Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Азия ж-не Африка елдеріні- жа-а ж-не -азіргі заман тарихы».doc

— 435.50 Кб (Скачать документ)

ПОӘК 042-14-5-02.01.20.10/03-2009         

№ 1 басылым 18.09.08. орнына № 2 басылым

30.09.2009

65 беттің  беті - -еттің 65 -ші


 

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

3 деңгейлі  СМЖ құжаты

ПОӘК

 

ПОӘК 042-14-5-02.01.20

10/03-2009

ПОӘК

«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні  бойынша

оқу-әдістемелік кешені

 

№ 1 басылым 18.09.08. орнына № 2 басылым

30.09.2009


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘННІҢ  ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»

050203 «тарих» мамандығы  үшін

 

Оқу- әдістемелік кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2009

 

 

Мазмұны

 

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыс және  дипломдық жоба

5 Студенттің өздік жұмысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  ГЛОССАРИЙ:

  1. Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
    1. Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
  2. Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
    1. Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
    2. Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
    3. Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
    4. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
    5. Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
      1. Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
  3. Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
  4. Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
  5. Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
  6. Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
  7. Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
  8. Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
  9. Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
  10. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
  11. Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
  12. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
  13. Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
  14. Инновация-жаңалық енгізу
  15. Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
  16. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
  17. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
  18. Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
  19. Коалиция  -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен  қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
  20. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
  21. Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
  22. Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
  23. Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
  24. Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
  25. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
  26. Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
  27. Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
  28. Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
  29. Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары  ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
  30. Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
  31. Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
  32. Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
  33. Саяси -әлеуметтік  төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары     прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
  34. Саяси-  әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың   даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси  құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
  35. Саяси- әлеуметтік  коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен  әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет  актісі мен процесі.
  36. Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің  біртіндеп жақындасуы.
  37. Саяси-  леуметтік   қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
  38. .
  39. Әлеуметтік-саяси элита-  қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
  40. Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
  41. Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

 

2 ДӘРІСТЕР 

 

  1. Қиыр Шығыс елдері: Жапония және Корея (ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж.)

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы  оның осыған дейінгі ішкі және  сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі  оқиғалар, яки буржуазиялық революция  дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның  ішкі жағынан алғышарттарының  даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады. Осыған байланысты Жапония буржуазиясы сегунатты жоюда феодалдық атақтылардың бір бөлігімен одақ жасады. Ішкі дағдарысты онан әрі қарай тездете түскен шетелдіктердің Жапонияға жасаған экспансиясы болды. Американың экспансиясы және батыс державаларының Жапонияға теңсіздік келісімдер системасын зорлап тануы, күшпен Жапонияның «жабық есік» саясатын жоюы Жапонияны дүниежүзілік капиталистік рынокке тартты. Жапонияның ұлттық тәуелсіздігіне төнген қауіп, сегунатқа қарсы жарылысты күшейтіп, революцияны өрістете түсті.

      1867-1868 жылдардағы  революцияның және буржуазиялық  қайта құрулардың тарихи маңызы- Феодалдық системаны толық жойып  жібергенімен ұлттық мемлекетті  құрды. XIX ғасырдың 60-жылдары мен 70-жылдардың  бас кезіндегі Жапониядағы Қайта құрулар-ауылшаруашылығында Феодализмнің кейбір қалдықтарының сақталуына қарамастан капитализмнің дамуына жол ашты. Аталып отырған кезеңде Жапония мемлекеттік өнеркәсіптің дамуына айрықша көңіл бөлді. Үлгілі өндіріс орындарына, фабрикалар, заводтар, темір жол үйлерінің құрылыстары мемлекет есебінен салынды. Жапонияда өндірістің орталықтануы тез жүргізіліп алғашқы монополиялар пайда болды.

        XIX ғасырдың 90-жылдарында  Жапония жақсы армия мен флотқа  ие болды. Жапонияның отаршылдық экспансиясының объектісі- Корея мен Қытай болды.

        XIX ғасырдың 70-80 жылдардағы Жапониядағы буржуазиялық-демократиялық  қозғалыстарды қарастырғанда капиталистік  елдерден ерекшеліктеріне зер  салу керек. «Халық еркіндігі  мен правосы» жолындағы қозғалыстың инициаторы тек бурж. Топтар ғана емес, помещиктер болды.

ХIX ғасырдың екінші жартысына дейін Корея феодалдық ел болып қалды. Барлық жер ірі жер иелерінің қолында болды. Шаруаларды қанау әрбір феодалдың, сондай-ақ оның өкілі феодалдық мемлекеттің күшімен жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік шаруалар жер алым рента төлеумен тағы да басқа қосымша қызметтер атқарып отырды. ХYII-XYIII ғасырларда Кореяда өндіргіш күштер едәуір дамыды. Өкімет иелігіндегі қолөнеркәсіп өзінің маңызын едәуір дәрежеде төмендетіп, оның орнына еркін шеберлердің қолөнерлері дами түсті. Ірі сауда орталықтары мен жергілікті рынок пайда болды. Өндіріске сауда капиталы пайдалана бастады.XIX ғасырдың 1-жартысында Кореяда жаңа капиталистік қарым-қатынастар пайда бола бастады.

