Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:57, реферат
Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.
Классикалық философия үшін қарапайым сана ағартушылық қызметтің аланы деп есептелсе, ал жаңа ситуацияда қарапайым сана философиялық ізденістердің маңызды обьектісі.
Постструктурализмнің және деконструктивизмнің теориялық алғышартын қалыптастырушысы француз философы және әдебиетшісі Жак Деррида. Оның философиялық жұмыстарының негізі («грамматология») құрылымсыздық идеясы, ал интерпретация деп сөзді ойнатуды айтады. Грамматология бойынша «жазулар» (мәтінді Деррида осылай атайды) ертедегі жазулардың жалғасы. Сондықтан, классикалық философия ойдың өмір сүруінің негізінен айырылып қалады. Осыны ескеріп, Деррида мәтінді дәстүрлі зерттеудің орнына, оның (мәтіннің) құрылымын деконструкциялап логикасын, рационализмін бұзуды ұсынады.
Француз философ Мишель Фуко тарихты зерттеуге көп мән береді. Тарих Фуконың пікірінше бір-бірімен байланысқан құбылыстардың тізбегі емес, керісінше әртүрлі және тұйықталған оқиғалардың кездейсоқ жиынтығы. Классикалық дәстүр тарихты үздіксіз процесс ретінде түсіндіреді. Фуко керісінше тарих өзімен тұйықталған әртүрлі эпистемалардың жиынтығы. Эпистемалардың арасында байланыс жоқ, олар бір-бірін кездейсоқ алмастырады. Эпистема – қарастырып отырған дәуірдің құрылымдық байланыстары, осы дәуірге тән іс-әрекет, ой. Эпистема – Фуконың «Сөздер мен заттар» , «Гуманитарлық білімнің археологиясы» атаулы еңбегінің негізгі ұғымы. Жаңа замандағы Еуропа мәдениетінен Фуко үш эпистеманы бөледі. Олар қайта өрлеу (16ғ.), классикалық рационализм (17-18ғ.) эпистемалары. «Сөздер» мен «заттар» арасындағы қатынас осы дәуірлердің ойлау ерекшелігіне ықпал жасайды.
Швейцар әдебиетшісі Ролан Барт деконструкциясының негізгі ұғымы – автордың өлімі. Егер герменевтикада мәтіннің авторы маңызды болса, деконструктурализмде мәтіннің өзі маңызды, ал авторды ескермеуге болады.
Автордың мәтінге салған мағынасын деконструкивистер іздемейді, керісінше олар көп мағыналығына мән беріп ойдан қосып жалғастырады.
Cөздік
Антропология – (грек. anthropos адам және logos – ілім, сөз)- философиялық антропология – мәдениеттің, инабаттылықтың, құқықтың және адам өмірінің негізін іздейтін философия. Ізденістің негізі адамның табиғаты және оның өмірлік мүддесі.
Архетип (грек. arche – бастау және typos – пішін, үлгі) – алғашқы бейне, идея. К.Юнгтың психологиясында адамдардың психикасында, жадында сақталып қалған мифологиялық қалдықтар және көне адамдардың тәжірибесчінен қалған символдар, схемалар, халықтардың немесе адамзаттың коллективті өмірінің нәтижесі.
Верификация (лат. werifikate – ақиқатты, істеймін) – ғылыми сөйлеймдерің, тұжырымдардың ақиқаттылығын эмпириялық тексеру арқылы анықтайтын методологиялық ұғым.
Деконструкция (лат.dekons - алып тастау) - әдеби мәтіндердің ішкі қайшылығын ашу, жасырын мағынасын табу, мәтіндердегі тірек болар негізгі ұғымдарды, метафорлық қабаттарды табу. Ж.Деррида ұсынған мәтіндерді зерттеу методологиясы.
Интенционалдық (лат. intehs- талпыну)- сана интенционалды, яғни бір затқа (нәрсеге) бағытталғанымен сипатталады. Алғашқы рет сананың интенционалдығы туралы айтқан философ Ф.Брентано, кейіннен Гуссерль жалғастырған (таза сана).
Интуиция (лат. intueru зер салу, қадалып қарау) – білімді немесе құбылыстың мәнін дәлелсіз тұтас қабылдау, логикаға сүйенбей аңдау, кенеттен аңғару.
