ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:57, реферат

Краткое описание

Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

568_kulenov_b.a._khappasova_g.m._hihhh_gasirlardagi_klassikalikh_emes_europa_filosofiyasi.doc

— 312.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен, адамды ортаға қалай бейімдеу керек? «Ортаға  бейімделу» деген сөйлем тым жалпы  айтылған. Шындығында, адамның іс-әрекеті  нақты жағдайларда өтеді, нақты  мақсаттарды шешуге бағындырылған. Ондай міндеттер әр түрлі болуы мүмкін. Осындай, қандай да болмасын проблеманы шешу алдында тұрған адамның ситуациясын Дьюи – проблемалық ситуация деп атайды. Жол айырығында қайда барарын білмей  тұрған адамның ситуациясы осыған мысал бола алады. Осындай ситуацияға түскен адам қобалжиды, өзін жақсы сезінбейді, өйткені анық емес, соңы не болары белгісіз шешілмеген проблема күтіп тұр. Дьюи осы проблемалардан шығудың жолдарын көрсетуге талпынған.

Дьюидің түсінуі  бойынша, ғылыми әдіс, идеялар, теориялар проблемалық ситуацияны шешуге көмектесе, сенімді болса, онда оларды ақиқат білім деп атаймыз, ал егер сенімсіздік тудырса, шатастырып жіберсе онда олар жалған.

Сонымен, идеялар, теориялар пайдалы болса, табысқа  жеткізсе ақиқат деп айта аламыз. Дьюидің инструменталдық әдісімен жалпылай таныстық.

Енді, осы әдісті бір-бірімен тығыз байланысты моралдық, саяси, құқықтық сфераларға қалай қолданғанына көңіл бөлейік.

Гректерден  бастап, дейді Дьюи этикалық теория «жоғарғы игілікті» яғни, бірде «қамсыз өмір», бірде «бақыт», бірде «құдайға сүйіспеншілік», бірде атараксия деп аталған игіліктерді іздеумен әуре болды.

Дьюи жоғарғы  игіліктің барлық варианттарын қажет  етпейді. Ол мақсаттар, игіліктер нақты  болу керек. Игілік деп байлықты, деңсаулықты, достықты, әділдікті, білімділікті т.б. атаймыз. Денсаулық, байлық, білімділік сияқты игіліктердің соңына жету мақсат емес, сол бағыттағы өну, өсу, тәжірибенің үздіксіз процестігі, мақсат. Қандай да болсын мәселелердің өзіне лайық шешімдері бар.

Игілік соңында  емес, жолында. Игілікке жету жолындағы тынбай іздену, өзіңді жетілдіру – нағыз мақсат.

Прагматикалық әдісті (ғылыми) әлеуметтік-саяси ситуацияларға  пайдалану Дьюидің пікірінше  жақсы нәтижелер береді.

Дьюи, Америкадағы  демократияның тағдырына алаңдап, ондағы әлеуметтік Қайшылықтарды шешудің жолдарын қарастырады. Ол жол - әлеуметтік реконструкция. Оның басты принципі қандай да болмасын өктем, күш көрсету әрекеттерден бас тартып, тек бейбіт құралдарды пайдалану. Демократиялық мақсаттарды іске асыру демократиялық әдістерді қажет етеді. Адамның өмірі, жеке, нақты проблемалардан тұрады. Олар: білім алу, тәрбие, кәсіпкерлер мен жұмысшылар, этникалық топтар арасындағы қатынас сияқты көптеген проблемалар. Осыларды, біртіңдеп, асықпай шешуге болады. Қоғамды қысқа мерзім аралығында, тез өзгерту мүмкіндігіне үміттенбеу қажет. Түбегейлі әлеуметтік өзгерістерге жетудің құралы адамдарды оқытып тәрбиелеуде ғылыми әдістерді және жоғарғы технологияны қолдану тиімді.

Дьюидің ықпалы Америка Құрама Штаттарынан тыс  жерлерге жайылды. Ол Қытайда тәрбие реформасы туралы дәрістер оқыды. Жапонияда, Түркияда қызмет істейді. Оның негізгі еңбектері: «Демократия және тәрбие», «Мектеп және қоғам», «Философиядағы реконструкция»

У. Джемс –  физиолог, психолог, “Психология принциптері” атаулы еңбек жазған, Пирстің идеясын насихаттаушы, дамытушы ретінде белгілі.

Өзінің философиялық дүние танымын “радикалды эмпиризм”  деп атап, прагматизмді философиялық қиыншылықтан шығудың әдісі және ақиқат теориясы деп түсінген. Джемс  философияға психологиядан келгеннен кейін ол тұлғаның рухани өмірімен көп айналысып, философияның барлық мәселелерін жеке тұлғаның мүддесі тұрғысынан қарастырады. Қандай да болмасын философиялық мәселелерді Джемс олардың мазмұны жағынан емес, субъектігі қатыстығы жағынан қарастырады. Оның ықыласы адамның санасындағы болып жатқан өзгерістер. Адамды қоршаған табиғи ортаны білу қажет және пайдалы болуы мүмкін, дейді Джемс, бірақ философиялық мәселелерді түсінуге ешқандай қатысы жоқ.

Джемс философиясының негізгі ұғымы “тәжірибе”. Тәжірибеден басқа ештеңе жоқ. Джемс тәжірибенің объективті жағын емес субъективті адами мазмұнын (сезіну, қобалжу) қарастырады. Тәжірибе сананың ағыны, мазасызданудың ағыны, яғни көрінген сезімдерді, эмоциялық жағдайларды, көңіл-күйлерді біріктіреді.

Британ эмпиризмінің дәстүрін сақтай отырып, Джемс тәжірибенің ішінен, соның негізі ретінде түйсікті бөледі. “Түйсік қайдан келгені белгісіз, бізге күшпен ендірілген”. Тәжірибенің негізін түйсік деп білген Джемстің Беркли мен Юмның сенсуализміне жақын екендігін байқауға болады. Бірақ, Джемс пікірінше заттар белгілі, анық заттар ретінде тәжірибеде берілмеген, өйткені тәжірибе түйсіктердің ажырамаған ағыны. Ол заттарды сол ағыннан субъект өз еркімен, жігерімен бөліп “кесіп” алады. Адамның жігері, еркі іс-әрекетпен тығыз байланыста. Сонымен, бізді қоршаған айқын, нақты рас дүниені өзіміз жасаймыз.

Адам алдына мақсат қояды, соған жетудің құралын  өзі таңдайды. Адам табиғаттың бөлігі, күші емес, ол жігерлі, белсенді, сезімтал, әрекетші тұлға.

Әрекетті, прагматистер, практикалық әрекет емес рухани әрекет деп біледі. Әрекет арқылы дүние жасалмайды, өзгермейді, тек түйсіктер өзгереді. Әрине, түйсіктер біздің бақылауымыздан тыс жатыр. Бірақ қай түйсіктерге көңіл аударамыз, байқаймыз, ол біздің ықыласымызға тәуелді. Біздер, бір фактіні әр түрлі оқимыз. “Ватерлоо...” ағылшындар үшін “жеңіс”, француздар үшін “жеңіліс”.

Рас дүниенің мазмұны таңдауға тәуелді, ал таңдау субъектіге тәуелді. Рас дүние өзі туралы ештеңе айта алмайды. Ол туралы біз айтамыз. Ол туралы не айтқымыз келсе соңы айтамыз – дейді Джемс, өйткені әлем біздің ырқымызға көнгіш.

Адам дуниені ақиқат жүйелері арқылы қабылдайды. Ақиқатты жасайтын адам. Ақиқатты, Джемс жалпы прагматистер жақсы “жұмыс” жасайтын, табысқа  жеткізетін, пайда әкелетін идея деп  түсінеді. Егер идея тәжірибе кедергілеріне сүріндірмей алып шықса, біз оны ақиқат дейміз, өйткені пайдалы, немесе ол пайдалы, өйткені ақиқат.

Ақиқат өзін ақтайтын сенім, деп Джемс, Пирстің “сенім” терминінде пайдаланады. Джемс тірі кезінде  көпшілікке танылған философ еді. Ол діншіл жанұяда тәрбиеленгендіктен өзінің философиясында діни мәселелерге көп көңіл бөлді. Адамдар өздерін Әлемде қауыпсыз сезінуі үшін дінді қажет етеді. Құдайға сену арқылы адам өзінің тағдырын сәтті ұйымдастыруға талпынады. Сенімнің пайдасына келтіретін ешқандай логикалық, космологиялық және тағы басқадай негіздер жоқ, ал болатын болса ол адамның эмоциялық табиғаты. Басқаша айтсақ, адам сенуге құштар. Дінге сену арқылы адам эмоциясы қанағат табады. Сенім пайдалы. Егер адам қалтқысыз сенсе, қойған мақсатқа жетудің мүмкіндігі көбейеді.

Жалпы, Джемс өзінің “радикалды эмпиризмін” және ақиқат теориясын  діни сенімді ақтау үшін кеңінен  пайдаланады. Діни сенім адамның  өмірін, қылығын өзгертеді, яғни оның салдары көбінесе жақсылықпен аяқталады. Сондықтан, прагматикалық ақиқат теориясы бойынша оны ақиқат деп мойындауымыз керек.

Джемстің шығармалары: “Психологияның негіздері”, “Прагматизм”, “Плюралистік дүние”.  

 Марксизм философиясы. Гегельшілдерден шыққан философиялық ағымдардың көрнектісі марксизм философиясы. Осы ағымның негізін салушылар К Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1885) 1840 жылдардың басында кішігегельшілдердің сол қанатына косылып, кейіннен 1840 жылдардың ортасында материалистік позицияға көшеді.

Олар Гегельмен  және Фейербах шығармашылығына сүйеніп, идеалистік диалектиканы, антропологиялық материализмді ой елегінен өткізіп жаңа философиялық бағытты – диалектикалық материализмді құрды. Маркс және Энгельстің қоғамға қатысты ілімі – тарихи материализм атауымен белгілі.

Диалектикалық материализмнің негізіне материалистік принцип тұрғыдан қайта құрылған Гегельдің диалектикасы салынды. Болмыс сананы анықтайды. Сана материяның қасиеті. Материя тұрақты қозғалыста, дамиды. Дамудың негізгі факторы -  практика. Даму диалектиканың заңдарымен іске асады. Дамудың қайнар көзі – қайшылық.

К. Маркс және Энгельс  философия тарихында бірінші  рет қоғамды диалектикалық-материалистік  тұрғыдан қарастырды.

Өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың диалектикасына көп  мән берілді Тарихты материалистік  тұрғыдан түсіну олардың философиялық жаңалықтары еді.

Маркс «Саяси экономияға сын» кітабының кіріспесінде осы жаңалықтың мәнін былайша жеткізді. Қоғам  дамуының әрбір сатысында адамдар  өздерінің өмірін қамтамасыз ету  үшін өздерінің еркінен тыс өндірістік қатынастарға кіруге мәжбүр болады. Өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі экономикалық жүйені, базисті құрастырады. Мемлекеттік, қоғамдық институттар және қоғамдық қатынастар экономикалық базистің қондырғысы болып табылады. Олар, яғни базис және қоңдырғы өзара байланыста, бір-біріне әсер етеді.

Өндіргіш күштердің даму деңгейі өндірістік қатынастардың  өзгеруіне, және қоғамдық-экономикалық формацияның, қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына алып келеді. Қоғам өзінің даму барысында бірнеше сатылардан немесе экономикалық формациялар, бір-бірінен өндірістік тәсіл арқылы айырылады, яғни өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты.

Капиталистік қоғамның «анатомиясын»  зертей келе Маркс және Энгельс адамның  саналы іс-әрекетін және жануарлардан айырмашылығын еңбек арқылы анықтайды.

Марксизм философиясы  туралы қазақ тілінде шыққан еңбектер баршылық, сондықтан, марксизм философиясының идеяларымен толығырақ танысу үшін Т. Ғабитов құрастырған «филосфия» оқулығын, Д. Кішібеков, Қ. Әбішев А. Қабаева  жазған оқулықтарын пайдалану керек.  

 

3 Антропологиялық бағыт

 

Философиядағы осы бағыт үш негізгі мектепті құрайды:өмір философиясы, экзистенциализм  және философиялық антропология.

 Иррационализм ақылдың мүмкіндігін мойындамайтын санадан тыс қабілеттерге, интуицияға, инстинкке, ерікке басты көңіл бөледі.

Өмір  философиясында – иррационализм басқаларға қарағанда күштірек байқалады. Оның өкілдері: А. Шопенгауэр, Ф.Ницше, В. Дильтей, Г. Зиммель және А. Бергсон.

Өмір философиясының қалыптасуына Артур  Шопенгауэрдің  философиясы әсер етті.Оның негізгі шығармасында («Мир как воля и представление») дүниені өмірге деген құштарлық идеясы арқылы түсіндіреді. Ойдың құндылығы күмәнді, ал адамның еркі ерекше жағдай, ол санада емес, іс - әрекетте емес. Ой арқылы адам дүниені ерік ретінде таниды. Әр адамның, басқаларды мақсатқа жеткізудің құралы ретінде, немесе кедергі ретінде қарастырады. Әр адам басқалармен күресіп, өмір кешпек. Әлеуметтік құрылым (мемлекет) өзімшілдікті жоюға дәрменсіз. Өмірде мән жоқ, адам ешқашан да қанағат таппайды. А. Шопенгауэр философиясының онтологиялық мәселелерімен айналыспайды, өйткені ақиқатта, әділеттікте жоқ, тек өлім алдындағы қорқыныш бар. Адамның бақыты көмескі, отырып, адамның мінез – құлқын қалыптастыратын қуатты құрал. Адам өзінің тағдырының иесі емес, шексіз өмір мұхитындағы қалқып жүрген қағаздан жасалған кеме. А. Шопенгауэрдің иррационолистік идеясымен танысқаннан кейін Ф.Ницше оның концептуалды идеясын ары қарай жалғастырады. Ф. Ницшенің пікірінше қоғамның қозғаушы күші «өмірге деген ерік» емес «билікке деген саналы Ерік». Осыған байланысты Ницше барлық адамзаттың құндылығын сынға алады. Дүниенің құндылығы жоқ, ал өмір қатыгез ойын. Осы ойында орташа, шамалы қабілеті бар адам жеңіп шығады, өйткені қабілетті рухтары күшті адамдарға қарсы тұрғандар қалың ұйымдасқан тобыр. Билікті күшті адамдар жүргізуі керек.

1884 жылы Ницше  «Заратустра  осылай деген»  философиялық поэмасында ол күштілердің  міндетін негіздеуге талпынған.  Адам өз еркімен құл болғысы  келмейді, би болғысы келеді. Қоғамдағы  адамдардың көпшілігі билікке  құмар. Ф.Ницше христиандық дінді жоққа шығарады, өйткені әлсіздерді қорғайды, ал күштілерді қорлайды. Кім әлсіз, күшті болса, басқара алмаса , солар діннен жұбаныш іздейді. Осындай адамдардың тобырлық инстинктісі дамығандығы соншалық олар біреуге табынғысы,бағынғысы келіп тұрады. Тарихта мақсат жоқ, ілгерілеу жоқ, тек қайта оралу, күштілермен әлсіздердің арасындағы бітпейтін күрес бар.Заратустра адамдарға «Құдай өлді!» - «Қараңдар, мен сендерді «Керемет адам туралы үйретем!. Керемет адам - өмірдің мәні» - деген екен.Ницшенің ілімі дәстүрлі философиядан алшақ, біркелкі емес, қайшылығыда мол.Ницшені әркім өзінше түсініп жүрді, айыптады да, бірақ, Ницшеандық философияның 20 ғасыр философиясына әсерін ешкім жоққа шығара алмайды.

Анри Бергсон – 20 ғасырдың бірінші жартысында француз философтарының ең беделдісі. Оның философиясы танымның нәтижелері теориялар, ұғымдармен шындық дүниесінің арасындағы алшақтыққа арналған. Бергсонның алдына қойған мақсаты таным теориясын өмір теориясымен толықтыру. «Өмір» - нағыз алғашқы шындық. «Өмір» ұстатпайды, себебі адамның ойы дәрменсіз. Өмірдің мәніне тек интуицияның көмегімен жетеміз. Интуицияны Бергсон интеллектке қарсы қояды. Интеллект – «өлі заттармен» айналысады, рухқа емес, материяға бағынышты. Өмір  үздіксіз ағын. Өмір кеңістікте өтпейді, уақытта өтеді. Дүниенің мәні «уақыт», бірақ бұл физикалық уақыттан өзгеше «сапалы» «тірі уақыт». Интеллект және интуиция туралы ілімін Бергсон өзінің органикалық дүниенің эволюциясы концепциясында негіздейді.  Өмір – космостық процесс. «Өмірдің екпіні» - творчестволық ағын  болғандықтан адамның шығармашылығы арқылы іске асады. Өмірдің екпіні әлсірегенде өмір ыдырайды, яғни жансыз затқа айналады.

Эволюцияның мақсатын алдан  емес, өткеннен іздеу керек. Өткендегі  алғашқы «қопарылыс» - өмір процесстерінің үздіксіз ағынын, сапалық өзгерістерді  қамтамасыз етеді. Интеллект және интуиция алғашқы кезде бірлікте болады да, кейін эволюцияның барысында бір бірінен ажырайды. Ол қоғамды жабық және ашық деп бөледі. Жабық қоғам – сол кездегі әлеуметтік құрылымның тұрақтылығын сақтау мақсатында ықтиярсыз көндіру арқылы шыққан қоғам. Осындай қоғамда тұлға ұжымға бағынышты, ал ақиқат – пайданың құрбаны, сондықтан жабық қоғам эволюциясы тұйыққа тіреледі. Адамзаттың эволюциясы өмірін ендігі ашық қоғамда мүмкін. А. Бергсонның ілімін 20 ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық романтизмі ретінде бағалауға болады.

Информация о работе ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы