үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет,

Прикрепленные файлы: 1 файл

устеме шыгындар (1).doc

— 471.50 Кб (Скачать документ)

Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап  отырған, болашақта экономикалық пайда  алу күтiлетiн ресурстар.

Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

 

 

Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның  активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.

          2. Кiрiстер мен шығыстар пайда  мен зиян туралы есепте қызмет  нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей  байланысты элементтер болып  табылады.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде  активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң  қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Қаржылық есептiлiк

1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң  немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.

2. Мемлекеттiк мекемелердiң  қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды  қамтиды:

1) бухгалтерлiк баланс;

2) пайда мен зияндар туралы  есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерiстер  туралы есеп;

5) түсiндiрме жазба.

Қаржылық есептiлiктi жасау  тәртiбi және оған қойылатын қосымша  талаптар халықаралық стандарттарға  және Қазақстан Республикасының  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк  туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.

3. Егер Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде өзгеше  көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң  қаржылық есептiлiк көлемiн, оны  жасау нысандары мен тәртiбiн  уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Қаржылық есептiлiкке  ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды.

Бухгалтерлiк есебiн  бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер  жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк  ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер  қол қояды.

Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары

Қаржылық есептiлiктi жасауды  ұйымдар Қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан  Республикасында жариялауға жазбаша  рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк  тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

Осылайша бүгінде Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік басқару  есебі дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған  тәжірибемен дәстүрді ескере отырып, оның кәсіпорында қалыптасуымен дамуында  обьективті алғышарттар түсіп-жетілді. [4].

 

                Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы  Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы  (2011.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік ұғымы 

1. Бір немесе бірнеше  адам құрған, жарғылық капиталы  құрылтай құжаттарымен белгіленген  мөлшерде үлестерге бөлінген  серіктестік жауапкершілігі шектеулі  серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.

Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі  бір мерзімге немесе нақты бір  мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.

2. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік заңды тұлға болып  табылады.

3. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік өзінің міндеттемелері  бойынша өзіне тиесілі барлық  мүлікпен жауап береді.

Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4. Серіктестіктің жарғылық  капиталға салымдарын толық енгізбеген  қатысушылары оның міндеттемелері  бойынша әрбір қатысушының салым  енгізбеген бөлігінің құны шегінде  ортақ жауапты болады

   Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы

1. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ «жауапкершілігі шектеулі  серіктестік» деген сөздерді  немесе «ЖШС» деген аббревиатураны  қамтуға тиіс фирмалық атауы  болады. Қосымша жауапкершілігі  бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады.

Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.

2. Шетелдің қатысуымен  құрылатын жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің фирмалық атауында  оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі  екені қосып көрсетілуі мүмкін.

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы

 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.

2. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік өзінің орналасқан  жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті

 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары

 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:

1) осы Заңда және  серіктестік жарғысында көзделген  тәртіппен серіктестік істерін  басқаруға қатысуға;

2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

3) серіктестік қызметінен  осы Заңға, серіктестіктің құрылтай  құжаттарына және оның жалпы  жиналысының шешімдеріне сәйкес  табыс алуға;

4) серіктестік таратылған  жағдайда кредит берушілермен  есеп айырысқаннан кейін қалған  мүліктің бір бөлігінің құнын  немесе серіктестіктің барлық  қатысушыларының келісімі бойынша  осы мүліктің бір бөлігін заттай  алуға; 

5) осы Заңда көзделген  тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;

6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген  олардың құқықтарын бұзған серіктестік  органдарының шешімдеріне сот  тәртібімен дау айтуға құқылы.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері

1. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестікке қатысушылар: 

1) құрылтай шартының  талаптарын орындауға; 

2) құрылтай құжаттарында  көзделген тәртіпте, мөлшерде және  мерзімде серіктестіктің жарғылық  капиталына салымдар салуға;

3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге; [5].

 

 1.4 «ҚМГ-Атырау» ЖШС-ң  қалыптасуы мен қаржылық сипаты

 

Құрылу уақыты: 10 қыркүйек 2003 ж.

Жарғылық  қор: 15 246 291 тг.

Қызметкерлер  саны: 598 адам.

Құрылтайшылыр: «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ.

Заңды мекені: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 61А.

Нақты мекені: Атырау қаласы, поселек Бірлік-3

Құрылу  тарихы

«ҚМГ-Атырау»  ЖШС, бұрын «Алматы-Астана-Бурабай» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ жалғыз қатысушының филиалдық желісін  қайта құру жайлы шешімі бойынша  №123 бұйрығымен 11.08.2003 ж. бастап атын өзгертті.

«ҚМГ-Атырау»  ЖШС Атырау қаласының Заң Басқармасында  мемлекеттік тіркеуден өтіп 10.09.2003 ж. бастап №10107-1901-ЖШС куәлігін алды.

«ҚМГ-Атырау»  ЖШС негізгі іс-әрекет түрлері

  • Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы;
  • Өзіне ЖҚС-н, көлік жуу және кемпингтерді қосатын жанармай құю кешендері мен мұнай базаларын қолданысқа енгізу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстары;
  • ЖҚС-рын және мұнай базаларын қолданысқа енгізу мен жөндеу;
  • Мұнай өнімдерін экспортқа өткізу.

Мақсаттары

  • «ҚазМұнайГаз»АҚ құрылымы шегінде тиімді сауда компаниясын құру;
  • Бұрын делдалдармен алынатын табысты қайта бөлу және өнімді жылжыту кезеңдерінен делдалдарды шығару жолымен соңғы тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамсыздандыру.
  • Делдалдарды шығару арқасында қосымша табысты алу және серіктестіктің өзін-өзі өтеушілікке шығуы.
  • Қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру әдісімен жоғары білікті өндірістік және басқару персоналын қалыптастыру.
  • Тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде бәсекелестікпен қамтылмаған аудандарда «бірінші қадам» артықшылығын пайдалану.

Даму бағыттары

  • ЖҚС сатып алу және салу жолымен мұнай өнімдерін өткізудің бөлшек сауда желісін кеңейту.
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру және оны серіктестікті басқару процесіне енгізу.

Бөлшек сауда желісін кеңейту  бағдарламасы

  • Жұмыс істеп тұрған ЖҚС-рын сатып алу мен жаңаларын салу жолымен ЖҚС желісін құру.
  • Мұнай өнімдері нарығының үлесін арттыру
  • Өзінің сапалы мұнай өнімдерімен және қызмет көрсетудің жоғары мәдениетімен әйгілі компания ретінде бәсекелестер мен клиенттердің алдында танылуына қол жеткізу.

Кәсіпорынның  құрамына келетін болсақ, серіктестік  бас директор, оның екі орынбасары, екі атқарушы директоры, тоғыз бөлімнен және өндірістік персоналдан құралады.

 

2 кесте 

 «ҚМГ-Атырау» ЖШС-ң несиелері

 

Мың тг.

Қазақстан Халық Банкі көрсеткіштері


Қарыз сомасы

Негізгі қарыздың өтелу

Сыйақылардың  

    өтелуі

Негізгі қарыз 

  қалдығы

    Сыйақы     

    қалдығы

440 000,0

90 000,0

26 400,0

350 000,0

23 476,7


     

 

 
 
         

 

АТФ Банк көрсеткіштері


Қарыз сомасы

Негізгі

қарыздың өтелуі

Сыйақылардың  

   өтелуі

  Негізгі қарыз  қалдығы

   Сыйақы  қалдығы

500 000,0

0

27 000,0

500 000,0

33 166,7


         
         

Ақпарат  көзі: «ҚМГ-Атырау» ЖШС-нің 2007 жылдың  басындағы

қаржылық есептемесі.

№7//54-2007, 27.01.2007 ж. Бастап Қазақстан Халық Банкімен кредиттік  келісім және оған №1 қосымша келісім  бойынша 1 жылға 440 000 000 тг сомасына кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік  желісі шегінде 2007 жылдың қаңтарынан маусымына дейін мұнай өнімдерін сатып алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 440 000 000 тг алынды. 90 000 000 тг мерзімінен бұрын өтелді.

Қазіргі уақытта банктік сыйақылар 49 876 666,67 тенге 68 тиын құрайды. Негізгі қарыз сомасы 350 000 000 тг құрайды.

№К026-2008 13.01.2008 ж. Бастап банктік  қарыздың келісімі бойынша «АТФ Банк»  АҚ-мен жаңартылатын кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік  желісі шегінде 2008 жылдың қаңтарынан маусымына  дейін мұнай өнімдерін сатып  алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 500 000 000 тг алынды,

Банктік сыйақы 60 166 666,68 тг құрайды, оның ішінде 27 000 000 тг өтелді.

Информация о работе үстеме шығындар