. Алғашқы ақпаратты жүргізу
  2. Есепті жүргізу қағидалары
  3. Есептің объектілер

 

5. Есептің әдістері

Жедел ақпараттың қолдануы

Шешім қабылдау үшін

Қаржылық құжаттарын жасау үшін

Алғашқы ақпараттың бірақ дүркін жүргізілуі

Мақсаттар мен міндеттерді таңдауда олар біртұтас жалпы қабылданған бабы бойынша жүргізіледі

Біртұтас объектілер (объектілерінің бір тектестігі)

Қолданатын әдістерінің ортақтығы; құжаттау, түгелдеу бағалау және калькуляциялар, топтастыру, есеп беру (ішкі және сыртқы), шоттар


Қаржы мен басқарушы есептің арасындағы айырмашылықтары.

 

Қаржы есебі (ҚЕ)

Басқару есебі (БЕ)

1. Ақпараттың негізгі  тұтынушылары 

Акция иелері және кредиторлар (нақты және потенциялды), жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық слжбалары мен бюджеттен тыс қорлардың кілдері, ШС қызмет етушілер, мемлекет.

Шаруашылық субъектісінң менеджерлері, қызметкер, бухгалтерлер, яғни бөлімшелерді қоса алғанда шаруашылық субъектісінң басқарушылық персоналы.

2. Ақпараттың арналымы (не  үшін пайдалатындығы туралы)

Бухгалтерлк ақпаратты сыртқы пайдаланатындар үшін (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ееп беру).

Кезеңдік жоспарлау мен бақылау мақсаттары үшін, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау үшін және ұйымдастыру саясатын таңдау үшін де қажет. Субъектінің бсқарушылық құрамы үшін оның қызметіне қытасты кез келген ақпарат өте маңызды, тіптен ол есептің объектісі мен немесе жоқ па, сандық бағалауға жата ма немесе жоқ па деген мәселелерден тәуелсіз түрде болуымен маңызды. Ішкі бақаруды ұйымдстыру үшін, субъект алған табыстар мен өндірістік шығындар туралы ақпараттарды өңдеу мен өз уақытында жинауды, тиімді қамтамасыз етуді дербес шешуі керек. 

3. Ақпараттарды жинау  мақсаты

Күрделі қаржы туралы (акцияны ұстаушылар) мәлімет; алған міндеттемелерді төлеу қабілеттілігі (кредиторлар, ссудалық капитал иелері); декларацияланған табвс, күрделі қаржының жұмсалу көлемі туралы, мүліктерге есептелген салықтар, (мемлекеттік кіріс министрлігі, салық инспекциясы) жалақы төлеу қабілеттілігі туралы мәлімет (жалдамалы жұмысшылар) және т.б.

Шаруашылық субъектінің (башының) қаржылық жағдайы туралы мәлімет, жопарлау үшін сметалар, ағымдағы жедел еп берулер, қысқа мерзімдік шешімдерді қабылдау үшін болатын шығындар туралы есеп беру, сату бағалары, өндіріс шығындары, сұраныс, бәсекелестік қабілеттілігі, тауардың рентабельділігі мен басқа шешім қабылдау үшін (барлық аталған ақпараттар менеджерлер үшін қажет) мәліметтер. 

4. Регламенттеу деңгейі

Қаржы есебін жүргізу нормативі құжаттар мен заңға сәйкес регламенттеледі, бухгалтерлік есеп жүйесіне барлық жазулар шоттардың классификацияласына сай келуі керек. Міндетті мәліметтерді бұрмалағандар мен есеп беру мерзәімін сақтамағандар 151 – 1 бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

Өндірістік есепті жүргізу шаруашылық субъектінің әр қайсысы үшін міндетті болып табылады. Өйткені калькуляциялаусыз, қаржылық есеп беруді жасауға болмайды, барлық қалған жағдайларда бақарушы есеп әкімшіліктің еркіне және олардың шешіміне тәуелді болып келеді. Ал калькуляциялау әдістемесі алдын ала шаруашылықтың әр қайсысының еептік саясатында регламенттеледі. Қазақстанда орындалатын өндірістік есептік едәуір бөлігі – бұл қаржылық есеп жүйесінің жанама өнім. Заңмен қарастырылған басқарушы есепке наты талаптар батыста да, Қазақстанда да жоқ.

5. Ақпараттың арналымы (не  үшін пайдаланатындығы туралы)

Жалпы қабылданып стандартталған есеп қағидаларына: есептеу, үздіксіздігі, түсініктілігі, мәнділігі, маңыздылығы, дәлділігі, шыншылдығы, яақталуы, сақтығы, салыстырмалығы, жүйелігі т.б. жатады.

Басқарушы есеп еептік нормативтері мен заңдалық талаптарына сай келе бермейді, сондықтан біршама тәуелсіз тұрғфыда ұйымдастырылады. Басқарушы есептің қағидасы шешімді қабылдауда пайдалы ақпараттар беретін ережелер мен тәсілдерді таңдауға айқындалады. Басқаша айтқанда,


 

 

2.3 Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

 

Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, яғни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіен мүлде әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді.

