Тұтыну тауарлары нарығын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы жүз жылдықтың соңғы отыз жылдығы Қазақстан Республикасында қоғам өміріндегі айтарлықтай өзгерістермен ерекшеленеді. Адамдық қоғамның кейпі танымастықтай өзгерді. Еңбек құралдары мен затының, транспорт құралдарының жаңа дәуірі пайда болды. Еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа формалары қәсіпорындарының, салалардың және өндірілетін, өндірілмейтін еңбек түсініктерін айтарлықтай өзгертті. Қоғамдық құрылымдар мен институттар айтарлықтай қайта құруға, жаңаруға немесе қайта пайда болуға тап болды. Нарықтық экономика жағдайларында өндірімнің жаңа типіне өту басталды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................9
1 Тұтыну тауарлары нарығын зерттеу........................................................10
1.1 Тауарларды топтастырудың негізгі түрлері.........................................10
1.2 Тұтынушылар іс-әрекетінің үлгісі..................................................17
1.3Кәсіпорын рыногындағы түтынушылардың мінез-құлықтары..........22
2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау..........................25
2.1. «Фуд Мастер» компаниясының пайда болу тарихы..........................25
2.2. «Фуд Мастер» компаниясының ішкі шаруашылық іс-әрекетін талдау.............................................................................................................33
3 Кәсіпорынның нарқтағы мүмкіншіліктерін талдау................................37
3.1. «ФудМастер» компаниясының нарықтағы алатын орны...................37
3.2 SWOT талдау негізінде «ФудМастер» компаниясының маркетингтік іс-әрекетінің тиімділігін жоғарлату мүмкіндігін табу...............................41
Қорытынды....................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа food master.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

                Шешім қабылдау үдересін кең  мағынада қоршаған әлемнің маңызды  бейнесін тануға арналған индивидтың  ақпараты түсіну, оны игеру және  тауарды таңдау қарекеті деп  анықтауға болады. Шешім қабылдау  үдеріс физмкалық тітір-кендіргіштердің сипаттамаларына, олардың қоршаған ортамен және индивидпен қатынасына байланысты.

       Адам өз іс- әрекетін, біліміне  қарай белгілейді. Істі меңгеру  дегеніміз—жинаған тәжірибеге байланыстың  индивидтың іс-әрекетіндегі қолы  жеткен белгілі жетістіктері, нәтижелері.

       Әлемдегі барлық заттар мен  әрекетке, айталық,киімге, тамаққа,  музыкаға, дінге, саясатқа т.б  адамның белгілі қатынасы, көзқарасы  болады. Сонымен, табысты маркетинг,  қызметін жүргізу үшін психалогиялық  факторларды талдау- дың маңыздылығы ерекше зор орын алады. Психалогиялық факторларды ескере отырып тауар сапасын, ассортиментін, оны сату орнын, бағасын, камуникация түрлерін ұтымды ьелгілеуге болады.

       Қорыта келгенде, сатып алу туралы  шешім қабылдау кезінде тұтынушыларға  негізінен әсер ететін факторлар жөнінде фирмалар толық біліп отырғаны бәсеке- дегі тағдырын анықтаушы тетігі болмақ.

      Сатып алу туралы шешім қабылдау  үдерісі.

       Тауарды ұтымды сату үшін сатып  алушының сатып алу туралы  шешім қабылдау механизімін зерттеп  игеру қажет.

        Сатып алу үдерісі дегеніміз—тауарға  қажеттілік қалыптасып, тауардың  тұтынушыға қарай қозғалысы. Сатып  алу үдересі тауар бағасын  төлеуден бұрын басталып, тауарды сатып алғаннан кейін де ұзақ уақыт жалғасады. Бұл үдересі мына суретте біршама бейнеленген.

    

Қажетті және оның қана—ғаттандыру мәселесін сезіп  ұғыну

                                           

Қажет мәселесін  шешу үшін ақпарат іздеу                                                  

Қажетті орындау  нұсқаларын бағалау                          

Сатып алу туралы белгілі шешімге бел байлау

Сатып алынған  затқа тұтынушының әсері




 
    Тауарды  сатып алу туралы шешімінің  үдересі. Күн сайын бұл үдерестің кейбір сатылары болмауы мүмкін. Егерде ол сатыларды одан бұрын тұтынушы игеріп алған болса.Мысалы, күнде нан сатып алуға ақпарат іздеу және қажетті орындау нұсқаралын бағалаудың қажетті шамалы болады. Ал, күрделі және қымбат зат сатып алу кезінде сатып алушы әдетте бұл үдерестің барлық сатыларын орындайды.

     Бірінші  сатыда тұтынушы қажетті орындау  мәселесін ұғынып, оның себепте-  рін орындау мүмкіндігін зерттеу  қажет. Мұнда мына мәселелер  шешілуі мүмкін:

  • қандай қажеттілікті қанағаттандыру кезекте тұр?
  • Оны пайдалану себептері қандай?
  • Қандай және қанша тауарлармен оны орындауға болады?

     Келесі  сатысы – ол тауарлар туралы  ақпарат іздеп жинау. Демек,  ақпараттың өзі тауарға деген  тұтынушының қызығушылығын бағыттайды. Тұтынушы әр түрлі ақпарат көздерін қолданады.

 

 

 

 

 

Ақпарат көздері




 

Жеке қолда  бар көздері ( өз от—басы, жолдас—тары, көрші—лері, қызметтестері т.б )

Комерциялық көз—дері (жарнама сатушылар, тауар—дың оралуы, көрінісі.)

Көпшілі қолды  көздері (ақпарат таралу құралдары)

Тәжірибе көздері




                                                          

 

 

 

Сатып алу туралы шешім  қабылдау үдересінің ақпарат көздері.


 

           Ақпарат көздері әр түрлі болғандықтан  фирмалардың мақсаты мынаған  тіреледі:

  • қай көздерден тұтынушылар ақпарат алатынын анықтау;
  • сатып алу кезіндегі ақпарат көздерінің маңыздылығын бағалау;

      Сатып алу үдересінің және  оның сатыларының уақыт жағынан  ұзақтығы әрқалай болуы мүмкін.Ол  көптеген жағдайларға тәуелді 

      Қорыта келгенде, тұтынушылардың іс-әрекеттері ерекшеліктеріне зерттеу нәтижесінде келесі проблемаларды шешуге болады;

  • қажеті қанағаттандыратын тауарды дәл анықтау;
  • тауар қасиеттерін жетілдіру;
  • тұтынушы тауарға қатысты қолданылатын ақпарат көздеріне нақ табуына және оларға тез мәліметтер алуға көмектесу;
  • тұтынушының сатып алу себептерін анықтау арқылы оған сатып алу туралы шешім қабылдауға көмектесуі;
  • ұсынған тауарларды тұтынушылар қалай бағалайтынын білу;
  • тауарға тұрақты сұранысты қалыптастыру мақсатымен тиімді шаралар жүргізу;

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 1.3 Кәсіпорын рыногындағы тұтынушылардың
  • мінез құлықтары

          Көптеген эканомикасы дамыған  елдерде тұтынушылар рынокта  ұйымдасқан топтар ретінде әрекет  жасайды. Бұл тауар өндірушілердің  және саудагерлердің әрекеттерін  қиындатады, себебі, олар тұтынушылардың тек жеке ғана емес, сонымен қатар жалпы талаптарын ескеруі керек. Тұтынушылардың құқықтары абсалютті және дербес. Тұтынушыны алдау, тауар сапасын төмендету және тағы басқа әрекеттерді тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзу ретінде қарастыру керек.

         Тұтынушының еркіндігін белгілейтін құралдардың ішінен тұтынушы өзіне тұтынуға керек деп есептейтін затты таңдап сатып алу, сатушыны және сауда орны мен уақытын, басқа да сатып алу шарттарын мүмкіндігін айтуға болады.

          Консьюмиризм дегенімі—тұтынушылардың өздерінің құқықтарын қорғауға және кеңейтуге, өндірушілер мен саудагерлерге әсер етуге жұмылған қозғалысы деуге болады. “ КОНСЬЮМЕРИЗМ ” дегн ұғым тұтынушының,” ЕГЕМЕНДІГІ ”

    деген ұғымының орнына келді. Бұл эканомикалық дамудың  сатушы рыногынан көшудің нәтижесі.

           Тұтынушылардың негізгі құқықтарын  қорғау ісі біздің елімізде, тұтынушылардың  құқықтарын қорғау заңымен, Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік стандартымен, Қазақстан  Республикасының антимонаполиялық  мемлекеиік органдармен және  тұтынушылар қоғамдарымен қамтамасыз етіледі.

           Заң бойынша тұтынушы тауарды  сатып алу кезінде тұтыну қасиеттері, сақтау мерзімдері, сапа стандартын, негізгі тұтыну қасиеттері, құрамы  және тағы басқа туралы мәліметтерін  алуға құқығы бар. 

           Кәсіпорын рыноктарын зерттеу кезінде рыноктардың үш түрін белгілеуге болады: өнеркәсіп тауарлары рыногы, ардағы сатушылар рыногы, мемлекеттік мекемелер рыногы.

           Кәсіпорын—тұтынушылары мінез құлықтарын  зерттеу.

           Кәсіпорын—тұтынушыларға қажеті  тауарларды сатып алумен кәсіпорын—дағы арнайы бөлімше айналысады, ол “ сатып алу орталығы ” деп аталады.

           Сатып алу орталығы дегеніміз—жалпы  біріңғай мақсаты қалыптасқан  және барлық тәуекелді өзіне  жүктейтін сатып алу туралы  шешім қабылдау үдересінде қатысатын  тұлғалар мен топтар жиынтығы болады. Оған стып алу туралы шешім қабылдау барысында төмендегі рөльдердің бірлік атқаратын ұйымның барлық қызметкерлері кіреді:

    • бастапқы тобы- сатып алу туралы ұсыныс беретін өнімді пайдаланушылар мен ұйымның әр тұрлі қызметкерлері;
    • өнімді пайдаланушылар тобы- өнімді немесе қызметті пайдаланатындар;
    • шешімге әсер ететіндер тобы- тауардың техникалық сипаттамаларын анықтауға көмектеседі және нұсқаларды бағалауға ақпаратпен қамтамасыз етеді;
    • шешім қабылдаушылар тобы- өндірісті жабдықтаушылар және тауарға қоятын талаптар туралы шешім қабылдайтын мамандар;

              -    сатып алушылар тобы- жабдықтауды таңдау мәселелерінде  және сатып       алу      шарттарын ұйлестіруде ресми  өкілдікке ие болатындар.

           Кәсіпорын тұтынушылардың сатып  алу туралы шешім қабылдау үдерісіне бірнеше сатылардан тұрады.

     

    Қажеттілікті  анықтау, оны сипаттау.

    Өндірісті жабдықтаушы-  ны іздестіру

    Жалпы  сұраныс  деңгейін белгілеу

    Жабдықтаушыны таңдау

    Тапсырыс беру

    Жабдықтаушы- ның  жұмысын бағалау


     

         Қажеттілікті анықтау, оны сипаттау сатысында компания қызметкерлері өндіріс мәселесін немесе мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатын ұғынады. Содан кейін алушы қажетті тауар санын және оның сипатын анықтайды.

         Өндірісті  жабдықтаушыларды іздестіру сатысында өнімнің қасиеттерін анықтағаннан кейін керекті жабдықтаушыны іздеу басталады. Ол үшін сауда фипмаларының анықтамалықтарын немесе компьютер мәліметтерін пайдалануға  телефон арқылы басқа компаниялардың пікірлерін білуге және сауда көрмелеріне баруға тура келеді.

          Жалпы сұраныс деңгейін белгілеу  сатысында сұраныс деңгейін білу  үшін сатып алушы жабдықтаушылардын  ұсынысын беруге өтімді. Ол ұсыныстарға  талдау жүргізіп, керек еместерін  сызып тастап, қалғандарымен ресми  таныстыру өткізуді өтінеді.

          Жабдықтаушыны таңдау сатысын  да жабдықтаушыны таңдаудың алдында  сатып алу орталығы оның фирмаға  қажет сипаттамаларын және олардың  салыстырмалы маңыздылық деңгейін  анықтайды.

          Жабдықтаушының жұмысын бағалау  сатысында жоғарыда айтылған  үдістердің бәрін орындағаннан кейін сатып алушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды. Ол үшін сатып алушы өзінің түпкі тұтынушыларынан өнім сапасы туралы пікірін сұрауы мүмкін немесе жабдықтаушының нашар жұмысынан шеккен шығындарынесептеуі мүмкін. Сатып алушылар жабдықтаушылардың жұмысын тұрақты қадағалап, өз пікірін хабарлап түруы керек.

        Нақтылы  тауарлардың маркетингілік стратегиясын  дайындағанда, сатушы оларды маркалы  түрінде ұсынатындығы туралы  шешім қабылдауға міндетті. Тауарды  маркалы сапасында ұсынуы, оның бағалық маңызын жоғарлатуы мүмкін және мүндай шешім қабылдау тауар саяасатындағы маңызды аспект болып табылады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2    Фирманың  қаржылық шаруашылық жағдайы

    2.1 «ФудМастер»  компаниясының пайда болу тарихы

     «ФудМастер»  Қазақстандағы жылдық өнім сату көлемі бойынша (2008ж. компанияның сату көлемі 20млн.доллар) сүт өнімдерін өндіретін №1 компания.

    Қазіргі күнде  «ФудМастер» компаниясы жақсы жетістіктерге  жетіп келе жатқан, көшбасшы компанияларды  бірі. Компания сүт өнімдерін өндірушілер арасында жоғары мәртебеге ие. Қазақстан бойынша сүт фермаларынан бастап, өздерінің дистрибьютерлеріне дейін жеткізулерді толық бақылап отырады. Компания сүт өнімдерін Қазақстанның 4 қаласында орналасқан 4 ірі заводта өндіреді. Олар: Иссык (айран өнімдері), Астанада (айран), Шымкент қаласында (жұмсақ сырлар) және Қордайда (қатты сыр). Компания сүт өнімдерінің көптеген түрлерін: сүттің бірнеше түрлері, кефир, қаймақ, йогрут, сыр және балмұздақты шығарушы болып табылады.

    1999ж. шілдеден  бастан компания жеміс шырынын және стерильденген сүт шығара бастады. 2002жылдың май айынан бастап компания Алматыда орналасқан зауытта балмұздақ өндіру ісін қолға алды. Қазіргі уақытта аталған зауытта балмұздақтың 16 түрі шығарылады. Компания Алматыдан сәл ғана қашықта орналасқан өзінің жеке фирмасын иемденеді, яғни онда жоғары сапалы өнім өндіру үшін сүт дайындалады. Компания көбіне йогрут, йогрут сусындары, био-кефир және био-сүт өнімдері өндірісіне бағытталған. 2002жылы желтоқсанда компания «Тетра Топ» деген атаумен жаңа жоба ашты, мұнда Иссыктағы зауытта өндірілген айрандарды ұзақ мерзімге сақтауға және өнімді Қазақстанның басқа аймақтарына жеткізуге мүмкіндік береді.Алға  қойған мақсаттарға жету және сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін компания жыл сайын өзінің құрал жабдықтарын ауыстырып және жаңалап отырады.

    • 1999 ж. «ФудМастер – Агро», Алматы облысының Іле ауданындағы Междуреченск кентіндегі сүт-тауар фермасы
    • 1998 ж. «ФудМастер – Асептик», Есік қаласындағы ұзақ сақтау мерзімді шырындар мен сүт өндірісі бойынша зауыт
    • 1998 ж. «ФудМастер – Қордай», Жамбыл облысының Ауқатты кентіндегі сыр өндірісі зауыты
    • 1998 ж. «ФудМастер – Шымкент», ОҚО-ындағы Көк саек кентіндегі сыр өндірісі зауыты
    • 1997 ж. «ФудМастер, НС», Астана қаласындағы сүт зауыты
    • 1995 ж. «ФудМастер – Алматы», Есік қаласындағы сүт зауыты

    Информация о работе Тұтыну тауарлары нарығын зерттеу