Менталитет (лат. mentos - ойға қабілеттілік, ақылдың құрамы) - әртүрлі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын, тұрмыс салтын, көңіл-күйін, дүние танымын анықтайтын, және соларға ықпал ететін рухани өмірдің қалыптасқан жүйесі. Этникалық қауымдастықтың ұрпаққа жалғасатын тарихи - әлеуметтік құбылыс.
Нигилизм (лат. nihi- ештене емес)- қоғамдағы, мәдениеттегі құндылықтарды жоққа шығаратын принцип. Кейде жоққа шығару, басқа бір құндылықтарды насихаттау үшін пайдаланылды. Осы ұғымды батыс философиясында Ницше мен Шпенглер кең қолданды.
Парадигма (гр. paradejgm – мысал, үлгі)
1) антика және
ортағасыр философиясында
2) заманауи ғылымында
(Т.Кун) ғылыми қауымдастық
Редукционизм (лат. redutio – кейін шегіну, бұрынғы күйге қайтып оралу). Барлық пәндерге ортақ тіл арқылы ғылыми білімнің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған методологиялық бағдарлама.
Фальсификация (гр. felsif - жалған, жасаймын).Гипотеза және теорияның жалғандығын классикалық логиканың ережелеріне сүйеніп анықтайтын методологиялық ұстаным.
Эпистема – (гр. episteme білім) – сөздер мен заттардың арасындағы байқауға түспейтін мәдени дәуірге сай жасырын құрылым. Фуконың «Слова и вещи. Археология гуманитарных наук» атаулы еңбегінің басты ұғымы.
«ХІХ – ХХ ғасырлардағы классикалық емес Еуропа философия» тақырып бойынша ұсынылатын тест тапсырмалары:
$$$ 1
Иррационализмнің өкілдері:
A) Лейбниц, Фейербах, Маркс;
B) Шопенгауэр, Кьеркегор. Ницше;
C) Лейбниц, Бэкон, Гегель;
D) Маркс, Боэций, Фейербах;
E) Ницше, Фрейд, Гегель.
$$$ 2
Интуитивизм өкілін атаңыз:
A) Вебер;
B) Шестов;
C) Фромм;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 3
«Өмір сүру» философиясының негізгі өкілі:
A) Спиноза;
B) Сократ;
C) Вольтер;
D) Шпенглер;
E) Кант.
$$$ 4
«Дүние ерік және елес ретінде» еңбектің авторы:
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 5
«Үрей метафизикасын» пайымдауға тырысқан алғашқы философ.
A) Кант;
B) Аристотель;
C) Шопенгауэр;
D) Ницше;
E) Фрейд.
$$$ 6
Біздің адам сүйгіштігіміздің бірінші өсиеті - «Әлсіздер мен ұсқынсыздар өле берсін. Тіпті өлуге оларға көмектесу керек» деген өсиеттің авторы.
A) Бергсон;
B) Шопенгауэр;
C) Фрейд;
D) Спенсер;
E) Ницше.
$$$ 7
«Билікке
кұштарлық» ұгымын қалыптастыру
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 8
«Түйе, арыстан, бала» адамның адамға айналуының жолы сияқты. Осы метафора кімдікі?
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 9
«Жоғарғы адам» /Асқан адам/ кімнің идеясы?
A) Маркстың;
B) Гегельдің;
C) Шпенглердің;
D) Хайдеггердің;
E) Ницшенің.
$$$ 10
А.Бергсон «... Бұл интеллектуалдық көңіл ауудың турі арқылы заттың ішкі әлеміне енуге болады, оның ішіндегі бірден-бір, әрі айтып жеткізе алмайтын нәрсемен тұтасып кету мақсатында» деп анықтаған:
A) тәжірибелік;
B) пайымдаушылық;
C) интуициялық;
D) интеллектуалдық;
E) сезімдік.
$$$ 11
Позитивистер бойынша философтарға кажеттісі ....
A) дүние құрылымының сонғы себептерін іздеу;
B) философияны діни сананың бір түріне айналдыру;
C) болмыстың пантеистік табиғатын макұлдау;
D) ғылым мен өнердің ұлы метафизикалық бірігуін ойластыру;
E) ғылыми танымның логикасы және методологиясымен айналысу.
$$$ 12
«Алғашқы
позитивизм» өкілдерін
A) Конт, Спенсер;
B) Мах, Авенариус;
C) Шлик, Франк;
D) Карнап, Нейрат;
E) Поппер, Бергман.
$$$ 13
Танымның негізгі түпкі бастамасын позитивизм өкілдері қалай есептейді?