Осы кезге дейін Қазақстанда аталған мәселе өз дәрежесінде ескерілмей келеді, ал бухгалтtриядан алынатын ақпарат, кәсіпорынның шаруашылық жағдайын тиімді басқаруға қолайлы болып келе бермейді.

Қазақстандағы әрекет етуші бухгалтtрлік есеп жүйесі салық пен алымдар бойынша мемлекеттік кіріс Министрлігінің мақсаттарына бейімделген, бірақ шаруашылық субъектісін ұтымды басқарудың қажеттілігі өз дәрежесінде ескерілмеген.

 Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз қарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан олардың көзқарастары да өз деңгейіне танылған жоқ.

Бәрімізге белгілі, басқарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды роль атқарады. Ол – нарықты қатынастардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы.

 

 


 


 

 
Сурет. Басқарушы есептің шаруашылық етуші субъектісінің шеңберінде атқаратын ролі.

Басқару есебінің Бірінші бабы мынадай бақсару элементтерінен тұрады:

- мәселесінің қойылуы (ақпарат жинау, басқарудың синтездеу, жоспар құру шешім қабылдау, яғни бақаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

- қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтқанда бұл, біріншеден, бірінші бағыттың бастапқы екі элементін бір тұтас біүгінге үйлестіруді, екіншіден, қол астындағылардың оқыту және оларды даярлауды білдіреді);

- нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) құру, запастарды бақару және т.б.

Демек, басқарушы есептің ролі – бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесті ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.

Бұл кезде басқарушы есепте әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады:

- қаржылық есептің әдісінің элементтері (құжаттау, түгелдеу, екі жақты жазу, топтастыру, жинақтау, есеп беру);

- жоспарлы-экономикалық талдау тәсілі;

- индекстік әдіс;

- математикалық әдіс.

Пәннің мазмұнын ашатын тәсілдер мен әдістердің жиынтығы басқарушы есептің әдістері деп аталады. Әдістің барлық элементтері бір-бірінен әрекет етеді, ал шаруашылық байланысын ұйымдастыру жүйесі, басқару мәселелерін шешуге бағытталған, және сонымен қоса бақсарушы есептің тәсілі ретінде, ақпараттарды жүйелі жедел талдауы көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандай, бақсарушы есептің дамуы өндірістік, калькуляциялық есептің негізінде орын алды. Сондықтан оның негізгі мазмұнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарының есебі құрайды.

Суретте келтірілген, шешімді қабылдау процесінің үлгісінің соңғы екі кезеңі шаруашылық субъект шеңберіне бақылау мен реттеуге қатысты. Бақылау мен реттеу процесінің басқарушылық қызметі - қызметтің (көрсеткіштердің) нәтижелерін бағалау, олар туралы мәліметтер беру және жоспарды іске асыру мен мақсатқа қол жеткізуге бағытталған түзету шараларын жасау. Басқа сөзбен айтқанда, бақылау мен реттеу процеснің басты міндеті, оның бастапқы ниеттерініске асыруда кездесетін түзету қызметі болып табылады.

Қызметтің нәтижесін бақылау (мониторинг) үшін бухгалтер сметаның орындалуы жөнінде есеп беруді дайындайды және белгілі бір шешімдерді орындауға жауапты менеджерлерге ұсынады. Сметаны жасау кезінде бухгалтер-талдаушы қысқа мерзімді жоспарларды дайындауға баса көңіл аударады және өткен кезең нәтижелері туралы мәліметтердің қалыптастыруына да жауапты, себебі олар болжау көрсеткіштерін жасауға қажет болады. Одан басқа, ол жұмыс графигі мен сметаларды жасау процедурасын белгілейді, ұйымның барлық бөлімшелерінің қысқа мерзімді жоспарларды дайындауын үйлестіреді және осы жоспарлардың тығыз өзара үйлесімділігін қадағалап отырады. Сосын ол бұл жоспарларды жоғарыда басшының бекітуі үшін, барлық ШС бойынша жалпы жинақталған қаржылық сметаларын жасайды.

