Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2015 в 10:22, дипломная работа
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, сегіз тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы қарастырылады.
Екінші тарауда таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі және қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны қарастырылған.
Үшінші тарауда дәлелдемелерді топтастыру, дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері және дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.
Кіріспе............................................................................................................................4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығыныңтүсінігі.........................................................................................................6
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы............................................................................................................................7
2-тарау. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
2.1.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі..................................................9
2.2.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..............................12
3-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
3.1.Дәлелдемелерді топтастыру.................................................................................15
3.2.Дәлелдемелердің қайнар көздері мен қасиеттері...............................................19
3.3.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы............................................................................................25
Қорытынды................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................................................32
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шыңдықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту кажет. Мәселе мынада, "формальды логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жок".
Формальды логиканың осы шектеулілігі:
1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының институттары мен категориялары есебінен;
2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.
2.2 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау болып табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қолжеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады.
Сот қателіктері - әдетте шыңдыққа көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа қол жеткізу мақсатын ескермеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын қандай да бір мағынадан айырады [9; 96 б].
Дәлелдеудің мақсаты ретінде шындықты айқындаудың процессуалдық құқықтық табиғаты болады. Қылмыстык, сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-бабында қылмысты тез және толық ашу деп көрсетіледі. Одан әрі ҚІЖК-нің 24-бабында істің мән-жайын жан-жақты, толык және объективті зерттеу үшін соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңда козделген барлық шараларды қабылдауға міндетті екендігі ескертіледі. Шындык ұғымының өзі міндеттер мен принциптерге арналған тарауда да аталады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 24-бабында былай делінген: "сот тараптардың пікірімен байланысты емес және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға кұқылы".
Шындық ұғымын қылмыстық процестің принциптерімен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айрықша маңыз береді.
Бұл ережелер өзінің мәнісінде мынаны көздейді: қылмысты ашу өмірде орын алған жағдайларды анықтауды мақсат етеді, ал зерттеудің объективтілігі-іс бойынша дәлелдемелерді алу және бағалау процесінде алаламай және алдын ала тон пішпей адалдық таныту. Сонымен, осы бөліктегі заң ережелерінің мағынасы қол жеткізген білімнің тану объектісіне сәйкес келуі қажеттігін ескертеді. Объекті туралы білімнің объектінің шынайы белгілеріне сәйкес келуі шындық болып табылады [10; 136 б.].
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы шындыққа кол жеткізіледі. Осы шындық дәлелдеме теориясында материалдық шындық деп аталады. М.С.Строгович қылмыстық процестегі материалдық шындықты тергеудегі және шешілу үстіндегі істің жай-жапсары туралы, кылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың кінәлі екендігі немесе кінәсіз екендігі туралы тергеу мен сот қорытындыларының объективті шындыққа толық және дәлме-дәл келуі деп анықтайды.Әрі қарай ол өз ойын материалдық шындық дегеніміз объективті шындық деп қорытындылайды. М.С.Строговичтің пікіріне В.Д.Дороховтың анықтамасы да жақын келеді, соңғысы объективті шындық дегеніміз объективті шындықты дұрыс бейнелейтін адамзат білімдерінің мазмұны және ол субъектіге, адамға, адамзатка тәуелсіз деп түсіндірді. Атап айтқанда, шындық дегеніміз-болмыстың өзі емес, объективті болмысты дұрыс танудың нәтижесі. Ол объективті, өйткені оның мазмұны бейнеленетін объектіге сәйкес келеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында объективті шындықты әлдеқайда кеш түсіну объективті шындықта субъективті бейнелеудің жоғарғы шыңына шығарады және объективтік шындықты зерттелетін фактілер мен жағдайларға субъективтік пайымдаудың толық және дәлме дәл сәйкес келуі деп анықтайды [11; 97 б.].
Бұрын айтылғандардан көрініп тұрғанындай зерттеушілер тұтас алғанда дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау деп түсінеді және бұл шындықтың объективті сипаты болады.
Шындықты философиялық түсіну, мұның өзі методологиялык; көзқарас тұрғысынан өте маңызды, оның екі жақты бастауын: салыстырмалы және абсолюттік шындықты ескеруін көздейді. Шектеулі білімнен анағұрлым терең және дәл білімге өрлеу процесі шыңдыкқа салыстырмалы сипат береді. Шындықтың салыстырмалылығы тарихи, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы танымның шектеулілігімен алдын ала анықталады. Бірақ шындық объективті болса, онда кез келген салыстырмалы шындықты абсолюттік білімнің элементтері болады. Бұл орайда философия абсолюттік шындықты тақырыпты толық, егжей-тегжейлі қамтыған және танымның одан әрі даму барысында жоққа шығарылуы мүмкін емес білім деп бағалайды. Осыны ескерсек, қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізілетін шындықтың сипаты туралы мәселені шешу дәлелдеме теориясы үшін принципті түрде маңызды болып табылады [12; 74 б.].
Қылмыстық процесте кол жеткізілетін шындықтың екі жақты (салыстырмалы және абсолюттік) сипаты туралы көзкарас мынадайтүсініктер бойынша анағұрлым қолайлы көрінеді.
Принципінде абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп тану қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органдар кызметінің нәтижесінде де абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп есептеуге негіз береді.
Абсолюттік және салыстырмалы шындықтың арақатынасы және езара байланысы туралы диалектикалық заңның жалпыға бірдейлілігі тең деңгейде қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізілетін шындықтың сипатына да қолданылады.
Дәлелдеуде абсолюттік (объективтік) шындыққа қолжеткізу мүмкіндігін жоқка шығару ісі бойьшша сот шешімінің әділеттілігіне және шынайылығына, яғни сот әділдігін орындаудың мүмкіндігі мен қажеттілігіне күмән келтіреді.
Дәлелдеуде салыстырмалы шындыққа қол жеткізуді жоққа шығару диалектика заңдарына кайшы келеді, мұның өзі айналып келгенде дәлелдеме мен дәлелдеудің мәнісін ғылыми тануда методологияны жоққа шығаруға не адамның әлемді тануда меңгере алмайтын шегі бар екендігін тануға әкеледі [13; 25 б.].
Қатаң түрдегі құқықтық тыйым салулар мен рұқсат беру жүйесінде көрінетін тергеу мен сот органдары қызметінің ерекшелігі танымдық қызметіің терендігіне, келеміне өзінің ізін қалдырады. Бұл қызмет, бір жағынан, іс бойынша белгіленетін шектермен, екінші жағынан құқықтық нұсқамалардың шеңберімен шектелген. Осы белгіленген шеңбердің ішінде қол жеткізілген шындықтың толық сипаты бар және сондықтан ол абсолюттік болып табылады.
3 Дәлелдемелерді қайнар көздері мен қасиеттері
3.1 Дәлелдемелерді топтастырудың тәртібі.
Дәлелдемелерді жіктеудің теориялық та, практикалық та маңызы бар. Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге жүйелік көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде дәлелдеу процесінің күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік дәлелдеуге тартылатын объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәлелдемелер мен мазмұнының алуан түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте маңызды. Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта келіп А. А. Хмыров былай деп атап өтеді: дәлелдемелерді жіктеу "оларды жинаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктерін алдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдемелер түрлерінің іс жүргізушілік режимін, сондай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, оларды дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі [14; 79 б.].
Жіктеу істің мән-жайынжан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемдесуі тиіс және жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуге жататын іс жағдайларының қайсысы жеткілікті түрде толық анықталғанын, қайсысы әлі де анықталмағанын не қосымша нақтылануға мұқтаж екенін білуге көмектеседі".
Әділеттілік үшін атап өту қажет, жоғарыда айтылғанындай зерттеу объектісінін көп қырлылығына байланысты қандай да бір негізі немесе белгісі бойынша дәлелдемелерді толық жіктеу мүмкін емес. Мынаны да есте ұстау керек: дәлелдемелерді жіктеу дәлелдемелердің қайсысы "жақсы" деген сұраққа жауап бермейді. Мәселені осылайша қою бірде бір дәлелдеменің күні бұрын анықталған күші болмайтындығы туралы қылмыстық іс жүргізушілік ережені мағынасынан айырады. Сонымен, дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы іс бойынша анықталған дәлелдемені бағалау кезінде соттың қорытынды ережелерінің сипатына қолданылмайды. Дәстүрлі түрде қабылданған жіктеу мынадай негіздер бойынша бөлуді қарастырады:
1) дәлелдемелер мен олардың көздерінің байланысы бойынша;
2) дәлелдемелердің сипаты бойынша;
3) дәлелдемелерді алу мен пайдаланудың сипаты бойынша.
Дәлелдемелер мен олардың көздерінін байланысы бойынша дәлелдемелер мынадай түрге бөлінеді:
а) жекежәне заттық;
ә) әуел бастағы және іс жүргізу барысындағы;
б) сапалы және сапасыз.
Жеке және заттық дәлелдемелер дәлелдемелік ақпараттың қалыптасу тетігін сипаттайды және осы тетіктің акпаратты сақтаушысымен байланысын анықтайды. Егер ақпараттың көзі адам болса (айыпталушының, сезіктінің, куәгердің жауаптары, сарапшы қорытындысы), онда ол жеке дәлелдемелерге жатады. Егер ақпарат заттар мен кұжаттарда болса, бұл орайда құжаттар адамдардың жауап беруін тіркемеуге тиіс, онда олар заттық дәлелдемелерге жатады [15; 215 б.].
Заттық айғақтар туралы айта отырып, Ф.Н.Фаткуллин былай деп көрсетеді: "Іс жүзіндегі акпараттың сақтаушысы материалдық объектілер болып табылатын, ал акпараттың өзі тілден тыс нысанда берілетін дәлелдемелер мен көздер заттық деп аталуы мүмкін. Мұндайлардың қатарына қылмыстық қызметтің құралдары мен өнімдері, қоғамдык қауіпті әрекеттің іздері бар заттар, қылмыстық жолмен болған кұндылықтар жатады. Бұл жерде іс үшін маңызы бар жағдайлар туралы тиісті ақпарат қылмыстық істі тергеу және соттың қарау кезіңде тікелей сезіммен кабыддауға болатын материалдық "іздер" мен нақты фактілер түрінде сақталады және беріледі".
Дәлелдемелерді жеке және заттық деп бөлу олардың қалыптасуының негіздері мен тетіктерін саралаудан көрінеді. Мұндай саралау дәлелдемелерді жинаудың, тексерудің және бағалаудың тиімді әдістемесі мен тактикасын жасау үшін қажет.
Қаралып отырған негіз бойынша дәлелдемелерді жіктеуден туындайтын түрлі көзқарастарды талдай отырып, П.С.Элькинд "Дәлелдемелер теориясы" (1973) авторларына кейбір сын-пікірлер айтады: олар "дәлелдемелердің екінші түрін тек заттық айғактарға әкеліп тірейді, біз мұнымен келісе алмаймыз, өйткені заттық айғақтар азаматтардан шықпайтын дәлелдеме компоненттерінің бірін құрайды. Мынаны да ескеру керек: тергеу және сот іс-қимылының хаттамалары белгілі бір адамдардан шыққан акпаратты (мәселен, жауап алу хаттамасы) не заттар мен кұжаттарда бар акпаратты (мәселен, заттық айғақты карау хаттамасы, тінту кезінде табылған құжатты көрсете отырып жасалған тінту хаттамасы және басқалары) куәландыра алады. Кез келген хаттамаға нақты адамдар қол қояды және осы формальды белгісі бойынша адамдардан шыкқан дәлелдемелерге жатқызуға болар еді, дегенмен шешуші рөлді оның мазмұны көрсетеді ол адамдардан шыкқан және заттар мен құжаттарда бар ақпаратты бекітеді" [16; 23б.].
Дәлелдемелерді жекежәне заттық деп бөлудің бар болғаны сыртқы формальды сипаты ғана бар және өзін қалыптастырудың тетігін қамтитын дәлелдеме табиғатын бейнелейді.
Бастапқы және туынды дәлелдемелер. Мұндай жіктеу Ф.Н.Фаткуллин атап көрсеткеніндей, "іс бойынша анықтауға жататын факті мен оның бейнесі болып табылатын акпарат арасындағы дәнекерлік деңгейінің белгісіне негізделеді".
Бастапқы дәлелдемелерге тікелей бастау көзден шыққан және акпарат сақтаушысы мен ақпарат арасында қандай да бір аралық буын жоқ дәлелдемелер жатады. Мәселен, өзін қызықтырған фактіні тікелей қабылдаған куәгердің жауабы бастапқы дәлелдемелер болып табылады. Осы топқа барлық уақытта "дәлелдеу тақырыбының құрамдас материалдандырылған "бөліктері ретінде" заттық айғақтар да жатады".
Туынды дәлелдемелерге "анықтау, тергеу, сот органдары ақпараттың екінші көзінен, "екінші қолдан" (құжат көшірмесі, куәгердің тікелей тиісті оқиғаны бақылаған, басқа адамнан не естігені туралы жауап беруі және басқалары)" алған ақпараты жатады [17; 58 б.].
Дәлелдемелерді бастапқы және туынды деп бөлудің маңызы дәлелдеменің тікелей бастапқы көзден қаншалықты деңгейге ұлғайғанын анықтаудың практикалық қажеттілігіне байланысты. Қашықтау деңгейі (дәнекерлік) елеулі болған сайын қате мәлімет алудың ықтималдығы ұлғая түседі.
Туынды дәлелдеудін мәні туралы мәселеде белгілі бір күрделілік бар. В.Д.Арсеньев әділетті түрде атап өткеніндей, туынды дәлелдемелерді қалыптастыру процесінің кездейсок, сондай-ақ жасанды сипаты болады. Қылмыстық процесті жүзеге асыратын адамның еркінен тыс орын алатынның бәрі де кездейсоқ сипатта болады (мәселен, тікелей куәгер мен өзге де адамдардың арасында істің мән-жайы туралы кездей соқ пікір алмасу). Сот ісін жүргізуде туынды дәлелдемелерді сапалы түрде қалыптастыру процесі де жүреді. Мәселен. "егер оқиғаның басында болған куәгер тергеушіге жауап берсе, соңғысы істі түпкілікті шешетін сотқа қатысты жауап беріп (куәгер белгілі бір себептермен тікелей жауап беруге келе алмаса) туынды дәлелдеменің көзі ретінде шыға алады. Осы себепке байланысты тікелей жауап алу, тінту жүргізу және өзге де іс-әрекет хаттамасы хаттамалардың өзінде тіркелген дәлелдемелерге қатысы жөнінен туынды болып табылады. Міне, осыны назарға ала отырып, С.В.Курылев құжаттарды жасауға. "туынды, дәлелдемелерді туғызудың саналы түрде ұйымдастырылған процесі" деп сипаттама берді [18; 63 б.].
Сапалы және сапасыз дәлелдемелер. Мұндай жіктеу "іс жүзінде ақпарат сақтаушының оны дұрыс қабылдау, сақгау және көз алдына келтіру қабілетін, қандай да бір басқа себепке байланысты хабарланатын ақпараттың өңін айналдырмауды оның нақтылығын, қарама-қайшы болмауын және тиісінше іс жүргізушілік ресімделуін" білдіреді.