Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Азия ж-не Африка елдеріні- жа-а ж-не -азіргі заман тарихы».doc

— 435.50 Кб (Скачать документ)

Қытай феодалдарының иелігіндегі жерлерге  мемлекеттік салық  салынды. Ал қолында аздаған жер иеліктері бар қытай шаруаларының жағдайы тіпті ауыр болды. Шаруларға көптеген салықтар салынды. XVII-XVIII ғасырларда Цин мемлекетінде жер иелену ірілендірілді. Ауыр салықтарға шыдамаған шаруалар жерін сатып, өздері феодаладарға жалдануға мәжбүр болды. Мемлекеттегі халықтың басым бөлігі кедей шаруалар егіншілікпен қатар қолөнер мен ұсталық, тоқымашылық, зергерлік сияқты жұмыстармен де айналысты. Қытай шаруаларының қолынан шыққан тоқыма бұйымдар елдің ішкі саудасымен қатар сырт елдерге де шығарылды. Осы кезеңдегі Қытайдағы ең ірі тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, Шанхай және тағы басқа қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жібек, мақта -мата бұйымдары дүние жүзіне белгілі болды. Қытайдағы қолөнердің ең көп таралған түрі фарфор өндірісі еді. Қытайдың атақты фарфор бұйымдары әлемнің әр түпкіріне таралды. Сондай-ақ қытайда тау кен өндірісі дамыды. Мыс, темір, т.б. металдар қорытылды.

Қолөнершілер ірілі-ұсақты ұйымдарға бірікті. Мемлекеттік мануфактуралар құрылды. Олардың негізгілері әскери қару-жарақ жасау, тау-кен өндірісі салаларында болды. Қазыналық қолөнер шеберханалары мен мануфактураларда жалдамалы қолөнершілер істеді.

XVII-XVIII ғасырларда Қытайдың аграрлық  құрылысы натуралды шаруашылыққа  негізделіп, үйдегі қолөнер өндірісі  мен егіншілікті ұштастырылды.

Қытайды бағындырған цин билеушілері көрші елдерге қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Басқаншылық соғыстар жүргізе отырып, империя құрамына жаңа жерлерді қосып алып отырды. Басқыншылық соғыстар арқылы Қытай халқының назарын өздеріне қарсы азаттық соғыстан басқа жаққа бұру саясатын жүзеге асырды. Цин билеушілерінің алғашқы басқыншылық жорығын Манғолияға бағытталды. XVI ғасырдың ортасында-ақ үш хандыққа бөлінген монғолдардың Шығыстағы Чахар хандығын маньчжурлар 1636 жылы өздеріне бағындырған еді. 1691 жылы Солтүстік Монғолиядағы ойрат тайпаларының Жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды.

     XVIII ғасырдың ортасында  Жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын  пайдаланып, Цин әскерлері 1755-1757 жылдардағы  соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың  жерін де иеленді. Қанды қырғын  арқылы бүкіл бір хандықтың  жерін халқынан босатып, Цин империясының құрамына қосты . Жоңғариядан кейін цин әскерлері шығыс Түркістанды басып алуға кірісті, Жергілікті халықтың қарсылығын басып, Цин әскерлері 1759 жылы бұл жерлерді де бағындырды. Осыдан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістанды Цин империясына қосылған «Жаңа шекаралық аймақ» (Синььцзян) деп атайды.

Цин империямының басқыншылық саясаты сондай-ақ Тибетке, Үндіқытай елдеріне де таралып, Цин империясының құрамына  Тибет, Бирма, Вьетнам, Непал сияқты елдер кірді. Басқыншылық соғыстар арқылы Цин билеушілері империя құрамына орасан зор жерлерді қосып, Қытайдың шекарасын кеңейтті. Сонымен қатар бірқатар көрші жатқан елдерді өз ықпалына қаратып, тәуелділікте ұстады. Ол елдер Қытай императорына жыл сайын елші аттандырып, сыйлық тапсырып отырды.

Цин империясының басқыншылық саясаты Қытай халқына оңайға түскен жоқ. Үздіксіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынды толтыру үшін өкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қытай халқының билік жүргізіп отырған Цин үкіметіне наразылықтары күшейді.

XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың  басында Қытайдың экономикасы  қайта жанданды. Қытай шаруалары  басқыншылық соғыс кезінде қараусыз  қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынытын салықты реттеп, ауыртпалықтарын біраз жеңілдетті. Ұсақ шаруа қожалықтары кеңінен дами бастады.