Басқарушы есепте шешім шығарудағы маңызды алғышарттар мыналар:

Болжамдар. сметаны жасау мен жоспарлау процесін бастауға және жалғастыруға мұнкіндік береді. Мұндай болжамдарсыз көптеген айқынсыздықтар орын алуы мүмкін және олардың қайсысынан бастаудың өзі дүдәмал болар еді. Басқарушы есепте шаруашылық етуші субъектінің болашақтағы қызметіне әсер ететін факторларын зерттейді, бсқару аппараты сол жоспарлаудың көмегімен іс-әрекеттерінің (жасалатын шараларының) бағыт -бағдарын жорамалдайды. Мысалы, бухгалтер-талдаушы әдетте капиталға қол жеткізудің мүмкіндігі мен оған қатысты болжамдарды жасауға міндетті. Бұл болжамды қалаыптастырғанға дейін, оның қолында жоспарлау үшін қажетті мәліметтері болмайды, сондықтан олар өте өзгеріп отыратын деректермен жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл тұрақсыз ойлану түрі, яки осының нәтижесінде басқару аппараты, өз әрекетінің қай бағытта ұстауына тұрақсыздық қабілетсіздігін көрсетіп алады да, ол, тиімді жоспарлаудың мүмкіншілігін, көп жағдайда, уысынан шығарып алады.

Болжамдар ең алдымен мәліметтердің анықтығын тексеру үшін белгілі бір құрал болып табылады. Дұрыс келетін болжамдарды таңдап алу процесі және мүмкін болатын дәл келушілік пен немесе осыған алу процесі жән мүмкін болатын дәл келушілік пен немесе осыған жақын бірдейлік деңгейін бағалаумен әрбір болжамның іске асырылу ықтималдығының кейінгі сындары талдауы, жоспарлау процесінен туындайтын мәнді қателесулерді болдырмау немесе жоюға ықпал етеді. Басқарушы өзінің болжамын бағалауды аяқтаған кезде, ол шешуші жоспарланған, алға қойылған мәселелердің анықтылығына қосымша айғақты алады.

Мәселелердің қойылуы, жоспарлаудың дайындауы аяқталған соң, жоспарлы жыл басталады, ал бұл арада болжамдар жоспарларды түзетуді белгілейтін қажет бақылау нүктесі болып қалады.

Алдын ала ойдағыдай жасалған жұмыс бухгалтер-талдаушыға жоспарлы кезеңде өз мәселелерін қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызады.

Басқа да басқарушының және бухгалтер-талдаушының да шешетін мәселелері міндетті түрде, біршама алдын ала белгіленген сұрақтарға (критериясына) сәйкес келуі керек.

Мұндай талаптардың қатарына мыналар жатады: нақтылық; ақиқаттық пен қол жетерлік; «ынталылық» (яғни үнемі жетілдіру мүмкіндігі) және тағы басқа.

Басқару есебінің жоспарлау кезеңіне төтенше маңыздылық беретін және басқа да себептер бар. Оларға мыналар жатады:

- қойылған мәселелердің қаншалықты нақтылығын анықтау. Қойылған мәселелерді шешуге бірге қарастырылған жоспарлар мен сметалар жеткізе ала ма? Егерде қойған межеге қол жетпесе, онда мәселелерді өзгерту қажет немесе оларды шешудің жаңа жоспарларын жасау керек. .

- іс-әрекеттің реттілік кестесін жасау. Бұл басқарушыға өз уақытын түгелдей мақсатқа сай етіп бейімделуіне мүмкіндік береді. Қашан басталандығын, қашан нақты әрекеттінің аяқталатындығын.

- Бақылау базасын жасау. Кезеңдерді нақтыландыру және іс-әрекет кестесін мерзімі бойынша, басқарушының қаншалықты берілген график деңгейін ұстайтын және оған әр түрлі мақсаттағы кезеңдеріндегі іс-әрекетке түзету енгізу қажеттілігін (немесе қажетсіздігін) анықтауға мүмкіндік береді.

- ресурстарды деген қажеттілікті анықтау. «Қалай» дегенді таратып ұғынатын болсақ, онда ол: ресурстарға қажеттілігін анықтау деген сөзге (ақша, жұмыс күші, құрал-жабдық, уақыт) негіз болады. Мәселені шешудің екі баламалы әдісі екі түрлі ресурстардың мөлшері мен түрлерін қажет етуі мүмкін.

- коммуникация және жұмысты үйлестіру. Қағазға түсірілген іс-әрекеттің жоспарын баяндап жазу басқа бөлімшелер мен оның басқарушыларына, яғни оны жүзеге асыруға қатысушыларға, олардың талап етілетін және олардың не алатындығы жайлы «білуге мұқтаждығын» қанағаттандырудың  құралы. Ол да, басқа да тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету үшін және олардың іс-әрекетін үйлестіру үшін қажет.

- өкілеттілікті анықтау. Басқарушының өзінің мәселелерін өзі шешуіне талпынса, одан талап етілетін өкілеттіктер көлеміне (атқаратын қызметіне) ол шешуші әсер етеді. Іс әрекеттің нақты жоспары талап етілетін өкілеттіліктердің шекарасын анықтауда негіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  Басқару есебін ұйымдастыру

 

 

3.1. Басқару есебі жөніндегі  жалпы түсінік

 

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізімдеме барлық есепті кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат-құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтері), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі – ақпараттың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда[22].

Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі –басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.

Қазір кәсіпорындар өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде заңдық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.

Информация о работе Кәсіпорынның сипаттамасы