Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:22, дипломная работа
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
Кіріспе............................................................................................................................4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.........................................................................................................6
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы............................................................................................................................7
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі..................................................9
2.2.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..............................12
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.................................................................................15
3.2.Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері...............................................19
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы............................................................................................25
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................................................32
Дәлелдеменің сапалық сипаты сыртқы белгілерді ғана емес, сонымен бірге ізделетін ақпараттың мәнділігі мен мазмұнын да қамтиды. Сыртқы және ішкі сипаттамаларының жалпы іс жүргізушілік сипаттарға сәйкес келуі іс жүзінде мұндай акпарат істің мән-жайын объективті түрде бейнелейді және өзінің сапалылығына байланысты іс бойынша қорытынды ережелерді қалыптастыруда маңызы болады дегенді білдіреді. Сапалы дәлелдеме өзінің сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
а) айыптау және ақтау;
ә) тікелей және жанама.
Айыптауға заңға қайшы іс-әрекет жасаған адамның кінәлілігін немесе адамның жауапкершілігін ауырлататын мән-жайды сөзсіз анықтайтын іс жүзіндегі деректер жатады. Ақтауға айыптауды жоққа шығаратын не адамның жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайды анықтайтын дәлелдемелер жатады. Ақтау дәледдемелерінің бір түріне алиби жатады.
"Дәлелдемелер теориясының" авторлары (1973 ж.) айыптау тақырыбына қатысы жөнінен дәлелдемелер "бейтарап" болуы мүмкін деген Р.Д.Рахуновтың тезисін сынға алады, А.И.Винберг дәлелдеменің "бейтараптығы" қылмыстық іс жүргізушілік заңның ережелеріне қайшы келеді деп есептейді, аталған заңға сәйкес іс жүзіндегі деректер қоғамның қауіпті әрекетінің, адамның кінәсінің және іс үшін маңызы бар өзге де жағдайлардың болғандығын немесе болмағаңдығын анықтау үшін негіз болып табылады. Яғни дәлелдеменің "бейтараптық" қасиетін тану дәлелдемені іс жүргізушілік мағынасында жоққа шығаруға әкеліп соғады.
Дәлелдемені ақтауға және айыптауға жатқызудың құбылмалы сипаты бар. Қылмыстық сот ісін жүргізудің әр түрлі сатыларында белгілі бір акпарат ақтау сипатында да, айыптау сипатында да көрінуі мүмкін [19; 77 б.].
Тікелей және жанама дәлелдемелер. Логикалық сипаттағы мұндай жіктеу дәлелденетін мән-жайды негіздеу процесінің кұрылымын білдіреді. Осы кұрылымдық айырмашылығын негізге ала отырып, бірқатар зерттеушілер тікелей дәлелдемені — бір сатылыға, ал жанаманы — көп сатылыға жатқызады.Ф.Н.Фаткуллиннің көрсеткені сияқты "дәлелдемелерді тікелей және жанама деп жіктеудің негізіне олардың белгілі бір адам жасаған (қысқаша іс бойынша басты факті деп атасақ) фактіге ғана қатысын алған анағұрлым орынды. Бұл орайда тікелей дәлелдемелер ретінде іс жүзіндегі деректер қызмет етеді, іс жүзіндегі деректер іс бойынша белгілі бір әрекетті жасаушы немесе жасамаушы ретінде нақты адамды тікелей және бір мәнді етіп көрсетеді.
Мұндай белгілер қатарына жәбірленушінің сезіктіні тануы, айыпталушының өзіне таңылған іс-әрекетті жасағандығын мойындауы, куәгерлердің нақ осы адамның іс-әрекет жасағандығы туралы мәліметтер беруі, осы адамның арамдық жасағандығы туралы сарашпының қорытындысы, айыпталушының алибиі жатады [20; 54б.].
Жанама дәлелдемелер деп нақты іс жүзіндегі деректерді тану керек, ондай деректер тергеліп жатқан әрекетті жасаушыға тікелей қатысты емес, істің калған мән-жайларының жиынтығыңда ғана қылмысты ашуға, және кінәліні анықтауға жәрдемдеседі. Бұл, айталық, тас жол бойында жатқан мәйітті табу, мәйітті машинаның басып кеткен іздері, нақты машинадан адам басқандығының іздерін анықтау, кісіні басқан уакытпен бір шамада осы тас жол бойымен машинаның жүру фактісі және. Мұндай фактілердің бәрі және мәліметтер іс бойынша белгілі әрекетті белгілі бір адамның жасағандығы туралы қорытындыға әкеледі.
Дәлелдемелерді басты факт және дәлелдемелік факті деп бөлетін бұрын теорияда билік құрған тұжырымды дамыту болып табылады. Атап айтқанда М. С. Строгович былай деп жазды: "Дәледдемелер айыпталушы өзіне тағылған кылмысты жасағандығы туралы баска фактіні немесе дәлелдемелік фактіні, яғни басты фактіге енбейтін, бірақ істің баска да жағдайлары мен жиынтығында басты фактіні анықтау үшін қызмет ететін қандай да бір қосымша фактіні анықтауға байланысты тікелей және жанама дәлелдемелерге бөлінеді... Тікелей дәлелдеме басты фактіні анықтайды... Жанама дәлелдемені басты факті емес, дәлелдемелік факті анықтайды, соңғысы өз кезегінде басты фактінің дәлелдемесі болып табылады".
Дәлелдемелерді тікелей немесе жанама деп бөлуге катысты П. С. Элькинд өзіндік бағыт ұстанады. Атап айтқанда, ол осындай бөлудің жіктеу өлшемдеріне мынаны жатқызады: "нақты адамның өзіне тағылған қылмысты жасауы, мұның өзі негізінен қылмыс құрамының субъектісі мен объектісіне байланысты". Дәлелдемелерді тікелей және жанама деп бөлу — іс бойынша барлық анықталған іс жүзіндегі деректердің жиынтығын бағалау негізінде істі мәні бойынша шешу туралы талаптардың маңыздылығын кемітпейді. Тікелей дәлелдемелердің болуы жанама дәлелдердің "қажетсіздігін" білдірмейді. Оның үстіне ізделетін фактілер жанама дәлелдемелердің негізінде ғана дәлме-дәл анықталуы мүмкін. Соңғы жағдай жанама дәлелдемелерді өзара байланысы жоқ үзік-үзік мәліметтер ретінде карауды жоққа шығарады, өйткені керісінше жағдайда әрекеттің логикалық дәлме-дәл өлшенген суретін қайта қалпына келтіруге болмайды.
3.2 Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері.
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі; сарапшының қорытындысы; заттық айғақтар; процессуалдық іс-қимыл хаттамалары; өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек.
"Көз" ұғымын
кең ауқымды мағынада
Дәлелдемелер көздерінін тізбесіне қатысты ғылыми әдебиеттеәр түрлі көзқарастар калыптасты, олардың мәні негізінен тізбені кенейту қажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П П.Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың өкілдерінін жауаптарын қарауды ұсынады. А.С.Ландо осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының занды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді. В.Д.Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды, өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың "алғашқы көздері", яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды орынды санайды.
Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау жасау П.П.Якимов пен А.С.Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік береді. В. Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола алатындай заттың қасиеттері деген Р. С. Белкин мен А. И. Винбергтің пайымдауы да дұрыс көрінеді [21; 88 б.].
Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге қатысты айтатын болсак, онда М.М.Михеенконың пікірі бойынша олар заттық айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де болып табылмайды. Бұл көзқарас Н.А.Селивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол былай деп жазды: "Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудың өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес, тергеумен байланысты және оның кылмыстық іске қатысына қарамастан белгілі бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды. Салыстырып қарауға кемектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным құралдары ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтарды зерттеуді жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын кұралдармен, құрылғылармен және басқа да тетіктермен, сондай-ақ зерттеуші өзінің қорытындыларында негізге алатын әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға болады".
Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстык іс жүргізу заңы іс жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. Бірақ қандай да бір нақты кимылды заң ескертпейді. Тергеу іс-қимылдарының хаттамалары дәлелдеме көздері болып табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым-процессуалистер арасында әр түрлі көзқарас орын алған. В.Д.Арсеньев қылмыстык іс жүргізу за-ңында көзделген кез келген тергеу іс-қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме көздері болып табылады деп ойлайды.
Оған керісінше Ф. Н. Фаткуллин мен В.Я.Дорохов істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-кимылдарының хаттамалары ғана дәлелдеме көздері болып табылады деп есептейді. Мәселе мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына анағұрлым сәйкес келетін сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс-қимылдарының қосымша сипаты ғана бар және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін құрамайды (мәселен, мәйітті сойып көру оны қарауды және сот-медициналық сараптаманы жүргізу үшін қажеггі жағдайлар жасауға бағытталған). Өзінің көзқарасын жақтай отырып, В.Я.Дорохов былай деп жазды: "Хаттамалардын, дәлелдеу маңызы туралы мәселе дәлелдемелерді жинақтаудың іс жүргізушілік тәсілдері болып табылатын тергеу және сот іс-қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін".
Дәлелдемелер көздері ҚІЖК-де толық келтірілген және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес жолмен алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға алмайтындығы іс жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес келеді.
Фактілер және олардың қайнар көздері туралы мәліметтерді жинау, тек-серу және бағалау нәтижесінде қыл-мыстық істің мән-жайлары туралы білім нақты бір деңгейіне жетеді. Диалектикалық материализмнің тану теориясы (гносеология) қоршаған орта-ның нақтылығынан және оны тану мүмкіндігінен шығады, ал соңғысының соның негізіне адам санасының шынайы объективтілікті қамтуы жатады.
Адамзат санасы осы шынайылықтың құбылысын тани алады. Қоғамдық тәжі-рибе адамзат санасы объективтік шынайы-лылықты дұрыс танитындығын және қа-жетті тану нәтижелеріне жете алуға қабі-летті екендігіне сендіре дәлелдейді.
Осы жағдайда қылмыстық іс бой-ынша іс жүргізу кезінде жүзеге асы-рылатын қылмыстық іс жүргізушілік дә-лелдеу сырттан тыс қалмайды. Қылмыс-тық іс бойынша маңызы бар мән-жай-ларды анықтау үшін гносеологиялық тос-қауыл жоқ, сонымен қатар, олар кез келген объективтік шынайылылық сияқты жан-жақты және толық танылуы мүмкін.
Сондықтан көптеген қылмыстық іс жүргізу ғалымдарының қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің міндеттері қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің маңызды бөлігі болып табылады және олар зерттелінетін мән-жайлар туралы ақиқатты білімге жеткен жағдайда орындалады деп саналады деген дұрыс тұжырымдары кездейсоқтық емес.
Философияда ақиқат – бұл субъек-тінің объектіні дәлме-дәл тануы, затты санадан тыс және тәуелсіз тануды жаң-ғыртуы. Ақиқат деп белгілі бір затты, нақты бір объективтілік нақтылықтың құбылысын дұрыс қамти алған және оған сәйкес келетін, онымен үйлесетін ойды айтады.
Қылмыстық іс жүргізуде жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы қол жеткізген ақиқат «объективтік ақиқат» деген терминмен белгіленеді.
М.С. Строговичтің ойынша, «қылмыстық іс жүргізудегі «объективтік» ақиқаттың атауы өте маңызды ережені құрайды, себебі қылмыстық іс бойынша қол жеткізген ақиқат – формальді емес, шартты емес, бірақ оған жету үшін нақты бір формальді талаптар мен заңдық жағдайлар белгіленген. Сол үшін ақиқат мәні бойынша объективті шынайылылығы бар» .
Объективті ақиқаттың мазмұны – бұл қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде алынған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілер және мән-жайлар туралы білімдер.
Осы арада тергеуші мен сот болған оқиғаның фактілі мәнін анықтай отырып, оған қылмыстық құқықтың сол не басқада бір нормасын қолдануды қолға ала бастайды, сөйтіп осы норманың немесе бірнеше нормалардың ішінен қайсысы жасалған әрекет үшін қандай жауапкершілік көзделетіндігін анықтайды.
Тиісінше, объективтік ақиқаттың мазмұнына фактілер мен мән-жайлар туралы білімдерден басқа танылатын фактілер мен мән-жайларды қылмыс ретінде квалификациялауға заңдық баға беруі де кіруі қажет.
Фактілер мен мән-жайларды анықтау кезінде ақиқатқа жету өзіндік орын ала-ды, егер олар шынайылықта жүзеге асырылып және соған сәйкес дәл танылса ғана.
Әрекетті дұрыс саралау ол анықталынған фактілер мен мән-жайларды қылмыс құқығы нормаларына сәйкес екендігін білдіреді. «Егер фактілі мән-жайларды тіркейтін ақиқат жалпы мазмұнды сипатты құраса, онда анықталынған фактілерді құқықтық бағалауды өзіне ала білген ақиқат формальды болып келеді және мазмұнды білімнің қандай да бір элементтерінен толығымен айырылған».
Объективті ақиқат өзінің сипаты бойынша салыстырмалы және абсолюттік бо-лып келеді. Салыстырмалы ақиқат – бұл объективтік шынайылылықты дәлме-дәл, дұрыс бейнелейтін білім, бірақ ол барлық қасиеттер мен қатынастарда толық көрсетпейді [22; 123 б.].
Абсолюттік ақиқат – бұл бір немесе басқада заттарды, объективті шынайы-лылықтың құбылыстарын түпкілікті, толық, жан-жақты тануы, яғни ол аталған заттар мен құбылыстардың барлық қасиеттері мен қатынастарын қамтитын тану.
Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы білімді алу кезінде объективтік нақтылықтан алынатын мазмұндармен тұрақты толықтырылып отырылады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізудегі объективті ақиқат салыстырмалылық пен абсолюттік органикалық біртұтастықты құрайды.