XVIІ  ғасырдың соңында Қытай  қалаларының қайта жандана бастауына сәйкес, қала мен ауыл арасында сауда байланыстары өркендеді. XVIII ғасырда Қытайда қазыналық және жеке меншік қолөнер өнеркәсібі дами бастады. Мақта мен жібек мата өндіру жақсы дамыды. Бұл бұйымдар елдің ішінде ғана емес, сыртқа экспортқа да шығарылды. XVIII ғасырда Цин билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойды. 1757 жылы император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды.

Қытай саудагерлері елдің оңтүстігінде, тек Гуаньчжоу портты қаласы арқылы ғана сырт елдермен сауда жасай алды. Оның себебі маньчжур үкіметінің өздерінің Қытайдағы билігін сақтау, қытайлықтарды сырт елдердің ықпалынан оқшау ұстау саясатынан туған болатын.

Қытай экономикасындағы тұрақтылық XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін ғана сақталды. XVIII ғасырда империяның жүргізген үздіксіз басқыншылық соғыстарының ауыртпалығы қытай экономикасына үлкен зиян келтірді, халықтың басына түскен ауыртпалық – салықтар көбейді. Басқыншылықтар соғыстар, басып алған жерлерді қорғап тұру, халық көтерілістерін басу орасан зор шығынға түсті.

Сөйтіп, XVIII ғасырдың соңында Цин империясы дағдарыс кезіне аяқ басты.

Цин державасында басталған дағдарыс белгілері сондай-ақ мемлекеттік аппараттың ыдырауында, шенеуніктіктің бүкіл тобын қамтыған  сатқындықтың таралуанда көрініс тапты. XVIII ғасырда Қытайда күрт ұлғайған тұрғын халықтың өсуі айқын рөл атқарды. XVIII ғасырдың басында елде 100 миллион адам болса, ал XVIII ғасырдың соңында 300 миллионнан аса адам тұрды. Император Цяньлун (1736-1796) Қытайда «өндірушілер аз, ал тұтынушылар көп» деп күйінішпен айтқан. XVIII ғасырдың соңында шенеуніктер халықтың шамадан тыс көптігі туралы: «алқаптарда үйлер үшін жер жетпейді» деген мәліметтерді хабарлаған. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды.

Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, XVIII ғасырдың соңында «Ақ лотос қоғамының» басшылығымен жаңа кезең кезеңіндегі аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын және қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді. Циндік әскерлер көтерілісшілерді аяусыз жазалады, қарсылық ошақтары басып жаншылды. Бірақ ауыр жеңілістерге қарамастан, құпия қоғамдар мен діни секталардың іс-әрекеті тоқтамады. Олар жаңа тарихтың келесі кезеңінің өн бойында Цин үкіметіне қарсылықтың дем берушілері болды.

Сыртқы әскерлер империяның шекараларын бұрын болып көрмеген шекке дейін кеңейтті. Пекиннің әсем сарайлары бүгінде өзінің құдіреттілігін еске түсіреді. Тұрғын халық жылдам қарқынмен өсті. Бір кездердегі Таң империясының билеушілері сияқты ғалымдығы және ақындығы бар Цяньлун императордың өзі күшті әрі қабілетті билеуші болды және өзін тандық император Тайцзуньмен салыстырғанда жақсы көрді. Цяньлун империяны алпыс жыл басқарды. Оның өлімінен кейін бірден бүліктер мен көтерілістер басталды, жарты ғасыр өткеннен кейін ағылшын әскерлері елдің бүкіл басты пункттерін оңай жаулап алды. Цяньлун патшалығынан кейін ылаң мен құлдырау ғасыры жүрді. Цяньлун империясының салтанатты бет әлпетін ақыл-ой және рухани тоқырау, шенеуніктер жемқорлығы бүркемеледі.

ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлсіреуі оның еуропалық державаларға тәуелділігіне алып келді.

ХІХ  ғасырдың басында маньчжурлар билігіндегі қытайда ортағасырлық феодалдық қатынастар үстемдік етті. Ел өмірінде ілгерлеушілік байқалмады. Ауыл шаруашылығы, қолөнер өндірісі, армия мен флот, жалпы қоғам өмірі көнеден келе жатқан конфуцилік дәстүрлер деңгейінде қалды.

Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына маньчжурлардың өз атамекені Маньчжурия, 18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай жері және Монғолия, шыңжаң, Тибет аумақтары кірді. Маньчжур императоры Қытайдағы билігін ертеден келе жатқан конфуцилік ережелеріне қарап жүргізді. Император көк тәңірінің ұлы деп саналды. Маньчжур императоры Цин империясының күш-қуатын, беделін қытай халқының жоғары ұстау үшін, бүкіл оған бағынышты басқа халықтарды варварлар деп атады. Олардың өзі «ішкі варварлар» - монғолдар, тибеттіктер және «сыртқы варварлар» - Қытайға көрші бүкіл халықтар болып бөлінді. Қытай өзімен байланыс жасамақ болып, Пекинге келген елшіліктің бәрін варварлардың императордың рақымшылығын сұрауы, «өркениетке жақындау» әрекеті деп түсінді. Цин империясы ешқандай елмен ХІХ ғасырдың 40-жылдарына дейін тең дәрежеде дипломатиялық не сауда байланысын жасап көрген емес.

Цин үкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда үстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Орасан зор аумағына, табиғат байлықтарына, мемлекеттік даму тәжірибесіне қарамастан, Қытай дамымаған  феодалдық ел болып қалды. Қытай халқы мемлекет басында отырған маньчжур үстемдігіне наразылық күрес жүргізумен болды, маньчжурлерге қарсы бағытталған құпия ұйымдар көбейді. Мысалы, «Ақ лотос», «Аспан ақыл-парасаты», т.б. құпия ұйымдар маньчжурлерге қарсы күрес ұйымдастырды. XVIII ғасырдың соңы мен  XIX ғасырдың басында Цин империясы әлсірей бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, ашаршылық, жұқпалы аурулар, қайыршылық етек алды. Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді.

Цин империясының ішкі дағдарысына сыртқы әсерлер де қосылды. Қытайға ағылшындардың отарлық әрекеті басталды.

Капиталистік Англия өз тауарларын өткізетін сыртқы рынок ретінде Қытайды ашуға кірісті. XVIII ғасырдың соңынан бастап ол Қытайға үш елшілік аттандырды. 1791 жылы Қытайға Макартией елшілігі, 1816 жылы Ахмерст, 1834 жылы Нэпир елшілігі келді. Қытайдың сырт елдермен сауда жасауға рұқсат берілген бір ғана аймағы Гуаньчжоудағы «Гунхан» сауда монополиясы болатын. Англимя енді бүкіл елде шетел саудасын жүргізуге рұқсат ету талабын қойды. Бұл талаптарына Цин империясы тарапынан жауап ала алмаған ағылшын отаршылдары Қытайға күш көрсетіп, соғыс ашуға сылтау іздеді. Ағылшын саудагерлері Гуаньчжоу порты арқылы Қытайға қарақшылық жолмен Апиын әкеліп сата бастады. Апиынның зардабынан шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға айналды. Қытайдың алтын-күміс байлығы Апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Пекин ағылшындардың Қытайға апиын әкелуіне тиым салды, қытай әскерлері ағалшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтыра бастады.

Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетт.іп, Цин империясын тізе бүктірді. Қытай жеңілгенін мойындап, еуропалықтар алдында тізе бүгіп, әділетсіз нанкин келісімшартына қол қойды.

Бұл келісім бойынша Қытай ағылшындарға тағы да бес порт ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. «Гунхан» сауда моноплиясын жойды. Нанкин келісімнен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдіктерге тәуелділікке түсті. Осыдан кейін Англия мен Франция бірігіп, Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдар болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр халде болатын. 1850 жылы елдің оңтүстігіндегі Гуандун, Гуанси провинцияларында шаруалар көтерілісі басталған еді. Елдің эеономиткалық күйзелісі, апиын қозғалысының зардаптары, Цин империясын елді зардаптан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. Олар тайпиндер деген атпен өздерінің саяси көсемі Хун Сюцюанның басқаруымен көтеріліске шықты.

Осындай шиленісті шақта ағылшын, француз және американ капиталистері Қытайды отарлаудың қолайлы сәтін пайдаланып, тағы да апиын соғысын танған еді, Цин үкіметі басқыншыларға қарсы қарымды қарсылық көрсете алмай, жеңіліп қалды. 1858 жылы Тяньцзинге таяу жердегі Дагу бекінісін ағылшын-француз әскерлері басып алған соң, Цин үкіметі державалардың қойған талаптарын мойындап, келісімге келді. Қытай Англиямен және Франциямен жеке-жеке Тяньцзин келісіміне қол қояды. Англия мен Франция пекинде өзің елшілерін ұстауға және өз елдерінің азаматтары Қытайды емін-еркін жүріп тұруына, Янцзы өзені бойында сауда жасауға мүмкіндік алды. Апиын сатуға шек қойылмайтын болды, саудаға салынатын салық мөлшері қысқартылды.

Тяньцзин келісімі Қытайды шетелдіктерге тәуелді, жартылай отар елге айналдырды. 1860 жылы Цин мемлекеті атынан князь Гун Англия және Франциямен пекин конвенциясына қол қойды. Бұл бойынша Тяньцзин келісіміне қосымша Қытай 16,7 млн лян өтемақы төлеп, Тяньцзин портын ашуға келісті. Англия Қытайдан кули (жалдамалы жұмысшы) әкетуге рұқсат алды. 1860 жылы Ресей Қытайдан Уссурий аймағын толық қайтарып алды.

Батыс капиталистері Цин империясын түпкілікті әлсіретіп, қытайды өз ықпалдарына айналдыру саясатын жүргізді. «Апиын соыстарынан» кейін Англия 1875-1876 жылдары пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп, Чифу конвенциясы бойынша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді.

1884-1885 жылдары Франция Қытайға  соғыс ашты. Вьетнамды Қытайдан тартып алып өз билігін орнатты. 1894-1895 жылдары Жапония соғыс ашып, қытайдан Тайвань, Пяньху аралдарын тартып алды. Кореяны Цин империясы билігінен азат етіп өз ықпалына көшірді. Франция оңтүстік Қытайда үстемдік етті. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцхянда билік жүргізді. Ал АҚШ болса «ашық есік» саясатын жүргізуді көздеді.

 

  1. ХҮІІ ғ.соңы жартысы – ХХғ. Ортасы. Оңтүстік Шығыс Азия елдері.

Индонезия Азияда колонизаторлык алгашкы ел болды . Онын аралдарында 1902 жылы курылган голландык Ост-Ундi компанияларынын бiртiндеп ену   процссi нэтижесiнде бiрнеше голландык сауда бiрлiктерi ,буржуазиялык мемлекеттердiн шарыктауына колониалдык эксплутация курыла бастады.                    

Улкен Индонезия архипелагында мындаган улкен кiшiлi аралдарында XVII гасырда 3млн. халкы болды. Индонезиянын халкы жэне тайпалары эр турлi тiлде сойлейдi, бiрак кобiне туыстык этникалык катынастары эканомикалык дамудын колемiнде болды.Iшкi аудандар Суматра , Калимантана (Борнео), Сулавеси  (Целебес) коптеген усак аралдарда алгашкы когамдык болiну жэне таптык когамдык курылу процессi журдi . Явада , Суматра ауданынын  манайында жэне кейбiр дамыган баска аралдарында феодалдык катынастар пайда болды. Явада орта гасырдын озiнде мемлекеттiк курылыстар дамыганын Индонезияда жэне онын баска болiктерiнегi iрi саяси баскарулардын курылганын коремiз . Индонезияда алгаш европалык жаулаушылар (португалдыктар) келген кезенде XVI гасырда жойылды. Онын орнына династиямен катарлас тэуелсiз мемлекет ендi.                                                                       Ява халкы жогаргы дамыган мэдениет курды. Бiздiн кезiмiзге дейiн сакталган  буддалык жэне индуистiк храмдар сэулет онерiнiн кереметтiгiне куэ бола алады. Элемдегi буддалык эдемi храмдардын бiрi Боробудра орта гасырлык Яванын дiни сипатта бейнеленгенiн корсетедi. Аса кереметтiлiк индонезиялык колонершiлердiн багалы маталардан жэне пiлдiн суйегiнен жасалган буйымдары жэне жазылган маталардан (батик) байкауга болады. Ертеде курылган куыршак театры (вайанг) дамыды . Театр койылымдарынын мазмуны индуистiк эпостарды жандандырды , индонезиялык аныздар мусылмандык сипатта болды. Вайанг халыктын козайымы болды. Сонымен бiрге би онерiде дамып ., феодалдардын аулаларында корсетiлдi. Музкалык онер дамыды . Индонезиялык аспаптар оркестрi халыктык мейрамдарда ойналды. Ауызша поэзияда кен турде дамыды. Маджапахит кезенiнен берi сакталып келген атакты Пропанче акыннын туындылары жэне баска да акындардын туынды жазбалары эдебиеттiн явандык тiлде (кави) дамыганын , брте келе монархтар арасында эдиктардын жэне дни ырымдардын- санскрит тiлдерiнде жазыла бастады.                                                                                                  

Информация о работе Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы