ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

568_kulenov_b.a._khappasova_g.m._hihhh_gasirlardagi_klassikalikh_emes_europa_filosofiyasi.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

Ғалымдар жаналықты  ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы  пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.

Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды.  Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.

Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны  байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.

Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.

Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз.

Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды.

Теорияны жоққа шығару – оны  фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа  теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен  ғылымды эмпириялық және теориялық  деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық  деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.

Томас Кун осы ұсынысты ескере отырып философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.

Парадигма - барлық ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми нәтиже. Оның көмегімен ғылыми проблемаларды  қоюға және оны шешудің әдістерін қарастыруға болады. Парадигма ауысқан уақытта, ғылыми нормалар да ауысады. Әртүрлі парадигмалардың аясында қабылданған теорияларды салыстыруға болмайды, өйткені ғылымилықтың әртүрлі стандарттарына негізделген. Парадигма деңгейінде ғылыми біліммен, жалған білімнің арасын ажырататын нормалар қалыптасады.

Кун ғылымның дамуын парадигмалардың ауысуымен байланысты революциялық процесс деп біледі. Ғылым дамуы екі кезеңнен өтеді. Қалыпты кезеңде ғылыми ғылым  бір нақты парадигманың аясында  дамиды. Осы уақытта эмпириялық фактілер жинақталады және қолданылып жүрген әдістердің көмегімен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын ғылыми қауымдастық қолданылып жүрген әдістермен принциптерге күмәндана бастайды, өйткені жаңа фактілер тұрақтанып қалған ғылыми тұжырымдарға қайшы келетіні байқалады. Осының нәтижесінде жаңа фактілерді түсіндірудің жаңа әдістері қалыптасады. Осыған байланысты ғылыми қауымдастық ескі парадигмадан бас тартып, жаңа парадигмамен санасуы керек. Осы сәтті Т. Кун ғылымның дағдарысы деп атайды. Ғылыми қауымдастықтың көпшілігі жаңа парадигма ғылыми мақсаттарды шешудің дұрыс амалын ұсынады деп сенуі керек.

Дегенменде, сенім  ғылыми зерттеудің логикасында жатқан рационалдық негізге сүйенеді. Кейіннен Т. Кун парадигманы дисциплинарлық матрица ұғымымен алмастырды. Дисциплинарлық матрица осы нақты дәуірде басым ғылымилықты анықтайды, сонымен бірге ғалымнан белгілі ойлау тәсілін, мінез-құлқын қажет етеді.

Ғылымның дамуы  туралы И.Лакатос ұсынған концепция  Т.Кунның позициясына жақын.

Ғылымның дамуы  ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.

Ғылыми-зерттеу  бағдарламасының ауысуын И.Лакатос  ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы  ауысып отыратын бәсекелес зерттеу  бағдарламалардың күресі арқылы толық  анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

П.Фейерабендтің  пікірінше бір мезгіл аралығында өзара көптеген білімнің түрлері бар, ал ғылымның ішінде-көптеген өзара тең теориялар бар. Ғылымның дамуы әртүрлі теориялардың бәсекелестігі арқылы жүреді. Олай болса ғалымдар альтернативті теорияларды көптеп жасай берулері керек. Олар бір-бірімен жарыса отырып, өздерінің бастапқы принциптерін айқындап алады, өзара сынасады, ақырында ғылымның дамуына көмегі тиеді. Әртүрлі парадигманың негізінде қалыптасқан теорияларды салыстыруға болмайды, тіпті көрінген екі теорияны салыстыра алмайсың. Олардың әрқайсысының негіздері әрқилы. П.Фейерабенд рационалды ойға қарсы. Ғылым тарихына сүйене отырып, ол қабылданған ғылым стандарттарымен, нормалардың негізінде рационалды емес компоненттер жатыр дейді. «Ғылымның құндылығы неде? Шынымен ғылым хоппи космологиясынан, Аристотель ғылымы мен философиясынан, дао ілімінен артық па? Немесе, ғылым-нақты бір тарихи жағдайларда пайда болған мифтердің бірі шығар?» деген сұрақтар қоямыз. Байқасақ, рационалды іргетасының негізінде салынған үй берік емес екен.

Ғылым туралы біздің түсінігіміз, оның қазіргі өркениеттігі алдыңғы қатардағы орнымен байланысты. Соған табынамыз. Сондықтан, ол ғылым діннің бір вариантына айналған, өйткені дүниені түсінудің ғылыми емес, ғылымнан тыс формаларын мойындамайды, тіпті жоққа шығарады. Сциентизмді осы тұрғыдан алсақ ғылыми-теориялық фанатизм дейміз.

Ғылым, дейді  Фейерабенд, өзінің көптеген параметрлерімен  мифологияға жақын. Ол қазіргі заманның мифі, немесе, дәлірек айтсақ қазіргі  мәдениеттің мифологиясы. Ғылымды  негіздеу, көрінген мифті негіздеу сияқты-рационалды дәлелдер келтіру арқылы емес, сенім арқылы жүргізіледі.

