үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:53, курсовая работа

Краткое описание

«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет,

Прикрепленные файлы: 1 файл

устеме шыгындар (1).doc

— 471.50 Кб (Скачать документ)

Атырау мұнай  және газ институты  Мамандық: 5В050800 «Есеп,аудит және сервис» Топ: ЕжА-11 ҚОБ қ/б     



  Жданова Ақшолпан

                                         Кіріспе 

 «Өндіріске жұмсалған шығындар»  өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет, жұмыс) өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.      

Ал, мемлекеттік мекемелер шығындарына  тоқталатын болсақ,   мемлекеттің  шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.   
  
 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1. ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ

    1. Шығындардың экономикалық мәні, түрлері және жіктелімі

 

Шығындар өндіріске  және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың  ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,

 құрал-жабдықтар, техника,  ақпараттық және т.б.) жиынтығынан  тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске  қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды  зерттеу дайындалған өнімді сатудан  түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.

 Кәсіпкердің шығындар  мен пайдаға деген өз көзқарасы  болады. Белгілі бір шығындарды  жапқаннан кейінгі пайда өндірістің  жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз  етуі қажет. Айтарлықтай тиімді  өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Жалпы түрде өндіріс  шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және  басқа да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

-   ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

-   табиғи шикізаттарды  қолдану;

-   өндірісті дайындау  және  үйрену;

-   өндірісті ұйымдастыру  мен  технологияны  жетілдіру,  сонымен  қатар  өнім сапасын  жақсарту, оның  сапалығын  арттыру,  ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

-   рационалдау және  құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;

-  өндірістік  процеске  қызмет  ету;

-   өндірісті   шикізат, материал, жанармай,  энергия,  құрал-саймандар  және  басқа  да еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,

 санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс жасау;

-   қалыпты  еңбек   жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

-   өндірісті   басқару: кәсіпорынның  басқару   аппараты

 қызметкерлерінің, фирма   және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін,

 іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік шығындар  және  т.б;

-   кадрларды   дайындау  және  қайта  дайындау;

-   мемлекеттік   және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.

Кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар бойынша шығындар  сомасының азаюының  қаржылық  нәтижесінен құралады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және  көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі.

 Осылайша, өзіндік  құн — кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді. Өзіндік  құн — өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.

 Өндірілген өнімнің   өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған   шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің өзіндік құны  саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің  ақшалай нысандағы шығындар  жиынтығын құрайды және  барлық  өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті — жұмсалған шығындардың орнын толтыру және  соның   негізінде өндірістің  барлық  элементтерін  қайта өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс күші.

 Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы — ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына

 сыйақылар төлейді,  банк  несиелеріне  пайыз   төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік емес  қорларға  аудрымдар жүргізеді — бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша шығыстарын  құрайды.

Өнімнің  өзіндік  құнын  құрайтын шығындар  екі  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

-   шығындардың   алғашқы  элементтері  бойынша;

-   пайда болу  және  бағытталу  сипаттамасы   бойынша.

Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндіріс  шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

-   еңбекке төлем  шығындары;

-   әлеуметтік сақтандыруларға  аударымдар;

-   мемлекеттік қорларға  жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;

-   амортизация;

-   басқа шығындар.

Қарастырылып отырған  шығындар тобы заттай және тірі еңбек  шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын  анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген:

-   жартылай фабрикаттар  және технологиялық мақсаттағы  көмекші материалдар;

-   өндіріс жұмысшыларына  негізгі  және  қосымша  еңбекақы;

-   технологиялық  мақсаттағы жанармай және энергия;

-   әлуметтік сақтандыруларға  аударым;

-   цехтық шығындар;

-   жалпы шаруашылық шығындар;

-   коммерциялық  шығындар;

-   жалпы өндірістік  шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы — оның негізінде  әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді.

 Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция — өнімнің, жұмыстың  өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі  критерилер бойынша бірнеше түрге  жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Қарастырылатын құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу. Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды.

Шығындарды есептеу  жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану  қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні — бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

Нарықтық экономикада  шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты  емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.

 Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару үрдісінде шығындарды басқару функциялары бойынша бөлу  1-ші кестеде берілген.

 

1 кесте

Шығындардың басқару функциялары  бойынша жіктемесі

 

 

Жіктемелік белгілері бойынша 

Басқару функцияларына байланысты

шығындардың түрлері

1

Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша

-     нақты және баламалы;

-    релевантты, релевантты емес;

-      тиімді және тиімсіз.

2

Болжау үрдісі 

-       қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік

3

Жоспарлау үрдісі     

-      жоспарланатын және жоспарланбайтын

4

Мөлшерлеу үрдісі 

-      стандарттар, нормалар мен нормативтер және олардан ауытқуы

5

Ұйымдастыру үрдісі  

-     пайда болу орны мен аясына қарай;

-      қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына қарай

6

Есептеу үрдісі

-      бір элементті және кешенді;

-      калькуляция баптары  мен экономикалық элементтері  бойынша;

-      тұрақты және  өзгермелі;

-      негізгі және  үстеме;

-      тікелей және  жанама;

-      ағымдық және  бір мерзімдік.

7

Бақылау үрдісі 

-      бақыланатын және  бақыланбайтын

8

Реттеу үрдісі 

-      реттелетін және  реттелмейтін

9

Ынталандыру үрдісі 

-      міндетті түрде  ынталандырушы және қызықтырушы

10

Талдау үрдісі

-      нақты, болжау, жоспарлау;

-      сметалық;

-      стандартты;

-      жалпы және құрылымдылық;

-      толық және жеке

Информация о работе үстеме шығындар