ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

568_kulenov_b.a._khappasova_g.m._hihhh_gasirlardagi_klassikalikh_emes_europa_filosofiyasi.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

 

 С. Торайғыров  атындағы  Павлодар мемлекеттік

 университеті

 

 

 

Б.Ә.Күленов

Г.М.Қаппасова

 

 

 

 

ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық  емес еуропа философиясы

Оқу-әдістемелік құралы

барлық мамандықтын  студенттеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

К93

 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кенесінде мақұлданды

 

Рецензенттер:

К.Ф.Загупаров  – философия ғылымының кандидаты, ПМПИ профессоры.

А.А.Ақышев –  философия ғылымының кандидаты, профессор, «Тарих және құқық» факультеттің деканы.

Г.Ғ.Ахметова –  философия ғылымының кандидаты, доцент, «Философия, әлеуметтану және саясаттану» кафедраның меңгерушісі.

 

 

К 93   Күленов  Б.Ә., Қаппасова Г.М.

 

ХІХ–ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы: оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар, 2007. – 50 б.

 

Ұсынылған оқу-әдістемелік құралында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары қамтылған. Осы дәуір философиялық мәдениетті байытқан тамаша ойшылдарды шығарды. Студент қауым және колледж оқушылары осы оқу құралы арқылы, олармен кеңінен таныса алады.

Жоғары оқу  орындары мен колледждерінің студенттеріне  арналған.

 

 

 

 

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

 

 

 

© Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе

 

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері  жағынан  ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі  философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын   философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Өткен ғасырларда адамзаттың философиялық тәжірибесі ұлғайды. Қазіргі философиялық сана позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған.

 Сондықтанда,  философиялық бағыттарды мазұнының  ұқсастығына байланысты бір принципке  біріктіру оңай емес. Тіпті, ондай  классификация жоқ.

 ХІХ - ХХІ  ғасыр аралығында философияның  классикалық схемасының бүгінгі күні жұмыс істемеуі заңды нәрсе, өйткені, адамзат алдында «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде шешімін таппай тұрған мәселелерге әрқилы жауап іздеуге болады. Сондықтан, құбылыстарды, оқиғаларды монистік тұрғыдан түсіндірудің философиялық плюрализммен алмасуы тиімді болар.

Осыны басшылыққа ала отырып ХХ ғасырда өздерін белсенді танытқан философиялық ойдың алты бағытын қарастырайық:

Сциентистік бағыттағы философиялық мектептер.

Іс-әрекеттік  бағыттағы философиялық мектептер.

Антропологиялық бағыттағы философиялық мектептер.

Діни (теологиялық) бағыттағы философиялық мектептер.

Әлеуметтік  сыни бағыт.

Герменевтика  және «постструктуралистік-постмодернистік  кешен».

1 Сциентистік бағыт

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.

Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.

Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің  ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция  баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.

Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам – тірі организм. Қоғам “мүшелердің” (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып  тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды. Революция организмнің “ауруы”.

Этикада Г. Спенсер утилитаризм  және гедонизм (пайда және рахат  сезімге бөледі) принциптерін ұстанды.

Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.

Осы бағыттың көрнекті өкілдері –  австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын. Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Тәжірибе тар мағынада түйсіктердің жиынтығы немесе комплекс ретінде алынған. Түйсік объективті дүниенің бейнесі емес. Ғылыми терминдер – белгілер.

Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас  емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап  шығып, мағынасыз, бос терминдерді  ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.

Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын  болғандықтан, олардың пікірінше  шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін  ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.

Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда  ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын  жалпы нәтижелерін жинақтайтын  “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау  деп біледі.

Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.

Неопозитивизмнің тарихи және бірінші  нұсқасы “Вена үйірмесі” деп  аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл – дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау – мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің семантикасын талдау.

Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті  ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін талдау.

 Философия ғылымы тория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан (тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды? Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.

ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер.

Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.

Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті  – біздің ойымызды және сөйлемдерді  түсінікті ету.

           Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.

Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.

Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен  ғылымдар философиясының жаңа бағытының  өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді  ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Олардың әртүрлілігіне  қарамастан, барлығына ортақ идеяларын  шамамен төмендегідей қарастыруға болады:

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.

Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

Информация о работе ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы