Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Азия ж-не Африка елдеріні- жа-а ж-не -азіргі заман тарихы».doc

— 435.50 Кб (Скачать документ)

Ағылшын үкіметі Үндістанға көптеген зеңбіректер және қару-жарақты пароходтары бар қосымша әскер жіберуге мәжбүр болды. Әскери күш жағынан енді ағылшын шапқыншылары басым болды. Көтерілісшілер бытыраңқы әрекет етті. Көтеріліске бастапқыда қосылған феодалдар, көп кешікпей халық қозғалысы өздеріне қарсы да бағытталуы мүмкін деп одан қорықты. Олар халыққа опасыздық жасап, енді көтерілісті басуға қатысты.    

Ағылшын әскерлері көтерілісшілер алған қалаларды қоршап, оларды тіке шабуылмен алды. Халық ерлікпен қорғанды. Көше-лерде үрыс жүрді. Ағылшындардың Делиге пілдің күшімен жеткіз-ген зеңбіректері үрыстың тағдырын шешті.

Көтерілісті басу жан түршігерлік айуандықпен жүрпзілді. Ағылшын солдаттары әйелдерді де, балаларды да, қарттарды да аямады. Айдап әкелінген халықтың алдында зеңбіректің аузына байланған түтқындарды  зеңбіректен   атып,  күл-паршасын  шығарды.                                                             

Россияның алдыңғы қатарлы адамдары Үндістан халқының қайғысына ортақтасып көңіл білдірді. Орыстың революционер-демократы Н.А.Добролюбов көтеріліске арналған мақаласында ағылшын отаршылдарының айуандығын ашу-ызымен әшкерелеп, көтерілістің азаттық сипатын атап көрсетті.

Отаршылдар көтерілісті басқанымен, өз үстемдігін нығаиту үшін бірқатар реформалар жасауға мәжбүр болды. Помещиктер-дің салықты арттыруына тыйым салынды. Жергілікті князьдардың жерге жеке меншігіне ешкімнің нүқсан келтірмейтіндігіне кешлдік берілді. Ост-Индия компаниясы жойылып, Үндістанды басқару Боитания өкімет орындарының қолына көшті. Бірақ халық бұқарасының жағдайы жақсармады. Үнді халқының алдында тәуелсіз-дік үшін әлі де ұзақ та азапты күрес жолы тұр еді.

Үндістандағы халық көтерілісі Азия халықтарының отаршылдық езгіге қарсы азаттық күресі тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол британ шапқыншыларына да, отаршылдармен одақтас болған үнді феодалдарына да үлкен үрей туғызды. Көтеріліс қанға батыру арқылы басылғанмен, оның Азияның барлық халықтарының бұдан былайғы азаттық күресінде зор маңызы болды.

 

5.ХҮІІ ғ.соңы  жартысы – 1918 жж. Иран мен Ауғанстан.

Ғасыр ортасына қарай Иран (Персия)Азиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды.Жаңа заманға қарай Орта Азиядағы маңызды стратегиялық және сауда жолдарында орналасқан Иран мемлекеті біріккен Сефевид династиясының басшылығы арқасында эканомикалық және мәдени ояну кезеңін басынан кешірді,бірақ х    ғ.соңында ол құлдырау жолына өтеді.

     1722 жылы Иранға  ауғандықтар басып кіреді, оның  территориясының көп бөлігіне  оккупация жасайды, ал олардың  басшысы Мир Махмуд Иранның  шахы деп жарияланады.Ауғандықтарды территориядан қуып шығуды талантты

қолбасшы Надыр хан бастады.Ауғандықтар Ираннан қуылды.1736 жылы жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Надыр шах деп жарияланды және қысқа мерзімді, ауқымды держава пайда болды. Оның құрамына Ираннан басқа

Ауғанстан, Бұхара, Хиуа,Солтүстік Үндістан, Кавказ маңы елдері кірді.Алайда Бұл осал бірігу 1747 жылы Надыр өлген соң құлайды. Иранның өзі бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кетті, өзара қырқыстардың нәтижесінде Кавказ маңы халықтарына Ирандық үстемдіктің әлсіреуінен соң Грузия қайтадан дербестігін алды. Бірақ иран феодалдары бұрынғысынша Шығыс Армения мен

Әзірбайжанды қанап отырды.

           Х   ІІІ    ғ.соңы  ХІХ  ғ.бас .Иран әлсіреген және құлдыраған  феодалдық мемлекет болды.Иран  халықтарының жартысын әртүрлі  иран тайпалары және төрттен көбін әзірбайжандықтар құрады.Бұлардан өзге Иранда түркімендер, арабтар, күрдтер т.б. тұрды.Мемлекет тұрғындарының үштейі көшпелі шаруашылықпен өмір сүрді. Мемлекеттің әртүрлі аймақтарында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі біркелкі болмады. Әсіресе үлкен иеліктердегі көшпелі тайпалар артта қалған еді.                                         

        Иранда  үстемдік етуші феодалдық қатынастарда  негізінен жерге феодалдық жеке  меншік жатты. Үндістандағыдай мұнда  да барлық жерге,суға, малға т.б.жоғары жеке иелік етуші шах саналды. Алайда факты түрінде шахтың иелік етуінде оның домені ғана болды, ол кірістер оның ауласын,әскерін, орталық үкімет аппараттарын қамтамасыз етуге жұмсалды.Феодалдың иелігіндегі жердің көп бөлігі игерілмеді(Х ІІІғ.-ХІХғ. тың жерлердің иелері шахқа қызмет етушілер болды).Сондай-ақ бұл категорияға көшпелі тайпалар, хан тайпалары орналасқан жерлер кірді.Айтарлықтай жердің маңызды бөлігін вакуфтар құрады, формальды түрде олар киелі жерлер, мешіттер орналасқанда тұрды, бірақ факты түрінде рухани тәртіпте болды.

          Бұл негізгі жер иеліктерімен  қоса жер мүліктері болды,ол  мүліктер помещиктердің кейде  саудагердің жеке меншігі саналды.Бұл  жерлерге иелік ету 

қандай да бір болмасын шахқа деген вассалдық міндеткерлікке ешқандай қатысы болған жоқ. Жердің аздаған бөліктері, өзге категориялардағы жер иеленуші, кейде шаруа-ң аздаған  жеке иеліктері болды.

         Жердің барлық категорияларында  шаруалар ауыр феодалдық эксплуатацияға  душар болды.Мынандай құқық жүрді, яғни шаруа-арендатор жинаған өнімін бес үлеске бөлді. Үлестің төрт бөлігі жерге, суға т.б.тәуелділігі үшін бөлінді.Бесінші бөлігі шаруаның жұмысының орнын толтыру үшін кетті. Шаруа помещикке өнімнің бестен үш-төрт бөлігін беріп отырды.Сонымен қатар, шаруалар хан-помещиктердің пайдасына орай әртүрлі натуралды борышкерлігін атқарды, салықтың көп түрлерін төледді.

           Шаруалар формальды түрде еркін  деп есептелді, бірақ басыбайлы  қарыздар, уақытында төленбеген  салықтар, хандардың шексіз билігі  оларды басыбайлы етті және олардың орындарын ауыстыру мүмкіндігінен айырды. Қашқан шаруаларды бұрынғы орнына күшпен қайтарды. Қатал эксплуатация шаруаларды кедейленуге, қайыршылануға және ауыл шаруашылығының құлдырауына әкелді.

Азияның өзге мемлекеттері секілді Иранда да шаруалар көбіне егіншілікті үй қолөнерімен байланыстырды, тігіншілікпен, кілем тоқумен т.б. айналысты. Иран қалаларында ортағасырлық ұйымдастықты сақтаған қолөнердің дамуы болды. Мұнда жалдамалы еңбек қосылған қарапайым мануфактура болды. Қолөнер шеберханалары мен мануфактуралар темір мен мыстан бұйымдар шығарды, бұлдар, маталар өндірді. Өнімнің бөлігі шекараға шығарылды. Мануфактура мен қолөнер өндірісінің тауарлары, ішкі сауда біршама дамыды. Оларды гильдийге біріккен ұсақ және орта саудагерлер жүргізді.

Иранның экономикалық біршама дамыған аудандарында тауар-ақша қатынастары дамуы айқын көрінгенімен, мемлекеттің кері сырғуына ел ішіндегі хандық билікке таластың жиілеп кетуі әсер етті,  феодалдық билеушілердің арасындағы бақталастық талқысы жаңа экономикалық өрлеуге кедергі болғаны сөзсіз.

Голландия мен Англияның Ост-Үндістан компаниясы сонау XVII ғасырда-ақ Персия шығанағы жағалауларына өз факторияларын құрғанымен Иранмен XVIІI ғасырдың басынан, осы ғасырдың аяғына дейін Франциямен сауда шартына қол қойған болатын. Иран әлі де Европа державаларының арасындағы колониялдық саясатта маңызды рөль атқарған жоқ болатын. Алайда, ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында ол Англия мен Францияның агрессивті саясатының шеңберіне кірген еді. Сол кезеңде Англия мен Францияның Европа мен Азиядағы экономикалық және саяси жағынан басым болу үшін бір-бірімен жүргізіп отырған аса қатты қарсыластығына себеп болған, оны маңызды стратегиялық плацдарм ретінді қызықтырған да осы Иран болатын.

1800 жылы ағылшын үкіметі  Үндістан мен Иранға дипломптиялық миссиясын жіберді, ол миссия нәтижесі ағылшындарға ағылшындарға қолайлы саяси және сауда шартына қол қойылумен бітті. Иран шаһы Англияға алда-жалда Ағылшын-Ауған қақтығысы бола қалған жағдайда, әскери көмек көрсетуге жіне Иранға француздарды кіргізбеуге дайын екенін жеткізді. Ағылшандар өз тарапынан Иранға Франция немесе Ауғанстанға қарсы әскери қимылдарына қару-жарақпен қамтамасыз етуге уәде берді. Бітім-шарт ағылшындарға маңызды сауіда табыстарын берді. Ағылшын мен Үндістан саудагерлері Иранның барлық порттарында еркін құқық алды, салық төлемей қоныстана бастады, ағылшын мауытын, темір және болаттан жасалған бұйымдарды таси алды.

ХІХғ.бас. Иран мен патшалық Ресей арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе бастайды.1801жылы Грузия шахтық Иранмен сұлтандық Турцияның құлдыққа айналдыру қорқынышынан Ресеймен одақтас болғаннан кейін арылды.Орыс қоластына Дағыстан мен Әзірбайжан хандықтары қосылды.

 Патшалық Ресей Кавказ  маңы елдерінің сеніміне кірген  соң Иранға саяси әсерін жүргізуге  әрекеттене бастайды. Иран феодалдары Грузия мен Әзірбайжан хандығын өзінің қол астынан шығуын қаламады.Иран феодалдарының ұмтылысын ағылшын және француз дипломатиясы өз жоспарларын ( Иранды өзіне бағындыру ) іске асыру үшін пайдаланып, оны Ресейге қарсы қойды. 1804 жылы француз үкіметі Иран шахына Ресейге қарсы одақтас болуға ұсыныс жасайды,бірақ шах ағылшын көмегіне сеніп, бұл ұсынысты қабылдамады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

1804ж. орыс әскерлері Ганджин  хандығына кірген соң Иранмен Ресей арасында соғыс басталды. Жергілікті халыққа сүйенген орыс әскерлері сәттілікпен алға жылжыды. Шах ағылшындардан өзіне берген уәдесін (көмек ) сұрады. Алайда 1805 жылы Ресей Наполеонға қарсы шықты да Англия оның одақтасына айналды.Англия Ресейге қарсы бұл ұсынысты ашық түрде көмектесуге бара алмады. Бұл жағдайды француз дипломатиясы пайдаланды. 1807жылы мамырда Иран мен Франция арасында шарт жасалды,онда шах Англиямен сауда және саяси қатынастарын үзуге, Ауғанстанды ағылшындарға қарсы соғысқа көндіруге, сондай-ақ француз әскерлеріне егерде ол Үндістанға Иран арқылы жорық жасаса жақтас болуға және Персия шығанағының барлық порттарын француздың соғыс кемелеріне ашуға келісті. Наполеон өз кезегінде Грузияны Иран қоластына алып беруге және иран әскерлерін қайта құруға инструкторларды жіберуге және қару-жарақ беруге уәде берді.

     Соңынан Иранға  иран әскерлерін қайта құрып, жарақтандыруға француздың үлкен  әскери миссиясы келді. Ратификация шарты б-ша шах француз саудагерлеріне сауданың жаңа табыстарын алуға мүм-к берді.  

      Алайда  француздар бұл артықшылықтарын  толық іске асыра алмады. Ресей  мен жасалған Тильзит бейбіт  келісімінен кейін Франция Иранға  бұрынғыдай Ресейге қарсы ашық  әскери көмек бере алмады. Иранның  бұл жағдайын ағылшындар пайдалануға тырысты. 1808 жылы Иранға бір мезетте екі ағылшын миссиясы   бірі-Үндістаннан, екіншісі-Лондоннан келді. 1809 жылы алдын-ала жасалған ағылшын-иран шартына қол қойылды. Енді шах Франциямен барлық қатынасын үзуге , ал ағылшындар- Иранға жыл сайын ірі көлемде ақшалай субсидия, яғни Ресеймен соғыс аяқталғанша төлеуге келісті. Иранға ағылшынның әскери инструкторлары мен қару-жарақтары жеткізілді.Иранның Ресеймен соғысуының жалғасқанын қалаған ағылшындар өздерінің бақылауларын иран армиясына  ұстады. 

   Орыс-Иран соғысының  нәтижесінде не француз, не ағылшындардың  көмегі нақты әсерін берген  жоқ. Ағылшын офицерлерінің басшылығымен  жасалған шах әскерін қайта  жарақтандыруы, оның соғысу қабілетін  жақсартпады.Әртүрлі аудан-да, әсіресе  Хорасанда шах үкіметіне қарсы бүлікшілер шыға бастады.Кавказ маңы тұрғындары орыс әскерлеріне көмектесті.

Көпке созылған соғыс Иранның жеңілісімен аяқталды. 

  1813жылы қазанда Гюлистан  жерінде Ресей мен Иран арасында  бейбіт шарт жасалды, онда Иран  Грузияның Ресейге қосылуын мойындады,сондай-ақ Ресейге Дағыстан мен Сол-тік Әзірбайжан қосылды.Ресей Каспий теңізінде әскери флот иемденуге құқық алды.Ресей саудагерлері Иранда еркін сауда жасай

алды, ал ирандықтар-Ресейде.            

              Ағылшын дипломатиясы бұрынғысынша иран феодалд-ң көңіл-күйін, пайдал-ға, яғни Англияның Иранға саяси және эконом-қ әсерін кеңейтуге ұмтылды. 1814жылы Тегеранда ағылшын-иран арасында ( 1809ж-ға негізделген )

шарт жасалды. Ол “Англия мен Иран арасындағы мәңгі бейбіт! дегенге саяды. Иранның барлық одақтастары яғни Англияға жаулықпен қарағандар Иранға да жау деп есептелді.Иран ағылшындардың Үндістан және  Ауғаныстандағы саясатын қолдайтындықтарын, әскери инструкторларды тек Англиядан және оның одақтастарынан шақыруға келісім берді. Англия Гюлистанда шартта қаралған орыс-иран шекараларын қайта қарауды өз міндетіне алды, өзге жағдайда Ресей мен соғыс бола қалса әскерлерді Үндістаннан алдыруды және ірі

көлемде ақшалай субсидия төлеуге келісті. Англиямен жасалған бұл шарт шахтың ресейге қарсылығын күшейтті.              

Әзірбайжан хандығын қайтаруды талап етті, ал 1826 жылы жазда шах, ағылшын-дардың арандатуымен, Ресейге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Жаңа соғыс Иранның жеңілуіне әкелді. Армяндар мен әзірбайжандар орыс әскерлеріне бары-нша көмегін берді,еркін отрядтар құрды.Тебризді орыс әскерлері алған соң бей-

біт келіссөздер басталып, ол 1828 жылы 10- ақпанда Түркіменчай бейбіт шарт жасасумен аяқталды. Түркіменчай шарты 1813жылғы Гюлистан шартының орнын ауыстырды. Жаңа шекара Аракс өзенінен ары Шығыс Арменияның иран феодалд-нан азат болуын білдірді. Иран Ресейге 20 млн.руб.әскери контрибуция төлеуге міндетті болды, Ресейдің Каспий теңізіндегі әскери флотын толығымен ұстап тұруға құқық алды.                                                      

Түркіменчай келісім-шарты орыс-иран соғысына қортынды қойды.Бұл соғыс Грузияның, Солт-к Әзірбайжанның және Шығыс Арменияның тұрғындарын иран феодалд-ң қысымынан босатты.Иран Ресейдің колонизаторлық саясатында оның қаруына айналды.                                                                                   

Информация о работе Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы