Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:22, дипломная работа
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
Кіріспе............................................................................................................................4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.........................................................................................................6
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы............................................................................................................................7
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі..................................................9
2.2.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..............................12
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.................................................................................15
3.2.Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері...............................................19
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы............................................................................................25
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................................................32
Мазмұны
Кіріспе.......................
1-тарау.Қылмыстық сот
ісін жүргізудегі заттай
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер
және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.............
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде
дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы........................
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме
теориясының негізі............
2.2.Қылмыстық процестегі
шындықтың ұғымы мен мазмұны...................
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар
көздері мен олардың іске
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.
3.2.Дәлелдемелердің қайнар
көздері мен қасиеттері........
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
«Көкше» академиясы
______________________________
Курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент_______________________
(аты-жөні, тегі)
Топ_________________Мамандық__
Жұмыстың тақырыбы______________________
______________________________
ЖОО бұйрығымен бекітілген
№_________"__"________________
Аяқталған жұмыстың тапсырылған мерзімі "___" ________________ 20__ж.
Жұмысқа қатысты негізгі мәліметтер
______________________________
______________________________
Диплом жұмысында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша сипаттамасы
а) ______________________________
______________________________
______________________________
ә) ______________________________
______________________________
______________________________
б) ______________________________
______________________________
______________________________
Графикалық материалдың тізімі
______________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
______________________________
______________________________
______________________________
Жұмыс бойынша кеңес беру және оларға қатысты жұмыстың тарауларын көрсету
Бөлім |
Кеңес беруші |
Мерзімі |
Қолы |
Тапсырманың берілген күні
______________________________
Департамент директоры_____________________
Аты-жөні, тегі қолы
Жұмыстың жетекшісі ____________________________/_
Аты-жөні, тегі қолы
Тапсырманы орындаған студент
_________________/____________
Аты-жөні, тегі қолы
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы, яғни тәуелсіз еліміз 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады [1].
Құқықтық мемлекет тек парасаттылыктың, әділлеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір -қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын демократияны қалыптастыратын күш. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптері мемлекеттің жүргізіп отырған соттық-құқықтық реформасында одан әрі дамып жетілуде. Халықаралық-құқықтық нормалардың басымдығының ішкі құқықтардан жоғары болуын мойындау республиканың заңдық актілерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді талап етеді. Бірінші кезекте бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында кездесетін құқықтық қатынастарға қатысты.
Тақырыптың өзектілігі. ҚР Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасы қолданыстағы заңнамалардың құқықтық реттеу жұмыстарында кездесетін олқылықтарды толықтыра отырып олардың нормаларын келешекте жетілдіру және олардың қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларында тереңдету қажеттілігін атап көрсетті.
Бұл жерде заңдық актілерді дайындау ісі сілтеме жасалатын нормалардың санын азайтумен және заңдардың мүмкіндігінше нақты болуымен сипатталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындау барысында құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіруді бәрінен бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ететін тұрғыдан қаралуға тиісті басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіп отыр, бұған нормативтік құқықтық актілердің көптеп қабылдануы дәлел. Солай бола тұра олардың көптеген ережелері істе белгілі мүддесі бар істің белсенді қатысушыларының құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелер төңірегінде заңды жетілдіруге бағытталған.
Қылмыстық іс қатынастар саласына тартылған өзге тұлғалардың қылмыстық іске қатысуына байланысты түйінді мәселелер ғылыми және норма шығару қызметінің аясынан тыс қалуда.
Іс жүргізу форма дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және пайдалануда ғана емес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында тәртіп ережелерін анықтайтын немесе міндеттер мен талаптарды белгілейтін құқықтық ұйғарымдарды сақтауда да ықпал ететін әртүрлі дәрежелі азаматтардың факультативтік қатысуымен қатар міндетті қатысуын да қарастырады.
Мақсаты. Осыған байланысты қандай да бір іс жүргізу әрекеттің ісін дұрыс және тиімді жүргізуге қажетті тұлғаларды қылмыстық іске қатысу үшін таңдау мен тартуда қиындықтар жиі кездесіп отырады. Заңда бекітілген іс жүргізу қызметті жүзеге асырудың ережелері қаншама жетілдірілсе де олар процессуалдық іс-әрекеттердің тиісті түрде өтуімен қамтамасыз ететін тұлғалардың қылмыстық сот ісіне қатысуына байланысты барлық мәселелерді толығымен реттей алмайды.
Міндеттері. Бұл мәселені қалыптасқан соттық-тергеу тәжірибесін талдау және заңнамаларды жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу қызметті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ғылыми жетістіктерді пайдалануға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу жағдайында шешуге болады.
Зерттеу әдісі ретінде жалпы алғанда жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелде құқығының түсінігі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 25-бабында қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны көрсетілген.Ол мына принциптерге негізделінген:
-іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді, заттай айғақтарды соттың, прокурордың ,тергеушінің, анықтаушының еркін бағалауы;
-соттың өз
тұжырымдамаларында қылмыстық
Қылмыстық іс жүргізуде заттай айғақтар дәлелдеме қатарына жатқызылған.Сондықтан да заттай айғақтар дәлелдеме міндеттерін атқаратыны айқын болып табылады.
Кінәсіздік презумпциясы принципі бойынша кінәлінің айыбын құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай дәлелдемелер арқылы заңдылықты сақтай отырып дәлелдеуге тиіс. Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен затгарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Тар мағынасында бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі. Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а) дәлелдеме-шындықты анықтаудың процесі не әдісі;
ә) дәлелдеме-тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді [2; 111б.].
"Дәлелдеме"
ұғымының қылмыстық іс
А.И.Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
а) соттық дөлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
б) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
в) соттық дәлелдемелер арқылы занда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме — қылмыстық іс жүргізу қүқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға кұқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: "Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәледдемелер болып табылады". Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
а)дәлелдемелердің ҚІЖК-сінде көрсетілген ережелерге сәйкес алынуы;
б)дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;