      Кореяның саяси өмірінде аталған кезеңде, халық бұқарасының күресі үнемі өсіп отырумен таптық қайшылықтар шиелене түсті. Сол кездегі ең күшті феодалдарға қарсы Хон Геннэнің басшылығымен 1811-1812 жылдардағы шаруалар көтерілісі XIX ғасырдағы Корея тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі болды. Әсіресе халық қозғалысы осы ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. Тек 1862 жылдың өзінде ғана 21 шаруалар көтерілісі болып, оған оң мыңдаған адам қатысты. Бұл көтерілістердің жеңіліп қалуының басты себептері: оның стихиялылығы мен бірыңғай басшылығының болмауы еді. XYII-XYIII ғасырларда Кореяда Сирхакпос –нақтылы ғылымды жақтаушылар деп аталатын қозғалыс дами бастады . Мұны жақтаушылар өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті өзгерту қажет деп есептеді. Бұл қозғалысты жақтаушылар конфуций ілімінен бас тартуға, Кореяның нақты жағдайын зерттеуге, үйретуге шақырды. Оның негізгі өкілдері:Лю Хе Вон, Ли Ик,  Хон Дэ Ен, Пак Чи Вон және Чон Як Ен.

      Капиталистік державалардың  белсенді түрде жүргізген экспансиясы Кореяға да жетті. 1866 жылы Франция үкіметі, 1871 жылы АҚШ үкіметі Кореяның жағалауына бірталай әскер- теңіз флоттарын жіберді. Мұндағы мақсаттары Кореяны күшпен «ашу» оны өз товарларын өткізетін рынокке және шикізат көзіне айналдыру еді. Бірақ бұл экспедициялар Корея халқының наразылығына ұшырап, өз істерін сәтсіздікпен аяқтады.

       1876 жылы Кореяға  тұңғыш рет Жапония «бейбітшілік  және достық» туралы теңсіздік  келісімді зорлықпен таңыды. Келісім  барысында империалистік мемлекеттердің  тоқыма материалдары ағыла бастады, ал Кореядан шикізат өнімдері сыртқа әкетілді. Жапония Кореяның сыртқы саудасының көп бөлігімен кеме қатынастарын т.б. өз қолына алды. Теңсіздік келісімдердің жасалуы феодалдық системада дағдарысты шиеленістіріп, Корея халқының күшті қарсылығын туғызды. Феодалдарға қарсы шаруалар көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс ұйымдастырды. Бұлардың ішіндегі ең күштісі 1882 жылғы Сеул қаласындағы халық қозғалысы мен 1894 жылғы жапондықтарға қарсы партизан отрядтарының соғысы болып есептелді.

         1894-1895 жылдардағы Жапон- Қытай және 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысынан кейін Жапония Кореяны бүтіндей өзіне бағындыруды көздеп, соғысушы елдерді Кореяны өзіне протекторатқа айналдыру туралы келісімге қол қойғызды. Бұл бойынша Жапония Кореяның ішкі саясатын бақылауға алды және сыртқы саясатта ол ешқандай елмен өз бетімен байланыс жасай алмады. Мұның өзі «Азияның оянуы» жағдайында халық бұқарасының ұлт-азаттық күресінің жаңа өрлеуін туғызды. Корея халқының бұл қозғалысы Жапонияның әскерімен басылып тасталды. 1901 жылы Жапония империалистері Кореяны толық басып алып, мұнда әскери-террорлық тәртіп орнатты.

 

  1. ХҮІІ ғ.соңы жартысындағы – 1918 жж. Қытай және Монголия

XVII ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай  мемлекеті терең дағдарыс кезеңін  бастан кешірді. Шаруалардың жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды. Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісіне әкелді. Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен (1606-1645) басқарды. Алғашқы ұйымдасқан бас көтерулер Хубей мен Шэньси провинциясында басталып, біртіндеп бүкіл қытай жеріне таралды. Ауыр тұрмыс зардабынан күйзелген шаруалар елдің әр түпкірінде көтеріліске үн қосып, наразылық шеруіне қосылды.

Ли Цзычен бастаған көтерілісілер елдің көне астаналарының бірі - Сианьді басып алып, көтеріліс көсемін елдің императоры деп жариялады. Енді шаруалар әскері Пекинді алуға аттанды. 1644 жылы көктемде көтерілісшілер астанаға таянды. Оларға қарсы қатты қарсылық та болған жоқ. Себебі, бұл кезде Қытайдың ішкі жағдайының нашарлауы, сондай-ақ Мин императорларының 15 жыл бойы елдің солтүстігінде өмір сүріп отырған маньчжур тайпаларының шабуылына қарсы соғыс жүргізуі мемлекетті қатты әлсіреткен еді. Сондықтан көтерілісшілерді басуға Мин императорының күш-қуаты жеткіліксіз болды. 1644 жылы сәуірде Ли Цзычен бастаған көтерілісшілер Пекинді басып алды. Мин әулетінің соңғы императоры бұл оқиғадан соң император бағында асылып өледі. Мемлекет билігі Ли Цзыченнің қолына көшеді.

Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығыс шекарасын күзетіп тұрған әскери шептің қолбасшысы У Саньгуй жедел түрде маньчжурлардан көмек сұрайды. Ондағы ойы маньчжур әскерінің көмегімен Пекинді басып алып, шаруалар көсемі Ли Цзыченді тақтан тайдырып, өзінің билігін орнатпақ болатын.

Маньчжур тайпалары Қытайдың солтүстігімен шекаралас аймақта өмір сүрді. XVII ғасырда маньчжур  тайпалары бір саяси бірлестікке топтаса бастайды. Нәтижесінде маньчжурлардың әскери қолбасшысы  Нурхаци негізін қалаған алғашқы маньчжур  мемлекеті пайда болды. Нурхацидің мұрагері Абахайдың тұсында  маньчжур  мемлекеті Цин (қытайша "таза" деген мағынада) деп аталды.Цин мемлекетінің алғашқы билеушісі Абахай болды. Цин мемлекеті қытайдың мемлекеттік үлгісінде құрылды. Мемлекеттік басқару әдісі, мемлекеттік аппараты дәл Мин мемлекетіндегідей болды. Маньчжурлардың бұл мемлекеті, негізінен, әскер күшіне әсіресе атты әскерге арқа сүйенді.

Маньчжурлар көрші елдерге басқыншылық соғыстар жүргізді. Қытайға, Монғолияға, Кореяға жүргізілген басқыншылық соғыстар барысында бағындырылған халықтар есебінен 8 қытай, 8 монғол әскерін жасақтады. Қытайды басып алуға аттанар алдында маньчжурлар әскерінің саны 200 мыңға жетті.   

XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы кезекті шабуылға әзірленіп жатқанда, күтпеген жерден Қытайдың шекара әскерінің қолбасшысы У Саньгуйден көмек сұраған өтініші түседі. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдің әскері бірігіп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кіріседі. Пекинді басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттік жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейін билік етті. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады. Қытай жат жерлік  маньчжурлардың үстемдігінде өмір сүрді.

Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан (император) Көк Тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жеке басы-қасиетті болып есептелді. Қарапайым халыққа оның жүзін көруге тиым салынды. Императордың шын атын дауыстап айтуға, қағазға жазуға болмайтын. Халық императорды оның ұранымен атайтын. Цин империясының ең жоғарғы заңды құылымдары императорлық әкімшілік пен әскери кеңес болды. Мемлекеттік қызметке ең алдымен маньчжурлар алынатын, содан кейін ғана маньчжурларға берілген, адал деп саналған қытайлықтар, бірен-саран моңғолдар қабылданатын.

Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті билеген Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды. Бүкіл Қытай жері әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінді. Оны император тағайындаған әкімдер басқарды. Конфуцилік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар алынатын. Оларды шэньшилер деп атады. Шэньши дәрежесін алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырытын, маньчжурлар билігі тұсында емтиханды ақшаға сатып алған маньчжурлық феодалдар көбейді.

Әлеуметтік сатыда маньчжурлардан кейін тұрған, басы бос қытайлықтар төрт сословиеге бөлінді: оқымыстылар, егіншілер, қолөнершілер мен саудагерлер. Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі қытай егіншілері, яғни қарапайым шаруалар кірді. Ең төменгі сатыда кембағылдар деп аталған әртістер, қарапайым қызметшілер, үй малайлары тұрды. Бұл топқа жататын адамдар еш уақытта мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейтін, яғни олар еш уақытта мемлекеттік қызметке алынбайтын. Маньчжурлар Қытайды басып алғаннан соң, мемлекеттегі орасан зор ең құнарлы жердің қожасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай Цин императорының меншігінде жалпы көлемі 13 мың цин (1 цин – 6 гектар) 70 жер қожалығы болды. Императордан соң ірі жер иеліктері қолбасшылар, императордың туыстары, маньчжур ақсүйек бай таптарының қолында болды. Маньчжур феодалдарының жер иеліктерінде қытай шаруалары еңбек етті.

Информация о работе Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы