ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

568_kulenov_b.a._khappasova_g.m._hihhh_gasirlardagi_klassikalikh_emes_europa_filosofiyasi.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

Христиан бейнесінде өзін жетілдіре отырып, адам дүниені  жетілдіруге белсенді араласуға  мүмкіндік алды.

Католицизм  философиясы, кейбір догмаларынан арылып адамға жақын, яғни әлеуметтік гармония, халықтар арасындағы бейбітшілік, өнегелік, және т.б. мәселелерге көңіл бөле бастады.

Папа Иоанн  Павел II (К. Войтыла) өткен тарихтағы  жіберілген қателіктерді (инквизиция алаулары, ғылымды қудалау) Шіркеу мойындап, кешірім өтінуі керек деген идеяны шығарды. Католицизмді қарапайым адамдарға  жақындастыру, қазіргі жағдайға бейімдеу осы ілімнің негізгі мақсаты.

XIX – XXғ.ғ.  АҚШ, Франция елдерінде персонализм тарай бастады. Осы ағымның негізгі өкілдері: Э. Брайтмен, Р. Флюэллинг (АҚШ), Э. Мунье, Ж. Лакруа (Франция). Персонализмнің негізгі мақсаты дінмен адамды татуластыру. Дүние – Құдай мен адамның бірігіп жасаған ісінің нәтижесі. Егер Құдай жоғарғы тұлға болатын болса, онда адам жердегі бірінші тұлға (персона). Тұлға негізгі онтологиялық категория, болмыс көрнісінің негізгі формасы. Тұлғаның шығармашылық белсенділігінің бастауы, тұлғаның өзінде емес – Құдайда. Сондықтан да адам мен Құдай арасындағы диалог үзілмейді.

Адам қоғамдық қатынастар жүйесінде өмір сүргендіктен өзінің қайталанбас “Мендігін” көрсетіп қалу мүмкіндігімен айырылады, өйткені  қоғамдық қатынастарда бір роль немесе функция атқару керек. Тұлға ретінде адам өзінің қалауын ерікті жағдайда іске асыра алады. Қандай да болмасын мәселелерді шешу тұлғаның белсенділігімен байланысты. тұлға әлеуметтік шешу жолында түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Әлеуметтік кедергілерден өту үшін, тұлға таңдайды, бағалайды. Демек, тұлғаның жетілуі, өзін шыңдай түсуі, қоғамды жетілдіруге қарағанда маңызды мәселе.

Персонализмнің  христиандық принциптерді негізгі  гуманистік құңдылықтармен сәйкестендіруге, қайшылықсыз, қанаусыз қоғам құруға талпынысын түсінуге болады, бірақ әлеуметтік ортасыз тұлғаның жетілуі екіталай.

 

5 Әлеуметтік- сыни бағыт

 

Осы бағыт Франкфурт  мектебінің әлеуметтік философиясын, неофрейдизм философиясын және Рим  клубын біріктіреді. Осылардың өздеріне тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге әлеуметтік ортаға «қоғам-табиғат-адам» жүйесіне деген сыни көзқарас оларды ортақтастырады.

Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан белгілі. Олардың негізгі  өкілдері: М.Хоркхмайер (1895-1973), Т.Адорно (1903-1969), Г.Маркузе (1898-1979), Ю.Хабермас(1929).

Франкфурт мектебінің эволюциясы «қоғамның сыни теориясынан» (М.Хоркхмайер, Г.Маркузе) басталып, пессимистік  тарих философиясы (кейінгі Хоркхмайер) және  «жағымсыз диалектика» (Т.Адорно) арқылы қозғалып соңында пессимистік татуласумен (Ю.Хабермас) аяқталады.

Осы мектептің  өкілдері «бір өлшемді адамды» шығарғаны  үшін, адамдардың қоғамнан жатсынуын  қамтамасыз еткені үшін дамыған индустриалды қоғамды сынаушылар ретінде көрінді. Алдағы революцияның субъектісі, сыни ойға бейімді интеллигенциялар мен студенттер болмақ, өйткені олар «бір өлшемді сананың» құлы бола қойған жоқ. Әлеуметтік революциядан бұрын «адам революциясы» болуы керек, яғни қоғамдық өндірістің бір жетігіне айналып кетпейтін адамды дайындау керек.

Осы мектептің  өкілдері әлеуметтік зұлымдықтың себебі ғылыми-техникалық революциясы деп  біледі.Табиғатты индустриалды қанау  адамды қанауға ұласты.

Ғылыми теникалық  прогресс адамды билеудің құралына айналды  және мәдениетті «бұқаралық мәдениетке» айналдырып әлсіретті.

Өкінішке орай, индустриалды қоғамды жаппай сынаумен шектеліп, оны қайта құрудың жолдарын көрсетпегеннен кейін Франкфурт  мектебінің идеялары бірте-бірте сөне бастады.

Дегенменде, 1986 жылы Батыс Европада өткен студенттер қозғалысына осы мектептің идеялары ұйтқы болғанын айтып кеткеніміз жөн.

 «Адам революциясы»  идеясын неофрейдизмде қарастырады.  Неофрейдизм ХХ ғасырдың 30 жылдары  фрейдизмнен туындады. Оның негізгі  өкілдері К.Хорни, Г.Салливан, Э.Фромм  және т.б. дәстүрлі бейсаналық  концепциясын қайта қарап, З.Фрейд ілімінің биологиялық алғышарттарын сынға алып, фрейдизмді әлеуметтік-мәдениеттанушылық доктринаға айналдыруға талпынды.

Неофрейдизм адамның  биологиялық табиғатың  (либидо және сублимация) мойындамай, адамдар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға баса көңіл бөледі.

Адамның психикасы  тек әлеуметтік ортаға бейімделудің механизмі, ал әлеуметтік ортаға араласып, бұзу патологияға ұрындырады. Э.Фромм  қазіргі қоғамды «ауру» қоғам  деп бағалайды. Ондай қоғам өздерінің азаматтарының психикасына кері әсер етіп, жағымсыз комплекстер қалыптастырады. Э.Фроммның пікірінше, К.Маркс адам өміріндегі иррационалды күштердің мәніне жете көңіл бөлмеген, З.Фрейдте адамды жасайтын инстинкт емес тарих екендігіне немқұрайды қарады.

Біздер қоғамдық және экономикалық институттарды өзіміз құрамыз, дейді Э. Фромм, бірақ соны отырып жауапкершілікті сезінбейміз және «келешек» не алып келеді деп үрейлене немесе үмітпен қараймыз.

Э.Фроммның пікірінше  қоғам мен адам арасындағы қайшылықты шешуге болады, ол үшін «гуманистік психоанализді» пайдалану керек. Сондықтан З. Фрейдтің психоанализін реформалап марксизм философиясымен байланыстыруды Э.Фромм өзінің міндеті деп санаған. Осындай синтез неофрейдизмнің аясында қорқынышпен күн кешкен, қоғамнан жатсынған адам туралы концепция жасауға негіз болды. Қорқыныш жүйке ауруын қоректендіретін орта. Қоғамдық құбылыстардың ықпалында қалған адам тұлғалық қасиетінен айырылады. Жатсынған тұлға дүниемен байланысын үзеді. Қайрымсыз дүние қорқыныш туғызады.

Осындай дүниеден қалай құтылуға болады, қандай қорғаныс механизмдері бар?

Біреулер қорқыныштан  құтылу үшін, маскүнімдікті, нашақорлықты паналайды, екіншілері дүниеқұмарлық, байлық қуып кетеді немесе билікке  таласады. Үшіншілері көнбіс тіршілік кешеді немесе қоғамнан аулақтайды. Аталған, қорғаныс механизмдері, әрине мәселені шешпейді, керісінше ары қарай тереңдетеді, жатсынған адамның жүйкесін тоздырады. Адам жалғызсырап, тірі өлік күйіне түседі.

Э.Фромм осындай  тіршіліктің қыспағында қалған, қоғамнан жатсынған, еркіндіктен қашқан ( бегство от свободы) адамның проблемасын шешуге талпынады. Ол адамның мінез – құлқымен және қоғамның әлеуметтік құрылымын байланыстыратын «әлеуметтік мінез» ұғымын кіргізеді. әлеуметтік мінез идеясын дамыта отырып, Э.Фромм «иемдену» және «бөлу» қғымдарын пайдаланады. Осы екі ұғым, «өмір сүрудің екі тәсілі». Егер адам иемдену принципін ұстанса, онда ол дүниеқорлыққа ұрынады, тіпті бәрінде, барлығында өзінің меншігіне айналдырып, ал болу тұлғаның тәуелсіздігін, еркіндігін, белсенділігін қамтамасыз етеді. Белсеңді болу, тұлғаның мүмкіндігіне, дарынына жол ашады.

Адамға керегі әлеуметтік революция емес, санадағы революция.

К.Хорни және Г.Салливан осы проблемаларды зерттейді. Хорни тұлғаның ішкі, Г.Салливан тұлғааралық  қайшылықтарға көңіл бөлген.

Жаңа әлеуметтік философия жасауға 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым «Рим клубын»  ұйымдастыруға ұйытқы болған белгілі  экономист А.Печчей өзінің «Адамдардың  сапасы» атаулы кітабында франкфурт  мектебі мен неофрейдизмнің идеяларын  жалғастыра отырып төмендегідей қорытындыға келеді. Егер, ғылыми – техникалық революциясының осы дамуы сақталса, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси өзгерістер жалғаса берсе, онда ХХІ ғасырда адамзат «ауқымды катастрофаға» ұшырайды. Одан құтылу үшін, жаңа сапалы адам керек.

Қоғамға әлеуметтік революция емес, адам революциясы  керек.  

 

Герменевтика және «постструктуралистік – постмодернистік кешен»

 

Герменевтика (грек. Hermeneutikos - мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы Гермес адамдарға құдайдың қалауын жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын жеткізуші құдай ретінде белгілі.

Герменевтика  терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.

Герменевтиканың негізгі сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?

Герменевтиканың зерттеу нысанасы (пәні) – мәтін (текст)

Герменевтиканың негізгі ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;

“Герменевтикалық  үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман арасындағы өзара қатынас;

“Герменевтикалық  шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.

 Ертеде діни, тарихи, көркем шығармаларды түсіну, түсіндіру оңайға түспеген. Орта ғасырда теолог-схолостар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет, Жаңа Өсиет. Інжіл (Библия)) діни идеяларды түсіндірумен айналысқан. Герменевтиканың қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ф. Шлеиермахер. Ол мәтіндерді ұғындырудың –грамматикалық және психологиялық екі әдісін атайды. Бірінші әдісі арқылы “тілдің рухы”, екіншісінің көмегімен-  “автордың рухы ” ашылады. Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның арасы жақын болғанда нәтижелі болады. Егер автор оқырманнан алыс болған жағдайда, мәтіннің мазмұны ешқашанда оқылмайды.

Түсіну, ұғыну  екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма  авторының жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.

 Ғалымдар тарихи деректерге герменевтика әдісін қолданғанда бірнеше факторларды есепке алуы керек. Автор тарихи құжаттың мәтінін жасағанда оның мәдени ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы т.б. факторлар әсер етеді. Сол заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады, яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің авторының ішкі дүниесіне терең бойлап, оның образына кіру қажет.

Герменевтикаға  философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.

Герменевтикалық әдіс әртүрлі мәтіндерді, ескерткіштерді, мәдени өмірдегі оқиғаларды түсіндірумен шектелмейді, олардың мағынасын  ашуға көмектеседі. Біздер, өз заманымыздың мәдениетін білеміз, түсінікті деп ойлаймыз. Шындығында, қазіргі мәдениет мыңдаған жылдардағы адамзат тарихының нәтижесі. Оның түп-тамыры көне тарихта, аңыздарда. Адам өмірінің барысында тәжірибе жинақтайды. Ол тәжірибенің көбі өткен ұрпақтардың еншісі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін бүгінгіге, бүгіннен келешекке  жеткізу кітаптар-мәтіндер, «тіл» арқылы іске асады. Болмыс – дейді Гадамер адамнан тәуелсіз субстанция – тіл. Адамдар тіл арқылы көмкерілген дүниемен, яғни тілге түсірілген дүниемен істес болады. Біздер тілдің «ішінде өмір сүреміз» және саналы өмірімізде одан бір минутқа шыға алмаймыз – дейді Гадамер.

Тілдің көмегімен  заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ . Осыдан, философияның лингвистикалық  табиғаты диалог (сұхбат) арқылы ашылады.

Сұхбат адамдардың бір бірімен пікір алысуымен  шектелмейді, ол мәтінмен интерпретатордың арасына «орналасқан».

Зертеуші, интерпретатор  тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ  қоя білуі керек, сонда ғана өткен  мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап» формасында іске асады.

Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде  бағалайды.

Структурализм, постструктурализм және постмодернизм  – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы философиялық бағыттар.

Структурализм, постструктурализм, постмодернизм  – ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс еуропада таралған жаңа философиялық.

Осы философиялық бағыт философиялық білімнің мазмұнын пәнаралық тұрғыдан қарастырады. Философиялық зерттеудің обьектісі жаңа мағына іздегенде  түсіндіруге тұрарлық көрінген мәтін. Мәтін (текст) деп информация алуға болатын, жасырын мағынасы бар көрінген белгілердің жүйесін айтады. Сондықтан осы бағыт  зерттеудің дәстүрлі философиялық амалдарынан басқа гуманитарлық ( филология, тарих, саясаттану ) әдістерді қолданады. Осы бағыттың негізін қалаушы Фердинанда де Соссюр. Деконструкция ( лат. de... – бір нәрсені жоқ ету, алып тастау ) принципі. Деконструкция әдеби мәтіндерді зерттеудің ерекше методологиясы ретінде мәтіндердің ішкі қайшылығына, оқырман түгіл автордың өзіне белгісіз ( Деррида оны «ұйқыдағы» дейді)жасырын сырларын табуға талпынады.

Деконструктивизмді  сыртынан қарасақ герменевтикалық  дәстүрмен байланысты сияқты көрінуі  мүмкін. Герменевтиканың мақсаты  – мәтінді түсіну және оны түсінудің  амалын беру болса, деконструктивизм түсіну факторына онша мән бермейді.

Мәтіннің өзі (формасы жағынан, міндетті түрде  мағынасы жағынан емес) мәтіндік формасы  бар көрінген мазмұнға шешуші әсер етеді .

Риторика заңдары, метафоралар көркем және ғылыми болсын, көрінген мәтінге әсер етеді. Осының негізінде «нарратив» (баяндау әңгімесі) концепциясы құрылады. Осы теория бойынша дүние «әдеби» дискурс формасында танылуы мүмкін. Жаратылыс тану ғылымдарының өкілдері, мысалы физиктер «ядролық бөлшектердің» тарихы туралы әңгімелейді. Осындай тарихты әңгіме арқылы жеткізу мәдениетке тәуелді, яғни трагедия немесе комедия формасында іске асырылады.

Классикалық структурализмге  қарағанда пострктурализм түсіндірудің рационалистік схемасын сынайды. Классикалық  структурализм өзінің міндетін бастапқы түсіндіру схемасын іздеумен айланысты. Ондай схемалар алғашқы қауымдық санада болған, бірақ біздерге өркениет жасырып жетпеген. Дегенменде, қазіргі мәдениет құбылыстарын түсіндіре алады. Классикалық структурализмнің нақты ғылымдарға бағышталған сциентистік сипаты байқалды. Поструктурализм, керісінше, адам және дәуір «мәжбүр» еткен түсіндіру схемасын қабылдамайды, өйткені олар бар жағдайда біреулер ойлап тапқан схемаға күшпен енгізуге талпынады. Постструктурализм ойдың еркін шарықтауын қалайды.

Информация о работе ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы