үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет,

Прикрепленные файлы: 1 файл

устеме шыгындар (1).doc

— 471.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның  қаржы жұмысының негізгі бөлімдері  мыналар:

1.    Қаржылық  жоспарлау. Бұл жерде қаржылық  жоспардың баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары ақша қозғалысы жоспары сияқты құжаттары  жасақталады.

2.   Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасалып, олармен есеп айырысуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.

3.    Қаржы  органдарымен есептесу. Бұл жерде  бюджеттен есеп айырысу бойынша,  сақтандыру операциялары бойынша  мәмілемелер жүргізіліп, құжаттар  толтырылады.

4.    Айналым  қаражаттары. Бұл жерде айналым  қаражатын пайдалану тиімділігі  мен айналымдылығын үдетуді көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.

5.    Кассалық  операциялар. Кәсіпорындағы қаржы  жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына  оның қаржылық жағдайына байланысты  болады.

Кәсіпорынның  таңдаған бухгалтерлік есептегі  шаруашылық іс- әрекетінің ағымдағы топтастырылуы мен жалпылама қызметін жүргізу кәсіпорынның есеп  саласында көрнуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру - бухгалтерлік есепті  жүргізудің белгілі бір тәсілін  нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.

Бухгалтерлік  есеп жүйесінің жалпы ұстамдарын кәсіпорынның есеп саясатында іске асырған кезде  мыналарды есепке алады:

-    кәсіпорынның  мүліктік жағдайы;

-    кәсіпорын  қызметінің үздіксіздігі;

-    есеп  саясатын жүргізген кезде шаруашылық  операциясын көрсетудің қабылданған  әдісінің мүлік бағасының және міндеттемелердің есепті жыл ішінде өзгермеуі.

Есеп саясатының басты тапсырмасы – шаруашылық қызметін жоғары деңгейін көрсету, бұл әрекетті тиімді реттеу мақсаты үшін шаруашылық жөніндегі толық объективті ақпартты қалыптастыру.

“ҚМГ-Атырау ” ЖШС-нің   қаржылық қызметінің алдындағы тұрған  басты тапсырмалары болып төмендегілер табылады:

-    кірісті  өсірумен рентабельділікті көтерудің  жолдарын іздестіру;

-    кәсіпорын  органдарымен кредиторлардың алдындағы  міндеттемелерді толық және уақытында орындау.

-    қаржыландыру, несиелендіру мақсатында  алынған  қаражаттарды мақсатты пайдалану.

-    айналым  қаражатын тиімді пайдалануды  қамтамасыз ету.

Басқарушылық  есептің принципиалды ерекшелігі шығындар мен табыстарды тек жалпы шұжық  шығаратын кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді. [6]

 

3 кесте

2011 жылдың басы мен соңындағы «ҚМГ-Атырау» ЖШС-дегі баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

 

 

Көрсеткіштер

Жыл басында 

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс

сомасы, мың тг

үлес  салмағы, %

сомасы,

мың тг.

үлес  салмағы, %

мың тг.

(3т-1т)

%

(5т:1тх100)

1.

Активтер құны, барлығы, соның ішінде:

Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі  құралдар;

ә) қаржылық салымдар;

1.2 Ағымдағы  активтер:

а) өндірісітк қорлар;

ә) аяқталмаған  өндіріс.

293103 

 

 

 

 

 

 

 

60025 

 

60025 

 

 

233078 

 

205 

 

167529

100 

 

 

 

 

 

 

 

20,48 

 

20,48 

 

 

79,52 

 

0,070 

 

57,15

979264 

 

 

 

 

 

 

 

363395 

 

363395 

 

 

615869 

 

248338 

 

40303

100 

 

 

 

 

 

 

 

37,11 

 

37,11 

 

 

59,19 

 

25,36 

 

4,11

+686161 

 

 

 

 

 

 

 

+303370 

 

+303370 

 

 

+382791 

 

+248133 

 

-127226

+234,1 

 

 

 

 

 

 

 

+505,4 

 

+505,4 

 

 

+164,2 

 

+121040,4 

 

-75,94

2.

Кәсіпорынның  өндірісітік потен циалының  құны

 

 

 

 

 

60230

 

 

 

 

 

20,55

 

 

 

 

 

611733

 

 

 

 

 

62,47

 

 

 

 

 

+551503

 

 

 

 

 

+915,66


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2. «ҚМГ-Астана»  ЖШС-де  өндірістік үстеме шығындар есебінің  ұйымдастырылуы

2.1 Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ерекшеліктері 

 

Өндірістік  есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.    

Шығындардың пайда болатын  жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.     

Өндіріс шыгындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.    

«Негізгі  өндіріс»  активті шоты өндірістегі  барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111 «Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы». 8113 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жннақтадады да. сонан сон әрбір есепті кезеңнің соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытылады.     

Шығындарды  және өнімнің шығарылуын есепке алу  мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері  пайдаланылады:     

«Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110, 8210 және 8310 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады.

Ай  соңында бухгалтерия өндіріс  шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.    

«Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

  • «Материалдар (жалақы) шығындарын бөліп-тарату» кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбекақы шығыстары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
  • «Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;
  • «Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизацияның сомасы көрсетіледі;
  • «Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.

 

    Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер негізінде  шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда  немесе ведомостарда жүргізіледі.    

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары  бойынша қандай калькуляциялау объектісіне  жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығындарын ажыратады. Ал, бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.    

Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.    

Қаржылық  бухгалтерия жұмысшы шоттар жоспарының 1010-8410 шоттарының есебін жүргізіп, есептің Бас кітабін, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.    

Басқару бухгалтериясы жұмысшы шоттар жоспарының 8110-8410 шоттарын пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.[7]     

Жұмысшы шоттар жоспарында көрсетілген шығын  шоттарында көрсетілген ақпараттар нақты жасаған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып, шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құн туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі деп есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға жіктеледі:

  1. шығындарға кеткен тікелей материалдар;
  2. шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
  3. үстеме шығыстар.

 

    Тікелей шығыстарға кеткен материалдар  соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қатар қосылады. Мысалы, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі  үшін ағаш негізгі материал болып табылады.    

Жүмыс күшіне жұмсалған  тікелей шығындар – бұл өнімді дайындауға тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбекақысы (еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбекақысы тағы басқа осы сияқты тікелей еңбекақылар жатады.    

Қызмет  көрсетуші цех жұмысшыларының еңбекақысы тікелей еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығыстарға жатқызылады. Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жалақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.  

 

4 кесте

2011 жылғы "КМГ-Атырау" ЖШС-ң жалпы табысы (мын, теңге)

 

 

Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Нақты     өткізілген өнімге жоспар бойынша

Нақты

1.

Өнімді   (жұмыс,   қьізмет) өткізуден түсетін табыс

20850

19745

23179

2.

Өткізілген   өнімнің  өнді-рістік өзіндік құны

16435

15741

16996

3.

Жалпы табыс (1қатар-2қатар)

4415

.    4004

6183


Жалпы     табыстың     нақты     көлемі     жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

  1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
  2. өнім бірлігінің бағасы;
  3. өткізілген өнім көлемі (саны);
  4. өткізілген   өнім   құрамындағы   құрылымдық   өзгерістер.

Жоғарыда  аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.

1. Өнімнің  өндірістік өзіндік қүньшың өзгерісінің  әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткі-зілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік қүнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

н  - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

Sі" - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

S*  - өнім  бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Осылайша  табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болған-дықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Информация о работе үстеме шығындар