Ғылым теорияның  құрылымы да мифологияға жақын. Екеуінде де өзгеріс барысында бұзылмайтын  орталық идея бар. Мифологияның өзекті идеясы-тиым салу (табу) жүйелері, ал ғылымда  она концепцияның фундаменталды негізі деп атаймыз. Осы негізге сәйкес келмейтіндерді жарамсыз дейді, немесе жоққа шығара салады. Осы сияқты дейді Фейерабенд, ғылымның дүниені түсінудің басқа формаларына қарағанда нақтылығы, қисындылығы туралы пікірде күмәнді.

Сонымен, ғылымның сциентикалық методологиялық үлгісі, көрінген идеологиялық немесе діни жүйе сияқты рас ғылымнан алыс тек идеалды құрылым. Ғылым ақыл-ойдың ғана туындысы емес. Оның бойында рационалды емес элементтер жетерлік. Осындай фактілермен санасу керек. Болмысты және оның формаларын рационалды тұрғыдан ғана түсіндіру жеткіліксіз, өйткені рационалды танымның шегі бар. Танылмаған сфералар, танылған сфераларға қарағанда сондай ауқымды, сондықтан дүниенің иррационалдығын мойындауымыз дұрыс болған болар еді.

Әдебиетте Фейерабендтің көзқарасын постпозитивистік дәстүрде қарастырады. Бірақ осы бағыттың кейбір өкілдері қатаң сциентистік бағыттан бас тартып, ғылымды кең әлеуметтік-мәдени контекстте зерттеуде.

 

2 Іс - әрекеттік бағыт

 

Прагматизм – ілімінің өзегі адам және оның іс-әрекеті. XIX ғасырдың 70 жылдары Америкада шығып, XX ғасырдың бірінші жартысында басқа елдерге кең тарайды.

Негізгі идеясы Ч. Пирстың (1839-1914) есімімен байланысты, ал ары қарай дамытушылар У. Джеймс (1842-1910), Д. Дьюи (1859-1952). Сөздіктерде “прагматизм” терминінің шығуын “іс”, “әрекет” сөздерінен туындатады.

Пирс өзі  ұсынған терминді И. Канттың “прагматикалық сенім” ұғымынан туындағанын айтады. И. Кант “Таза ақылға сында” былайша  түсіндіреді. Адамға әрекет қажеттілігі  туғанда, бірақ жағдай әлі айқын емес, және істің немен тынары туралы білім болмаса, онда оған бірер ұйғарымға келіп сену керек, яғни сенімге негізделген іс-әрекет мақсатқа жеткізеді. Білім негізделмей, сенімге негізделген іс-әрекет Пирстің жаңа философиялық доктринасының өзегі.

Пирс адамның  ой-санасының негізгі екі күйін-ахуалын  айырады. Бірінші күйінде күмәншілік (сомнение) сана тартыншақ, көмескі, екі  ұшты, әртүрлі пікірлердің арасындағы солқылдақ сана. Пирс күмәншіл сананың  эмоциялық сипаттамасында ұмытпайды. Күмәншіл сана мазасыз, күйгелек дейді. Сенімнің күйінің эмоциялық сипаты жағымды, сабырлы, байсалды. Сенім субъектісі іс-әрекетке дайын, өйткені сенім тұрақты, үнемі жүріп жатады, тіпті дағдыға айналған.

Адам (мүдделі  адам) күмәндану жағдайынан құтылып  сенімнің байсалды қалпіне жетуге талпынады. Біріншіден екіншіге ойлау арқылы жетеді. Ойдың жалғыз фүнкциясы тұрақты сенімге жеткізу. Осыдан басқа ойдың қызметі жоқ. Сенім ақиқатпа әлде жалғанба, соған қарамастан, адам тұрақты сенімге жеткеніне қанағаттанады. Сонымен бірге, адамдағы сенім тұрақты болса, онда ол оны ақиқат деп біледі. Дәстүрлі таным теориясының мақсаты – білім, ал ой ақиқат білімге жеткізетін жол.

Прагматизмнің “мүдделі адамы” күмәнданудан босап  психологиялық қанағат, эмоциялық  тыныштық табады. Білім мақсат емес, “мүдделі адамға” тыныштық әкелетін сенім керек. Егер адам танымға емес, тұрақты сенімге және жан тыныштығына жетуге мүдделі болса, онда ойлаудың нәтижесін ақиқат немесе жалған демей, жақсы немесе жаман деп бағалау керек. Пирс танымды жоққа шығармайды. Танымның алғы шарты – құбылыс, көрініс. Ақиқат – сенімге негізделген білім. Ғылымда жеке ақиқат жоқ, ақиқат жалпыға бірдей болу керек. Ол үшін білгір зерттеушілер, егер зерттеу процесі ұзаққа созылса, міндетті түрде келісімге келіп мәжбүр етілген ақиқатқа жетер еді.

Ақиқатты осылай түсінуді, кейінгі прагматистер қабылдамады.

Пирс көпқырлы ғалым: химик, астроном, логик, философ, математик, семиотика ілімін жасаушы. Негізгі еңбектері: “Сенімді бекіту”, “Біз идеяларымызды қалай айқын  жасаймыз”.

 Джон Дьюи – американдық прагматистердің ең беделдісі. Ол алғашқы кезеңде психологиямен, білім психологиясымен айналысады. Кейінен педагогикаға ықыласы ауып «прогрессивті білім алу» атаулы теориясын жасаған. Дьюи, мектептің міндеті баланың басын толтыру емес, оның қабілетін ашуға көмектесу деп білген. Дьюи философияның көптеген мәселелерімен айналысқан өнімді жазушы.

Дьюи философиясының негізгі ұғымы – тәжірибе. Тәжірибе кең мағынада алынады, яғни адам өмірімен байланысты әлеуметтік, рухани, табиғи, мәдени көркем құбылыстардың барлығы да тәжірибе. Адам тағдырына әсер ететіннің барлығы тәжірибе.

Адамның санасы тәжірибені алып жүруші. Философияның міндеті және соның көмегімен  тәжірибенің өзін жетілдіру. Дьюи, алдыменен  әлеуметтік өмірді қайта құрып, адамдардың өмірін жақсарту деп түсінген болар. Ол үшін ол білім жүйесін өзгертуді ұсынады. Шындығында, қай мемлекетте болмасын орта және жоғары білімнің деңгейінің төмендегені баршаға аян. Оның ұсынған педагогикалық жүйесін қатты сынаған, бірақ ол осы мәселені қоя білді. Ағарту, білім жүйесін реформалау қоғамды жетілдірудің шешуші құралы немесе әдісі.

Тәжірбиені жетілдірудің тағы бір жолы «жоғарғы технологияның» ғылыми әдістерін пайдалану. Адамзат ғылыми техниканы жетілдіруде көрнекті нәтижелерге жеткенімен, солардың ғылыми әдістерін қоғамды басқаруға, саясатта, әлеуметтік өмірде қолданбады. Әуелі, осы ғылымдардың әдістерін, білім алуға қолдану керек. Ол үшін ғылыми әдістерді логикалық қайта құрудан (реконструкция) өткізу парыз. Сонымен, тәжірибені реконструкциялаудың үшінші жолы – ойлауды жетілдіру. Дьюи эмпирикалық сипаттағы ғылыми әдісті қолдануда қиыншылықтар кездеседі дейді. Ондай қиыншылықтардан шығудың жолы логиканы, қалай түсінетіні туралы, көпшілік қауымға арналған. «Біздер қалай ойлаймыз?» деген еңбегі бар.

Адамның тәжірибесі (адамның өмірі) өзгерісте болғандықтан, айқын емес, тіпті кейде қатерлі, тұрақсыз. Тәжірибе тәуекелмен (риск) байланысты. Адам барлық істе, тұрақтылықты, айқындылықты қажет етеді. Осыған жауапты,Дьюи Платон философиясынан табады. Платон дүниені екіге, идеалды және материалды дүниеге бөлген. Материалдық дүние сезім арқылы қабылданады, сондықтан оны көрінген таный алады, ал идея дүниесіне ақылдың көмегімен жететін болғандықтан оған ерекше қабілет керек. Сезімдік таным қарапайым, физикалық еңбекпен айналысатын білімсіз адамдарға, құлдарға, жер өңдеушілерге тән, ал идеялар рухани дамыған, білімді адамдардың үлесі.

Осындай, әлеуметтік еңбек бөлісі ертеден келе жатыр  және екі дүниетанымды қалыптастыруға себебін тигізді (материалистік, идеалистік). Бірақ, ол уақыт өтті, қазіргі демократиялық қоғамда қол еңбегі мен ой еңбегін қарсы қоюға негіз жоқ, олардың арасы жақындасқан сайын бірте-бірте өше бастайды. Жалпы, Дьюи абсолютті білімге, ақиқатқа қарсы. Кейбіреулер – дейді Дьюи, жетілген қоғамды, жетілген білімді және басқа да игіліктерді дайын күйінде алғысы келеді, өйткені олар адамның табиғаты өзгермейді деп сенеді. Шыңдығында адамның табиғаты құбылмалы.

Дьюи, абсолютті  ақиқат, яғни өзгермейтін, толысып біткен білім болмайды – дейді. Егер теория немесе пайымдау, алға қойған мақсатымызды, жоспарымызды іске асыруға көмектесіп, дұрыс нәтиже берсе, онда біздер алғыс айтқандай оларды (теорияны) ақиқат білім деп атаймыз. Осындай пікір тек Дьюиге емес, барлық прагматисттерге тән.

Сонымен, білімді  алудың процесін Дьюи төмендегіше түсіндіреді. Ғылыми әдістің, ғылымның жалпы және негізгі міндеті адамды ортаға барынша толық бейімдеу, адамның қызметіне жағдай жасау.

Сондықтан да, танымның және зерттеудің барысында қолданылатын ұғымдарды Дьюи мақсатқа жетудің  құралы, инструменті ретінде анықтайды.

Осыдан, Дьюидің  концепциясын инструментализм деп  атайды.

Информация о работе ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы