Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:22, дипломная работа
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
Кіріспе............................................................................................................................4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.........................................................................................................6
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы............................................................................................................................7
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі..................................................9
2.2.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..............................12
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.................................................................................15
3.2.Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері...............................................19
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы............................................................................................25
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................................................32
Сонымен қатар, кейбір қылмыстық іс жүргізуші ғалымдардың объективті ақиқатты іс жүргізушілік ақиқатқа алмастыруға талпынған көзқарастары сәтті деп атауға болмайды, себебі іс жүргізушілік ақиқат сот процесінің нәтижелері іс жүргізушілік құқықтың талаптарына сәйкес келуін білдереді. Мәселен, В.В.Никитаев жазғандай, «объективті (материалдық) ақиқат Қылмыстық кодексіні үкімді тағайындау үшін қолдануға әсер ететін фикция, былайша айтқанда, заңи фикция, сондықтан оны қылмыстық іс жүргізудің құралы ретінде сақтауы іс жүргізушілік ақиқат бірінші орынға қойылатындығын жорамалдайды».
Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты тек объективті шынайылылықты не, басқаша сөзбен айтқанда объективті ақиқатты анықтауы ретінде орнықтырыуы болып табылады.
Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінде де, іс жүргізудің жекелеген сатыларында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді реттеу кезінде де және іс жүргізудің ерекше нысандары барысында да «ақиқат» деген терминді тікелей қолданбайды.
Бірақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын мұқият талдауы көрсететіндей, қылмыстық іс жүргізуде «ақиқат» терминін пайдаланудан бас тартқан жағдайда да қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде барлық мән-жайлар туралы объективті білімді алуға құқықтық негізге орын қалып отырады.
Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық істің мән-жайларын анықтаудың кепілдіктерінің негізін келесі құқықтық ұйғарымдар құрайды.
Алдымен, ҚР ҚІЖК 8-бабында белгіленген қылмыстық сот ісін жүргізу мәнінің объективті сипаты. Мысалы, қылмыстық ізге түсу және кінәлі тұлғаға әділ жаза тағайындау, бір жағынан қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап берсе, екінші жағынан кінәлі емес тұлғаларға қатысты қылмыстық ізге түсуден бас тарту, оларды жазадан босату, қылмыстық ізге түсуге негізсіз тартылған тұлғалардың әрбірін ақтауда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап береді.
Жасалған қылмыстың объективті көрінісін анықтауды қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген қылмыстық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесіне негізделеді, олардың ішінде басыңқы болып мына принциптер орын алады, кінәсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 бабы), сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру (ҚР ҚІЖК 23 бабы), дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР ҚІЖК 25 бабы).
В.Н. Григорьев мен А.В.Победкинің белгілеуі бойынша «нақты бір тұлғаның кінәлігіне қатысты күдіктерді жоюдың іс жүргізушіліктің барлық мүмкіндіктері таусылған жағдайда кінәсіздік презумпциясы принципін басшылыққа алу қажет, соңғысына сәйкес дәлелденбеген кінәлілік кінәсіздікті дәлелдеумен пара-пар келеді, яғни ақтау үкімі бұл жағдайда ақиқат анықталмағандықтан шығарылмайды, керісінше заң шығарушы оны анықталған деп санауды міндеттейді, себебі тұлғаның кінәсіздігі дәлелденген болатын».
Қылмыстық іс бойынша объективті ақиқатты анықтауға қылмыстық сот ісін жүргізетін органдардың қызметтерінің іс жүргізушілік жағдайлары, іс жүргізуге қатысатын барлық қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары бағытталады.
Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық іс бойынша мән-жайларды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер мен дәлелдеуді реттейтін ҚР ҚІЖК нормалары маңызды рөл атқарады [23; 201 б.].
Мәселен, ҚР ҚІЖК 115-бабы, сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтауды талап етеді.
Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың тізіміне, аталған мән-жайлармен бірге, қылмыс оқиғасы мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары), қылмыстың заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер, айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар, жасалған қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады (ҚР ҚІЖК 117-бабы).
Бұның барлығы ҚР ҚІЖК қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудегі басты мақсаты әлі де болса істің мән-жайларын зерттеу туралы ақиқатты білімге жету, яғни шын мәнінде болған істің фактілі мән-жайлары қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының тұжырымдарына сәйкес болуын білдіреді.
Біз 200 тәжірибелік қызметкерлер арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде «Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты ақиқат болып табылады ма?» деген сұраққа басым көпшілігі оңды жауап берді. Қойылған сұраққа «ия» деп 161-і жауап берсе (80,5%), «жоқ» деп 38-і жауап берді, ал сұралғандардың біреуі ғана (0,5%) «білмеймін» деп жауап берді.
Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу үшін «дұрыстық» пен «ықтималдық» түсініктерінің ара қатынасы әлі де болса мәселе болып отыр, себебі дұрыстық та және ықтималдық та негізделген білімнің деңгейі болып табылады. Бірақ, тек дұрыс білім ғана шынайылылық болып саналады. Тек қылмыстық істің мән-жайлары туралы дұрыс білім ғана түпкілікті нәтижеде қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеуге әсер етеді.
«Ықтималдық» философиялық категориясы «дұрыстық» категориясымен пара-пар келеді. Ғылыми тұрғыдан «ықтималдық» пен «дұрыстық» категориялары субъект жеткен танудың, білімнің алуан түрлі деңгейлерін, негізделудің алуан түрлі дәрежелерін, білімнің дәлелденгенін сипаттайды. Ықтималды білім дұрыс білімге қарағанда алынған білімдерге қатысты күдіктер келтіреді. Ал, дұрыс білім күдіктер келтірмейді, онда тек сенімділік пен нанымдылық болады.
Ықтималдық әрқашанда оң және теріс сипаттағы соңғы тұжырымдарсыз қалыптаспаған категорияны білдіреді. «Егер бізде толық емес, керісінше оны ақиқатты деп танудың бірқатар негіздері болғанда ғана білім ықтимал болады, сол себеппен ол одан әрі негізденуге (дәлелденуге) жатады және сондықтан ол бізге нақты сенімділік туғызады, бірақ ол сенімділік бізді ақтамағандықтан біз оған дайын емеспіз» [24; 174 б.].
Бірақ, ескерту қажет, қылмыстық іс жүргізу заңы гносеологиялық заңдылықтарға қарамастан ықтиалды білімге жету кезінде және мәндес тұжырымдармен дәлелдеудің аяқталуын белгілейді.
Бұл ҚР ҚІЖК 37-бабында айтылған негіздер бойынша, қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау (әрекетте қылмыс құрамының болмауы), сондай-ақ ҚР ҚІЖК 376-бабының 2-тармағының 2-тармақшасы бойынша ақтау үкімін шығару (сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауы) сәттері болып табылады.
Аталған жағдайлар айыпталушының кінәлі еместігінің «шынайылылығы» туралы білімнің анықтығына қол жеткізуіне болады не болмайды, себебі «қылмыс құрамының болмауы» қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қылмыстарды жасауда тұлғаның кінәлігін анықтау үшін жеткілікті емес дәлелдемелердің жиналу жағдайын және жиналған және тексерілген дәлелдемелер жасалған қылмысқа тұлғаның кінәлі еместігін көрсететін жағдайларды да өзіне сіңіріп алады.
Сонымен бірге, қарастырылып отырған жағдайларда дәлелдеу нәтижелері бойынша барлық тұжырымдар, егер олар ықтималды маңызыне ие болса да тұлғаны толық ақтауға бағытталуы тиіс. Қалған жағдайларда білімдердің ықтималды деңгейіне жеткенде қылмыстық істің мән-жайларын тану процесі оң және теріс сипаттағы түпкілікті тұжырымдармен аяқталмайды.
Сондықтан, тұлғаның қатысы жоқтығы кезінде дәлелдеу нәтижелері бойынша жасалған қылмысқа гносеологиялық көзқарастары тұрғысындағы тұжырымдардың ықтималдығы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жиналған дәлелдемелер тұлғаның жасалған қылмысқа кінәлігін анықтау үшін жеткілікті емес болғанда ғана қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу қылмыстық істің мән-жайларының білімділігінің анықтығымен аяқталады деген жалпы ережелерінен шығады.
Сонымен қатар, қылмыстық істің мән-жайлары туралы ықтимал білімі дәлелдеу пәнін анықтаумен байланысты емес дербес іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады: қылмыстық істі қозғау туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы, тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы (мысалы, тінту мен алу), тұлғаны жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер деп тану, қылмыстық істерді біріктіру, бөлектеу, тоқтата тұру туралы және т.б.
Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудегі ықтималды білімнің негізділігіне зерттелетін мән-жайлар туралы мәліметтер не ақпараттар жатады, өз кезегінде олар шын және жалған болады.
Дұрыстық, керісінше қылмыстық іс бойынша мән-жайларды зерттеу туралы білімнің толықтығымен сипатталады, сонымен қатар ол осы мән-жайларға қатысты тұжырымдарды дәлелдемелер арқылы дәлелдеуге мүмкіндік туғызады. Дұрыстық субъективтік көзқарас бойынша нақты бір мән-жайларды бағалауда немесе факт дұрыс және толық болғанда сенімділікті көрсетеді.
Білімнің дұрыстығы дәлелдеу пәнінің мән-жайларын анықтауға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде шешімдерді қабылдау барысында қолдануы міндетті:
1.Тұлғаны айыпталушы ретінде тарту;
2. ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 тармағының 1 және 2 тармақшасына, 51- бабының 1 тармағына, 38 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық істі қысқарту немесе қылмыстық ізге түсуді қысқарту;
3. Айыптау қорытындысын құрастыру туралы;
4. Айыптау хаттамасын құрастыру туралы;
5.Үкімді шығару туралы.
Аталған қылмыстық істер бойынша шешімдердің түрлері мазмұнды дұрыстыққа тән болуы тиіс: бұл шешімдер дәлелдемелердің дұрыс логикалық құрылысына негізделіп қоймай, сонымен бірге оларды қабылдау үшін фактілі негіз болған істің мән-жайларын жан-жақты және объективті зерттеуге де негізделеді.
Сондықтан, дәлелдемелерді құрайтын қылмыстық іс бойынша қабылданатын шешімдер негізінде дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтауға қатысты бір мағыналы негізделген тұжырымдар жасалынуы құқық қорғау органдарында орын алатын осы жағдай орынсыз болып табылады.
3.3 Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы.
Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру қызметін мынадай органдар жүзеге асырады:
а) ішкі істер орган-дары,
ә) ұлттык қауіпсіздік органдары;
б) Қорғаныс министрлігінін, әскери барлау органдары;
в) Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары;
г) Қазақстан Республикасы Президентінін күзет қызметі (жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 6-бабы).
ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1-2-тармақтары) қылмыс белгілерін және оны жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған Жарлықтың 10-бабында былай деп жазылған: "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға және ашуға, ішкі істер органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға кұқылы ішкі істер органдарынын, бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрлігі белгілейді". Одан әрі аталған Жарлықтың 11-бабына (1-бөлім, 10-тармақ) сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі істер органдары "қылмыстық істер бойынша сараптамалар және жедел-іздестіру материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге құкығыы бар", талданып отырған баптың 1-бөлімінің 14-тармағына сәйкес ішкі істер органдары "заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға, дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға күқығы бар".
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында да жоғарыда айтылғанындай тиісінш регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары өздерінежүктелген міндеттерді орындау үшін "жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге" күкығы бар.
Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің заңдық тұрғыдағы көздерін талдау—олардың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы жоғарыда келтірілгендерге ұқсас жалпы ережелер шектерінен шыкпайтындығы туралы куәландырады. Сондықтан, жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен процессуаддық емес ақпараттың арақатынасын анықтамас бұрын төмендегідей мәселелерде айқындалуы қажет: анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кұқығы бар органдардан айырмашылығы; процессуалдық емес акпараттың мәні.