A) гипотеза принципі;
B) интерпретация принципі;
C) практикалык принцип;
D) верификациялау принципі;
E) эмпирикалык принцип.
$$$ 14
Огюст Конт шығарған қандай философиялық бағыт позитивтік, яғни «дұрыс болымды» білімнің ролін арттырып жіберді?
A) экзистенциализм;
B) позитивизм;
C) прагматизм;
D) неотомизм;
E) неофрейдизм.
$$$ 15
«Позитивті ғылым өзіне өзі философия» - деп кім айтты?
A) Платон;
B) Маркс;
C) Кант;
D) Карнап;
E) Конт.
$$$ 16
Позитивизмнің тарихи формасына жатпайтыны:
A) логикалық позитивизм;
B) аналитикалық философия;
C) неопозитивизм;
D) эмпириокритицизм;
E) мегапозитивизм.
$$$ 17
Ницше, Шпенглер, Бергсон. Дильтей философиясындағы ізденілген ұғым.
A) дін;
B) өмір;
C) апория;
D) идея;
E) табиғат.
$$$ 18
Феноменологияның негізін салушы кім?
A) Ницше;
B) Гадамер;
C) Гуссерль;
D) Кьеркегор;
E) Хайдеггер.
$$$ 19
XX ғ.философиялық діни бағытты көрсетіңіз?
A) постпозитивизм;
B) экзистенциализм;
C) неотомизм;
D) персонализм;
E) позитивизм.
$$$ 20
Адам өзін өзі калыптастырады, өмір сүре отырып өз мәніне ие болады деген пайымдау қандай философияның алғашқы принципі?
A) позитивизм;
B) экзистенциализм;
C) неотомизм;
D) персонализм;
E) прагматизм.
$$$ 21
«Шекаралы жағдайда» яғни өлім мен өмірдің, түңілу мен азаптың ортасында калған адам үлгісін қандай философиялық бағыттан көреміз?
A) прагматизмде;
B) герменевтикада;
C) неотомизмде;
D) марксизмде;
E) экзистенциализмда.
$$$ 22
«Бөтен», «Оба», «Сизиф туралы аңыз» еңбектерінің авторы.
A) Камю;
B) Сартр;
C) Марсель;
D) Хайдеггер;
E) Ясперс.
$$$ 23
Э.Гуссерльдің феноменологиясының негізгі түсінігі:
A) конвенционализм;
B) кызығушылық;
C) коэволюция;
D) интенционалдык;
E) ақпарат.
$$$ 24
Батыс философы К.Поппердің ойынша ғылымның басталуы
A) мәселе;
B) теория;
C) эксперимент;
D) гипотездерді шығару;
E) бакылау.
$$$ 25
Фальсификация қағидаларын кім кұрастырған?
A) К.Поппер;
B) И.Лакатос;
C) П.Фейерабенд;
D) Т.Кун;
E) М.Полани.
$$$ 26
Батыстағы «Үшінші толқынның» идеологы және философы:
A) Ф.Фукуяма;
B) П.Бжезинский;
C) Д.Белл;
D). Хантингтон;
E) О.Тоффлер.
$$$ 27
Француз философы, XX ғ. жазушысы, экзистенциализмнің өкілі:
A) Ж.Сартр;
B) С.Кьеркегор;
C) Тейяр де Шарден;
D) Б.Рассел;
E) Д.Дьюи.
$$$ 28
Классикалык структурализмнің өкілі:
A) Камю;
B) Фуко;
C) Дьюи;
D) Марсель;
E) Ясперс.
$$$ 29
Герменевтика - дегеніміз:
A) аударма;
B) логикалык мазмұндама;
C) сәтті табылған шешім;
D) сөз айналымы;
E) мәтіннің мазмұны
$$$ 30
Постмодернизмнің өкілі:
A) Камю;
B) Конт;
C) Деррида;
D) Сартр;
E) Пирс.
$$$ 31
Постпозитивизм философиясы кімнің есімімен байланысты?
Информация о работе ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы