Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:22, дипломная работа
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
Кіріспе............................................................................................................................4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.........................................................................................................6
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы............................................................................................................................7
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі..................................................9
2.2.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..............................12
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.................................................................................15
3.2.Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері...............................................19
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы............................................................................................25
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................................................32
Талданып отырған жағдайда жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі қазіргі уақытта анықтау оргаңдарының қызметін атқармайды. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтау органдары мен органдардың мұндай саралануы анықтау субъектілері мен жедел-іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Ал шындығында жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздерінің тізбесі қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарынан тысқары жатыр. Мәселен, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 10-бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды көздейді:
а) қозғалған қылмысты істің болуы;
ә) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен: әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық; жауапалу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйітгердің табылуы; шет мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың арнайы қызметгерінін барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалар;
б) өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінін жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, соңдай-ақ соттың ұйғарымдары;
в) құқықтық көмек беру туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сауал салулары;
г) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау акпараттарын алу қажеттігі жөніндегі хабарламалар негіз болады.
Анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі мүмкін, бірақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру анықтау міндеттерін шешуге ғана бағытталмаған. Бұл орайда анықтау қылмыстың алдын ала тергеу нысаны ретінде түсіндіріледі, анықтау тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық іс жүргізу заңына негізделген қызметінен көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге, қылмыстық істі қозғауға, ол бойынша тергеу жүргізуге, тергеушілердін тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметінің мазмұнының маңызы аз емес. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 1-бабында белгіленгеніндей "жедел-іздестіру кызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар" өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық кұжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі" [25; 68 б.].
Жедел-іздестіру қызметінің занды түрде бекітілген ұғымына түсінік беру оның дәстүрлі доктриналдық түсінігімен сәйкес келмейді. Мәселен, А.Н.Васильев жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына мынадай ұғым береді: белгілі бір адамдар мен объектілерді бақылау, жария және жария емес көздерден мәліметтер жинау, іздестіру, бөгеттерді ұйымдастыру, іздестіру иттерін қолдану, құжаттар мен үй-жайларды тексеру, қандай да бір оқиғаның куәгерлерін анықтау және жөніндегі арнайы іс-шаралар. Проблемаға мұндай көзқарасты Р.С.Белкин де колдайды. Ол былай деп түсіндіреді: "Жедел-іздестіру қызметі дегеніміз-процессуалдық емес анықтау органдарының дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды анықтауға, қылмыскердің тұлғасы мен тұрғылықты орны, оның байланыстары туралы мәліметгер жинауға, объектілерді-дәлелдеу ақпаратының ықтимал иелерін белгілеу және олардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылы". Сонымен, дәстүрлі түсіндіру кезінде анықтау мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілерінің тізбесі сәйкес келіп қана қоймайды, сонымен бірге жедел-іздестіру қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларының ұғымдарын ішінара қосып жіберуге жол беріледі айтылғандардан мынадай қорытынды туындайды: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бәріне де анықтау жүргізу кұқығы берілмеген, қылмыстық іс жүргізу заңыңда анықтау органдары ретінде тіркелгендері ғана осындай міндетті жүзеге асыра алады.
Бұл жағдайдың қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттері үшін ғана алынатын іс жүргізушілік емес акпаратты, әскери барлау, экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында жиналатын өзге де іс жүргізушілік емес ақпараттан саралау қажеттілігіне байланысты маңызы бар.
"Жедел-іздестіру кызметі туралы" Заңда (11-бап) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі белгіленген. Мақсатына байланысты оларды іріктеу бет алды жүргізілмейді. Анықтау міндеттерін шешу үшін (қылмыстық сотісінжүргізудің) "Жедел-іздестіруқызметі туралы" Заңның 12-бабына сәйкес төмендегідей арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін:
а) ішкі істер органдары-сотталғаңдардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде почта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; телефонмен және өзге де сөйлеулерді тындау; компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру;
ә) ұлттық қауіпсіздік органдары-почта жөнелтілімдерін бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел-іздестіру; телефонмен және өзге сөйлесулерді тындау; байланыстың техникалык арналарынан, компьютерлік жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның ішінде арнаулы техникалық; құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық кұралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру.
Басқа анықтау органдарына қатысты айтатын болсақ, оларға жалпы жедел-іздестіру шараларын жүргізу құқығы беріледі, олардың қатарына мыналар жатады: азаматтарға, кызмет адамдарына сұрақ қою, олардан ақпарат алу; азаматтармен жария және жария емес қатынастар орнату,оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қылмысты ортаға қызметкерлерін енгізу; қылмыстық қызметті бейнелейтін мінез-құлық үлгілерін қолдану; құпия кәсіпорындар мен ұйымдарды пайдалану; жеткізілімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; есепке алу бойынша мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жөнінде анықтамалар жинау және тексеру; сынама мен үлгілерді зерттеу үшін іріктеп алу;бақылау мақсатындағы сатып алу; іздестіру иттерін қолдану; белгілері бойынша тұлғаларды іздестіру және теңдестіру; заңға қарсы әрекеттерді табу, ресми емес тіркеу және іздерін алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасап жатқан немесе жасаған адамдардың ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүзеге асыру және олардың қылмыстық қызметке қатысы болуы мүмкін заттарымен құжаттарын алып қою, сондай-ақ тұрғын үй-жайларды,жұмыс және өзге де орындарды тексеру, көлік құрамдарын тексеру; қарулы қылмыскерлерді ұстау жөніндегі операцияларды жүргізу; жедел қылмыстық есепке алу және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру.
Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін жүргізілетін осы іс-шаралардың негізгі белгісі олардың процессуалдық емес сипатында.
Қорытынды
Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру қажет. Бұл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтарымен бостандықтарының қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті іске асыру болып табылады:
-кімнің де қылмыс жасаудағы кінәлігі заңда көрделген тәртіппен дәлелденбейінше және заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленбейінше әркімнің кінәсіз болып есептелетінін тұжырымдайтын кінәсіздік презумпциясы:
-ешкімнен де
өзінің кінәсіздігін
-айыптау үкімінен
жорамалдарға негізделе
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелер мен өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізеді.Осы шындық дәлелдеме теориясында материалдық шындық деп аталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 бабында көзделген азаматтардын жеке бас бостандығы кепілдігін іске асыру үшін барлық жағдайлар жасау талап етіледі.
Іс жүргізу заңдарын жетілдіруің өзекті бағыттарының бірі істі сотқа дейін дайындау кезінде де, сот сатыларында да рәсімдерді жеңілдету және жеделдету болып табылады. Осыған байланысты анықтау жүргізудің қолдану саласын кеңейту, сондай ақ анықтау және алдын алу тергеу рәсімдерін жеңілдету мақсатқа сай болмақ. Қамауға алуға балама боларлық шараларды қоланудың тетіктерін барынша егжей тегжейлі реттеу қажет.
Анықтау және алдын ала тергеу рәсімдерін жеңілдету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс, қылмыстық жазаланатын ауыр емес және орташа ауыр іс әрекет жасаған адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені жедел қарау үшін қылмыстық қылмыстық жекелеген құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызу арқылы қылмыстық сипаттан арылу жөніндегі жұмысты жалғастыру:
Іс жүргізу форма дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және пайдалануда ғана емес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында тәртіп ережелерін анықтайтын немесе міндеттер мен талаптарды белгілейтін құқықтық ұйғарымдарды сақтауда да ықпал ететін әртүрлі дәрежелі азаматтардың факультативтік қатысуымен қатар міндетті қатысуын да қарастырады.
Қылмыстық процестің тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін бұл тәртіпті ең алдымен дәлелдерді іздеп табуда ,бекітуде және бағалауда аса күрделіліг тудырмайтын істер бойынша жүргізіп, алдын-ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау жүргізумен шектелетін істердің тізбесін кеңейту керек.
Сонымен дәлелдемелердің сапалық сипаты сыртқы белгілерді ғана емес, сонымен бірге ізделетін ақпараттың мәнділігі мен мазмұнын да қамтиды.
Заттай дәлелдемелер дәлелдемелік ақпараттың қалыптасу тетігін сипаттайды және осы тетіктің акпаратты сақтаушысымен байланысын анықтайды. Егер ақпараттың көзі адам болса (айыпталушының, сезіктінің, куәгердің жауаптары, сарапшы қорытындысы), онда ол жеке дәлелдемелерге жатады. Егер ақпарат заттар мен кұжаттарда болса, бұл орайда құжаттар адамдардың жауап беруін тіркемеуге тиіс, онда олар заттық дәлелдемелерге жатады.
Заттық айғақтар туралы айта отырып, Ф.Н.Фаткуллин былай деп көрсетеді: "Іс жүзіндегі акпараттың сақтаушысы материалдық объектілер болып табылатын, ал акпараттың өзі тілден тыс нысанда берілетін дәлелдемелер мен көздер заттық деп аталуы мүмкін. Мұндайлардың қатарына қылмыстық қызметтің құралдары мен өнімдері, қоғамдык қауіпті әрекеттің іздері бар заттар, қылмыстық жолмен болған кұндылықтар жатады. Бұл жерде іс үшін маңызы бар жағдайлар туралы тиісті ақпарат қылмыстық істі тергеу және соттың қарау кезіңде тікелей сезіммен кабыддауға болатын материалдық "іздер" мен нақты фактілер түрінде сақталады және беріледі".
Дәлелдемелерді жеке және заттық деп бөлу олардың қалыптасуының негіздері мен тетіктерін саралаудан көрінеді. Мұндай саралау дәлелдемелерді жинаудың, тексерудің және бағалаудың тиімді әдістемесі мен тактикасын жасау үшін қажет.
Қылмыстық іс жүргізудегі заттай дәлелдемелерге тоқтала кетсек заттай дәлелдемелер шындыққа көз жеткізудің құралы, сонымен бірге заттай дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі заттай дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесінде өзара байланысқа түскен кезде заттай дәлелдемелер-қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта алмаймыз.
Заттай дәлелдемелер сот әділдігін жүргізудің басты сипаты болып табылатыны біздерге мәлім.Заттай дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: